- •2.Үй тапсырмасын тексеру:
- •1.Сабақтың басталуы:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып,оларды білім игеруге дайындау.
- •3.Дауыс жаттығуы:Дауыс жаттығуы оқушылардың дауыс бояуын ашып алу үшін жасалады.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы: Қысқа қағыспа айтыс
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •4.Кезекті ұйқас
- •5. Шалыс ұйқас
- •7. Аралас келетін ұйқас
- •8.Осы күнгі ерікті ұйқастар
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •5 Сыныбы. Музыка. 04.10.2013ж. 05.10.2013ж.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •Қобыз - бағзыдан келе жатқан таңғажайып аспап
- •Керней – қазақ халқының көне үрмелі музыкалық аспабы
- •20 Ғасырдың басындағы балет өнері
- •Музыка 5 сынып 28.03. Сабақтың тақырыбы: Романтикалық музыка
- •Біздің жаңа жыл келді
- •Туындылары
7.Үйге тапсырма беру:
Үйден тақырыпты оқу. Н.Тіендиев.«Өз елім»
5 сыныбы. Музыка. 11.10.2013 ж. 12.10.2013ж.
Сабақтың
тақырыбы:
Ақтамберді жыраудың батырларға рух
беруі
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Сөзді дұрыс қолдану, Асан қайғы туралы
білу,
жыраулардың хан-сұлтандарға айтқан
кеңесі өсиет ету.
Тәрбиелік:
Шешен адамдардың өмірін үлгі тұту,шешендік
сөздерін түсініп оқып, өміріне сабақ
қылу.Адамгершілік, шыншылдық, туған
елді, жерді сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық:
дербес шығармашылық жұмыстар, өзіндік
ізденіс, оқу, танып білу, жазған жұмыстарын
айта білуге үйрену, сөз саптау, ой
еркіндігі, оқушы шеберлігін шыңдауға
баулу.
Пәнаралық
байланыс:
Қазақстан тарихы, әдебиет.
Сабақ
көрнекілігі
:
Кітабы, ұлттық киімдер, қамшы, нақыл сөз
жазылған плакат,
І.
Ұйымдастыру.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
мазары
Шығыс Қазақстан облысы, Жүрек Жота деген
төбенің басында тұр
Ақтамберді жырау — суырып салма сөз өнерінің жетік өкілі. Шығармалары табанасты шығарылып, ауызекі таралып, ел есінде сақталу арқылы жеткендердің бірі. Халық оны жоңғарларға қарсы жорықтар кезінде қол бастап, ерлік көрсеткен батыр, өзінің өжет те, өткір сөздерімен қалың қауымға әсері күшті болған жалынды жырау деп санайды.Ақтамберді — тарихи тұлға. Оның есімі қазақ халқының тарихында аталады, ел аңыздарына сай бағаланады. «Қазақ ССР тарихы» берген бағаға көңіл аударатын болсақ, ол — жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқан батыр, ерлік қимылды аңсаған қаһармандық күрестің жалынды жыршысы, замана қауымына танымал жырау, аты әйгілі ақын. Ел жауына қарсы аттанған батырлар қатарында оны ХVІІІ ғ. жырауы Үмбетей атаған. ХІХ ғ. белгілі ақыны Дулат Бабатайұлы өзінің «Ер Еспембет» дастанында жырлаған. «Күмбір-күмбір кісінетіп» деп басталатын шығармасы — ақынның алдына қойған арманын танытатын патриоттық туынды. Одан тұлпар мініп ту ұстап, ел шетіне қорған боп ерлік атын шығаруды аңсаған батыр адам үні естіліп тұрады. Ақтамберді есімін ақын Сара да еске алады. Ол Біржанмен айтысында өз елінің атақты ақыны, аруақты батыры деп мақтан етеді. Өзі атадан жалғыз боп, 15-16 жасқа дейін жоқ-жітік көріп, шерлене сөз толғап, болашағын ойлап аласұра өседі. («Жағалбай деген ел болар», «Жел, жел есер, жел есер», «Жағама қолдың тигенін», «Жауға шаптым ту байлап» т.б.). Ақтамберді сөздері — ақыл-нақыл ретінде келетін дидактикалық толғаулар. («Балаларыма өсиет»). Жырау толғаулары берер ақылдың шегі жоқ, бәрінде де адамгершіл пікірлер ұсынылып, жат мінездер сыналады. Адамның артықшылығы жомарт, жайдары мінезінде, ақылы мен білімінде деп атап көрсетеді. Асыл ару, ақылды жас, жайдары да білімді, пейілді, өзіне-өзі сын көзімен қарай білетін, дандайсымай кішіпейіл жүретін ұяты мен ары таза әділ азаматты ардақтайды. Ақыл нақылдарының ішінде талай адамгершіл нақылдар, өмірдің өзінен ойып алған бейнелі өсиеттер, ұзақ өмір тәжірбиесін қорытқан тұспалдар көп
Жырау өз арманына жетеді: сақал-шашын ақ қырау басып, қартайған шағында ол талай жеңістердің куәсі болады, туған жердің бір бөлігі иесін қайта тапқан күнді де көзімен көреді. Жау қолынан азат етілген шығыс облыстарға қазақ рулары қайтара қоныс аударған кезде атамекенді жатырқап қалған жұртты орнықтыру жолында қарт батырдың белсенді қызмет атқарғандығы аңғарылады. Ақтамберді 90 жас жасап, 1788 жылы шамасында дүние салған, өз заманының талабына сай жыр толғап өткен әрі батыр, әрі жырау. Оның шығармалары елі, халқы үшін еңіреп өткен ер тұлғасын, жақсылыққа бастап, адамгершіл ой түйген терең ойлы ақыл иесі абзал азаматты танытады. Өзінің өрелі ойларын жыр кестесіне тізе білген жүйрік тілді шешен ақынды көрсетеді. Ақтамбердінің мазары Семей облысы, Абай ауданында.
Музыкалық жүйе. Лад Кез келген әуенге негізгі дыбыс болады. Осы дысыстың басқа дыбыстармен арақатынасы музыкалық жүйе деп аталады. Негізі дыбыс әр тактідегі әлді үлеспен басталып, музыкалық ойдың мағынасын білдіріп тұрса, ол негізгі тон деп аталады. Негізгі тон әуеннің басы мен аяғында анық байқалады, ал негізгі тонға құрылған дыбыс қатарын лад деп атайды Тыңдалатын ән мен күй: «Еркем - ай» әні. «Ата толғау»күйі Н.Тілендиев Үйретілетін ән: «Бесік жыры» әні:А.Жайымов. сөзі: Қ. Сыдықов. 1.Тербетейін ән жыр мен, қ – сы Ертегі ме керегің? 2.Құшағыма алайын, Айналайын бөпешім. Оны да айтып берейін. Әлди әнге салайын, Әлди – әлди әлдимен Әлди – ай,әлди – айәлди – ай, Тыңдап қана жат, көкем, Ұйықтап кетерме екенсің Ұйықтай ғой, қалғымай. Қалауыңды айт, жаным. Балбөбегім әппағым 5.Сабақты қорытындылау:Білім игеру мен іс-әрекет тәсілдерінің табыстылығын талдау жасау. 6.Оқушыларды бағалау:Оқушылардан сұралған үй тапсырмасына және қосымша қойылған сұрақтарға жауап беру деңгейіне орай бағалаймын. 7.Үйге тапсырма беру: Үйден тақырыпты оқу. ән:«Бесік жыры», жаттау.
