- •Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Pio4305 Кәсіби оқытудың инновациялық технологиялары пәнінің
- •Лекция тезистері
- •1 Модуль. Кәсіптік оқытудағы инновациялық технологиялар мен әдістемелер
- •Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша педагог мамандардың біліктілігін арттыру кезеңдері
- •2 Модуль. Кәсіптік оқыту жүйесі, әдістері және құралдары
- •3. Лекция мақсаты:
- •4. Лекция мазмұны:
- •3. Лекция мақсаты:
- •2. Лекция жоспары:
- •Интерактивті тақтаның жұмыс жасау мүмкіндіктері
- •Интерактивті оқытудың ойын түріндегі әдісі.
- •Компьютерлік оқытудың тиімділігі мен маңыздылығы.
- •Білім берудегі компьютерлендірудің негізгі үш бағыты.
- •3 Түсініктілік пен ғылымилылық ұстанымдары.
- •Глоссарий
3. Лекция мақсаты:
Студенттерге қазіргі күні жоғары кәсіптік білім беру саласын модернизациялаужәне білім берудің ашық жүйесін құру туралы түсінік беру.
Кредиттік технологияның ерекшелігінің мәнін ашу.
4. Лекция мазмұны:
1. Қазақстан Республикасындағы жоғары кәсіби білім беруді дамытудың қазіргі күнгі тұжырымдамасы білім беру процесін ұйымдастырудың заманға сай икемді де адекватты технологияларын қалыптастыруды көздеп отыр.
Ал, қазіргі жоғарғы кәсіптік білім беру саласын модернизациялау – кредиттік жүйені енгізумен тікелей байланысты. Қазақстанда бұл жүйені енгізу ұлттық білім беру жүйелерін реформалаудағы дүниежүзілік тенденциялармен, сондай-ақ, ҚР жоғары оқу орындары дипломдарының әлемдік білім беру кеңістігінде еркін қабылдануына деген жағдайлар, алғышарттар жасау қажеттіліктерімен түсіндіріледі.
1999 жылғы 19-маусымда 29 елдің білім министрлері қол қойған Болон келісімі бірынғай европалық жүйедегі білім беру кеңестігін құруды міндеттеді. Бұл міндет келісім мүшелерінің бәріне түсінікті және бәрі мойындайтындай квалификациялық стандарттар қабылданған жағдайда ғана іске аспақшы.
Мамандарды дайындау мазмұнына қойылатын талаптарды қайта қарау ең алдымен ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында пайда болған жаңаша тенденциялармен: жоғары оқу орындарында оқу мерзімін қысқарту және жоғары білімінің еңбек рыногы сұранысына жауап беруі қажеттілігінен туындаған көпдеңгейлі оқыту бағдарламасын енгізумен байланысты.
Халықаралай білім беру кеңістігенде жоғары білім саласында кредиттік технология бойынша оқытудың төрт негізгі жүйесі бар. Олар: европалық жүйе – ESTS, америкалық жүйе – USCS, британды жүйе – CATS, Азия мемлекеттерінде және Тынық мұхиты аймағында қолданылатын жүйе – UCTS. Қазақстан осылардың ішіндегі европалық жүйеге (ESTS) бағыт ұстауда.
Несиелік оқыту жүйесін 1869 жылы Гарвард университетінінң президенті Чарльз Элиот енгізген.Бұл жүйе Америкада білі сапасын жетілдіру мақсатында мектептен бастап жоғарғы оқу орындарына дейін енгізілді.1988 жылдан бастап Еуропа елдерінде несиелік жүйеге өте бастады.1999 жылы 18-19 маусым айында Еуропалық мемлекеттердің білім министрлерінің бірлескен отырысында несиелік оқытудың европалық жүйесі қабылданды.
Халықаралық білім кеңістігінде жоғары білім бойынша несиелік оқытудың іргелі төрт жүйесі бар.Олар:еуропалық жүйе-ESTS,американдық жүйе-USCS,британдық жүйе-CATS,Азия мемлекеттерінде және Тынық мұхиты кеңістігіндегі жүйе –UCTS. Қазақстанның білім жүйесі негізінен еуропалық несиелік жүйеге (ESTS) енуді көздеп отыр.Еуропалық несиелік жүйе бойынша Ұлыбритания,Франция,Испания,Германия,Италия, т.б. іргелі мемлекеттерде білім беріледі.
