Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gastro (1).doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190 Кб
Скачать
☆

4 Курс гастроэнтерология циклынан тест сұрақтары

3 Вариант

1. Асқазанның ойық жарасымен ауыратын ер адам эпигастрий аймағындағы ауырсыну және тойған сезімге, алдында ішкен тағаммен жағымсыз иісті құсық, жүдеуге шағымданады. Айқын шолпыл шуылы мен асқазан аймағында көзге көрінетін перистальтика байқалады. Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін деп ойлайсыз?

A) 12 елі ішектің ойық жарасының

B) асқазан ойық жарасы, пенетрациямен асқынуының

C) асқазан ойық жарасы, перфорациямен асқынуының

D) асқазан ойық жарасы, қан ағумен асқынуының

E) асқазан ойық жарасы, 12-елі ішекке кіре беріс стенозымен асқынуының

2. Қай гастритке Helicobacter pylori-мен зақымдану тән:

  1. антральді гастрит

  2. фундальді гастрит

  3. аутоиммунды гастрит

  4. химиялық (реакциялық) гастрит

  5. эозинофилді гастрит

3. Шіріген жұмыртқа иісімен кекіру қай жағдайға тән?

  1. он екі елі ішектегі химустың асқазанға кері өтуіне

  2. пилоростеноздың нәтижесінде асқазанда тағамның ұзақ уақыт тұрып

қалуына

  1. өттің өңешке өтуіне

  2. асқазан сөлінің гиперсекрециясына

  3. асқазан сөлінің өңешке өтуіне

4. Бауыр циррозының қандай түрінде урсодезоксихол қышқылын тағайындайды:

А) аутоиммунды гепатиттің нәтижесінде дамыған цирроз

В) созылмалы вирусты гепатит В фонында дамыған цирроз

С) біріншілікті биллиарлы бауыр циррозы

D) гемохроматоз кезіндегі цирроз

Е) алкогольді бауыр циррозы

5. Рентгенологиялық зерттеу кезінде жара ауруының тікелей белгісі:

  1. «ойық жара (ниша)» симптомы

  2. қабырғасының деформациясы

  3. гиперсекреция

  4. «тіннің өсу» симптомы

  5. гипосекреция

6. Ішектің тітіркену синдромы – бұл:

  1. іштің 3 айдан аса ауырсынуы және ішек қызметінің бұзылуымен сипатталатын қызметтік комплексі

  2. ішектің кілегей қабығының жедел қабыну салдарынан диарея, іштің ауырсынуы және интоксикация синдромдарымен білінетін процесс

  3. ішектің жедел өтімсіздігінің бір түрі

  4. ағзалардың органикалық зақымдану

  5. барлығы

7. 30 жастағы науқасқа оң қабырға астының ұстамалы ауырсынуына байланысты пероральдiк холецистография жүргiзiлдi. Осының нәтижесiнде өт қабының гипертонустық дискинезиясы анықталды. Осы диагнозды рентгендiк белгiлердiң қайсысы дәлелдейдi:

  1. өт қабының жылдам және қатты жиырылуы

  2. өт қабының концентрациялық қызметiнiң төмендеуi

  3. контрастталмайтын өт қабы

  4. өт қабының деформациясы

  5. ұлғайған өт қабының толық жиырылуы

8. Созылмалы панкреатиттің өршуі кезінде ұйқы безі ферменттерінің белсенділігін басу мақсатында қолданылады:

  1. контрикал

  2. анальгин

  3. панкреатин

  4. циметидин

  5. но-шпа

9. Бауырдың созылмалы ауруларының iшiнде иммунодепрессиялық емнiң классикалық көрсетпесi болып табылатыны:

  1. созылмалы аутоиммунды белсенді гепатит

  2. екiншiлiк билиарлы цирроз

  3. созылмалы вирусты гепатит

  4. бауыр iсiктерi

  5. бiреуi де емес

10. Бауыр-клеткалық шамасыздық синдромының индикаторлары:

  1. альбуминдер, холинестераза, протромбин, проконвертин, проакцел-лериннің төмендеуі, бромсульфалеин бөлінуінің азаюы

  2. АлАТ, АсАТ, альдолаза, ГлДГ, ЛДГ, 4,5-орнитинкарбамил-трансферазаның жоғарылауы

  3. сілтілі фосфатаза, 5-нуклеотидаза, ГГТП, билирубин, өт қышқылдары, холестерин, -липопротеидтер, фосфолипидтердің жоғарылауы

  4. -глобулин, IgA, IgM, IgG артуы, нуклеолаға, митохондрийге, тегіс салалы бұлшық еттерге қарсы антиденелердің, бауыр-бүйректің микросомаларының антигендеріне антиденелердің жоғарылауы, тимол сынамасының жоғарылауы, ал сулема сынамасының төмендеуі

  5. аммиак, фенол, амин қышқылдарының жоғарылауы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]