Ақтамберді жырау Күлдір де күлдер кісінетіп Жамылсақ тоңар ма екеміз Төменде бидің кеңесін Жазыққа біткен бүлдірген- Күренді мінер ме екеміз Біз де бір құрар ма екеміз ?! Сұғынсақ тояр ма екеміз! Күдеріден бау тағып Құлаты тауға қол салып Тобылғы сапты қамшы алып Ақ кіреуке киер ме екеміз Садақтың оқын мол салып Тұмар мойын ат мініп Жағасы алтын, жеңі жез Бетпақтың ен бір шөлінен Қоныс та қарар ма екеміз! Шығыршығы торғай көз Төтелеп жүріп жол салып Ел жазылып жайлауда Сауыт киер ме екеміз! Қолды бір бастар ма екеміз?! Жақсылар кеңес құрғанда Ор қояндай жүгінтіп Майданда дабыл қақтырып Мұртымыз өрге шаншылып Аш күзендей бүгілтіп Ерлердің жолын аштырып Бұрын да сөйлер ме екеміз! Жолбарыстай шұбарды Атасы басқа қалмақты Күлдір де күлдер кісінетіп Таңдап мінер ме екеміз! Жұртынан шауып бостырып Күренді мінер ме екеміз Сол шұбарды міңген соң Түйедегі наршасын Күдеріден бау тағып Қоңыраулы найза қолға алып Әлпештеген ханшасын Қамқапты киер ме екеміз?! Қоныр салқын төске алып Ат артына мінгізіп Өзенге бие байлатып Қол төңкерер ме екеміз Тегін бір олжа қылар ма екеміз?! Төскейге орда орнатып Жалаулы найза жанға алып Төрткілдеп ошақ қаздырып Жау қашырар ма екеміз! Кеуде бір жерді жол қылсам Төбел бие сойғызып Тобыршықты әндіген Шөлең бір жерді көл қылсам Толтыра тартар ма екеміз Құрап жанды көп жиып Тобылғы түбі құралай Өз алдына ел қылсам! Бытыратып атар ма екеміз! Асқар бір тауды жайласам Жарлауға біткен жапырақ Желілеп бие байласам
К
үнде
жиын, күнде той Қос- қосымен
шаттанып Алғайдың құба жонына
Қыз-
бозбала ойнатсам Қиуадан ақыл
алатың Жайылған қойым сыймаса
Тентегін
түзеп байқа деп Қияннан айла табатын
Жүз бүркеншек, жүз қоспен
Ішінен
биды сайлатсам Ерлерден салсам
нөкерді Қатар жүрсе жинаса!
Құлым
бір ұлдац киінсе Дұшпаннан кекті
алатын! Көк алалы көп жылқы
Көркемін
көрген сүйінсе Жоны бір жалпақ
бұқадай Көлге бір түссе көз
жетпей
Атымтай
жомарт секілді Балуаннан нөкер
барлатып Санап санын алуға
Атағым
жұртқа білінсе! Күреске салар ма
екеміз!? Есебіне жан жетпей...
Өзім
бір бөлек жайласам Артықша көзге
көрініп Беглерім мінсе
шұбарын
Жігіттен
нөкер сайласам Балуаным жықса
таңлатып Жұлындай қылып жаратып
Ойпаң
жерге он отау Алмасын арнап
суарып Елден елді аралап
Қыраң
жерге қырық тігіп Ақ сауыт соқса
зергерім Тектіден текті
саралап
Қонағымды
жайғасам! Таудағы сала бұғыны
Беглердің қызың айттырсам
Пышақтан
малым кетпесе Аңдып бір атса мергенім!
Нұсқасын байқап шамалап
Қазаным
оттан түспесе Көкорай көктем
болғанда Сыңға толса сияғы
Ауылдан
топыр үзілмей Дауысы бар азандай
Әлбеті шамның шырағы
Ошақтың
оты өшпесе Желіні бар қазандай
Мұхиттан сүзіп шығарған
Май
жемесе қонағым Жаралы қудай
ыңырантып Қымбатты гауһар бағасы
Қан
жемесе барағым Жарылған мұздай
күңірентіп Жүз нарға кілем жаптырып
Он
кісіге жараса Қайрауықтың
ащы күйіндей Қазақтан сәнін арттырып
Бір
кісіге арнап тартқан табағым! Қайырып
боздап күйлентіп Ұзатып алсам
сәнменен
Халыққа
атым білініп Боталаған боз інген
Көңлімді хош таптырып
Шүлеңгір
мырза атанар ма екеміз!? Азан-қазан, у
да шу Бала берсе тезінен
Төскейде
кеңес топтанып О да бір алса
мазамды-ай! Пірлердің бітсе
демінен
Жақсылар
үйде баптанып
Шілтенің тиіп шылауы
Нөкерлер
жүрсе сап түзеп
Осындай
берген дәулетті
Көтеріп
тұра алар ма екеміз
5 сыныбы. Музыка 18.10.2013ж. 19.10.2013ж.
Сабақ тақырыбы: Бұқар жыраудың халыққа айтқан сөзі.
Қалқаманұлы,
Бұқар жырау
Дүниеге
келгені:
1668
Мансабы: жырау Қайтыс болғаны: 1781
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Жырау толғауларын түрлі тақырыбы бойынша топтап, талдау барысында оқушыларға толғауларның өзекті тақырыбы мен идеясын аңғарту, түсіндіру. ә) Тәрбиелік: Жырау толғауларындағы ақыл – нақылдарды негіз ете отырып оқушыларды адамгершілікке, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. Елін сүюге, қорғауға шақырыу. б) Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал сөз байлығын арттыру; есте сақтау қабілетін дамыту. Сабақтың әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап, карточкамен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: Бұқар жыраудың сөзі жазылған плакат, Абылайдың портреті, Үш бидің суреті бар буклет және жыраудың арғы аталары мен ұрпақтары туралы схема. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Пәнаралық байланыс: тарих. Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру: Сыныпты сабаққа әзірлеу; Сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың назарын сабаққа аудару; ол үшін:
Ел бастау қиын емес, Қонақты жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады. Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ. – деген кім айтып еді?
– Бұқар жырау Қалқаманұлы. – Дұрыс айтасындар? Онда үйге қандай тапсырма беріледі?
Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген тапсырма: Ақтамберді жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы және өлеңдерін жатқа оқу. Ақтамберді жайындағы ел аузындағы аңыздарды тауып, дайындалып келу. Сұрақ – жауап әдісі бойынша өмірі мен шығармашылығы туралы сұрау Аңыздарды дайындалып келгендер болса сұрау. Бір – екі оқушылардан жатқа сұрау. Білімді тексеру: Ол үшін: үй тапсырмасы сұралып жатқанда, жалпы жыраулар поэзиясынан білімдерін анықтау. Жыраулар поэзиясынан қандай ой аңғарылады?. Ерекшелігі қандай? Жыраулар толғауларынан бәрінің де халқының қамын ойлағаның, бейбіт, тыныш заманды аңсағанын, елді бірлікке шақырғанын аңғарамыз. Сөздері ақыл – нақылға толы болып келеді. Мақсат қою: Ал балалар, біз қазір жырдың өмірі мен шығармашылығы туралы айттық. Өлеңдерін жатқа оқып жатырмыз. Енді жырау толғауларының негізгі тақырыбы, идеясы не екеніне назар аударайық. Жырау толғауларына, мағынасына саяхат жасаймыз. Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазып қояйық. Бұқар жыраудың халыққа айтқан сөзі. Жаңа білімді түсіндіру, меңгерту.
|
«Ағайынның арызы, елдің сәнін кетірер» Абысынның арызы, ауыл сәнін кетірер,
Бірі етек, бірі жең болған, Ежелден саған ел болған, Орта жүзден кісің жоқ Найзасының ұшы алтын. Кіші жүзден кісің жоқ, - деп оны басқа шығармаларында одан әрі тереңдетеді.
«Айнала алмай ат өлсін Айыра алмай жат өлсін, Жат бойынан түнілсін, Бәріңіз де бір енеден туғандай болыңыз», - деп өсиет айтады. Ел бірлігін сақтап қалу үшін не керек екенің анық айтып береді. Ел бірлігі болса, алынбайтың қамал жоқ екеніне көз жеткізеді. «Тірек», «Кедей, қайда барасың?» деген өлеңдерінде айтылатын ой да ел бірлігін сақтаудан туған. Абылай есімімен байланысты өлендерінен де ел бірлігін көздеген ойымен қатар, ханға айтқан ақылын, ханның ел басқарудағы жақсы істері мен кемшіліктерін жырлағаның көреміз. Қырық беске келгенде, Жақсы мен жаман демедің. Елу жасқа келгенде, Үш жүздің баласының Атының басын бір кезеңге тіредің. Абылайды Абылай еткен, оған бақ – абырай әперген, бір жағынан, «елдігі болса», екіншіден «бар күшін қазақтың абыройы мен ары үшін сарп етіп» ел қамын ойлаған қаһарлы батырлары еді деген әділ пікір айтқан. Абылайға көп өлеңдер арналуының бір себебі – қазақ елін хан айналасына топтастыру еді.
Жалпы, жыраудың толғауларын бірінен – бірін бөліп қарау мүмкін емес. Себебі әр өлеңінде тақырып мен идея ел бірлігі, татулығын дәріптей келіп, бір бірімен сабақтасып жатқан үлгі өнегеге толы жырлар екенін көреміз.
Сабақты түсінгендігін тексеру. Бұқар жырау толғауларындағы негізгі тақырып пен идея қандай? Адам өмірінің кезендерін суреттеген қандай өлеңдер бар? Ел бірлігін сақтау идеясы жырау толғауларынан қалай көрініс береді? Бекіту: Бұқар жырау шығармаларынан ел бірлігін көздеген сұңғылалықты, татулықты аңсаған ақыл иесі екенің көреміз . Адам баласының кей кездегі пендешіліктерін, барға қанағат етпей, шүкіршілік жасамай, тәубеден тайып кететін сәттерін мына жырында әдемі өрнектеп берген. «Үмітсіз шайтан»
Әлемді түгел көрсе де, Қалжырап, көңілі қарайып, Алтын үйге кірсе де, Жақындап ажал тұрса да, Аспанда жұлдыз аралап, Қарауытып көзі тұрса да Ай нұрын ұстап мінсе де –Үмітін қоймас адамзат! –Қызыққа тоймас адамзат! түгел білсе де Қызығын қолмен бөлсе де, Қызықты күні қырындап, Қисынсыз күйге түссе де –Өмірге тоймас адамзат!
Үйге тапсырма; бағалауБұқар талғауларының басты тақырыбы мен идеясы. Жыраудың жырларынан нақыл сөздерін теріп жазып келу. Өлеңдерін мағынасына қарай айқындау.
5 сыныбы. Музыка. 25.10.2013ж. 26.10.2013ж. Сабақ тақырыбы: - Базар жырау» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға қазақ өлкесінде ғасырлар бойы қалыптасқан ақындар мен әншілер, жыршылар мен күйшілерді таныстыра отырып, толғау тарланы-Базар жырау, жайлы мағлұмат беру. Дамутышылық: Қазақстанда жыршылық-термешілік өнермен сусындағандардың бірі – Базар жырау жайлы түсініктерін қалыптастыру. Термендегіні тыңдата отырып, жақсы мен жаманды айыра білу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: «Сыр елі – жыр еліне» саяхат жасай отырып, сан ғасыр тарихы бар, қазақ халқының мәдени дәстүрін танып білуге, термені дұрыс тыңдай білуге, әнді ырғағына сай айта білуге, балаларды Отанын, туып өскен жерін сүюге, ардақтап, құрметтеугетәрбиелеу. Сабақтың түрі: Дәстүрлі Сабақтың типі: Аралас сабақ Көрнекіліктер:Диско, үнтаспа, Базар жырау, композиторлар жайлы қысқаша мағлұмат портрет, мақал-мәтелдер. Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі. Ә) Үй тапсырмасын сұрау. (Бұқар жырау термесі, ○ (бүтін нота) II. Жаңа сабақ Базар жырау» (өмірмен таныстыру) 2. Тыңдату бөлімі. а) Кіріспе әңгіме ( «Жақсы мен жаман» термесі) Сабақтың барысы: II.1.а) –Балалар, бүгін біз сабақта «Сыр елі-жыр еліне» сапар шегеміз. «Сыр елі-жыр елі» дегеніміз не дейсіңдер ғой? Онда мен сендерге ол туралы айтып берейін.
Қазақстанның әр өлкесінде, тарихында, мәдени дәстүріне, түрлі басқа ерекшелігіне байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан ақындық, әншілік, жыршылық, күйшілік мектептер бар. Балалар сендер осы уақытқа дейін Арқаның Біржан, Ақан, Жетісудың Кенен сияқты ақындарымен және Батыс Қазақстандағы Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей секілді ірі күйшілердің орындаушылық дәстүрімен таныстыңдар. Енді Қазақстанның жыршылық-термешілік өнертепкен жерінің бірі- Сыр елімен танысасыңдар. Сыр елінің ақындық-жыраулық, жыршылық мектептеріне, оның терме, толғау үлгілеріне тоқталамыз.