Республикада білім беру жүйесінің несиелік технологияға көшудегі басты мақсат-Қазазқстатн білім жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру.Қазақстатн Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынып отырған несиелік оқыту жүйесінің Ережесі блон декларациясының негізгі ұстанымлдарын басшылыққа алып жасалынды.Біздің көздеп отырған мақсатымыз- несиелік оқытудың еуропалық жүйесіне ену.Әлемдегі 1200 университетте жоғары білім беру еуропалық несиелік оқыту жүйесі негізінде іске асырылды.
Қазақстандағы орта білім беру жүйесінің 12 жылдық мектеп жүйесіне көшу бүгінгі әлемдік білім кеңістігіне енудің бірлен –бір жолы болып табылады. Әлемдік деңгейде білім беру жүйесіне зер салатын болсақ,білім беру жүйесі 12 және 13 жылдықтан тұрады. Мысалы : Ұлыбританияда 12-13 жыл, Франция, Испания, Польша, Жапонияда -12 жылдық, Италия, Швеция, Германияда 13 жылдық білім беру жүйесі бойынша білім беріледі.
Еурапалық кеңес қабылдаған декларацияда әлемдік орта білім беру жүйесі 12 жылдық білім беруді қамтамасыз етуді көздеп отыр.Егер кейбір елдерде орта білім беру 12 жылдан кем болса,онда білімді жоғары білім беру жүйесінде толықтыру қажет.
Білім беру жүйесіндегі интеграциялық үдерістердің мақсаттары мынаған саяды:
Жоғарғы білім алуға мүмкіндік алудың шарты ретінде 12-13 жылдық мектептегі оқыту жүйесіне көшу;
Оқу мерзімі 4 жыл және біліктілігі еңбек нарығы сұранысын қанағаттандыратын,сондай-ақ әрі қарай біліс алуды жалғастыруға жарайтын «бакалавр» дәрежесі бар аяқталмаған жоғары білім беру.
«магистр» және «доктор» дәрежелері бар аяқталмаған жоғары білім беру;
барлық ұлттық жоғары білім беру жүйелеріне ESTS есептік бірлік жүйесіне немесе қайта есептеу,жинақтау функцияларын қамтамасыз ететін және шет елде оқытудың академиялық талап тұрғысынан мойындалуы кепілдік беретін біріккен жүйені енгізу.
Жоғары оқу орны жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру талаптары мынадан тұрады:
Білім берудің қазақстандық моделін құру.
Білім беру жүйесін Лиссабондық конвенцияның (1997) және Болондық декларацияның (1999) ережелеріне бейімдеу.
Қ.Р Білім заңы,Еуропалық аймақта жоғары білімге жататын квалификацияларды мойындау туралы, «Конвенцияны ратификациялау туралы» тұжырымдамасы қазақстандық моделінің құқықтық негізі болып табылады.
Несиелік оқыту жүйесінің негізгі ұстанымдары мынадай:
Ұлттық білім беру жүйелерін халықаралық деңгейде адамдарға қолайлы жерінен білім алуға мүмкіндік беру;
Кез келген ұлттық білім беру жүйесімен сәйкестігі;
Жоғары білім берудің барлық бағдарламалары мен формаларының (күндізгі,кешкі,арақашықтықтан,сырттан оқыту) қолданылады:
Халықаралық есептіе ауысу мүмкіндігі;
«диплом қосымшаларының» жалпы еуропалық үлгіге сәйкестігі.
Қазақстандық жоғары оқу орындарының әлемдік білім кеңістігіне енуі үшін төмендегі сатылар енгізіледі:
Бакалавриат (аяқталмаған жоғарғы кәсіптік білім) -4жыл,төменгі сатысы-2 жыл;жоғарғы сатысы-2 жыл.
Магистратура (жоғарғы кәсіптік білімнің екінші сатысы) екі траекторияда іске асады:кәсіптік магистратура,3 семестрді қамтиды-1 жыл; ғылыми магистратура-2жыл.
