Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Eko.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285 Кб
Скачать
☆

Бастапқы медициналық-санитариялық көмектің шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемін айқындау формуласы

      Қарж. к. = (Хал.с. х Ж нор. х Ж коэф.) + ЖШҚК, мұнда:       Қарж. к. – бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымын кезекті жоспарлы кезеңге қаржыландыру көлемі;       Хал. с - тіркелген халық саны;       Ж норм. – жан басына шаққандағы норматив;       Ж коэф. – осы БМСК ұйымының жынысы-жасы бойынша түзету коэффициенті;       ЖШҚК – бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша құрауыш.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын   бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесіне     2-қосымша      

Жедел медициналық жәрдем мен санитариялық авиацияның шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемін айқындау формуласы

      Қарж к. = Шт х Сс, мұнда:       Қ көл. – жедел медициналық жәрдем мен санитариялық авиацияның шығындарын өтеу бойынша кезекті жоспарлы кезеңге арналған қаржыландыру көлемі;       Шт – жедел медициналық жәрдем мен санитариялық авиацияның денсаулық сақтау ұйымдарындағы бір шақыру тарифі;       Сс – жедел медициналық жәрдем мен санитариялық авиация денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметтерінің саны.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын   бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесіне      3-қосымша       

Консультациялық-диагностикалық көмектің шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемін айқындау формуласы

      Қарж. к = (Қарж. к қызм.1+ Қарж. к қызм.2+ Қарж. к қызм. n…), мұнда:       Қарж. к  – консультациялық-диагностикалық көмектің шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемі;       Қарж. к қызм.1…n – консультациялық-диагностикалық көмектің бір қызмет түрінің шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:       Қарж. к қызм. = Бт кдк х Кш қызм. х Жс, мұнда:       Кш қызм. – қызмет түрі бойынша шығын сыйымдылығы коэффициенті;       Жс – консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында қызмет түрі бойынша жоспарланған саны;       Бт кдк – консультациялық-диагностикалық көмектің базалық тарифі мынадай формула бойынша айқындалады:       Бт кдк = Қарж.к /(Жс х Шк. ор. шарт.), мұнда:       Қарж.к – консультациялық-диагностикалық көмектің кезекті жоспарланған кезеңінде тиісті бюджетте көзделген қаражат;       Жс – консультациялық-диагностикалық көмектің медициналық қызметтерінің жоспарланған саны;       Кш.орт.қызм.– барлық жоспарланған медициналық қызметтер бойынша шығын сыйымдылығының орташа коэффициенті.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын   бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесіне     4-қосымша      

Стационарлық көмектің бір емделген жағдай үшін тариф құрылымы

      Тст = НМШ + ҚМС, мұнда:       Тст – стационарлық көмектің бір емделген жағдай үшін тарифі;       НМШ – денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек ақысын, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қосымша ақшалай төлемдерді; ҚР Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік аударымдарды, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен шығыс материалдардың сатып алуды, пациенттер үшін тамақ өнімдерін сатып алуды қамтитын негізгі медициналық шығыстар.       Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес айқындалады.       Қосымша ақшалай төлемдер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы еңбек демалысына лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеуді қамтиды.       Әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік салықты және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар төлеуді қамтиды.       Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және шығыс материалдарын сатып алу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін дәрілік формулярларға сәйкес айқындалады.       Пациенттер үшін тамақ өнімдерін сатып алу «Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.       ҚМШ - коммуналдық және өзге де шығыстарды: жылу, электр энергиясы, ыстық және суық су, денсаулық сақтау ұйымы кадрларының біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға шығыстар, банк қызметтерін төлеу, байланыс қызметтеріне ақы төлеу, кеңсе тауарларын сатып алу, іссапар шығыстары, ағымдағы жөндеуді жүргізу, стационарды орналастыру үшін үй-жайды жалға алу, шаруашылық тауарларды, жұмсақ мүкәммалды және басқа да тауарлар мен қызметтерді сатып алуды қамтитын қосымша медициналық шығыстар.       Бір емделген жағдай тарифінің құрылымына күрделі сипаттағы шығыстар кірмейді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын   бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесіне      5-қосымша       

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]