Енді солардың ішінде заманы Абаймен тұстас, өз еліне кезінде ерекше дарынмен аты шыққан ақынның бірі – Базар жырау Ондасұлымен Базар Ондасұлы қазіргі Қызылорда облысынын Қармақшы ауданы 1843 жылы дүниеге келген. Енді Базар жыраудың балалық шағына көз салсақ : Базар бала кезінде қозы бағып жүріп, далада ұйықтап қалса керек. Ақ денелі, ақ таяқты, ақ сақалды бір кісі бұған келіп «Балам, мандайыңа берейін бе, таңдайына берейін бе?» – депті. Қарны ашып, шөлдеп жатқан бала: «Ата, таңдайыма бер», – дейді.Содан бала Базар өлең айтып ояныпты. Табиғатынан дарынды, зерек бала ақын – жыраулардың жырларын, халық мақал – мәтелдерін көңіліне түйіп өседі. Базар жырау Жақсы мен жаманның, Мырза менен сараңды- Арасы жермен аспандай. Өлшестіріп қарасаң. Басқарсың бір күн басыңа, Ғалым менен наданды, Іс түскен кезде, сескенде-ай. Салыстырсаң білерсің, дария шіреп асқандай
Ол өзінің жүрек тебіренткен толғауларымен Сыр бойынан бастап Еділ, Жайық, Үстірт, Қарақалпақ өңіріне жақсы танымалы. 1925 жылы Ташкенттен шыққан «Терме» жинағында және 1931 жылы Сәкен Сейфуллин құрастырған «Ескі әдебиет нұсқаларында» Базардың бір топ өлеңдері тұңғыш рет жарық көрді.
1965 жылы «Үш ғасыр жырлайды» жинағында жыраудың сегіз жүз жолдай термелері мен толғаулары жарияланды. Ал, кейінгі жылдары орыс тілінде басылған «Поэты Казахстана» (Ленинград, 1978) антологиясында Базар көрнекті ақындар қатарында аталса, 1984 жылы шыққан «Бес ғасыр жырлайды» кітабына бір топ шығармалары енгізілді. Ақынның туған жері-Сыр бойы десек те, кейінгі ат жалын тартып мініп, атағы жайылған мекені-қазіргі Өзбек жерінде қалып қойған Навоий облысы, Тамдыбұлақ ауданы болған. Бейіті сондағы Жалпақтау деген жерде. Базардың ескіше ата-тегі: Кіші жүздің Шөмекей тайпасы, Балқы руы. Шөмекей төртке бөлінеді: Тоқа, Көнек, Аспан, Бозғыл. Бозғылдың бес баласының біреуі-Қайқы. Қайқының Балқия деген әйелінен үш ұл: Қыдыр, Темір, Полат туады. Осы үшеуінен тараған ұрпақтарының бәрі Балқия шешелерінің атымен Балқы аталып, Шөмекейдің Балқы руы қалыптасады. Жоғарыдағы Қайқының үш ұлының біреуі Полаттан-Жауқашты, Жауқаштыдан-Отарбай, Отарбайдан-Байсейіт, Байсеіттен-Қарақұл, Қарақұлдан-Ермек, Ермектен-Базардың әкесі Оңдас туады. 1965 жылы шыққан «Үш ғасыр жырлайды» жинағында, басқа да кейбір басылымдарда Базар жыраудың әкесі Өтеміс, нағашысы Оңдас деп жаңсақ кеткен. Базар он жасқа жетпестен жетім қалып, нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленген. Әкесінің Өтеміс болып кетуі содан. Ақын болып халыққа танылған соң, өз руының атымен Балқы Базар аталып кеткен. Оны ақынның өзі былай түсіндіреді: ...Сөйле, тілім, жалпыдан, дариядай тасып шалқыған. Тіл жексұрын көрінер, тимеске тиіп шарпыған.. Елі-жұртың бұзылар, қиянат етсең зарпын Таусылмас қайнар кен едім, кешегі жүйрік мен едім. Жүлде алған байрақ алдынан, Кіші жүздің кенжесі.«Дөйт» ұранды Шөмекей-шыққан бір Базар Балқыдан. Бүкіл өмірі --өлеңге, өлеңі--өмірге айналған жырау жарық дүниеге жыр болып келгендей. Ол туралы ақиқатқа қоса аңыз да көп. Соның бірі төменгідей: Базар жастай жетім қалып, Тәспен деген байдың қозысын бағып жүреді. Шөмекейдің Аспан руында Айпара атты ақын қыз болады. Бір күні сол ақын қыз қасына жеңгесін ертіп, он шақты түйемен су әкелуге «қаққа» барады. Оған ғашық жігіттер аз болмайды. Өзі сұлу, өзі өнерлі қызға кім қызықпасын? Алайда олар Айпараның ақындығынан, от ауыз, орақ тілді шешендігінен сескеніп, маңайлай алмайды екен. Қыздың үнемі соңынан еріп, үнемі дәмелі болып жүрген жігіттер бұл жолы да жақындауға тәуекел етпейді. Он шақты түйеге жүк болар суды ыдыстарға құйып толтыру, арту жас қызбен жеңгесіне оңай соқсын ба? Екеуі де әбден шаршайды. Суды түйеге артыспаған жасық жігіттерге ыза болып тұрған Айпараның қасына сол маңда қозы бағып жүрген жасөспірім бала Базар келеді. «Апа, шелегіңді артысайын ба?»--депті. Содан соң, жасын да сұрап білгісі келген сияқты. Оған ашуланған Айпара былай дейді: «Бастаған жұғысың ба сөздің басын, Бұл жерде саған мені кез қылғасын .Айтыпты бұрынғылар деген қайда, Сұрама аттың тісін, ердің жасын. Одан да емін неге сұрамайсың, Күте алмай бір басыңды таз қылғансың...»
Мезгілінде ас ішіп, ұйықтамайтын, жылы алақан көрмейтін жетім балада қайбір күй болсын? Расында да Базардың басы таз болса керек. Мірдің оғындай сөз сүйегінен өткен Базар жауап сөз қайыра алмағанына намыстанып, ызаланып жылап жіберіпті...Осы бір оқиға Базардың есінде мәңгі қалады. Өйткені ол осы жолы бұрынғыдан да қатты ширығады. Сөзден есесі кеткенге күйінеді. Ақындықты, шешендікті арман етеді. Шамасы, бұл болашақ ақиық ақынның тұңғыш рет жер тарпуы, қанат сілкуі болса керек. Жастай жетім қалған Базар оқып, білім алған емес. Табиғатынан дарынды зерек бала бұрынғы ақын-жыраулардың жырларын, халық мақал-мәтелдерін есіне сақтап, көңіліне түйіп, халықтың бай ауыз әдебиетінен
сусындап өскен. Өзінен бұрынғы және тұстас ақындардан да тәлім алған. Базар өз заманындағы әлеуметтік мәселелерді тани білген дәуір қайшылықтарының бетін ашып, келелі ой қозғаған. Әрине, әлеуметтік мәселерді танып-білу барлық жырауларға тән қасиет. Олар қай жерде де тыңдаушыларын таң қалдырып, ерлікті, елдікті дәріптеген. Керек жерінде кімнің де болса бет-жүзіне қарамай, айтарын бүкпей, батыл айтып, адам бойындағы жасық қасиеттерді өлтіре сынап, тілімен турап тастайтын болған. Өмірді босқа өткізіп, қапы қалмау үшін әрбір кісі ақыл-парасаты мен күш-қайратын пайдалы іске жұмсап, нағыз азаматтарша мәнді өмір сүруге міндетті.