Докторлық бағдарлама –жоғары кәсіптік білімнен кейінгі докторлық бағдарлама екі траекторияда іске асады:кәсіптік магистратурадан кейін-3 жыл;ғылыми магистратурадан кейін-2жыл.
Халықаралық ұлттық білім беру жүйесінің бағдарламасына сәйкес жоғары және жоғары кәсіптік білімнен кейінгі білім берудің несиелік технология негізінде үш деңгейді аккдемиялық дәрежелер енгізіледі: «бакалавр», «магистр»,
«доктор».
Бакалавриаттың толық курсын біріту үшін студент 128-ден кем емес теориялық оқыту бойынша несие тапсыру керек, оның 61-81 несиесі міндетті, 41-61-і студенттің таңдауы бойынша берілетін несиелер. Осының ішінде 6-8 несие ағылшын тіліне беріледі. Бір оқу жылында студанттің меңгеретін білім көлемі 32 несиеден аспауы керек. Ал бір академиялық кезеңде 12-13 несие көлемінде білім беріледі.
Несиелік оқыту жүйесі бірізді емес оқыту жүйесіне жатады.Бірізді емес оқыту жүйесіне оқу үрдісін жекелей жоспарлау арқылы жүйелі түрде ұйымдастыру тәсілі жатады.
Несиелік оқыту жүйесінің мақсаты мыналар:
Ұлттық білім бағдарламасының халықаралық дәрежеде танылуын қамтамасыз ету;
Білім сапасын әлемдік дәрежеге көтеру;
Студенттің өз іс-әрекетін ұйымдастыра алу және білімін жетілдіру қабілетін дамыту.
Несиелік технология дегеніміз-студенттің немесе оқытушының оқу жұмыс көлемінің өлшем бірлігі. 1 несие студенттің академиялық кезеңдегі апталық дәсірханалық жұмысы –ның 1 академиялық сағатына тең болады,академиялық сағат- 50 минут; дәріс -50 минут; тәжірибелік семинар немесе студиялық сағаттар 1,5сағат-75 минут,зертханалық сабақтар,дене тәрбиесі 2 контактілі сағат-100 минут;кез келген тәжірибе 5 контактілі сағат 250 минутқа тең.
Бірізді емес оқыту жүйесінің бірізді жүйеден негізгі айырмашылықтары мына төмендегідей:
Оқу жоспарында қамтылған пәндерді студенттер еркін таңдай алады:
Жеке оқу жоспарын жасауға студант тікелей қатыса алады:
Бірізді емес оқыту жүйесінде білім алушы кейбір қосымша несиені өздерінің қалаған уақыттарында алуға құқығы бар.Білім алушы өзі қалаған ғалымдардан дәріс ала алады;
Несиелік технология бойынша оқытуда әр оқытушының оқу жүктемесін есептеу өткізілген материалдар көлеміне,яғни несиеге байланысты болады.
Несиелік оқыту жүйесінде әр студенттің дәрісханалық сағатына дәрісханадан тыс 2 сағат сәйкес келеді.
Несиелік технологияның негізгі ерекшелігі-студенттің жекелей оқу жоспарын құруында.Студенттің жекелей оқу жоспары дегеніміз-эдвайзердің көмегімен әр оқу жылына берілген форма бойынша әр жеке оқушының өзінің траекториясын айқындауы.Студенттің жекелей оқу жоспары факультет деканының қолымен бекітіледі,біреуі оқу жоспарын орындауы туралы деканда сақталады,ал екіншісі студенттің қолында болады.
Бакалавр өзіне тиісті несиенің кез келген басқа жоғары оқу орнында болуына мүмкіндігі бар. Несиелік оқыту жүйесі бойынша жоғары оқу орнында қызмет атқаратын оқытушы-профессорлардың атқаратын қызметтері: кандидат, доциент,профессор деп аталады.
Несиелік оқыту жүйесінің білімдік кәсіптік бағдарламасы.
Жоғары және жоғары кәсіптік білім беру білімділік кәсіптік бағдарламаның негізгі мазмұны мемлекеттік білім стандарты және оқу жоспарлары негізінде іске асады.
