Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жеке лекция.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23 Кб
Скачать
☆

2. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының мұрагерлік құқықтары

Қазақстан Республикасының территориясындағы шетелдік элемент қатысуымен мұрагерлік құқықтық қатынастар төмендегідей негіздер бойынша пайда болады:

1. мұрагерлікті Қазақстан территориясында мұрагерлер - шетел азаматтарының пайдасына ашу.

2. Қазақстан Республикасында мұрагер қалдырушының- шетел азаматының мүлкін табу.

3. Қазақстан территориясында тұрақты мекен еткен шетел азаматының қайтыс болуы және т.б.

Заңнамамен шетел азаматтарының мұрагерлік құқық облысында шектер қойылмайды. Бірақ, шетелде жүрген қазақстандықтар құқықтарына шектеулер қойылатын болса, онда сол мемлекет азаматтарына да шектеулер бекітіледі. Мысалға, егер де шетел мемлекеті Қазақстан Республикасының азаматын мұрагерлік немесе басқа жағдай негізінде өз территориясында жер иелену құқығынан айырса, Қазақстан Республикасы сол мемлекеттің азаматына жауапты шектеулер орната алады. Алайда ҚР Жер кодексіне (20.06.2003 ж.) сәйкес, шетел азаматтары жерді аталмыш заңмен қарастырылған мақсаттарға байланысты иелене алады. Шетел азаматтары жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша шаруашылығы және саяжай құрылыстары, орман өсіру мақсатында жер учаскілеріне жеке меншікке ие бола алмайды. Аталмыш заң бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары бұл мақсатта жер учаскілерін жеке меншікке иелене алады. Бұндай жағдайда келесі бір ерекшеліктер пайда болуы мүмкін: егер мұра қалдырушы - Қазақстан Республикасының азаматы мұрагер- шетел азаматының пайдасына жоғарыда аталған мақсаттарда жер учаскілерін өсиет етсе, онда шетел азаматы өзінің мұрагерлік құқығын толық пайдалана алмайды. Алайда бұл азаматтың мұрагерлік құқығын мойындап, Қазақстанда оның өсиет бөлігінің орнын басқа жолмен толтыру немесе осы мұрагерге – 10 жылға дейін жер пайдалану құқығына қайта рәсімдеу қажет.

Шетелдік элемент қатысуымен өсиет бойынша мұрагерлік өзінің кейбір ерекшеліетеріне ие. Негізінен, мұра ашылған сәтке дейін өсиет қалдыру керек. Өсиетті құруға не оны бұзуға құқығы бар тұлғаның қабілеті, сонымен қатар өсиет формасы мен оны бұзу актілері өсиет қалдырушы актіні құрған кездегі тұрақты мекен еткен мемлекет құқығымен анықталады. Алайда өсиет қалдыру не оның бұзылуы формалары орындалмағаны үшін дұрыс деп есептелмейді. Қазақстандық заң өсиеттің жазбаша формада және нотариаттық куәландырылуын талап етеді. Мысалға, тұлға Англияда тұрып сондағы құқықтарға сәйкес өсиет қалдыру формасын орындады; кейіннен ол Қазақстанға тұрақты мекен ету үшін көшіп келіп, қайтыс болса, мұрагерлік қатынастар қазақстандық құқықпен реттеледі, бірақ өсиет растығы ағылшын құқығының нормалары негізінде анықталады.

Шетелдіктерге мұрагерлік шегіндегі салық салу қатынастары қазақстандық азаматтарына да бекітілген бір тәртіп жүреді.

Шетел азаматына арналған мұрагерлік мүлікті қорғау ерекше маңызға ие. Халықаралық келісімдер мұрагерлік мүлікті қорғау бойынша басқа органдарды бекітуі мүмкін. Мысалы, 22 қаңтар 1993 жылы Минск қаласында қабылданған ТМД мүше-мемлекеттердің азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы Конвенциясында (50 бап) мұрагерлікті қорғау қызметіне қатысу құқығы дипломатиялық мекемелерге ұсынылады. Ұқсас құқықтар Консулдық конвенцияларда және 16 қыркүйек 1992 жылғы Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен, 20 қаңтар 1994 жылғы Украинамен және басқа да мемлекеттермен келісім- шарттарында орын алған.