Қарғадан қарға туар қарқылдаған, Алаштың адамының бәрі мәлім Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған. -Кім қалды таразыға тартылмаған. Дегендер: «Мен жақсымын» толып жатыр, Тақылдап, пысықсынып сөйлейтін көп Пайдасы өз басынан артылмаған! Екпіндеп ұшқыр аттай қарқындаған.
Базар жыраудың Пірлібек, Нұрлыбек, Әмзебек, Нақыпбек деген төрт ұлы, Балзада, Күлзада деген қызы болған. Жыраудың өнер қонған балалары Әмзебек пен Балзадасы екен. Олар өнерімен халыққа танылмай тұрып, жастай өліп кетеді. Әмзебек әкесі Базардан үш жыл бұрын, яғни 1908 жылы қайтыс болады. 1911 жылы 12 қазан күні жыр дүлдүлі Балқы Базар Тамдыбұлақ ауданына қарасты Жалпақтау деген жерде қайтыс болады. Қабірі басына кейінгі жылдары ескеркіш құлпытас қойылған. Жалпақтаудағы мектепке, Ақтақырдағы кітапханаға, Тамдыбұлақтың бір көшесіне Базар есімі берілген. Базар атамның бейітінің басында үш құлақ етіп кесене салынған. Сонда домбыра ілулі тұр. Кей күндері түнделетіп желдің ызыңымен домбыраның құлаққа жағымды әуен естіледі. Бабамыз әлі күнге дейін домбыра мен жыраулық дәстүрінің қасиетін бізге жеткізгісі келетін сияқты. Келешек ұрпақтан қандай баға алатыны белгісіз пендені есі дұрыс адамның арты ұялатын атақ-даңқпен жарылқап, жағымпаздық жасай бергенше саңлақтарымызды ұлықтасақ келер ұрпақ алдында жемқорлық пен жағымпаздықтан баттасқан бетімізге кішкене су жүгіртер едік
1) Термені орындайтын адам? 2) Жыр мазмұнын қара сөзбен, түрлі қимыл-қозғалыстарымен беруді не деп атайды? 3) Жыраудың ішкі ойын, сезімін, өмірге, табиғат құбылыстарына көзқарастарын білдіруді не деп атайды? 4) Бұқар жыраудың туған жері. Үйретілетін ән: «Елім - ай» Қаратаудың басынан көш келеді Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,Елім-ай, Елім-ай. Ел-жұртынан айрылған жаман екен ,Қара көзден мөлтілдеп жас келеді,Елім-ай, Елім-ай. Мына заман қай заман? Бағы заман, Баяғьідай болсайшы тағы заман, Елім-ай, Елім-ай. Атадан үл, енеден қыз айрылды, Көздің жасын көлғылып ағызамын, Елім-ай, Елім-ай. Мына заман қай заман? Қысқан заман, Бақыт құсы алаштан үшқан заман, Елім-ай, Елім-ай. Көк аспаннан топырақ, шаң борады, Күні суық қаңтардан, қыстан жаман, Елім-ай, Елім-ай
Балалар үйге. Базар жыраудың өмірбаяның кітаптан оқып, мазмұндап келу. Терменің сөзін жаттау және жақсы мен жаман термесін жаттау.
5 сыныбы. Музыка. II – токсан. 15.11.2013ж. 16.11.2013ж. Сабақтың тақырыбы: Көнеден жеткен аспап- домбыра,дудар,саз Сабақтың мақсаты: Білімділік: Мақсаты: Сал, сері, ақын сазгерлер туралы таныстыру. Ақындардың әнін орындап, білімдерін жинақтау. Тәрбиелік: Шешен адамдардың өмірін үлгі тұту,шешендік сөздерін түсініп оқып, өміріне сабақ қылу.Адамгершілік, шыншылдық, туған елді, жерді сүюге тәрбиелеу. Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, ой-өрісін, орындаушылық қабілеттерін, қызығушылықтарын қалыптастыру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет. Сабақ көрнекілігі : сызбалар, үнтаспа, домбыра
Сабақ барысы І. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру ІІ Үй тапсырмасын сұрау:. Cуреттер көрсетіп, таныс аспаптардың аттарын, қалай ойналатынын және қандай түріне жататынын атау. Базар жырау жійлі түсінік. ІІІ. Жаңа сабақ Адамның жан дүниесін түсінетін ол – музыка, әуенді жеткізетін ол – аспап, аспаптың түр – түрі болады: Ата бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен қылдан тағы басқа дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым аспаптар жасап алады екен.Солардың бірі ең көне түрі:көне шертер.
Шертер
–
қазақ халқының көне шекті музыкалық
аспабы. Кей деректерге сүйенсек, бұл
аспап домбыра мен қобыздың арғы тегі
болып саналады Қазақ
халқының үрлемелі музыкалық аспаптар
Саз сырнай Мүйіз сырнай Ұран Ұран - әскерлер қолданатын үрмелі музыкалық аспап. Ұзындығы әртүрлі екі түтікшенің әрқайсысында үш саңылау бар.
Бұғышақ (бұғашақ) – көне саз аспабы Бұғышақ (бұғашақ) – көне саз аспабы. Марал және бұғы мүйізі не сүйектерінен жасалады. Мүйізді үңгіп, үрлейтін жағындағы ұшына дыбыс шығару үшін тілше салынады. Ол дыбыстың еркін, күшті шығуына ықпал етеді. Ұзындығы 28-30см.Бұғышақ аспабын шеберлер әр түрлі етіп жасайды. Мүйіз ішін тазартып, сыртқы жағын оюлармен өрнектейді.
Аспап ертеде аңшылар арасында кең таралған. Марал мен бұғы өсірушілер аңдарды бір жерге жинау үшін аспапты пайдаланған. Аспаптан шығатын үн бұғы мен марал дауысына ұқсайды. Сондай-ақ, аспапты аңшылар бір-бірінен адасып қалғанда не болмаса аң-құстың қайда тұрғанын білдіру үшін қолданған. Бұл аспапты ел арасында «бұғы шақырғыш», «бұғы сыбызғы» деп те атайды.
Үрмелі аспапты, сонымен қатар, әскербасылар қолданған. Ол сарбаздарды бір жерге жинап, шайқас алдында олардың рухын көтерген.
Өзге халықтарда да бұғышақ аспабына ұқсас аспап кездеседі. Алтай халқында аспапты «абырға», хақас халқы «пырғы» деп атайды. Сазсырнай - қоңыр үнге толы аспап Сазсырнай – сопақша келген, үлкендігі қаздың жұмыртқасындай саздан жасалған үрмелі аспап. Бұл аспапты кішкентай балалар мен жасөспірімдер ермек үшін пайдаланған, диапозоны аса үлкен емес. Сазсырнайда ойнай отырып, балалар аң-құстар мен табиғат дыбыстарын шығарған.
Шеңбер аумағы 15-18 см, жалпы ұзындығы 10-12 см болады. Ертеде 3-4 ойығы болса, қазіргі таңда 5-6 ойықтары салынады. Ойықтарды саусақпен басып, ерінге қиыстау тақап, үрлеп ойнайды. Сазсырнай үні жағымды, қоңыр әрі жұмсақ болады. Сондай-ақ, аспап дыбыс тембрі, күші, әуезділігі ауа толқынының дұрыс жетуіне байланысты.
