- •I.4. Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Тәжірибелік жұмыс
- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •Тәжірибелік жұмыс
- •1. Ауру себебінің екі негізгі сипатын таңдаңыз
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Аурудың созылмалы өтуі
- •Аллергия
- •17. Әйелдер, еркектерге қарағанда, төзімдірек келеді (4)
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Жасуша мембраналарының фосфолипидтері құрылымының бұзылуы
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Бауырлық
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік сабақ
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Көміртегі тотығымен уландыру
- •Тауға шыққанда
- •Гиперкапния
- •Гиперкапния
- •Карбоксигемоглобиннің түзілуі
- •Нитроқосындылар (нитриттер, нитраттар)
- •Қанағымы жылдамдығының баяулауы
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік сабақ
- •Коллапстың дамуымен
- •Машықтық жұмыс
Тәжірибелік жұмыс
№ 1 тапсырманы орындау немесе «Биіктік ауруын үлгілеу» бейнефильмін көру.
№1 тапсырма. Биіктік ауруының үлгісін алу және негізгі көріністерін зерттеу.
Әдісі. Ақ тышқанды Комовский аппаратының астына отырғызады. Жануардың бастапқы жағдайын: тәртібі, тыныс алу сипаты, терісінің түсін байқап белгілеп алады. Комовский аппаратының насосы арқылы ауаны барометрлік қысымның көрсеткішін манометр арқылы байқай отырып, біртіндеп сорады. Барометрлік қысымның 0,2 атм., 0,4 атм., 0,6 атм., 0,8 атм-ға төмендегенде тышқандағы өзгерістердің сипаты мен бірізділігін белгілейді. Тышқанның өліп қалмауын қадағалап отыру керек, сол себепті құрысу-тырыспа басталғанда тез арада қалпақтың астына ауа жіберіледі. Алынған нәтижелер хаттамаға толтырылады, қорытынды жасалады.
Тәжірибе хаттамасы.
Барометрлік қысымның деңгейі |
Негізгі көріністері |
Бастапқы жағдайы |
|
0,8 атм. |
|
0,6 атм. |
|
0,4 атм. |
|
0,2 атм. |
|
№ 2 тапсырма. Пол Бер тәжірибесін сараптау
Тәжірибеге екі топ тышқан алынады. Біріншісі ауа толтырылған барокамераға отырғызылып, барометрлік қысым біртіндеп 210 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл кезде жануарда биіктік ауруының белгілері көрініп, тырысу дамиды.
Екінші топ тышқандарын оттегіге толтырылған барокамераға отырғызылады. Бұл камерада барометрлік қысым 200 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл тышқандарда биіктік ауруының белгілері байқалмайды.
№ 3 тапсырма. Биіктік ауруының құрылымдық кестесін зерттеу
№ 1. БИІКТІК АУРУЫ
Себептері
Патогенездің негізгі тізбегі
ОЖЖ
Жүрек- қан тамыр жүйесі система
Тыныс алу жүйесі
Қан жүйесі
|
дем алатын ауада рО2 төмендеуі гипоксемия зат алмасудың бұзылуы гликолиздің белсенділенуі зат алмасудың шала тотыққан өнімдерінің жиналуы негізгі көріністері Тоқмейілсу, психикалық үрдістердің баяулауы, нәзік қимылдық нақтыланудың бұзылуы, қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы, селкілдек.
Тахикардия, жүректің соғулық көлемінің, жүректің минөттік көлемінің ұлғаюы, қанайналымының орталықтануы.
Брадипноэ немесе үзілісті тынысқа ауысатын гиперпноэ
Эритроцитоз |
Газдар және сұй-ықтардың физии-калық қасиеттер-інің өзгеруі
Декомпрессиялық синдром, іш кебуі, құлақ және маңдай қуыстары ішіндегі шаншу, майда қантамырларыныңжыртылуы, тері астында ауа жиналуы, газдық эмболия |
№ 2.
БИІКТІК АУРУЫНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІНДЕГІ КЕРІ АЙНАЛЫП СОҒУ ШЕҢБЕРІ
Дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымының (рО2) төмендеуі
г
ипоксемия
Тыныс алу орталығының қозуы
гиперпноэ
Гипокапния, тыныстық алкалоз
Тыныс алу орталығының әлсіреуі
б
радипноэ
№ 4 тапсырма. Ситуациялық есептер щығару
№1. Егеуқұйрықты барокамераға үш минут бойы отырғызып, барометрлік қысым 180 мм. с.б. деңгейіне дейін ауа сорылды. Төмен барометрлік жағдайда болғаннан кейін жануарда 4 минуттан соң тырыспа-селкілдек пайда болды. 5 минуттан соң ақтық тыныс (сирек дем алу) пайда болып, бір бүйіріне қисайып жатты. Кейін тыныс алуы мүлдем тоқтайды. Төменгі барометрлік жағдайда (барометрлік қысым 180 мм. с.б.) өмір сүру ұзақтығы 6минутты құрады.
