- •Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Pio4305 Кәсіби оқытудың инновациялық технологиялары пәнінің
- •Лекция тезистері
- •1 Модуль. Кәсіптік оқытудағы инновациялық технологиялар мен әдістемелер
- •Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша педагог мамандардың біліктілігін арттыру кезеңдері
- •2 Модуль. Кәсіптік оқыту жүйесі, әдістері және құралдары
- •3. Лекция мақсаты:
- •4. Лекция мазмұны:
- •3. Лекция мақсаты:
- •2. Лекция жоспары:
- •Интерактивті тақтаның жұмыс жасау мүмкіндіктері
- •Интерактивті оқытудың ойын түріндегі әдісі.
- •Компьютерлік оқытудың тиімділігі мен маңыздылығы.
- •Білім берудегі компьютерлендірудің негізгі үш бағыты.
- •3 Түсініктілік пен ғылымилылық ұстанымдары.
- •Глоссарий
Компьютерлік оқытудың тиімділігі мен маңыздылығы.
Білім берудегі компьютерлендірудің негізгі үш бағыты.
Информатика мектептегі пән ретінде қалыптасқанына 10 жылдан астам уақыт өтті.Жоғары оқу орындарының бұл пән бойынша мұғалімдерді даярлап жатқанына да соншама мерзім болды.
Қазіргі кезде кез келген мектеп өз мұғалімдерінің білікті, сауатты, білімдерінің жоғары болғанын қалайды. Омір талабына сай жыл сайын информатикадан білім беру өзгеріп жатыр. Жаңа оқу жылы кехзінде информатика пән мұғалімдерің білімі мен тәжірибесіне жаңа талаптар қойылады.Яғни, мұғалім мектеп пәнінде, ғылымда, информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар айналасында сауатты болуы қажет.
Мектептегі информатика пәнінің мұғалімі-мектеп өміріндегі компьютерлік технологияларды қолданатын сарапшы. Өйткені, мектеп тәжірибесінде мұғалімнің өзі компютерлік технология құралдары мен барлық жаңа бағыттағы бағдарламаларды бірінші орындап көреді.
1.Дидактикалық ұстанымдар оқу мен тәрбие жұмысын қалай құруды жүзеге асыруды және жетілдіруді қамтамасыз ететін нұсқауларды қамтиды. Компьютерді пайдаланып оқуды ұйымдастыруда дидактикалық ұстанымдардың басшылыққа алынатына түсінікті. Оқудың компьютерлік технологиясының дидактикалық котегорияларының өзіндік ерекшеліктері бар, тіпті кейбір дәстүрлі ұстанымдардың aумағы кеңейіп, осы технология кезінде ғана шын мәнінде іске асуға мүмкіндік алады.
дидактикалық ұстанымдар және оларды компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланғандағы сипатына тоқтала кетейік.
1 Жүйелілік және бірізділік ұстанымы. Пәнді оқытудағы жүйелілік дегеніміз- пәнді озінің құрылымы мен ішкі логикасы сай белгілі бір тәртіппен оқыту және оның негізгі ұғымдары мен қағидаларын біртіндеп игеру деген сөз. Жүйелілік ұстанымы мазмұнға ғана емес, сонымен қатар оқу үрдісінің жүру барысына да қатысты.
2 Көрнекілік ұстанымы нақты мен абстрактыны ң арасындағы бос кеңістікті толтыру . Көрнекі сабақ мақсатына сай іріктелуі тиіс, оларды пайдапанған оқушылардың дұрыс қабылдауын қамтамасыз ету үшін құралдың неғүрлым маңызды жақтарына назар аударған абзал, яғни сабақта көрнекі құралдар шамадан тыс көп болмағаны, яғни мақсатқа жету қажеттілерін ғана пайдаланған маңызды. Егер сабақ кезінде бірнеше көрнекі құрал көрсетілуі қажет болса, олардцың бәрін бір мезгілде емес, әрқайсысын қажетімен кезегімен пайдаланған орынды.