Аспапты сапалы саз-балшықтан жасайды. Сазды илеген соң, оны біркелкі пішінге келтіріп, кептіреді. Кептірілген саз белгілі бір температурда қызған пеш ішіне салынып, күйдіріледі. Кейін дыбыс ойығы салынып, сыртқы жағын оюлармен өрнектейді. 1971 жылы Отырар қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілгенде табылған болатын.
Қазақ
жерінің көп аймақтарында кең
таралған. Үскірік
- табиғат құбылыстарының үні
Үскірік – қазақ халқының
ертеден келе жатқан музыкалық аспабы.
Ол сазсырнай, бұғышақ, керней, желбуаз,
сыбызғы т.с.с. қазақтың ұлттық үрмелі
аспаптарының қатарына жатады.
Аса
таяқ -
сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық
аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан
арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек
тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан
сылдырмақтар тағылып, өрнектермен
әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен
ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап
ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе
бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне
үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы
музыкалық аспаптар тобына қосылады.
Домбыра -
қазақ халқының арасына өте ерте және
кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған
қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық
аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі
бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына
жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас
ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады.
Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына
дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ
күйге келтіріледі.Домбыраның екі
ішектісінен басқада үш ішекті, қос
жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек
деп аталатын түрлері бар. Даусы майда,
қоңыр, құлаққа жағымды.
Дауылпаз -
ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың
бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған.
Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте
дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланған.
Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым
күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады.
Бет шанағы терімен, қапталады. Иыққа
асып алып алу үшін қайыстан арнайы
аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш
тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады.
Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген
фольклорлық ансамбльдерде кеңінен
қолданылып жүр. Дауылпаз тектес аспаптар
әр түрлі атпен басқа халықтарда да
кездеседі. Айталық, өзбек халқында -
«Тәбльбасс», Қырғызда « Доолбас» деп
аталады.
Жетіген -
қазақ халқының өте ерте заманнан келе
жатқан жеті ішекті шертпелі музыка
аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып
жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген
аспабы талай жүздеген жылдар өтседе,
баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген
түрінде он үш ішек байланып, арнайы
тиектер қойылады. Аспаптың үні өте
нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында
аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар
айтылады.
Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айрылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен деседі. Бізге «жетіген» деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді. Желбуаз – үрлемелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспабының бірі. Аспап иленген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны болады.Әуен шығаратын екі сырнай түтікше бекітеді. Мойынға асып алып жүруге ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл. «Желбуаз» аспабын белгілі компазитор Н. Тілендиев « Отырар сазы» оркестрінде қолданды. Қыл қобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы – балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады. Сақпан - өзіндік үнімен ерекшеленетін сілкімелі қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі.
Ертеде
үй тұрмысында, әсіресе мал шаруашылығында
кеңінен қолданылған. Қойшылар көктемгі
төл кезінде бұл аспаптың дыбысымен қой
қайырған. Шаруалар егістікке қонған
құстарды үркіту үшін де пайдаланған.
Кейбір өнерпаздар сақпанмен өзінің
әуенін сүйемелдеген.Сөйтіп, сақпан
музыкалық аспап дәрежесіне көтерілді.
Шаң
қобыз -
бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ
халқының көне музыкалық аспабы. Үні
құлаққа жағымды, адам даусына жақын.
Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы
қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде
орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын
шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды.
Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде
шығады.Аспапта жеке ән- күй орындап қана
қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен
бірге халық әуендерін сүйемелдеуге
болады. Шаң қобыз аспабының құрылысы
қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.
Саз
сырнай –
алты тесікті үрлеп ойналатын аспап. Саз
балшықтан күйдіріліп жасалады. Мұның
бетіне өрнек ойылып, ол жыланкөзбен
көмкерілген
Үскірік –
үрлеп ойнайтын аспаптардың ескі түрі.
Саусақпен басып дыбыс шығаратын үш
тесігі бар. Саз балшықтан күйдіріліп
жасалады. Аспаптың дыбысы үскіріп соққан
боран мен қатты желдің уіліне ұқсас
болғандықтан – үскірік, кей жерлерде
уілдік деп аталады.
Сыбызғы -
үрмелі аспаптардың ішінде кең тарағаны.
Бұл аспап бақташы-малшылардың өмірімен
тығыз байланысты болғандықтан, ел
ішіндегі қариялар оны «жылқы малының
азаны» деп атаған. Сырты жылтыр сары
қурайдан жасалатын сыбызғының сырты
малдың ішегімен кейде мал өңешінің ақ
шелімен қапталады. Бұл оның жауын-шашынға
төзімді болып сақталуына, қурайдың
жарылып кетпеуіне және үнінің таза
сақталуына байланысты қолданылатын
әдіс-тәсіл. Сыбызғы аспабының үні самал
желдей майда, тембрі жұмсақ, ерекше
әсерлі.
Бұғышақ –
сүйек пен мүйізден жасалатын аспаптардың
бір түрі. Аспаптың дыбысы марал мен
бұғылардың даусына ұқсас болғандықтан,
жайылып жүрген маралдарды бір жерге
жинау үшін қолданылады. Аспаптың бұғышақ
аталуы «бұғы шақырғыш», «бұғы сыбызғы»
деген түсініктерден туындаған.
Шертер –
ішекті-шертпелі аспаптардың ішінде
беті терімен қапталып жасалатын үш
ішекті, шертіп ойнайтын көне аспап.
Ішегі жылқы қылынан тағылғандықтан,
ертеде ол «шертпе қыл» деп аталған. Осы
нұсқасында ол қылқобызға ұқсас, алайда
ол ыспалы емес, шертпелі аспап. Қазіргі
кезде шертер ең көне (архаикалық), және
дамыған нұсқа деп бөлінеді.
Керней тұтасымен
металдан жасалады. Кернейге дыбыс
ойықтар салынбайды, үрлеу арқылы дыбыс
шығарылады. Кернейдің жез металынан
жасалатын үлгісінің жалпы ұзыны 1 метр
50 см, ені 30-35 см болып жасалса, ағаштан
жасалатын кернейдің ұзындығы 1 метр,
шеңбер аумағы 20-25 см етіліп, сыртына
түйе өңешін қаптап жасайды. Бұл – ағаштың
жарылып кетпеуі үшін қолданылатын
халықтық әдіс. Керней этнографиялық
аспап ретінде сирек кездеседі.
Ұран –
өзегі алынып, қаққа бөлінген іші қуыс
екі ағашты қайта біріктіріп, сырты
қайыспен орап жасалады. Дауысы күшті,
жуан, алайда 1-2 дыбыстан артық дыбыс
бермейді. Ертеде жаугершілікте ұран
шақырып, құс салып, аң қамауға қолданылған.
Түрік тілдес халықтар арасында ол ұлттық
мереке, діни-салт жораларда, мешіт-мазар
төбесіне шығып белгі беруге
қолданылады.
