- •Портал музыки Фортепиано
- •37. Үрмелі аспаптардың күйін келтіруші
- •38. Үрмелі аспаптарды құрастырушы
- •2.«Қазақстан ұландары» әні д. Көзмағанбетов.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •Өмірбаяны:
- •Репертуары:
- •Шығармашылығы:
- •Жаппас Қаламбаев (1909-1970) мектебінің қобызшысы.
- •2.Үй тапсырмасын тексеру:
- •5 Сыныбы. Музыка. 06.09.2013 ж.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •4.Кезекті ұйқас
- •5. Шалыс ұйқас
- •7. Аралас келетін ұйқас
- •8.Осы күнгі ерікті ұйқастар
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •Асан Қайғы Сәбитұлы
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •1.Ұйымдастыру.
- •3.Ой қозғау. «Асық иіру» ойыны.
- • Қобызды ұлттық брендіге айналдыратын уақыт жетті
- •6 Сыныбы. Музыка. 06.09.2013 ж.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •6 Сыныбы. Музыка.
- •Нұрпейісова Дина
- •6 Сыныбы. Музыка.
- •III.Өмірбаяны:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •6 Сыныбы. Музыка.
- •Сабақтың мазмұны Құлагер
- •2.Үй тапсырмасын тексеру:
- •4.Жаңа білім игеру. Тақырыбы: тілепбергенұлы қазанғап
- •6 ‘А’ сыныбы. Музыка. 19.09.2013 ж.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •6 ‘А’ сыныбы. Музыка. 26.09.2013 ж.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы:
- •6 ‘А’ сыныбы. Музыка. 03.10.2013 ж.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы:
- •1 Саусақ басбармақ төмен тұрады
- •4 Саусақ басбармақ
- •VI.Сабақты қорытындылау:
- •VIII.Үйге тапсырма беру:
- •7.Үйге тапсырма беру:
37. Үрмелі аспаптардың күйін келтіруші
Параграф 1. Үрмелі аспаптардың күйін келтіруші, 6-разряд
323. Жұмыс сипаттамасы: үрмелі музыкалық аспаптардың қатарын, тембрін, шығару жеңілдігі мен дыбысты анық шығаруын баптау және реттеу; барлық хроматикалық дыбыс қатары бойынша квартоквинт шеңберімен аспаптың акустикалық қасиеттерін тексеру; бақылау акустиалық аспаптарын тербеліс жиілігі 440 Гц, бірінші октаваның «ля» камертоны (эталоны) бойынша күйін келтіру және реттеу; аспаптың бөлшектері мен тораптарының қосылысқан жеріндегі өзара әрекеттестігін, дыбыс өткізу арнасының герметикалығын тексеру; клавиатураның клапанды-рычагты механизмінің, су жіберетін клапандар мен бұрандалардың дұрыс орналасуын, крон қадамының жеңілдігі мен клавиатура жұмысының дәлдігін тексеру; серіппенің тартылуын грамометрмен тексеру; үрмелі музыкалық аспаптардың мундштуктері мен таяқтарын қиыстыру және жетілдіру; арнайы акустикалық аспаптардың көмегімен қатардың, оңай шығарудың және дыбыс орнықтылығының ақаулықтарын анықтау және оларды түзету; аспаптарды ойнап байқау. 324. Білуге тиіс: мундштукты (амбушюрлі), дульцті, таяқты үрмелі музыкалық аспаптарды баптау және реттеу тәсілдері; үрмелі музыкалық аспаптарды жасау технологиясы мен құрылысы, музыкалық білім, музыкалық аспаптарды орташа музыкалық білім деңгейінде ойнау ережесі; музыка теориясы, музыкалық акустика, музыкалық эстетика, бақылау акустикалық аспаптарының құрылысы мен баптау және реттеу ережесі; музыкалық есту қабілеті болуға тиіс.
