Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жеке лекция.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23 Кб
Скачать
☆

2. Субъективтік меншік құқығы

Әртүрлі елдер заңнамаларында субъективтік меншік құқығынын анықтамасының сан алуан екендігіне көз жеткізуге болады.

Субъективтік меншік құқығы түсінігі қамтитын негізгі белгілерді атап өтелік:

1. Мұндай түсінік жалпы, әмбебап сипатта болуы керек. Ол меншік иесінің, үш немесе одан да көп құқығының жиынтығына негізделмеуі керек. Меншік иесінің құқығы субъективтік меншік құқығының мазмұны болып, іс жүзінде қайсыбір кұқық субъектісінің кұкықтық жағдайына орай ерекшеленеді. Сол себепті оны меншік құқығы түсінігі туралы мәселеден бөлек қарастыру қажет. Осы анықтамада меншік құқығының абсолюттік сипаты атап көрсетіліп, айырықшалануы керек, ал біздің ойымызша, оның қосарлы сипаты бар: а) заңға сүйене отырып, меншік иесінің өзіне тиесілі мүлікке шаруашылық билік етуден барлық үшінші тұлғаларды шектеу мүмкіндігі ретінде; ә) осы құқықтың уақыт бойынша шектелмегендігі, яғни шексіздігі ретінде. Басқаша айтқанда, осы құқық, қандай да болмасын зат болғанда әрекет жасай береді. Бірақ меншік құқығының осы қосарлығы анықтаманың өзінде ұйғарым ретінде немесе дербес түрде көрсетілмеуі керек.

3. Меншік құқығының заттық сипатын көрсету кажеттігі, яғни ол белгілі заттың кайсыбір субъектіге дербес тиесілігін нақты көрсетуі тиіс. Басқаша айтқанда, меншік құқығы әрдайым нақты құқық субъектісі мен оған тиесілі заттың арасында заңды байланысты тағайындайды. Құқық субъектісі мен заттың арасындагы осындай қатынасқа заңсыз араласу құқық бұзу ретінде қарастырылып, азаматтық-құқықтық қана емес, қылмыстык не әкімшілік жауапкершілікке, яғни жария құқық нормалары бойынша заңды жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Оған қоса объект зат емес, мүліктің өзге түрі (мүліктік құқық, шығармашылық қызмет нәтижесі және басқа объектілер) болғанда меншік туралы нормалардың басқа катынастарға таралуын дұрыс дей алмаймыз.

4. Меншік құқығына жататын мүлікті шаруашылық пайдалану; заң тікелей тиым салмағандардың бәріне рұқсат ұстанына негізделуі тиіс. Меншік құқығын шектеу заңда көрсетілуі немесе құқықтың басқа субъектілерінің құқығы түрінде белгіленуі тиіс. Меншік құқығының шектелмегендігі кез келгел шектеулерден еркіндігі ұйғарылуы тиіс екендігін атап кеткен жөн. Осы соңғы ұйғарым, олардың бар болуы және бұзылуы, әрбір нақты жағдайда белгіленуі тиіс.

5. Затқа құқық нақты тұлғаға, құқык субъектісіне тиесілі болуы керек. Меншіктің жалпы алғанда заңды қатынасынын мәні де осыда. Осы қағиданы сақтау үшін, цивилистика бірнеше заңды құрылым, оның бірінші кезегінде заңды тұлға құрылымын жасады. Осы құрылым мүлікті (зат жиынтығы ретінде) шаруашылық айналымға пайдаланып, бірақ айналымға салынған мүлікті ғана жоғалтуға (шығыңдауға) тәуекел ете отырып, неғұрлым көп пайда алуға мумкіндік береді.

8-тақырып. Зиян келтіру бойынша міндеттемелер

1. Коллизиялар және зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі

2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары

Дәріс

1. Коллизиялар және зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі

Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме — бұл зиян келтірушінің немесе заңнамада аталған өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін қамтыған, жеке немесе заңды тұлға-лардың (мемлекеттік немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің) заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс-әре-кеттермен (әрекетсіздікпен) мүліктік және (немесе) мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нүсқауларынан туындайтын міндеттеме.

Зиян келтіруден туындайтыи міндеттеменің элементтерін қарастырайық.

Міндеттеме субъектісі болып кредитор (жәбірленуші) және борышқор (зиян келтіруші немесе оның әрекеті үшін заң бойын-ша жауапты өзге де тұлға) табылады.

Жәбірленуші ретінде кез келген жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер бола алады. Объекгивті түрде, өмірі мен денсаулығына зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кредиторлар ретінде, егер сөз регрестік міндеттемелер туралы болып отырмаса, жеке тұлғалардан басқа өзге субъектілер бола алмайды.

Борышқорлар ретінде де, құқыққа қайшы іс-әрекеттерінің (өрекетсіздігінің) салдарынан зиян келтірген кез келген субъектілер танылады. Басқа тұлғалардың әрекеттері үшін заң бойынша жауап беретін тұлғаларға ата-аналар (асырап алушылар), қамқоршылар, оқу, емдеу, тәрбие және көмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз тұлғаларға қадағалауды жүзеге асыруға тиіс өзге де мекемелер мемлекеттік үйымдар (өз жүмысшыларының іс-әрекеті үшін) жатқызылуы мүмкін.