Аталған тәжірибеде жануар қандай жайттың әсеріне ұшырады?
Көрсетілген жайттардың қайсысы дамыған дерттік үрдістің (гипобариялық гипоксияның) себебі болуы мүмкін?
Айтылған болжамдарды тәжірибе жүзінде қалай көрсетуге болады?
Аталған гипоксияда жануарда ҚСҮ мен қанның газдық құрамы қалай өзгереді?
№2. 10 000 метр биіктікте жолаушылар авиалайнерінің тығыз жабылмағандығы анықталды. Бірнеше секөнттің ішінде ұшақтағы барометрлік қысым сол биіктіктегі атмосфералық қысымның көрсеткішімен бірдей (170 мм.с.б.) болды. Экипаж төмен түсе алмай, ұшақ сол биіктікте бірнеше минөт бойы ұшты.
Осы апатқа сәйкес жолаушылар организмінде дамыған қандай дерттік үрдістер олардың денсаулығына қауіп төндіріп, өлімге әкелуі мүмкін?
Бұл дерттік үрдістердің туындау себептері мен даму жолдары қандай?
Аталған дерттік үрдістердің қайсысы жолаушылар организміне қауіпті және не себепті?
№3. Екі жағдайды салыстырып сараптау
А жағдайы
Алпинистер тобының Эвереске шығар жолында теңіз деңгейінен 6500 м биіктікте бір альпинист есінен танды. Оттегі маскасымен дем алдырған соң жағдайы жақсарып, ол есін жиды. Бірақ бұлшық еттееріндегі құрысулар мен ауыру сезімінің әсерінен оның шыңға шығуға мұршасы келмеді және оны теңіз деңгейінен 3000 м биіктіктегі лагерге апарды, ол жерде оның жалпы жағдайы қалпына келді.
Б жағдайы
10 000 метр биіктікте жолаушылар авиалайнерінің тығыз жабылмағандығы анықталды. Осы биіктікте ұшуды жалғастыру үшін ұшқыш оттегі маскасымен дем алды, бірақ оның жалпы жағдайы жақсармады, сол себепті ол жедел жерге қонды.
Сұрақтар
Бұл екі жағдайдағы дерттік үрдістің себебі қандай?
Не себепті оттегі маскасымен демалдырғанда біреуінің жағдайы жақсарса, екіншісіне тиімсіз болды?
№4. 1946ж. Зерттеушілер Хаустон мен Рилей (АҚШ) барокамерада «Эверест операциясы» тәжірибесі жүргізді. Тәжірибеге жастары 19-27 жас аралығындағы төрт ер адам қатынасты. Тәжірибенің жалпы ұзақтығы – 35 тәулік, оның 32 күнін зерттелушілер барометрлік қысымды таудағы биіктікті сипаттайтын, біртіндеп, алдымен 600 м-ден 2400-ге дейін, сосын 300 м-ден 6000м-ге дейін, соңында 150 м-ден төмендетілген барокамерада өткізді. 27 - тәулікте зерттелушілер 6850 м биіктікке жетіп, сол биіктікте бірнеше күн бойы қалды, содан соң шыңды «бағындыру» жасалынды, яғни барокамерадағы қысым 235 мм с.б. дейін төмендетілді – бұл Эверест шыңының шамасына сәйкес келеді.
Алты сағаттық «бағындыру» кезінде екі зерттелушіге оттегі беруге тура келді, ал қалған екеуі өздігінен «шыңға шығып» және сол жерде жарты сағат болды.
Тәжірибе жағдайларының қайсысы зерттелушілерде гипоксияға төзімділікті қамтамасыз етті?.
Берілген эксперименттік зерттеу жағдайында организмнің гипоксияға төзімділігі жоғарылауының тетіктері қандай?
Аталған тәжірибеде зерттелушілерде гипоксияға бейімделу дәрежесі (дені сау адамдарда) әртүрлі?
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 22-31, 75-80
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30 -38.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14.
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б.24-57
Қосымша
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 33-37.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 37-45.
Давыдовский И.В. Проблемы причинности в медицине (этиология). М.: Медгиз. - 1962. -176 с.
Царегородцев Г.И., Ерохин В.Г. Диалектический материализм и теоретические основы медицины. М.: Медицина, 1986, С.226 - 233.
Нурмухамбетов А.Н. Спорные вопросы этиологии (лекция) // Вестник КазГМУ, 1999. - № 5,.с.114 - 117.
СЫНАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ

Барометрлік
қысымның төмендеуі,