Дабыл –
ұрып ойнайтын аспап. Оның екі жағы да
терімен қапталады. Құлақшалары бар. Ол
теріні керіп тұру үшін жасалады. Дабылды
саусақпен немесе арнайы жасалатын басы
жұмыр шағын таяқшамен ұрып ойнайды.
Даусы – терінің жұқа немесе қалыңдығына,
терінің қатты немесе орташа керілуіне
және арнайы жасалған қорапта сақталуына
байланысты болып келеді. Дабылдың шанағы
тал, қайың, тораңғы секілді иілуге
көнетін ағаштардан жасалады.
Шыңдауылды ертеде
аң-құстарды үркітіп, көптеп үйіріп,
қаумалап аулау үшін немесе қуып тосынға
түсіру үшін қолданылған. Шыңдауылдың
шанағы тұтасымен металдан жасалып, бір
жақ беті мал терісімен қапталады. Тері
қапталмас бұрын шанақтың ішіне шулы үн
беретін сылдырмақ-қоңыраулар немесе
темір шығыршақтар тағылады.
Адырна -
қазақ халқының өте ерте заманнан келе
жатқан көп ішекті музыка аспабының
бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар
ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң-
құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ
пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы,
марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына
ұқсастырып жасады
Дауылпаз –
халықтық нұсқада жасалатын көне аспап.
Ертеде аңшылық, саятшылық, құсбегілік
салт-дәстүрлерде қолданылған. Шанағы
өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан
жасалып, сыртына ғаныштау әдісімен
ою-өрнектер салынады. Аспапты таяқпен
ұрып ойнайды. Көбінесе халықтық
мерекелерде және үлкен оркестр құрамында
ойналады
.Үйретілетін ән: Бабалар
1.Арғы атамыз Ерімбетей бабадан Жиырма алтаудың ұрпақтары тараға Аталардың ерлігімен өрлігі Текті ұрпағы мұратына балаған
Қ – сы Кір келтірмей Ерімбетей асылға Ұрпақтары айналыңдар жасынға Жаны жайсаң қаны текті бабалар Даңқы жетсін ғасырлардан ғасырға
Бекен деген қарт торғайдың даласын Аққу қонған айдын ақ көл жағасын Алты алашы ардақтаған елміз біз, Ұлт көсемі Ахметтей данасы
Үйге тапсырма; бағалау: аспаптар түрлерін жаттау. «Бабалар» әнін жаттау.
5 сыныбы. Музыка. 22.11.2013 ж. 23.11.2013. Сабақтың тақырыбы: Башқұрт халқының мақтанышы болған қурай Сабақтың мақсаты: Білімділік: МақсатыБашқұрт елімен таныстырып ,қурайдан жасалған сыбызғымен таныстыру. Тәрбиелік: Көршілес елдердің мідениетімен таныса отырып татулыққа тәрбиелеу,өнер ұқсастығын ескерту. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет. Сабақ көрнекілігі : суреттер, үн таспа, диск аспаптар.
Сабақ барысы І. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру ІІ Үй тапсырмасын сұрау:. Cуреттер көрсетіп, таныс аспаптардың аттарын, қалай ойналатынын және қандай түріне жататынын атау. Көне аспаптар жәйлі түсінік айту. ІІІ. Жаңа сабақ Башқұрт халқының мақтанышы болған қурай аспабы Башқұрт бұрынғы заманда финно – угор халқымен араласып кеткен түрік нәсілі деп араб жазушылары айтады. Олар 1723жылы «Ақтабан шұбырындыдан» соң қазақтан бөлініп барып, ондағы татарлармен араласып кеткен. Башқұрттың таптары – минский(бұл мыңғыт деген қалмақ болып қалған ,тоғайлы елі атанған татардан) табинский (бұл кіші жүздегі табын, қыпшақ , тама, қытай, керейлерден) және таздар, қырғыз бұлар угрофин нәсілінен) және қалған таптары- йорматин, борзин, өсірген, таңғауыр, күдей, танип, айлы, қуақан, қаршы, қайлы, иеалдат, то,ыздар, иени байлар, дуан, ерімті, гайтен, шөбен ноғайлар, сарттар, иеркит, саралы, айлан, зуран, боллар, уран, уаныш, мешир, тилтин, бақай, арлар, срыш, байұлы(кіші жүздің) түркмен , сартай.Осы жоғары аттары қарағанда, башқұрттар қазақ екненін һәм әр рудан қосылғанын білерсіз. Сыбызғының үш түрі бар: жез сыбызғы, ағаш сыбызғы, қурай сыбызғы. Қурай көпке дейін шыдамағандықтан әрі дыбыс қуатын жан-жақты дамыту үшін сыбызғы аспабын ағаштан жасаған. Сыбызғы аспабының бұл түрін кеуіп, қатайған қарағай, қайың сияқты қатты жынысты ағаштардың бұтағы жоқ жерінен кесіп, сыртқы жағын жонып, ортасынан бөлу арқылы жасайды. Ішкі жағын ойып, тазартып, желімдеп, қайта біріктіреді. Қурайдан жасалған сыбызғының үні қоңыр, әуезді болып шығады.Қурай сыбызғыда күй орындаған кезде аспап өзегін сумен бүркіп, оған ерекше күтім жасаған. Сыбызғы - жалғыздыққа дәру болған аспап
Сыбызғы
– кең таралған үрмелі аспаптардың ең
көне түрі. Бұл аспапта көбіне бақташылар
мал бағып жүрген кезде жалғыздықты жеңу
үшін ойнаған, ал кешкілік уақытта сыбызғы
жыр-аңыздарды сүйемелдеуге
пайдаланылған. Сыбызғы аспабын
көкқурай, қарақурай, таңқурай т.с.с. қуыс
талдардың қурайын жасап, оған үштен
жетіге дейін саңылау ойған. Қурай ағашы
жарылып кетпеу үшін оның сыртын мал
ішегімен не өңешімен қаптаған. Бұл әдіс
аспап үнінің таза әрі ұзақ сақталуымен
қатар, аспаптың жауын-шашынға төзімді
болуы үшін пайдаланылған. Аспаптың
жалпы ұзындығы 70-75 см болып келеді.
Сыбызғы аспабын жасау оңай әрі тез
болғанына қарамастан, аспапта ойнау
өте күрделі. Әдетте сыбызғы аспабында
орындалатын күйлер екі дауысты болып
келеді. Бір дауыс орындаушы дыбысы
болса, екінші дауыс аспаптан шығады.