38. Үрмелі аспаптарды құрастырушы
Параграф 1. Үрмелі аспаптарды құрастырушы, 3-разряд
325. Жұмыс сипаттамасы: қарапайым үрмелі музыкалық аспаптарды бөлшектерін жасай отырып құрастыру; оркестрлік үрмелі музыкалық аспаптардың жекелеген тораптарын құрастыру; ашық клавиатураның тораптарын және 3 вентильді үрмелі музыкалық аспаптардың серіппелі барабандары бар клавиатураны құрастыру; рычагтарды, тартпаны, тұғырларды, тұмсығын, мостының планкасын және басқа да бөлшектерін слесарлық өңдеу; клавиатураның бөлшектерін кондукторы бойынша бұрғылау станоктарында бұрғылау; тартпа торабы мен барабандарын айқастырып құрастыру; клавиатура серіппесінің созылу күшін динамометрмен реттеу; нейзильбер маркасы мен оның физикалық-механикалық қасиеттеріне байланысты техникалық шарттарда көзделген күшке қол жеткізу үшін спираль серіппенің орамаларының санын анықтау; бөлшектер мен тораптарды қалайы-қорғасын және күміс дәнекермен дәнекерлеу; бөлшектер мен тораптарды қырнау және ысқылау; дайындамаларды материалдың түсі, сорты бойынша іріктеу; құрастыру ақаулықтарын анықтау, оларды жою; бұрғылау, арнайы бұранда кескіш станоктарды, нығыздауыштар мен арнайы айлабұйымдарды баптау. 326. Білуге тиіс: қарапайым үрмелі музыкалық аспаптарды құрастыру әдіс-тәсілдері, ашық клавиатураның тораптарын және 3 вентильді үрмелі музыкалық аспаптардың серіппелі барабандары бар клавиатураның құрылысы, оларды құрастыру сапасына қойылатын талаптар; дәнекерлеу режимі, дәнекер мен флюс маркасы, құрастыру кезінде флюсті балқыту температурасы, газ және оттегі шілтердің жұмыс қағидаты мен қолданылу шарттары, қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері; қолданылатын жабдықтарды баптау ережесі; арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен қолданылу ережесі; сызбаларды оқу, геометрия, кесу құралын қайрау және орнату ережесі; шектеулер мен қондыру, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері туралы түсінік. 327. Жұмыс үлгілері: 1) альт, баритон, валторн, труба, туба, цуг-тромбон-тораптарын құрастыру; 2) тығын - рычагқа қол нығыздауышпен нығыздау; 3) горны пионерлік және кәдесый горндары, мүйіз сырнай, фанфара, аңшы тұрбасы – бөлшектерді жасау және толық құрастыру; 4) серіппе - дайындау және қолмен орау.
Параграф 2. Үрмелі аспаптарды құрастырушы, 4-разряд
328. Жұмыс сипаттамасы: күрделілігі орташа үрмелі музыкалық аспаптарды бөлшектерін жасай отырып құрастыру; ашық клавиатураның тораптарын және 4 және 5 вентильді үрмелі музыкалық аспаптардың серіппелі барабандары бар клавиатураны, сондай-ақ реттелетін клавиатураны құрастыру; клавиатура бөлшектерін қолмен арнайы айлабұйымдардың көмегімен слесарлық өңдеу; бөлшектер мен тораптардың жанасқан бетін қырнау және ысқылау; тартпа торабы мен барабанды үстелде қолмен айқастырып құрастыру және тартпа мен үлкен рычагтың осьтерін қол нығыздауышта бекіту, тығынды тартпаға нығыздау; клавиатура серіппесінің созылу күшін динамометрдің көмегімен реттеу және баптау; клавиатураның біркелкілігін, жатықтығын және басылуының жеңілдігін үрмелі музыкалық аспаптардың дыбыстау және ойнау қасиеттеріне қойылатын талаптар бойынша қамтамасыз ету; ағаш үрмелі музыкалық аспаптарды буындары мен арматурасының дайындамасын сызбалар бойынша құрастыру; көшірмесі бойынша белгілеу және шар тұғырларға арналған саңылауларды бұрғылау-көшіру станогында бұрғылау; ағаш үрмелі музыкалық аспаптардың буындарын арматурамен монтаждау; үрмелі музыкалық аспаптардың күрделілігі орташа механизмдерінің клапандық-рычагты бөлшектерін өңдеу; рычагтарды құрастыру; бөлшектердің өзара әрекеттесуін реттеу; үрмелі музыкалық аспаптардың күрделілігі орташа бөлшектері мен тораптарын қалайы-қорғасын және күміс дәнекермен дәнекерлеу; оркестрлік үрмелі музыкалық аспаптарды аспаптың герметикалығы мен акустикалық өлшемдерін қамтамасыз ете отырып құрастыру; корпусты ағаш басына және дыбыстық машинкалармен монтаждау; дыбыстық машинкалардың басылуын реттеу; құрастыру үшін бөлшектерді материалдың түсі, сорты, үрмелі музыкалық аспаптардың түрлері бойынша жинақтау; бөлшектер