ҚР АК 917-бабының 1-тармағына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері меп құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген мүліктік және (немесе) мүліктік емес зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемде өтеуге тиіс.

Сондай-ақ ҚР АК 917-бабының 2-тармағында зиян келтіру-шінің егер зиян езінің кінесінен келтірілмегендігін делелдесе, оны етеу жауапкершілігінен босатылатындығы көзделген. Заңнама мен тұлғаға зиянды етеу жауапкершілігі оның кінәсінің болу- болмауына қарамастан жүктелетін жағдайлар көзделуі мумкін.

Сонымен, зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздері (шарттары) болып мыналар табылады: 1) құқыққа қайшы іс-әрекет (әрекетсіздік); 2) зияннның болуы; 3) тулғаның іс-ерекеті (әрекетсіздігі) мен туындаған құқыққа қайшы сал-дардың (зиянның) арасындағы себепті байланыс; 4) кінә. Аталған төрт шарттар бір-бірінен ажырағысыз орын алады. Олар азаматтық құқық бұзушылықтың (деликтінің) өзара байланысты элементтері болып табылады. Сонымен, зиян келтіруден туыңдайтын міндеттеменің пайда болу (азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолданудың) мінездемесі болып азаматтық құқық бұзушылық табылады.

Құқыққа қайшылық түсінігі азаматтық құқықта көп қырлы болып табылады. Құқыққа қайшылық ең алдымен тұлғалар іс-әрекетінің (қадамдарының) құқықтық әртүрлі салаларына нормаларына қайшы келуіне сүйене отырып бағаланады.Бұл конституциялық құқық, қылмыстық құқық, әкімшілік құқық жене т.б. болуы мүмкін. Іс-әрекеттердің (әрекетсіздіктің) объек-тивтік құқық нормаларына қайшы келу белгілері олардың құқыққа қайшылығын оңай және сенімді бағалауға мумкіндік береді.

Сонымен қатар, бірқатар басқа мемлекеттердің құқықтарында сияқты, Қазақстан Республикасының да азаматтық қүқығында бас деликт қағидасы әрекет ететіндігін үмытпаған жөн. Соның салдарынан, егер зиян келтіруші оған заң актілерімен уәкілденген болмаса немесе тұлғаның оған зиян келті-руге деген келісімі (ниеті) болмаса, кез келген зиян келтірушілік құқыққа қайшы болады.

Сол себептен міндеттеме пәні әдетте сотпен нақтыланады. Міндеттеме пәні зиянды өтеудің сотпен таңдап алынған тесіліне байланысты болады. Сот зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандыра отырып, істің мән-жайына сәйкес зиян үшін жауапты тұлғаны келтірілген залал-дарды толығымен өтеуге немесе оны заттай өтеуге (сол тектес жөне сол сападагы затты беру, бұлінген затты қалпына келтіру және т.с.с.) міндеттейтін болады. Адам өмірі мен денсаулығына жөне моральдық зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша міндеттеме пөні өзіндік ерекшеліктерге ие болады.

Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеме бір жақты міндеттеме болып табылады. Сондықтан оның мазмұнына зиян келтіруші тұлғаның (өзге де тұлғаньң) келтірілген зиянды өтеу міндеті кіреді. Оны өтеу төртібі, мерзімдері заңнамамен, сот шешімімен, тараптардың келісімімен анықталатын болады немесе міндеттеме мәнісінен туындайды.

Жәбірленуші зиянды өтеу жөніндегі міндетті оның алдында іс жүзінде орындауды талап етуге қүқылы.

Жоғарыда атап өткеніміздей, көптеген қатысушылары бар міндеттеме туындауы мүмкін. Жәбірленушілер тарапынан тұлғалардың көптігі, мүлік екі және одан да көп тұлғалардың ортақ бірлескен меншігінде болған кезде немесе өзгс де соған үқсас жағдайларда орын алады.

Зиянды бірлесе отырып келтіру ретінде зиян келтіру сол үшін жауапты бірнеше тұлғалардың ортақ ниеттерімен (бірлес-кен іс-өрекеттермен жүзеге асырылған) қамтылатын жағдайлар бағаланады.

Ол заңнамаға сәйкес солидарлы (немесе ортақ) жауапкершілікке алып келеді. ҚР АК 932-бабына сәйкес. Бірлесіп зиян келтірген тұлғалар жәбірленушінің алдында ортақтасып жауап береді. Ортақ жауапкершілік кезінде зиян келтірушілердің әрқайсысы жәбірленуші алдында толық көлемде жауап береді. Зиянды ортақтасып өтеу қазіргі танда Қазақ ССР заңнамасындағыдай бір жақты түрде қолданылмайды. Енді сот жәбірленушінің арызы бойынша және оның мүдделері үшін бірлесіп зиян келтірген тұлғаларға үлестік жауаптылық жүктеуге құқылы. Зиян кел-тірушінің әрқайсысы төлеуге тиіс өтемнің мөлшері олардың сол бірі немесе өзге біреуі іс жүзінде келтірген зиянның мөлшеріне сәйкес айқындалатын болады. Егер мүндай анықтау мүмкін болмаса, онда оларға бірдей үлестегі жауапкершілік жүктелуі мүмкін.