Оқу жоспары үш түрі формада қамтылады:
Типтік оқу жоспары;
Жұмыс оқу жоспары;
Жекелік оқу жоспары. Ол әрбір жеке студенттің білім траекториясын анықтайды.
Типтік оқу жоспарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігіне қарасты оқу-әдістемелік бірлестіктер жасайды. Ал жұмысы оқу жоспары Қазақстан Республикасы Білім стандарты және типтік оқу жоспары негізінде жасалады.
Несиелік оқыту жүйесі бойынша жұмыс оқу жоспары білім бағдарламасыные мазмұнын меңгеруге байланысты пәндерді үш тобын қамтиды:
А-тобына – міндетті және жүйелі түрде енетін пәндер жатады;
В тобында міндетті түрде оқылатын пәндер кіреді,бірақ жүйелілік сақталмайды.
С тобына-кез келген академиялық кезең барсында студенттің қалауы бойынша өтілетін пәндер кіреді.
Жұмыс білім беретін цикл несиенің 25 пайызы беріледі. Жұмыс оқу жоспарына ентін міндетті негізгі пәндер: Қазақстан тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі, шет тілі, математика (мәдениет және гуманитарлық мамандықтардан басқа ), информатика, қауіпсіздік негіздері, экология, дене тәрбиесі. Дене тәрбиесі пәні типтік оқу жоспарында теориялық білімге берілген 128 несиеден тыс оқытудың қосымша түрі негізінде іске асады.
Жалпы білім беретін цикл бойынша таңдау пәндерге: әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, құқық негіздері, экономикалық теорияның негіздері, психология пәндері жатады. Базалық пәндерге жалпы несиенің 50 пайызы, яғни 64 несие беріледі. Оның 50 пайызы студенттің таңдауы бойынша өтілетін пәндерге беріледі. Кәсіптік пәндерге жалпы несиенің 25 пайызы беріледі. Оның 30 пайызы студенттің таңдауы бойынша өтілетін пәндерге беріледі.
Міндетті өтілетін пәндер типтік оқу жоспарында берілеген пәндер негізінде жүргізіледі, ал таңдау пәндерін институттың ғылыми кеңесі шеше алады. Несиелік оқыту жүйесі бойынша несиелер арнайы және кәсіби пәндерге толығымен беріледі.
Несиелік оқыту жүйесінің негізі-студенттің өз бетінше дамуына мүмкіндік туғызу. Студенттің іс-әрекетін ұйымдастыра алуға және білімін жетілдіруге қабілетін дамыту мақсатын іске асыру үшін оқытушы мен студент арасында типтік цикл іске асады:
Оқытушының студентпен жұмысы;
Студенттің оқытушының басшылығымен жүргізетін өз бетінше жұмысы;
Студенттің өз бетінше жұмысы.Оқытушының студентпен жұмысы студенттің өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызатытн бірден-бір жол.Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өз бетінше жұмсы (СӨЖ ) :
Материалы қосымша оұуға бағытталған;
СӨЖ оқу графигіне және студенттің апталық жүктемесіне енеді;
СӨЖ –на студенттермен консультация,интерактивтік форма түрінде сабақтар өткізу,үй тапсырмасын, бақылау жұмсытарын тексеру, қосымша консуьтация алу, рейтинг көрсеткіші төмен және берілген тапсырманы орындау,а қиналатын студенттер үшін ақыл-кеңес беру, курстық,бақылау жұмыстарын орындау кіреді;
СӨЖ оқытушының оқу жүктемесіне енеді.
Жұмыс оқу жоспарында қамтылған пәндерінің 70 пайызы студенттің өз бетінше жұмысына беріледі, оның 50 пайызы оқытушының басшылығымен жүргізілетін өз бетінше жұмысына (СӨЖ) берілсе, ал 20 пайызы студенттердің өз бетінше жұмысына бөлінеді.Әр айдың 25-де тіркеуші-офисі мен кафедра меңгерушісі оқытушылардың қанша несие орындағаны туралы инстуттың ОӘБ-на мәлімет түсіреді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоғары базалық білім стандартында (бакалавриат) несиелік оқыту жүйесі бойынша студенттің оқытушының басшылығымен жүргізілетін өз бетінше жұмысы- дәрісханада және дәрісханадан тыс жүргізілетін оқытудың түрі деп атап көрсетілген.Сабақтың түріне және мазмұнына байланысты бакалавр кітапханада, үй жағдайында, мекемелерде, т.б. білім беру мекемелерінде білім ала алады.