мен тораптардың көлемін арнайы бақылау-өлшеу құралдарымен тексеру; күрделілігі орташа үрмелі музыкалық аспаптардың қатарын камертон, фисгармония және объективті бақылау аспабы бойынша тексеру; құрастыру ақаулықтарын анықтау және оларды жою. 329. Білуге тиіс: күрделілігі орташа үрмелі музыкалық аспаптарды құрастыру әдіс-тәсілдері, күрделілігі орташа үрмелі музыкалық аспаптардың құрылысы; ағаш үрмелі музыкалық аспаптардың рычагтарының берілу жүйесі және клапандарды реттеу тәсілдері, қатардың бұзылуын және клапанның толықтай жабылмауын туындататын себептер; балқымалар мен дәнекерді балқыту температурасы, газ және оттегі шілтердің, арнайы айлабұйымдардың құрылымдық ерекшеліктері; қолданылатын материалдарды өңдеудің әдістері мен режимі, қолданылатын жабдықтар мен арнайы бақылау-өлшеу құралдарының құрылымдық ерекшеліктері; музыкалық білім мен үрмелі музыкалық аспаптарда негіздері; шектеулер мен қондыру, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері. 330. Жұмыс үлгілері: Құрастыру: 1) альт; 2) баритон; 3) кларнет; 4) тенор; 5) цилиндр тұрбалар; 6) «Б» және «С» тұрбалары; 7) саксофон торабы; 8) помпылы трубаның тораптары; 9) флейта – бойлық сопрано.
Параграф 4. Үрмелі аспаптарды құрастырушы, 5-разряд
331. Жұмыс сипаттамасы: күрделі үрмелі музыкалық аспаптарды бөлшектерін жасай отырып құрастыру; бөлшектер мен тораптарды өңдеудің технологиялық режимін анықтау; бөлшектер мен тораптардың, арнайы айлабұйымдардың акустикалық және құрылымдық ерекшеліктерін анықтау; ағаш үрмелі музыкалық аспаптардың дыбыстық саңылауларын қолмен және көшірме бойынша белгілеу; дыбыстық саңылауларды бұрғылау-көшіру станогында бұрғылау, дыбыстық қажетті жоғарылығын қамтамасыз ететін саңылауларды жетілдіру; ағаш үрмелі музыкалық аспаптардың буындарына арматуралар мен тұғырларды қолмен арнайы айлабұйымда орнату; шар тұғырларды осьтің астына бұрғылау, бұранда кесу және тұғырды үстелдік-бұрғылау және фрезерлеу станоктарында фрезерлеу; күрделі ағаш үрмелі музыкалық аспаптардың клапанды-рычагты механизмінің бөлшектерін өңдеу; клапанды-рычагты механизмді құрастыру және реттеу; дыбыстық саңылауларды жабатын тегіс және дөңгелек серіппені реттеу шегінде белгіленген техникалық жағдайда орнату; күрделі үрмелі музыкалық аспаптарды күміс және қалайы-қорғасын дәнекермен жұқалап газбен дәнекерлеу әдісімен құрастыру; аспаптың герметикалығын толық қамтамасыз ету және оның акустикалық өлшемдерін сақтау; машинаның герметикалығын арнайы аспаппен тексеру; дыбыстау машинкаларын монтаждау, бөлшектердің формасы мен металдың маркасын ескере отырып, қатты және жұмсақ дәнекердің рецептурасын жасау; әртүрлі дәнекермен дәнекерлеудің тиімді технологиялық режимін анықтау; күрделі үрмелі музыкалық аспаптардың бөлшектері мен тораптарының өлшемін арнайы бақылау-өлшеу құралдарымен тексеру және үрмелі музыкалық аспаптардың дыбыс шығаруын камертоны, фисгармониясы, дыбыстау сапасын объективті бақылау аспабымен реттеу; үрмелі музыкалық аспаптарда ойнап байқау; жекелеген тораптар мен бөлшектерді баптау кезінде анықталған ақаулықтарды жою, қажетті үндесімділікке дейін жеткізу, тембрлік бояу беру, үрмелі музыкалық аспаптардың барлық диапазоны бойынша дауыс айқындылығы. 332. Білуге тиіс: күрделі үрмелі музыкалық аспаптарды құрастырудың әдіс-тәсілдері, бөлшектер мен тораптарды өңдеу және оларды құрастырудың тиімді режимін таңдау ережесі; күрделі ағаш үрмелі музыкалық аспаптардың құрылысы, қолданылатын ағаштың, пластмасса, эбонит, металл мен түсті балқымалардың сапасы мен қасиеттері; құрастыру дәлдігінің аспаптың дыбыстау сапасына тигізетін әсері, барлық дәнекерлер мен флюстердің түрлері, мақсаты мен рецептурасы; қышқылдың қасиеттері, олармен жұмыс жүргізу ережесі; үрмелі музыкалық аспаптардың үнін реттеу ережесі; музыкалық білім, шектеулер мен қондыру, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері жүйесі. 333. Жұмыс үлгілері: Құрастыру: 1) 3-вентильді валторндар; 2) жеке гобой; 3) корнет; 4) саксофон; 5) помпылы труба; 6) тубы; 7) цилиндр және пикколо флейта; 8) цуг-тромбон.
