- •2.Үй тапсырмасын тексеру:
- •1.Сабақтың басталуы:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып,оларды білім игеруге дайындау.
- •3.Дауыс жаттығуы:Дауыс жаттығуы оқушылардың дауыс бояуын ашып алу үшін жасалады.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы: Қысқа қағыспа айтыс
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •4.Кезекті ұйқас
- •5. Шалыс ұйқас
- •7. Аралас келетін ұйқас
- •8.Осы күнгі ерікті ұйқастар
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •5 Сыныбы. Музыка. 04.10.2013ж. 05.10.2013ж.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •Қобыз - бағзыдан келе жатқан таңғажайып аспап
- •Керней – қазақ халқының көне үрмелі музыкалық аспабы
- •20 Ғасырдың басындағы балет өнері
- •Музыка 5 сынып 28.03. Сабақтың тақырыбы: Романтикалық музыка
- •Біздің жаңа жыл келді
- •Туындылары
20 Ғасырдың басындағы балет өнері
XX ғасырдың басы орыс өнеріндегі жаңа бағыттардың да бастамасы болды. Чайковскийдің балет музыкасындағы игі дәстүрін жалғастырып, одан әрі дамыту үшін көптегенкомпозиторлар (Аренский, Глазунов, Стравинский, Прокофьев, тағы басқа) ересен еңбек етті. XX ғасырдың басында балетмейстерлер М.М.Фокинмен А.А.Горский балет өнері саласында батыл ізденістер жасады. Орыс бишілері: А.П.Павлова, В.Ф.Нижинский, Т.П.Карсавина, Е.В.Гельцер, М.М.Мордкин, В.Д.Тихомировтар балет өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. XX ғасырдағы орыстың балет өнері Англия, Францияда балеттің қайта өркендеуіне, ал АҚШ-та балеттің тууына игі әсер етті. Жаңа режиссерлік жүйеде балетмейстердің, режиссердің, артистің, композитордың, суретшінің өнері тоғысты. Бірінші болып ескіні жаңаландырған және жаңа реалистік балетті құрған Горский болды.
Музыка 5 сынып 28.03. Сабақтың тақырыбы: Романтикалық музыка
Сабақтың мақсаты: Музыка өнерінің заңдылықтарын түсіндіру , музыкалық сауаттылықтрын ашу. Білімділік мәні: Шығыс халықтарының әндерін талдау, насихаттау. Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылығын дамыту. Тәрбиелік мәні: Әр- түрлі халықтардың музыкасын тыңдай келе ,қабылдай білуге тәрбиелеу. Сабақ типі: Жаңа сабақ. Көрнекілігі: Видео, DVD, магнитафон таспалары,ән тексті, суреттемелер. Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих. Романтизм музыкада
Людвик
ван Бетховен
Музыкадағы романтизм бағыты 1820 жылдары қалыптаса бастады; оның неоромантизм деп аталған соңғы кезеңі 19 ғасырдың соңғы он жылын қамтиды. Романтизм алғаш Австрия (Ф.Шубер), Германия (К.М. Вебер, Ф.Мендельсон-Бартольди, Р.Шуман, Р.Вагнер, т.б.) және Италияда (Н.Паганини,В.Беллини, Дж.Верд, т.б.), кейінірек Франция (Г.Берлиоз, Д.Ф. Обер), Польша (Ф.Шопен) мен Венгрияда (Ф.Лист) пайда болды. Романтизм бағыты кейбір елдерге толық таралмағанымен жеке композиторлар шығармашылығынан (Ресейде А.А. Алябьев, Н.А. Римский-Корсаков, т.б. “құдіретті топ” композиторлары, П.И. Чайковски, А. Скрябин, Чехияда Б.СметанаА.Дворжак, Норвегияда Э.Гри, т.б.) орын алды. Романтизм Австри менГерманияд (И.Брамс, А.Брукнер, Р.Штраус) жоғары сатыда өркендеді. Музыкадағы pомантизм антирационализм, сондай-ақ адамның ішкі жан дүниесіне үңілу сияқты жалпы романтизм ағымына тән қасиеттерді бойына сіңіре отырып дамыды. Романтикалық музыканың бейнелілігі артты. Әуен бұрынғысынан да дараланып, рельефті, көңіл күй сәттерін дөп баса алатын иірімді сипатқа ие болды. Романтикалық эстетиканың жалпы бағыттарына орай көптеген композиторлар өнерді синтездеуге атсалысты. Жаңарған синтезді жанрлардың романтизм дәуірінде мәні зор болды. Ән, баллада, опера(тұңғыш романтикалық опера – жанрлары романтикалық сипат алды. Аспаптық музыка (симфония, камер. ансамбльдер;Шуберт пен Шуманның сонаталары) жаңа бояу, өзіндік өрнекке ие болды. Асқан орындау шеберлігі (Паганини, Шопен, Лист), бай эмоция, айқын контрастағы нәрлі бояу музыкалық орындаушылық өнердегі романтизмнің басты белгілері болып табылады. Романтикалық музыка өзінен кейінгі дәуірге нәрлі бастау, құнды қазына болып қалды.
Романтизм –ХУ111 ғасырдың соңы мен Х1Х ғасырдың алғашқы жартысында Европада әдебиетте, музыкада, философияда, эстетикада т.б. ғылымдарда тараған идеялық көркемдік бағыт. Музыкадағы романтизм бағыты 1820-шы жылдары қалыптаса бастады. Романтизм алғашында Австрия (Ф. Шуберт), Германия (К.Вебер; Ф. Мендельсон, Р. Шуман, Р. Вагнер т.б.) және Италияда (Н. Паганини, В. Беллини, Дж. Верди т.б.), кейінірек Франция (Г. Берлиоз, Д. Обер), Польша (Ф. Шопен) мен Венгрияда (Ф. Лист) пайда болды. Музыкада романтизм антирационализм, сондай-ақ адамның ішкі жан-дүниесіне үңілу сияқты жалпы романтизмге тән қасиеттерді бойына сініре отырып дамыды. Романтикалық музыканың бейнелілігі артты. Жаңарған синтетикалық жанрлардың романтизм дәуірінде мәні зор болды. Төрт бөлімді симфония жанрының жаңа түрлері пайда болды (Шуберт, Берлиоз, Лист). Әң баллада, опера жанрлары жаңа романтикалық сипат алды. Сонымен қатар музыкада импрессионизм, веризм, неоромантизм, экспрессионизм т.б. сияқты ағымдар және олардың стильдері қалыптасты.