Жеке оқу жоспары-жұмыс оқу жоспары негізінде студенттің 1 жылға жасайтын жеке оқу жоспары. Жеке оқу жоспарына оқу пәндері, несие саны және студент қалаған профессор, доцент пен профессорларды таңдауы бойынша жүргізіледі. Жылдың басында әр ғалым туралы резюме дайындалады, сол резюме негізінде 1 курс студенті эдвайзердің көмегімен ассисент,доцент,профессорларды таңдайды, оқушылардың аты-жөндері студенттің жеке жұмыс жоспарына жазылады. Ал 2 курстан бастап студент өзіне сабақ беретін ғалымдарды еркін таңдай алады.
Несиелік оқыту жүйесі бойынша академиялық кеңесшілер мен эдвайзерлер қызметі енгізіледі.Эдвайзер қызметі мынадай:
-студенттерге білім кеңістігін айқындауға және оны іске асыруға ықпал етеді:
-эдвайзер алдыңғы қатарлы әдістерді пайдалану арқылы бір немесе екі бағыт (мамандық) бойынша ғана жұмыс жасайды және академиялық кеңесшінің міндетін атқырыды.
-эдвайзер қызметі факультет декандарының жанында құрылады және тікелей деканға бағынады:
-эдвайзерді факультет деканының келісімімен ректор тағайындайды.
Эдвайзердің міндеттері мынаған саяды.
-қызметі бойынша факултеттің оқу-әдістемелік кеңесіне мүшелікке кіреді:
-оқу үрдісін ұйымдастыруға байланысты қажетті ақпараттық материалдарды дайындайды.
-студенттерге оқу және жекелей жұмыс жоспарын құру үшін және оларға өзгертулер жасауға жекелей кеңестер береді.
-аралық және ағымдағы бақылауларды өткізуді қадағалайды,студенттің академиялық рейтінгін бағалауға қатысады.
-қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді қадағалайды.
Тьютор дегеніміз-оқу пәндерін жеткізетін және нақты пәнді меңгеру бойынша студенттің академиялық кеңесшісі ролінде танылатын кафедра оқытушысы. Тьютор қызметі мамандандырылған кафедраларда құрылады.
Несиелік оқыту жүйесінің негізгі сипаттамасы мыналар:
-әр студенттің және оқытушының несие бойынша еңбек шығынын есептеу;
-жұмыс оқу жоспарына сәйкес әр студенттің жеке оқу жоспарын жасауда студенттің пәндерді еркін таңдауы;
-студенттің оқытушыны еркін таңдауы;
-студент жекелей оқу жоспарын өзінің тікелей араласуымен,эдвайзердің басшылығымен жасауы.
Несиелік оқыту жүйесінің негізіне әр пән бойынша силлабустарды жасау жатады. Силлабус дегеніміз-студенттерге арналған оқу бағдарламасы.
Силлабустың құрылымы мынадай болады:
-курстың атауы, коды және несие саны;
-оқытушының аты-жөні, байланыс телефоны, кафедрада болатын уақыты;
-курстың болатын уақыты мен өткізілетін жері;
-курстың пререквизиттер мен постреквизиттері;
-курсқа қысқаша сипаттама (мақсаты,міндеті мен мазмұны).
-курсты меңгеру үшін білім, білік, дағды;
-курстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары;
-СӨЖ –ге берілетін тапсырмаларды орындау және тапсырыс графигі;
-ұсынылатын әдебиеттер тізімі;
-тест тапсырмаларының сұрақтары;
-білімді бағалауды есептеу әдісі;
-курстың саясаты.
