Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Все Стом Каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать
☆

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тәртіптің туа біткен түрлері (шартсыз рефлекстер және инстинктер).

2. Шартты рефлекс, жануарлар мен адамдардың үнемі өзгеріп отыратын қоршаған орта жағдайына бейімделу түрі ретінде. Шартты рефлекстердің жіктелуі.Уақытша байланыстың пайда болу механизмі.

3. Шартты тежелу рефлекстерінің түрлері(ішкі және сыртқы).Тежелудің қорғаныштық рөлі.Тежелу жайында қазіргі кездегі көзқарастар.

4. Үлкен жарты шарлар қыртысының талдау- синтездеу іс-әрекеті.

5.Дәрігер- стоматологтың мануальды дағдыларды үйренудегі динамикалық стереотиптің рөлі.

6. Эмоциялар және оның ролі. Эмоцияның қағидасы.

7. Түс. Физиологиялық механизмдер. Түстің кезендері.

8. И.П. Павловтың 1 және 2 сигналдық жүйелер жайындағы ілімі, дәрігер – стоматолог үшін маңызы.

9. Биологиялық және әлеуметтік мотивациялар. Жеке тұлға қалыптасуындағы биологиялық мотивациялар.

10.Стоматологиядағы еңбек қызметінің физиологиялық негізі.

11.Организмнің физикалық, биологиялық, әлеуметтік факторларға адаптациясы.Бейімделу түрлері.

12.Стресс.Жалпы адаптациялық синдром механизмдері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері Таратылатын ақпаратты оқытушыдан алу міндетті(электронды нұсқа немесе баспа иүрінде).

1. Егеуқұйрықтарда белсенді қашу шартты рефлексін құрастыру

2. Тәжірибелік жануарларда тәртіптік реакцияларды зерттеу

№3 - №10 жұмыстарды оқытушы сабақ барысында жүргізеді.

3. Айзенко бойынша ЖЖІӘ типтерін зерттеу

4. Өзін-өзі бағалау

5. Сигналдық жүйенің басымдылық ететін типті анықтау

6. «Бозторғай немесе жапалақ» тесті

7. Қысқа уақыттық есті зерттеу. Тікелей есте сақтау көлемін анықтау

8. Мағыналық естің көлемін анықтау

9. Қабылдау мен ойлаудың жеке-тұлғалық ерекшеліктерін анықтау

10.Әдістемелік құрал «Шульте кестесі»

6. Әдебиет:

1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, а.А.Өтепбергенов, ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.

2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

4.Қанқожа м.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

1.Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

2.Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006, 52 б.

7. Бақылау: Бірінші деңгейлік тесттік бақылауды жүргізу және билет бойынша жазбаша бақылау.

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

Физиология кафедрасы

№ 17 сабаққа таратылатын материал

Сабақ тақырыбы: Ағзаның шартты рефлекторлық іс-әрекеті және оның

нейрофизиологиялық механизмдері. Жоғарғы психикалық қызметтер.

№1 ЖҰМЫС

Белсенді қашу шартты рефлексін құрастыруды егеуқұйрықтарда өткізуге арналған нұсқау.

Стресс кезінде ОЖЖ-ң қызметтік жағдайын,оның біріктіруші әрекетін зерттеу мақсатымен белсенді қашу шартты рефлексін құрастыру жүзуге асырылады.Дұрыс бағытты таңдауға бағытталған электрден қорғаныш айырмашылық рефлексін арнайы ілмекті калеерада жүргізеді.

Тәжірибелер Т-тәрізді, екі арнайы лабиринтте өткізіледі. Лабиринт бастапқы және үш параллельді (негізгі, оң және сол) коридорлардан тұрады. Лабиринттің әр бөлімі бір-бірінен пластинкадан жасалған есікшелермен бөлінген.Олар тәжірибелік жануарларды бір бағытта жіберіп отырады. Шарты белгі ретінде электр жарығы қолданылып, оны 5сек. Соң шартсыз тітіркендіргіш электр тогымен бекітеді. Жануарлар электр тогының жасайтын ауырлықтітіркенуінен қашып, бастапқы бөлімнен орталыққа, яғниақ егеуқұйрықтар қосымша коридорлардың біреуіне өтіп, қауіпсіз алаңға келеді.

