- •Оқушылардың ғылыми жарыстарын өткізу
- •Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсынын ұйымдастыру және өткізу қағидалары
- •Бағалау өлшемдері
- •Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоблара конкурстары өткізілетін пәндер тізімі
- •Жалпы ереже
- •2. Оқушылардың ғылыми қоғамының мақсаты мен міндеттері.
- •3.Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын ұйымдастыру.
- •4. Оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері.
- •5. Оқушылардың ғылыми қоғамының есебі.
4. Оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері.
Оқушылардың ғылыми қоғамының әрбәр мүшесі:
секция жұмысына, барлық іс-шараларға қатысуға;
әр түрлі секция, бөлім жұмыстарымен танысуға және бір секциядан екінші секцияға өтуге;
қоғамның және оның бөлімшелерінің жұмысын жақсарту мақсатында өз ұсыныстарын енгізуге;
өз жұмысын ғылыми жарыстарына, ғылыми конференцияға қатысу үшін ұсынуға;
оқушылардың ғылыми қоғамы немесе оның секциясы филиалы жұмыс істейтін лаборотория мен кафедралардың құрал-жабдықтарын пайдалануға;
Қазақстан Республикасы кітапханасының қорындағы ғылыми әдебиеттері пайдалануға;
оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің үйлестіру комитетінің кеңесіне сайлануға;
ғылыми мектеп, оқу-әдістемелікжиын, шығармашылық экспедиция, ғылым- практикалық конференциялар, ғылым жарыстарына қатысуға;
оқушылардың ғылыми қоғамындағы белсенді жұмысы және шығармашылық табыстары үшін мақтау қағазы, құрмет белгісімен, диплом, стипендиялармен марапатталу үшін ұсынылуға құқықты.
Оқушылардың ғылыми қоғамының әрбір мүшесі:
ғылыми жетекші басшылығымен таңдап алған тақырып бойынша ғылыми-іздену жұмыстарын жүргізуге;
сапалы білімге және ғылыми ізденіс дағдыларына ие болу үшін талаптануға, өзінің ғылыми деңгейін көтеруге;
оқушылардың ғылыми қоғамының мәжілістеріне жүйелі түрде қатысуға;
мәжілістерде баяндамалар мен хабарламалар жасап тұруға;
оқушылардың ғылыми қоғамы басшылық ұйымдарының тапсырмаларын жауапты орындауға;
қоғам жұмыс істейтін ғылыми мекеменің лаборотория, кабинет, құрал жабдықтарына ұқыпты қарауға;
бір немесе бірнеше шығармашылық топтарда белсенді жұмыс істеуге, ғылыми сессия, конференция, экспедиция, жорықтарға қатысуға, таңдап алған ғылыми саласы бойынша білімін өздігінен тереңдетуге, оқушылар мен халық арасында білімді насихаттауға қатысуға;
өз жұмысы жөнінде есеп беруге міндетті;
5. Оқушылардың ғылыми қоғамының есебі.
Оқушылардың ғылыми қоғамының әрбір мүшесі оқу жылының соңында өз секциясының жалпы жиналысында жұмысының нәтижесі жөнінде есепті баяндама жасайды.
Секцияның үздік жұмыстары ғылыми жарыстарында зерттеуші-экспериминталдық сипаттағы жұмыстар мен бақылау және тұжырым талдаулары бар ізденуші-тәжірибелік жұмыстар, барлық жүйелерді жетілдірудің жобалары, жаңашылдық, өнертапқыштық ұсыныстар жариялана алады. Жұмыстар авторлық бірлестікте де жазылады. Жарысқа ұсынылған ғылыми-зерттеу жобалары жетекшінің пікірі және ғылыми-зерттеу күнделігімен тапсырылуы керек.
Секция жетекшілері жылына істелген жұмыстары жөнінде сессияда кемінде бір реттен есеп береді. Оқушылардың ғылыми қоғамы жетекшілері жылдың аяғында жазбаша түрде облыстық білім беру бөлімдеріне және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығына есеп береді.
Үйлестіру комитеті өз жұмысы жөнінде оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің сессиясында жылына бір рет есеп береді.