Жез сыбызғы аспабында басқа халықтарда кездесетін темірден жасалған үрмелі аспап тектес темір мен ұзын жез түтікшілерді пайдаланады. Ағаш және қурай сыбызғыларға қарағанда жез сыбызғы төзімді болып келеді. Алайда, оның дыбысы қурай және ағаш сыбызғыларға қарағанда сазы өзгеше болады. Сыбызғының дәстүрлі үлгісі қурай, өсімдігінен жасалады, аспапты жасауға қара қурай, өгіз қурай,, қырлы қурай, түрлері пайдаланылған. Сыбызғышылар сыбызғыны қурайдан өздері жасап алып тартқан және оны жасау әдіс-тәсілдерінде әрбір өнерпаздың өзіндік өлшемі, өз заңдылықтары болған. Аспапты жасау үшін жаздың соңғы айларында, күз уақыттарында әбден өсіп жетілген өзегі кеңейіп, буыны қатайып кепкен түзу қурайларды пайдаланған. Қурайды кейбір сыбызғышылар қолының ұзындығымен өлшеп кесіп алатын болған, енді бір өлшемнің түрі өнерпаз-шебер өз тұтамын өлшем етіп алты тұтам, жеті-сегіз тұтам етіп қурайды кесіп алған. Бұл әдіс-тәсіл Башқұрт қурайшыларында да көп қолданылады. Үйретілетін ән:
Жол жыры Әнін жазған Ш. Қалдаяқов Сөзін жазған Т. Молдағалиев 1. Шақырады асқар мынау, Ақша бұлтқа оранаған. Жүрген сайын,достарым – ау, Ашылады жол алдан. 2. Көк өзендер көбік шашып, Бізді келіп көр дейді. Жолда жүру қандай жақсы, Жол биікке өрлейді.
3. Төбемізде жанады күн, Күн қызығын көрейік. Жиып әкеп дала гүлін, Анамызға берейік. Үйге тапсырма; бағалау: аспаптар түрлерін жаттау. «Бабалар» әнін жаттау.
5 сыныбы. Музыка. 29.11.2013ж. 30.11.2013ж.
Сабақтың тақырыбы: Аспанмен тілдескен музыка Сабақтың мақсаты: Музыка сырын жеткізу. «Ләйлім шырақ» әнін үйрету. Қосымша желтоқсан мерекесіне байланысты «Көк тудың желбірегені» әнін үйрену. Білімділік: Музыка жәйлі түсінік беру. Тәрбиелік:. Музыка аспабына үйрету сабағы білімгерлерге жеңіл музыка шығармаларын өздігінен талдап, үйреніп, оны орындап беруге дағдырландыруы керек..
Дамытушылық: дербес шығармашылық жұмыстар, өзіндік ізденіс, оқу, танып білу, жазған жұмыстарын айта білуге үйрену, сөз саптау, ой еркіндігі, оқушы шеберлігін шыңдауғабаулу. Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі әдеп. Сабақ көрнекілігі :
І. Үй тапсырмасын сұрау: Башқұрт халқы туралы не білесіңдер? Қазақстан әнін жатқа айту. Сыбызғы деген қандай аспап? Сыбызғының қандай түрі бар ? Қандай ағаштан немесе металдан жасалады? Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру Сабақ барысы: Аспанмен тілдескен музыка . Тыңдалатын музака жене үйретілетін: Біржан «Ләйлім шырақ ». Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.
Дегенмен, жер бедерінде, негізінен, жазық далалы, шөлді және шөлейт аймақтар басым. Олардың арасында Сарыарқа мен Үстірт, Тұран ойпаты мен Батыс Сібір ойпаты, Мойынқұм мен Бетпақдала ұлы өңірлері бар. Таулы аймақтар республиканың оннан бір бөлігін алып жатыр. Оларға Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тау жоталары кіреді. Ірі өзендер: Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл. Жасыл –желек ат көрінбес құрағым. Мыңғырған мал даласында жайылған, Бабалардың болған сондай тұрағы. Бұхар, Қоқан бұл байлыққа қызықты, Орыс патша арам ойлы бұзықты. Қорған салып, жерін алып, қуса өзін, Сонда көрген сорлы қазақ шыжықты. Қазақта жер қалмады патша алмаған, Елін, жерін, малын тегіс жалмаған. «Қойға тиген қасқырдай» боп қазақтың, Отаршылдық қыр соңынан қалмаған...
Халық басына осындай қиын-қыстау заман зары туған шақта, қазақ қауымының бас көтерген батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды.
Ләйлім
шырақ
(ақан
серінің әні
)
Есен
аман жүрмісің. Лайлім шырақ.
Жаңа
таптым аулыңды күптен сұрап .
Лайлім
лайлым илайлым
Желтимесе
жан тимес деп жүргенде
Қол
ұстасып жәтпенен кеттің жырақ
Лайлым
лайлым илайлым
Осылайма
еді ей қалқа айтқан сертің
Жүрегімде
жаңыбырдай ғашық дертім,
Лайлім
лайлым илайлым
Сонша
неге сен мені әуреледің
Болмаған
соң әуелде баста еркін
Лайлім
лайлым илайлым
Әққумедің
таранған айдындағы,
Алыс
ұштың қанатты жайдың дағы
Лайлім
лайлым илайлым
Көлеңкеңді
көрсетпей кете бардың,
Маған
берген сертіңнен тайдың дағы
.
Лайлім
лайлым илайлым
Қосымша ән үйрету: «Көк тудың желбірегені!»
Көк тудың желбірегені -
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
шымырлатқаны денені.
Көк тудың желбірегені - жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту жан емес, маған керегі-
Көктудың желбірегені.
Көк тудың желбірегені-
елдіктің асқақ өлеңі,
әр жаққа тартпай, Қазағым,
бір сөзге жинал дегені.
Көк тудың желбірегені -
бақыттың елжірегені,
қиырда қалған Қазақтың
Азат отанға жете алмай
көзінің мөлдірегені.
5 сыныбы. Музыка. 06.12.2013ж. 07.12.2013ж.
Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап – қобыз Білімділік: Мақсаты: Қобыз аңызымен таныстру, үнін тыңдату , бұрынғы қыл қобызбен қазіргі алть қобызды салыстыра отырып білімдерін әрі қарай дамыту. Тәрбиелік:Оқушыларды білімдерін дамыта отырып, мәдениетке тәрбиелеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет. Сабақ көрнекілігі : суреттер, үн таспа, диск аспаптар.
Сабақ барысы І. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру ІІ Үй тапсырмасын сұрау: «Ләйлім шырақ »әнін жатқа сұрау. Cуреттер көрсетіп, таныс аспаптардың аттарын, қалай ойналатынын және қандай түріне жататынын атау. ІІІ. Жаңа сабақ Қорқыт-аңыз Қорқыт десе қобыз, қобыз десе Қорқыт еске түсетіні рас. Негізінен, киелі аспапты VIIІ- IX ғасырларда Қорқыт жасаған деген аңыз бар. Аңызға құлақ түрсек, Қорқыт жігіт жасына жеткенде түсіне ақ киімді адам кіріп, о дүниелік болатынын айтып, аян береді. Бақиға аттанғысы келмеген Қорқыт желмаясына мініп, әлемнің әр түкпірін аралап, ажалдан қашып құтылмақ болыпты. Бірақ қайда барса да ажалмен бетпе-бет жолыға беріпті. Амалы қалмаған Қорқыт қобыз шауып, желмаяның терісін шанағына керіп, күңірене күй шертіпті. Қобыздан шыққан киелі үнге айналаның бәрі тынып, күйге елітіпті. Жылан бейнесінде келген ажалдың өзі де киелі сазға елітіп, беттей алмаған деседі.