Сандық жүйедегі баға. |
Балл |
Пайыздық қатынас |
Дәстүрлі жйе түріндегі баға. |
А |
4,0 |
95-100 |
өте жақсы |
А- |
3,6 |
90-64 |
//-//-//-//-// |
В+ |
3,3 |
85-89 |
Жақсы |
В |
3 |
80-84 |
//-//-//-//-// |
В- |
2,6 |
75-79 |
//-//-//-//-// |
С+ |
2,3 |
70-74 |
Қанағаттанаралық |
С |
2 |
65-70 |
//-//-//-//-//-//-//-// |
С- |
1,7 |
60-64 |
//-//-//-//-//-//-//-// |
Д |
1,3 |
55-59 |
//-//-//-//-//-//-//-// |
Д- |
1 |
50-54 |
//-//-//-//-//-//-//-// |
Ғ |
0 |
0-49 |
Қанағаттанаралықсыз. |
Несиелік оқыту жүйесінде бағалаудың бұрыннан келе жатқан дәстүрлі 5 балдық жүйенің орнына 10 балдық сандық жүйе енгізілген:
GPA = __( 1несие*1балл)_+_(2 несие*2балл)+(nнесие*n балл)
1несие+2несие__n__несие
Мысалы, оқу жылы бойы студент төмендегі нәтижелерді көрсетсе.
Оның орташа балы былайша есептеледі:
GPA = (3несие*4балл)+(3несие*3балл)+(3несие*1балл)
+(3несие*2балл)+(2несие*3балл)+ (3несие*4балл)
_______________________________________________________=_48_ =2.8балл
3+3+3+3+2+3 несие 17
Жоғары оқу орнын бітіруші студент баолық емтихандерын «А» және «А-», «В» және «В-» тапсырып, орта балы 3,25-тен кем болмаса, мемлекеттік емтиханды немесе дипламдық жұмсысын «А» және «А+» тапсырған студент қызыл диплом алуға құқығы бар.
Несиелік оқыту жүйесінде студент аралық бақылыаулардан пән бойынша төмен балл алатын болса,емтихан кезінде одан жоғары балл қоюға оқытушының құқығы жоқ.Аралық бақылау нәтижелері негізгі орын алады.Білім сапасын аралық бақылауға бір апта семестр ортасында өткізуге немесе сабақтан тыс уақытта да қабылдауға болады.
Студенттің қанша несие алғаны туралы және оқылған пәндер бойынша білім сапасына қойылған балдарды қамтитын ресми құжат транскрипт деп аталады. Курстарды өтуіне байланысты студенттің барлық алған бағалары жиналған несиелерінің саны транскринптіге енгізіледі. Тіркеуші офисі транскриптінің толықтырылуына және оған балалардардың қойылуына офисі трасктиптінің толықтыруына және оған бағалардың қойылуына құқығы бар.
Егер студент кез келген уақытта транскрипті талап етуіне құқығы бар. Егер студент жоғарғы орыннан екінші жоғарғы орныға ауысса, транцкрип студенттің қолына берілмейді. Ол тек байланыс жүйесі арқылы сол жоғарғы оқу орнына жіберілді.
Несиелік технология бойынша оқытушы мен студенттің жұмыс шығынын есептеп отыратын тіректеу офисі қызметі енгізіледі.
Кредиттік оқыту жүйесінің негізгі – студенттің өз бетінше дамуына жағдай жасау. Студенттің өз іс-әрекетін ұйымдастыра алуға және білімін жетілдіруге деген қабілетін дамыту мақсатында оқытушы мен студент арсында типтік цикл іске асырылады:
оқытушының студентпен жұмысы;
Студенттің оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы (СОӨЖ).
Студенттің өзіндік жұмысы.
СОӨЖ:
- Қосымша материалдарды меңгеруге бағытталған;
Оқу графигине және студенттің апталық жүктемесіне енеді;
Формалары: консультация, интерактивтік сабақтар; үй тапсырмасын, бақылау жұмыстарын тексеру; күрстық жұмыстар, реферат, эссе т.б.
Оқытушының да оқу жүктемесіне енеді.
Баќылау сұраќтары:
1.Кредиттік жүйенің дәстүрлі жүйелерден айырмасы неде?
2. Қазіргі күні жоғары кәсіптік білім беру саласын модернизациялау дегеніміз не?
3. Білім берудің ашық жүйесін құруды атаңыз.
4. Кредиттік технологияның ерекшелігін түсіндіріңіз.
8- Лекция тақырыбы. Интерактивтік оқыту.