Шартты рефлекстерді құрастыру келесі түрде өткізіледі:

1. Тәжірибелік жануарды камераға орналастырып, оның жалпы жағдайының бастапқы көрсеткіштерін тіркейді.Жалпы жағдайдың көрсеткіштері:

А) тынысалу мінездемесі (қалыпты, жиілеген,сиреген)

Б) физиологиялық қалыптың тұрақтылығы тұрақты,тігінен және көлденең белсенділік

В) тырысқақтық болады, болмайды

2. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің қосыла әсер етулері жүргізіледі. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің қосыла әсер етулерінің саны анықталады да, содан соң шартты рефлекс түзіледі.

№2 ЖҰМЫС Тәжiрибелiк жануаларда тәртiптiк реакцияны зерттеу.

Жануарлардың бағыттаушы - зерттеушiлiк тәртiптерi мен эмоционалдық реакцияларын зерттеу үшiн «Aшық алаң» тестін қолданады.

«Ашық алаң» бұл биiктiгi 40см қоршалған, диаметрi 80см дөңгелек алаң. Алаң Tереңдігі 1.5см, диаметрi 3см-ге тең, бiркелкi 16 саңылаулардан тұрады. «АА» - да жануарлардың тәртiптiк зерттеу үшiн, алаңның орталығынан 25см қашықтықта 2 сызық жүргiзiлген. 3ертгелiнетiн кез -келген фактордың әсерiнен жануарлар тәртiбiнiң динамикасы бақыланады.

Бұл үшiн егеуқұйрықты алаңның орталығына орналастырып, минуттық қараңғылыққа бейімдейді. Содан соң 2 минут iшiнде жануардың қорғаныштық және зерттеушiлiк реакцияларын бақылайды.

Тәжiрибеге алынған жануарлар қимыл – қозғалыстары және кеңістіктегі тұрпатын ұстау мүмкiншiлiктерi бойынша 2 топқа бөлініді:

1. Қорғаныштық реакция: 2. Зерттеушiлiк реакция:

а) груминг а) сүйенбей тігінен тұру

б) бiр орнындағы қозғалыссыз б) сүйеніп тігінен тұру

в) қозғалмау тұрпаты в) саңылауларға үңiлу

г) жасырын кезең г) локомоция

№3ЖҰМЫС. ЖЖ ІӘ типтерін АЙЗЕНКО сұрауы арқылы анықтау

Жеке адамның құрылымдық компонeнттepiн сипаттайды, экстроверсия, интроверсия, нейротизм жәнежaлғaндық көрсеткiштерiн бағаулаyға мүмкiндiк бередi.

Сiзге бiрнеше қатар сұрақтар берiледi, оларға сiз Иә немесе ЖОҚ деп жауап берyiңiз қажет. Көп уақытты жұмсамай, тез жұмыс icтеңiз, сұраққа деген бiрiншi жауабыңыз маңызды. Әр сұраққа жауап берiңiз, бұл ақыл-ойыңыздың немесе қабiлеттiлiгiңiздi тексеру емес, жаман немесе жақсы жауаптар болмайды. Сонымен бiрге өзiңiзден басқа бұл жауаптарды ешкiм көрмейдi.

Сонымен icкe кiрicейiк

1. Сiзге айналаңыздaғы cepгeктiк немесе әбiгершiлiк ұнай ма?

2. Сiзге бiр нәрсе қажет сияқты, өзiңiзге белгiсiз сезiмдер жиi болады, бiрақ оның не eкeнiн бiлмейсiз

3. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» адамдардың қатарына жатасыз ба?

4. Сiз өзiңiздi ешқандай себепсiз кейде бақытты, ал кейде қайғылы сезiнесiз бе?

5. Кештерде және жолдастарыңыздың арасында өзiңiздi әдетте шетте ұстайсыз ба?

б. Балалық шағыңызда сiзге бұйыpғанның бәрiн тез және күнкiсiз әрқашан орындайтын едiңiз бе?

7.Сiзде жаман көңiл - күй жиi болады ма?

8.Сiздi ұрыc - керicке тapтқан кезде, барлығы орнына келедi деп үмiттенiп үндемей тұрғанды артық көресiз бе?

9. Көңiл - күйiңiздiң ayысyанa оңай берiлесiз бе?

10. Адамдардың ортасында болғaн сiзге ұнайды ма?

11. Сiз өзiңiздiң үрейлерiңiзге байланысты жиi ұйқыны жоғaлтасыз ба?

12. Кейде сiз қасарысасыз ба?

13. Өзiңiздi сiз бейқам деп атай аласыз ба?

14. Сiзге жақсы ойлар жиi немесе кеш келедi ме?

15. Жалғыз жұмыс iстегендi сiз жақсы көресiз бе?

16. Сiз өзiңiздi жиi маңызды, себепсiз, анжар және шаршаңқы сезiнесiз бе?

