Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дарын положение.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39 Кб
Скачать
☆

Бағалау өлшемдері

Бағаланатын өлшем

Мүмкін бағалар

Бағалау негіздемесі

1.Шығарма-шылық қабілетілігі

Жеке жұмыс үшін 30 балл, командалық жұмыс үшін 25 балл

Егержұмыс автор(лар)ы проблеманы шешудің жаңа ғылыми тәсілін жасауда шығармашылық қабілеттілігін танытса, жеке жұмыс үшін 25-30, командалық жұмыс үшін 20-25 балл қойылады.

Егер автор(лар) мәліметтерді талдаудың жаңа қондырғалар жасау немесе жаңа тәсілін қолдануда шығармашылық қабілетін танытса, жеке жұмыс үшін 20-25, командалық жұмыс үшін 15-20 балл қойылады.

Егер автор(лар) мәліметтерді өзінше түсіндіруде шығармашылық қабілеттілік танытса, жеке жұмыс үшін 10-20, командалық жұмыс үшін 10-15 балл қойылады.

Егер жоба реферативті сипатта болса, 10 баллға дейін қойылады.

2.Ғылыми ойлау

Жеке жұмыс үшін 30 балл, командалық жұмыс үшін 25 балл

Жекелеген өлшемдердің әрбәрә жеке зерттеу жұмысы үшін 3 балл және командалық зерттеу үшін 2,5 балл көлемінде бағаланады.

Ғылыми жоба үшін:

  1. Қарастырылып отырған проблема

қаншалықты айқын және нақты ұсынылған;

  1. Жоспарланған ғылыми нәтиже алу

мүмкіндігі мол болуы үшін шешетін міндет қаншалықты айқын көрсетілген;

  1. Міндетті шешудің нақты жоспары бар ма;

  2. Міндетті шешуде ауыспалылықтар нақты

анықталған ба;

  1. Автор нәтижелерді кезең-кезеңімен

тексерудің қажеттілігін (егер ол қажет болса) көре алды ма және оны дұрыс қолданды ма;

  1. Қорытындыны нақтылау үшін мәліметтер

сәйкес таңдалған ба;

  1. Автор(лар) мәліметтердің қорытынды

үшін шектеулілігін мойындай ма;

  1. Автордың (команда) мәселені шешуге

кепілдік беретін зерттеуің келесі кезеңі турасында идея бар ма;

  1. Автор(лар) ғылыми әдебиеттерден немесе

тек қана көпшілік әдебиеттерден дәйексөз келтіреді ме.

Техникалық жоба үшін:

  1. Жұмыс мақсаты қаншалықты айқын;

  2. Жаңалықтың әлеуетті тұтынушылары бар

ма;

  1. Нәтиже өмірде іске аса ма;

  2. Үнемді орындалған ба;

  3. Нәтиже түпкілікті қойылған мәселені

шешуде жетістікпен қолданылама ма;

  1. Әлеуетті тұтынушыға тиімді ме;

  2. Техникалық шешімнің шын мәнінде

алдыңғы белгілі нұсақалармен салыстырғанда елеулі артықшылығы бар ма;

  1. Нәтиже нақты жағдайда тексерілген бе;

  2. Зерттеудің келесі кезеңіне байланысты

мәселені шешуге кепілдік беретін автордың (команданың) идеясы бар ма;

10)Автор(лар) ғылыми әдебиеттерден

немесе тек қана көпшілік әдебиеттен дәйексөз келтіредіме.

3.Қолданыл-ған зерттеу әдістерінің тиімділігі

Жеке жұмыс үшін 15 балл, командалық жұмыс үшін 12 балл

Егер зерттеужұмыстарының автор(лар) жұмыс барысында білімнің саласында мүлдем жаңа нәтижелер алуға мүмкіндік беретін қазіргі тиімді қондырғыларды немесе қазіргі теориялық әдістерді пайдаланса, жеке жұмыс үшін 10-15 балл, командалық 10-12 балл қойылады.

Егер зерттеудің бұрынғы (ескірген) әдістерін пайдаланып, бірақ жаңа нәтиже шығарылса жеке жұмыс үшін 5-10, командалық 5-10 балл қойылады.

Егер жұмыс реферативті сипатта болса, 5 ұпайға дейін қойылады.

4.Тақырыпты ашу дәрежесі (жете ашу)

Жеке жұмыс үшін 15 балл, командалық жұмыс үшін 12 балл

Бұл параметр үшін баға жекелеген өлшемдер бойынша бағалар негізінде қойылады:

  1. Жұмыс жоспарланған деңгейге дейін

жеткізген бе;

  1. Шешілетін проблема қаншалықты толық

қамтылған;

  1. Қорытынды жекелеген тәжірибеге

негізделген бе, әлде қайталанған ьа;

  1. Материал жобада қаншалықты айқын

және нақты берілген;

  1. Автор(лар) мәселені шешудің басқа

тәсілдерінің біле ме;

  1. Автор(лар) зерттеліп отырған проблема

бойынша ғылыми әдебиеттермен қаншалықты таныс.

Әрбір өлшем бойынша жеке жоба үшін ең көбі 2,5 балға дейін, командалық 2 балл қойылуы мүмкін.

5.Шешендік шеберлігі, ұсынылатын материалдың сапасы, айқындылығы

Жеке жұмыс үшін 10 балл, командалық жұмыс үшін 10 балл

Бұл параметр үшін баға жекелеген өлшемдер бойынша бағаларды ескере отырып қойылады:

  1. Автор(лар) жұмысты қандай дәрежеде айқын

және ұтымды баяндай алады (3 балл);

  1. Баяндама жоба материалы қандай дәрежеде

толық баяндаған (2 балл);

  1. Жобаның негізі жерлерін қаншалықты баса

көрсете алған (1 балл);

  1. Жобада қолданылған тәжірибелік мәліметтер

қаншалық нақты және айқын ұсынылған (1 балл);

  1. Жоба нәтижелері қаншалықты айқын және нақты көрсетілген (1 балл);

  2. Жоба нәтижелерін стенд қаншалықты жақсы ұғындырады (2 балл).

6.Команда мүшелерінің үйлестіру деңгейі (тек командалық жұмыстар үшін)

Барлығы 16 балл

Бұл параметр үшін баға жекелеген өлшемдер бойынша бағалар негізінде қойылады:

  1. Жалпы жұмыста әр қатысушының міндеттері

қаншалықты айқын және нақты белгіленген (4 балл);

  1. Команданың әр мүшесі команданың барлық

жұмысымен қаншалықты таныс (3 балл);

  1. Аяқталған жұмыс команда мүшелерінің күш-

жігер үйлесімдігін қаншалықты көрсетті (3 балл)

  1. Команданың әр мүшесі жұмыс материалын

қаншалықты жақсы баяндайды (3 балл)

  1. Берілген жобаны командамен орындау

қаншалықты қажет болды (3 балл).

(Әрбір өлшем үшін қойылатын барынша көп балдар көрсетілген)

БАРЛЫҒЫ: 100 БАЛЛ