Сіреспеге қарсы иммунитетті жетілдіру жоспарлы түрде жүргізіледі.
Балаларды иммунизациялау үшін дифтериялық – сіреспелік (ДС) қоспа сары суларын және коклюшты – дифтериялық - сіреспелік (КДС) анатоксинді қолданады. Оларды арнаулы жүйе бойынша егу сіреспеден мықтылықты қорғаныш болып табылады.
Лекцияның маңызы студенттерге түсінікті болу үшін келтірілген ауру тарихы № 1773.
Разумова Анна Кузминична, 57 жаста, облыстық ауруханаға 5.05.72 ж. сағат 1930 мин. Анықтамасы: «Сіреспе, орташа ауырлығы. Оң жақ мықын аймағының жарасы», - бойынша түсті.
Шағымы: жара аймағының ауырсынуы, тамақ ішкенде шашалуы, лоқсуы, жұтынуының қиындауы, шайнау бұлшық етінің үйкелісі, мойын бұлшық етінің қатайыңқырап, жиырылып ауырсынуы, дене қозғалыс – қимылы тежеліп, ауырлауы байқалады. 28.04.72 ж. шошқа тістеп алғаннан кейін бөлімшедегі ауруханаға қаралған, онда сіреспеге қарсы анатоксин мен алдын алу шарасы жасалған. Жараны жуып тазартқан, ауруханада 04.05.72 ж. – жатып емделген. Өсіп-өну кезеңі –6 күн, алғашқы кезеңі – І тәулік.
04.05. 72 ж. жағдайы нашарлап, жамбас – сан аймағында, жарада, оның маңайында ауыру сезімі күшейіп, оң жақ сан бұлшық етінің жиырылып тартылуына байланысты аудандық ауруханаға жеткізілген. Аурудың ауруханаға түскендегі жағдайы қалыпты қанағаттанарлық жағдайда. Есі дұрыс. Тамыр соғысы минутына 80. Жергілікті сипаты оң жақ санның артқы бетінде және төмеңгі етегінде орналасқан жара 6 х 3 см мөлшерде байқалады, шеттері ісініп, көтерілген, бозғұлт, маңайы тегіс ісінген. Жараның терең қабатында жиналған іріңді сұйықтар мен жағымсыз иістің шығуы, өліеттенген бөліктері мен өте ластанған жара қабаттары көрінеді.
Жергілікті новокаиннің антибиотиктермен қосылған 0,5% ертіндісімен жансыздандыру арқылы жараны кеңейтіп катпар – қалтасын ашып және өліеттенген тіндер кесіліп, жарадағы бөгде заттар алып тасталды (қылшықтар, киім жыртысы, топырақ, шөптер). Жара 5% сутегінің қос тотығымен жуылып, сорылып, тазартылып, диоксидин, протеолиттік ферменттер ертінділерімен шайылып, кварц, сәулесімен залалсыздандырылды да, жараға қойылтылған (гипертонический) ертінділермен, 3% сутегінің қос тотығымен, т.б. сүлгі, өткізгіш түтікшелер қойылды.
Науқасты емдеу:
Антибиотиктер, жүрек – тамырға әсер етушілер, есірткілер, аминазин 2,5% 1 мл тамыр арқылы, 30 мл хлоралгидрат тік ішек бойымен клизма түрінде, сіреспеге қарсы сары су 30000 халықаралық бірлік мөлшері бойынша тамырдан физикалық ертіндімен тамшылау арқылы еңгізілді.
Дәрігерлер науқасты сіреспе диагнозымен облыстық аурухананың реанимациялық бөліміне арнайы жедел жәрдем көлігімен ауыстырып орналастырған.
Облыстық ауруханаға түскенде жағдайы өте ауыр, жұтынудың қиындауы, шайнау бұлшық етінің үйкелеуі, дененің қалшылдауы, мойын бұлшық еттері құрысып, тартылып, ауырсынуы қалыптасқан. Сан аймағындағы жараны қараған кезде ұсақ жиырылып, бұлшық еттің тартылуы, дірілдеп, (тонические) қалшылдауға айналуы байқалған.