Параграф 5. Үрмелі аспаптарды құрастырушы, 6-разряд
334. Жұмыс сипаттамасы экспортқа шығару үшін және жеке тапсырыспен жасалатын аса күрделі үрмелі музыкалық аспаптарды бөлшектерін жасай отырып құрастыру; бөлшектердің және жалпы аспаптың акустикалық және құрылымдық ерекшеліктерін анықтау; аспап мензурасының акустикалық өлшемдерін есептеу; мензура есебі бойынша дайындаманың барлық элементтерінің, корпус бөлшектері мен дыбыстық машинкаларының графикалық құрылымы; бөлшектер мен тораптарды өңдеудің технологиялық режимін анықтау; ағашты сапасы бойынша іріктеу, оны дайындамаларға бөлу; лекало жасау және металды осы бойынша пішу; аса күрделі үрмелі музыкалық аспаптарды бөлшектерін күміс және қалайы-қорғасын дәнекермен дәнекерлеу; дыбыстау машинкаларының бөлшектерін және жартылай томпактан, томпак пен нейзильберден жасалған үрмелі музыкалық аспаптардың корпусын жүргізілген есептер мен графикалық құрылымдарды жасау; дыбыстау машинкаларының тораптарын құрастыру және олардың герметикалығын арнайы аспапта тексеру; аса күрделі үрмелі музыкалық аспаптарды бөлшектерін белгілі бір үндесімдегі үн жоғарылығын қамтамасыз ете отырып жетілдіру, таяқты үрмелі музыкалық аспаптардың буындары мен кең қоныштарын бояу, тегістеу, лакпен және политурамен жылтырату; арнайы айлабұйымдардың көмегімен шар тұғырларды орнату және оларды фрезерлеу; аса күрделі ағаш үрмелі музыкалық аспаптардың клапанды-рычагты механизмінің бөлшектерін өңдеу; клапанды-рычагты механизмнің тораптарын құрастыру және реттеу; тегіс және дөңгелек серіппені орнату; бөлшектер мен тораптардың көлемін бақылау-өлшеу құралдарымен тексеру; аса күрделі үрмелі музыкалық аспаптарды камертоны, фисгармониясы, дыбыстау сапасын объективті бақылау аспабымен реттеу және баптау; аспаптың дыбыстау сапасын ойнату арқылы анықтау, ақаулықтарды анықтау және оларды түзету. 335. Білуге тиіс: экспортқа шығару үшін және жеке тапсырыспен жасалатын аса күрделі үрмелі музыкалық аспаптарды құрастырудың әдіс-тәсілдері; аса күрделі үрмелі музыкалық аспаптардың бөлшектері мен тораптарын құрастыру, жасаудың жоғары дәлдігіне қол жеткізу тәсілдері; аса күрделі үрмелі музыкалық аспаптардың құрылысы, үрмелі музыкалық аспаптардың негізгі бөлшектері мен мензурасының акустикалық есептерінің ережесі; үрмелі музыкалық аспаптардың үн сапасын анықтайтын факторлар, жасалған бөлшектер мен тораптардың герметикалығы мен беріктігін сынау әдістері; қолданылатын ағаштың сапасы мен қасиеттерінің ауаның әсері мен аспапты пайдалану шарттарына тәуелдігі; ұстау, май сіңдіру және ағашты кептіру режимі, металл ақаулықтары, қолданылатын материалдардың қасиеттері және оларды өңдеу режимі; қолданылатын жабдықтың, арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен дәлдігін тексеру ережесі; үрмелі музыкалық аспаптарды акустикалық тексеру әдістері, тәсілдері мен ережесі; шектеулер мен қондыру, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері жүйесі. 336. Жұмыс үлгілері: Акустикалық есеп, бөлшектерді жасау, құрастыру: 1) баритон; 2) бас-кларнет; 3) 4 және 5 вентильді валторн; 4) контрафагот; 5) альт және тенор саксафоны; 6) помпылы трубалар; 7) 4 вентильді трубалар; 8) фагот; 9) квартвентильді цуг-тромбон.