17. Сiз өзiңiздiң табиғатыңыз бойынша тipi адамсыз ба?

18. Сiз кейде әдепсiз қалжындаpға күлесiз бе?

19. Сiз «осыдан әбден тойдым» - дегендей сезiнiп, сiздi бiр нәрсе жиi жалықтыра ма?

20. Сiз өзiңiздi күнделiктi киiмнен басқа киiмдi икемсiз сезiнесiз бе?

21. Сiз өз көңiлiңiздi бiр нәрсеге жұмылдыр,ғаңыз келгенде, сiздiң ойларыңыз жиi алаңдайды ма?

  1. Сiз ойыңызды тез өз сөзiңiзбен шығара аласыз ба?

  2. Сiз өз ойларыңызға жиi батып отырасыз ба?

  3. Сiз барлық нанымнан толық боссыз ба?

  4. Сiзге бiрiншi сәуiрлiк әзiлдер ұнайды ма?

  5. Өз жұмысыңыз жайлы жиi ойласыз ба?

  6. Дәмдi тамақтануды жақсы көресiз бе?

28. Сiз ашуланған yaқыттa iшiңiздегінің бәрiн ақтару үшiн, жаныңызға дос адам керек пе?

29. Сiзге, ақшаны керек еткен уақытта, бiр нәpceнi сату немесе қарыз алу әдеті жағымсыз ба?

  1. Кейде сiз мақтанасыз ба?

  2. Кейбiр заттаpға сiз сезiмталсыз ба?

32. Сiз көңiлсiз кешке баpғаннан гөpi, үйде жaлғыз қaлғaнды артық көресiз бе?

33. Сiз бiр орында oтыра алмай, кейде соншалықты тынышсыз боласыз ба?

34. Сiз өз жұмыстарңызды yaқытынан бұрын және ұқыпты жоспарлаyға бейiмсiз бе?

35. Сiзде бас айналулар болады ма?

36. Сiз хатты окыған соң дереу әрқашан жауап бересiз бе?

37. Сiз өз жұмыстарыңызды басқамен ақылдаспай, өз бетiңiзбен жақсы орындай аласыз ба?

38. Сiз ешқандай ayыp жұмыс icтемесеңiз де, сiзде eнтiгy болады ма?

39. Сiз барлығы дәл сондай болу керек деп, толғанбайтын адам болып саналасыз ба?

40. Сiздi өзiңiздiң жүйкеңiз мазасыздандырады ма?

41. Сiз ic - әрекет гөpi, жоспар құрғанды артық көресiз бе?

42. Кейде сiз бүгiн icтей алатын жұмысыңызды ертеңге қалдырасыз ба?

43. Сiз лифт, метро, тоннель сияқты жерлерде күйгелектенесiз бе?

44. Танысу кезiнде сiз бiрiншi болып ынта көрсетесiз бе? 45. Сiзде қaтты бас аурулары болады ма?

46. Сiз әдетте барлығы өз - өзiмен орнына келедi деп санайсыз ба? 47. Түнде ұйықтап кету сiзге қиын емес пе?

48. Сiз өз өмiрiңiзде бiрде - бiр өтipiк айттыңыз ба?

49. Кейбiр кезде басыңызға бiрiншi келген ойды айта бересiз бе? 50. Масқара болған соң сiз ұзақ уайымдайсыз ба?

51. Сiз жақын достарыңыздан басқа адамдармен тұйық боласыз ба?

52.Сізде жағымсыздықтар жиі болады ма?

53. Сiз достарыңызға қьrзықты оқиғаларды айтуды жақсы көресiз бе?

54.Сiз жеңiлгеннен көpi ұтқанды артық көресiз бе?

55. Сiз өзiңiздi жиi, сiздiң күйiңiзден жоғары адамдар ортасында икемсiз сезiнесiз бе?

56. Сiзге жағдайлардың бәрi қарсы болғанда, соған қарамастан, сiз әлi де болса бiр нәpсeнi қабылдауға болады деп әдетте ойлайсыз ба?

57. Сiздi бiр маңызды ic алдында, жүрегiңiздi бiр нәрсе қобалжытады ма?

Сiз қаншалықты шын жүректi емессiз.

Циркуль алып, оның аяғын С жалпы caнынa сай келетiн көлемге жазыңыз, масштабты графиктiң кез келген oci бойынша алыңыз. Циркульдiң инесiн координат

қиылысындағы сiздiң нүктеңiзге қойып және толық cызық жүргiзiңiз. Неғұрлым дөңгелектiң аймағы үлкен болса, соғұрлым шын жүректi емессiз және тест шешiмi де сенiмсiз болады.