Емдеу кезінде: жүйке жүйесін жайғастырғыш (нейроплегические) қоспамен күкірт қышқылды магнезия, хлоралгидрат, сіреспеге қарсы сары су 75000 халықаралық бірлік мөлшерінде, антибиотиктер, витаминдер, т.б. жүйелі түрде жүргізілді. Осыған қарамастан науқастың жағдайы нашарлаумен жалғаса берді. 06.05. дене қалшылдауы әрбір 1-2 мин. сайын 3-5 сек. ұзақтығында қайталана берді. Жүйке жүйесін жайғастырғыш қоспадан басқа гексенал тағайындалды, бірақ, ұйықтағанда қалшылдау әрбір 15 минут сайын қайталанатын болды.
Өкпеде біртекті сырылдар пайда болды, тыныс алу жиілеп, 1 минутта 40 ретке дейін жетті. Тамыр соғысы минутына 116. 7.05 науқас жағдайы өте ауыр болды. Тыныс алуы тежеліп, қиындады. Кеуденің сырылдауы жақыннан естілетін болды. Тамыр соғысы минутына 140, дене қызуы 39,1, АҚ 160/90 сынап бағынасы бойынша.
8.05. тыныс алудың жеткіліксіздігі айқындалған, кешкі сағат 2200 АҚ 150/70 дейін, тамыр соғысы минутына 136. Тыныс алу минутына 40. Өкпе мен жүрек қызметінің жетіспеушілігінен 2240 сағ. науқас қайтыс болды.
Өлікті ашып (вскрытие трупа), зерттеп тексергенде - өкпенің ісінуі, кеңірдек тармақтарында қою сөлді сұйық мөлшерінің көптігі байқалды. Сан – жамбас, төс – бұғана – емізше бұлшық еттерінде қанталау анықталған.
Иллюстрациялы материалдар:
Слайдтар:
Слайд 1. Жіктелуі.
Слайд 2. Жергілікті және жалпы өзгерістердің қалыптасуы
Слайд 3. Сіреспенің көлемін анықтау
Слайд 4. Сіреспенің дәрежесі
Слайд 5. Сіреспенің фазасы
Слайдтар – суреттер:
Слайд – суреттер: Сіреспенің көлемін анықтау
Слайд – суреттер: Аутодермопластика
Кестелер:
Кесте: Дерматом аппараты
Кесте: Сіреспенің дәрежелері
Кесте: Сіреспенің асқынулары
Әдебиеттер:
Гостищев В.К. Общая хирургия. -М.: Медицина, 2001. -663с.
Малярчук В.И., Пауткин Ю.Ф. Курс лекции по общей хирургии. -М.: Изд. Российского университета дружбы народов, 1999. -314с.
Петров С.В. Общая хирургия. -Санкт-Петербург; «Лань», 1999. -666с.
Раны и раневая инфекция / Под ред. М.И. Кузина, Б.М. Костюченок. - М.: Медицина, 1990.-592с.
.Петров С.В. Общая хирургия. -Санкт-Петербург; «Лань», 1999. -666с.
Гостищев, В. К. Общая хирургия. М.: ГЭОТАР-МЕД,2003.-220с.
Гостищев В.К. Общая хирургия:Учебник.- Изд. 3-е,перераб. и доп.-М.:ГЭОТАР-МЕД,2004.-608 с.
Петров С.В. Общая хирургия:Учебник для вузов с компакт- диском.-3-е изд.,перераб.и доп.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2005.-768 с.
Нартайлаков М.А. Общая хирургия.- Ростов-на- Дону:Феникс,2006.-256 с.
Изимбергенов Н.И. Лечение гнойных ран. - Актобе, 2001.-137с.
Чернов В.Н. Общая хирургия.-Ростов-на-Дону:МарТ,2004.-256 с.
Абаев Ю.К. Справочник хирурга. Раны и раневая инфекция.-Ростов-на-Дону.: Феникс, 2006.-428 с.