3 Түсініктілік пен ғылымилылық ұстанымдары.
Түсініктілік ұстнымына мыналар кіреді:
білім беруді баланың ақыл- ойы қалыптасып бітпей ерте жастан бастау керек,
білім беруді қарапайымнан күрделіге қарай дамыту керек,
белгіліден белгісізге қарай жүретін оқыту тиімді болмақ т.б.
2.Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында ақпараттық- коммуникациялық технология қашықтан оқыту жүйесінде де, дәстүрлі университеттерде де кеңінен қолданылады. Осыған байланысты дәстүрлі оқыту мен қашықтан оқытудың арасындағы шекараны жою, яғни оқытуға бүтіндей әдістің қажет екенін болжайды. Электронды оқыту термині білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технологияны қодану аумағында бірқатар терминологиялық ұғымдарды жалпылау болып табылады.
Электрондық оқыту бейне, аудио, мультимедиа технологиясы мен олардың әр түрлі комбинацияларын енгізуге байланыты болып отыр.
А Соловов оқу үрдісін қашықтан және дәстүрлі ұйымдастыруды өзара кіріктіту Электрондық оқыту терминіне сай келетінін айтады. Мәселен АҚШ- та, Еуропа және Ресейде ұялы оқыту жайлы көптеген жобалар бар. Бұл ұялы оқыту электрондық оқытудың әлеуетін толыққанды іске асыруга мүмкіндік береді.
Электрондық оқытуды ғылыми әдістемелік негіздеу ұялы оқытудың да аспектілерін қамтуы керек. Сондықтан электрондық оқыту ұғымы ұялы оқытуға қарағанда кеңірек. Демек, электрондық оқыту қағидалары ұялы оқыту шеңберінде де қолданылуы шарт.
Электрондық оқытуды жасау мен енгізу үшін оқытуды басқару, ақпаратты алмастыру және контент оқу порталын басқару жүйелерінен тұратын ақпараттық жүйені жобалау қажет.
Электрондық оқытудың негізгі мәселесі ақпараттық- коммуникациялық технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді пайдалану болып табылады.
Оқушының нәтижелі іс-әрекет, дағдыларын қалыптастыру мақсатында болашақ мұғалімді компьютерлік технологияларды пайдалануға кәсіби даярлау мәселесі жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Біз болашақ ұстазды кәсіби даярлауда студенттің педагогикалық үрдістің мәнін, оның заңдылықтарын, қозғаушы күштерін, тәрбиелі механизмдерін ұғынуын жататынын басшылыққа аламыз. Тек сонда ғана оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды пайдалану оқушылардың нәтижелі іс-әрекет ету дағдыларын қалыптасуына септеседі.
Шәкірттердің нәтижелі іс-әрекет етуіне ұстаздың пәнді жақсы білуі түрткі болатынына дау жоқ. Егер әдебиет пәнінің мұгалімі өзінің біліміне қоса компьютерлік технологияларды меңгерсе, онда тіпті тамаша.
Тәрбиелік мәні зор компьютерлік ойындардың атқаратын қызметтері туралы А П Журалиева, Р Калуа, Е.Д.Маргулис және т.б арнайы зерттеулер жүргізді. Зерттеушілер оқу үрдісіне компьютерлік ойындарды енгізу- психологиялық жайлы жағдай тудырады, соның арқасында баланы үйрету, оның ой-өрісін, зейінін, есте сақтау қабілетін дамытып, ерік жігерін шыңдайды.
Баќылау сұраќтары:
1. Компьютерлік оқытудың тиімділігі мен маңыздылығы атаңыз.
2. Білім берудегі компьютерлендірудің негізгі үш бағыттарына мысал келтір.
10Лекция. Қазіргі кәсіби оқытудың инновациялық педагогикалық технологиялардың әері.
Қорытынды сабақ
