Улануға қарсы емдеу тәсілдері.
Сіреспе ауруында қандай да бір шоғырланған ошақта жүйкені күшті зақымдаушы (нейротропное) умен ағзаның улануы жүреді. Көбінесе бұл жаралардағы бөгде дененің (оқ сынығы, бытыра, т.б.) айналасындағы іріңдіктерде, ойық, жауыр жараларда және т.б. кездеседі. Сіреспе таяқшасынан дамыған шектелген іріңдікті өз уақытында жармай қалдырудан және ол туралы ұмытып кетуден іріңдікте көп мөлшерде улы заттар (тетанотоксин, тетано-спазмин, тетанолизин) бөлініп, науқасты тосыннан өлімге әкеп соқтырады. Сондықтан, сіреспені емдеген кезде инфекцияның көзін ерте жою қажет. Науқас емханаға түскен кезде инфекцияның кіру жолдарын анықтау үшін терісін ұқыпты қарау керек. Шектелген іріңдікті кеңінен, ұзындап тіліп жарады, бөгде затты алып тастап, ірің қабығынан және өліеттенген тіндерден, шірінділерден сылып, арылтып, жараны қайталап жуып, содан кейін сутегінің қостотығы ертіндісімен бірнеше рет қайталап жуады, жараға қойылтылған (гипертонические) антисептикалық ертіндіге (10% натрий хлорид, диоксидин, хлоргексидин немесе бор қышқылы, сутегінің қостотығы) малынған байламды салады. Байламды күнара ауыстырып, жараның ауызын тікпейді. Алғашқы хирургиялық жараны өңдеу кезінде салынған тігістерді сөгіп, жараны сутегінің қос тотығымен жуып, жараны лазер, кварц сәулесімен залалсыздандырып, іріңді ошақтарды сылып, жараға бостау қылып антисептикпен ылғалданған сүлгі салып, бекіту керек.
Сіреспе кезінде алғашқы ошақтағы ағзаның ерекше улануымен күресу тек хирургиялық еммен ғана емес, қан айналысындағы бос ұлы заттардың (токсины) бейтарапты усыздануы да зор рөл атқарады. Қазіргі кезде сіреспеге қарсы анатоксиндердің милы ұлпа бойына сіңірілген ұлы затқа (токсин) әсер етпейтіні дәлелденген. Сондықтан, сіреспеге қарсы сарсуды (СҚС –ПСС) денеге еңгізуден аурудың дамуына ыңғайлы жағдайларда ешбір өзгеріс болмайды. Дәрігер науқаспен кездескенде мына сұраққа көңіл аударғаны жөн: улы заттардың (токсин) қауіпті мөлшері анықталды ма, немесе олардың мөлшерінің анықталмауы мүмкін бе? Сонымен қатар, инфекциялы ошақта қоздырғыштың өсуінің жойылуы мен улы заттар түзілуінің әрі қарай тежелуі тоқтады, - деп сенімді қарауға болмайды. Сондықтан, неғұрлым ерте сіреспеге қарсы сары су енгізу қажет.
Қан айналымындағы бос улы заттардың бейтарапты усыздануы үшін анатокисин мөлшерін бір рет еңгізгенде сіреспеге қарсы сары судың мөлшері ең аз дегенде 200000 МЕ – халықаралық бірлік бойынша мөлшеріне тең екені дәлелденген. Бұл мөлшер сіреспенің ауыр кезеңінің барлық емдеу барысында жеткілікті, бірақ оны емнің алғашқы 1-2 күнінде тек тамырға және бұлшық етке егу керек. Кейінгі жылдары гематологиялық анатоксиннің нәтижелілігі мен емдеуге ыңғайлы екені айтылады, яғни қан сары суы немесе (гамма) – глобулиндер сіреспе анатоксиндерімен иммунизацияланған донорлардан алынады.
Сіреспемен ауырған науқастарда кейінірек ағзаның сіреспе инфекциясына сезімталдылығы артып, оған қарсы иммунитеттің жойылуына байланысты аурудың қайталануы мүмкін. Емдеу кезінде ауру қайталанбау үшін алдын–ала сырқаттың жедел кезеңінде үш рет сіреспе анатоксинін (1,0) және адам сауыққаннан соң 3-5 айдан кейін оны қайтадан егу қажет.