Нәтиженiң өңделуi

Шкала А:

Иә Жоқ

1. 1

3. 1

5. 1

8. 1

10. 1

13. 1 Шкала В:

14. 1 Иә

15. 1 2. 1

17. 1 4. 1

22. 1 7. 1

23. 1 9. 1

25. 1 11. 1

26. 1 16. 1

28. 1 19. 1

29. 1 20. 1

31. 1 21. 1 Шкала С:

32. 1 33. 1 Иә Жоқ

34. 1 35. 1 6. 1

37. 1 38. 1 12. 1

39. 1 40. 1 18. 1

41. 1 43. 1 24. 1

44. 1 45. 1 27. 1

46. 1 47. 1 30. 1

49. 1 50. 1 36. 1

51. 1 52. 1 42. 1

53. 1 55. 1 48. 1

56. 1 57. 1 54. 1

Саны: А: B: C:

Нәтиженiң өнделуi

Ал eндi алынған жауапты графикке салыңыз А - нольден бастап, көлденең бойынша

В - нольден бастап, тiк бойынша.

Координат қиылысында сiз - өзiңiзге тең нейтротизмнiң, экстра-, интраверсия, сондай - ақ берiлгeн координат үшiн темпераменттiң мәнiн аласыз.

Нейротизм

2 3

22

21

20

Меланхолик 19 Холерик

18

17

16

15

14

Интраверсия 13 Экстраверсия

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26

11

10

9

8

7

Флегматик 6 Сангвиник

5

4

3

2

1

0

Егер сіз: 1) тынымсыз, уайымшыл; 2) ұстамсыз, мазасыз; 3) шыдамсыз; 4) өткір сөйлейтін; 5) шешімді және әр істі өзіңіз бастасаңыз; 6) қырсық; 7) талас-тартыста ұшқыр ойлы; 8) жұмысты жұлқынып істесеңіз; 9) тәуекелге жақын; 10) тез кешіретін және ренжімейтін; 11) тез, қатты, адам ойын бөліп жіберетін интонация ; 12) сабырсыз; 13) агрессивті; 14) кемшіліктерге шыдамсыз; 15) айқын, анық мимикалы; 16) жылдам қозғалып, шешім қабылдағыш; 17) шаршамай жаңа нәрсеге тырысатын; 18) қатты, тез қимыл жасайтын; 19) мақсатына жету үшін өз дегенін істететін; 20) көңіл-күйі құбылмалы болса, - сіз нағыз Холериксіз.

Егер сіз: 1) көңілді; 2) энергиялы, іскер; 3) бастаған істі соңына дейін жеткізбесе; 4) өзін мақтағанға жақын; 5) жаңаны тез еске қабылдайды; 6) таңдауына тұрақсыз; 7) сәтсіздіктер мен қиыншылықтарды оңай қабылдайды; 8) Әртүрлі жағдайларға оңай бейімделесіз; 9) жаңа іске қызығушылықпен кірісесіз; 10) қызықтырмаса, тез жалығады; 11) жаңа жұмысқа тез кірісіп, одан басқа жұмысқа өтіп кетуіңіз мүмкін; 12) оңай қарым-қатынасқа түсесіз; 14) төзімді және жұмыскер; 15) қатты, тез, қолды былғап айқын мимикамен сөйлейсіз; 16) күтпеген жағдайда өзіңізді жақсы ұстайсыз; 17) көңіл-күйі әрқашан сергек; 18) тез ұйықтап қалып, ерте сергек оянасыз; 19) жинақы емессіз; шешімді асығыспен қабылдайсыз; 20) кейде алданып қаласыз, - сіз Сангвиниксіз.

Егер сіз: 1) тыныш, сабырлы; 2) бәрін ретімен орындайтын; 3) ойланып, байқап істейді; 4) күте біледі; 5) көп сөйлемейді; 6) эмоциясыз, бірқалыпты сөйлейді; 7) ұстамды; 8) бастаған істі соңына жеткізеді; 9) күшін босқа жұмсамайды; 10) үйреншікті күнтізбені сақтайды; 11) ренжігіш; 12)қолдауды аз қабылдайды;13) әрқашан өз қызығушылығы мен үйренгеніне беріліп кетеді; 14) баяу жұмысқа кіріседі; 15) бәріне бірдей қарайды; 16) жаңа жағдайға қиын бейімделеді – онда сіз Флегматиксіз.

Егер сіз: 1) ұялшақ; 2) жаңа жағдайға шашырап қаласыз; 3) таныс емес адаммен қарым-қатынас орната алмасаңыз; 4) өз күшіңізге сенбесеңіз; 5) жалғыздықты оңай өткізесіз; 6) сәтсіздіктерге шашыраушылық пен қысылушылықты сезінесіз; 7) өзіңізге тұйықталып қаласыз; 8)тез шаршайсыз; 9) өте ақырын, тіпті сыбырлап сөйлесеңіз; 10) өте сезімтал, тіпті жылап жіберетін; 11) оңай қабылдап аласыз, әсіресе, жамандаса немесе қолдаса; 12) өзңізден және басқалардан үлкен талап күтесіз; 13) өте өкпелегіш; 14) бәріне де келісе бересіз;15) тұйық, өз айыбыңызбен бөліспейсіз; 16) аяушылық пен көмекті керек етеп тұрасыз, - сіз онда Меланхоликсіз.

№4 Жұмыс

Өзін-өзі бағалау тесті

  1. Үстем етуші адам 36. Кекшіл

  2. Озбырлық 37. Ерекшеліктік

  3. Желіктеушілік 38. Ойсыздық

  4. Адалсыздық 39. Сұлулық

  5. Ойсыздық 40. Жағымпаз

  6. Ойламаушылық 41. Жалқау

  7. Аямаушылық 42.Өтірікші

  8. Ұялмаушылық 43. Кек алушы

  9. Өкпесіздік 44. Әсемділік

10.Арсыздық 45. Ойлаушылық (пікіршіл)

11.Қатыгездік 46. Бояушылық (жайбасар)

12. Ұятсыздық, жолсыздық 47. Үндеместік

13. Ұятсыздық 48. Нәзхік

14. Бай 49. Зарлаулық (мазасыз)

15. Қажетті, маңызды 50. Тіл табыса алатындық

16.Сенімділік 51. Ержүректі

17. Көңілді 52. Ашық

18. Сыйлаушылық 53. Сенімсіздік

19. Әрекеттілік 54. Бас игіш

20. Еркінділік 55.Жасқаншақ

21. Өзін-өзі жоғары ұстайтын адам 56. Мылжың

22. Алға шабушылық 57.Ессіздік

23. Көкірек 58. Батыр

24. Ақымақ 59. Менменшіл

25. Тәртіпті 60. Еркіндікті жақсы көретін адам

26. Ақ көңілді 61. Күшті, мықты

27. Іскер адам 62. Әлсіз мінезді

28. Сараң 63. Өжетті

29. Өмірде көңілді 64. Жылауық

30. Көре алмаушылық 65. Көңілшек

31. Жұмбақ 66. Өзін сүйетін адам , өзімшіл

32. Сескенуші 67.Таршыл

33. Ұялшақ 68. Еңбекқор

34. Әлдеқаншайлық 69 Қорқақ

35. Ашуланшақ 70.Кең адам

1. Жоғарыда көрсетілген тізімдегі әртүрлі қасиеттердің сіздерге қатыстысын ескере отырып, өздеріңіздің ерекше болуларыңызға байланысты, соларды жеке есептеңіздер (х).

Сол таңдалып алынған қасиеттердің ішінде сізге тән сандарын есептеңіз (у).

Алдыңғы табылған сандарды (у) біріне-бірін (х) бөліңіздер, нәтижесін А әрпімен белгілейсіздер:

А=у/х Мұнда, х- осы қаситке ұқсағым келеді

У- сізге тән қасиеттер

2. Жалпы тізімдегі қасиеттердің ішінде сіздерге тән емесін санаңыздар (М). Ал сонымен қатар жоғарыда көрсетілген қасиеттер сіздерге тікелей қатысы бар екендігін белгілеп, оның санын анықтаңыздар (N).

Содан М санына 100-дікке дейін бөліп, нәтижесін Б әрпімен белгілеңіздер: В=N/M N-өзіңіздегі бар қасиет

М- сізге тән емес қасиет (антиидеал)

3. Ұсынылып отырған кесте бойынша анықталған сандарды орналастырып, координаттар нүктесін анықтап, олардың қай квадрат нөмірінде қиылысатындығын есте сақтаңыздар.

В

1,00

0,95

0,90

0,85

0,80

1

2

3

4

5

0,75

0,70

0,65

0,60

6

7

8

9

10

0,55

0,50

0,45

0,40

11

12

13

14

15

0,35

0,30

0,25

0,20

16

17

18

19

20

0,15

0,10

0,05

0

21

22

23

24

25

А 0,1 0,2 0,3 0,4 0,5 0,6 0,7 0,8 0,9 1