4‘а’ сыныбы. Музыка. 7.09.2013 ж. Бекітемін:_________
Сабақтың тақырыбы: Ұстазды ұлы тұтқан күйші – Төлеген Момбеков Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: Сынып оқушыларына аталған тақырып жайлы жан-жақты мысалдар арқылы түсініктер беру
ә).дамытушылық:Сынып оқушыларының музыкалық білімін арттыру.
б)тәрбиелігі: Сынып оқушыларын өнерлі болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар. DVD(дискі)
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың түрі: Қазіргі дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білім игеру.
Сабақтың әдісі: баяндау,Түсіндіру.
Сабақтың кезеңдік мақсаттары:
1.Сабақтың басталуы:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып,оларды білім игеруге дайындау.
2.Үй тапсырмасын тексеру:Сынып оқушыларынан үйге берілген ұстазды ұлы тұтқан күйші Төлеген Момбеков шығармашылығы жайлы түсініктері сұралады.Тақырып көлемінде оқушыларға сұрақтар қойылып,тиісінше олардың жауаптары алынады.
3.Дауыс жаттығуы:Дауыс жаттығуы оқушылардың дауыс бояуын ашып алу үшін жасалады.
4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы: Ән өнерін паш еткен – Манарбек Ержанов
Манарбек Ержанов (1901-1966)- әнші,композитор,күйші әрі актер.Ол Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі (1936) және Қазақстанның Халық артисі (1938).Сонымен қатар Қазақстан композиторларп одағының ең алғашқы мүшелерінің бірі (1942).Әкесі күйші,зергер,ұста болған.анасы да әншілігімен ауыл арасына танылған.Болашақ өнер иесінің музыкаға деген құмарлығы анасының ықпалы арқылы ерте оянды.Манарбектің көкірегіне музыканың әсем сазын ұялата білген ұстазы-әнші әрі күйші Күсенбай.Бұдан кейін Манарбектің әншілік шеберлігін ұштауда Ш.Қошқарбайұлы мен Ә.Қашаубаев игі әсер етті.16-17 жасында-ақ Манарбек Біржан сал,Ақан сері,Жарылғапберді,Естай,Шашубай әндерін айтып,ауыл арасындағы айтыстарға қатысып,ел аузына іліккен.1928 жылы Қазақ драма театрына қабылданған алғашқы актерлардың бірі болды.Осы театрда қойылған спектакльдерде ойнап,сан қырлы бейнелерді сомдады.1931-1932 жылдары Риддердегі жұмысшы жастар театрында қызмет етті.Е.Г.Брусиловскийдің опералары- Қыз Жібектегі Шеген ,Ер Тарғындағы Сақанның,Жалбырдағы Елеместің рөлін ойнап,көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
«Елім – ай »әнінің кең тыныстылығы, ондағы біртұтас терең ойды білдіретін сөзі әсерлігі талай композиторлар шығармашылығына арқау болды. Композитор Н. Меңдіғалиев фотепиано аспабына «Елім – ай» тақырыбы бойынша варияциялар жазды. Барлығы – 10 варияция.
«Елім – ай» варияцияларын тыңдау. (жылдамдық, ырғақ регистр, дыбыс биіктігі, динамика- дыбыс күші).
Варияция - музыкалық шығармада негізгі тақырыптың екпін, ырғақ. динамика арқылы түрлі өзгеріске ұшырап, құбылып отыруы. Ол латын тілінен аударғанда «өзгеру», «түрлендіру»,деген мағынаны білдіреді.
Өзара үйлесімді екі дауыста орындалатын музыканың түрін қосдауыс деп аталады. Мұнда әннің негізгі әуені 1- дауыс, ал 2 – дауыс қосалқы болып табылад.
«Елім - ай» әніндегі негізгі әуенді екі дауыста орындау
«Елім – ай »әнін тыңдау. DVD(дискі) . тыңдау
Оратория – белгілі бір тарихи тақырыпқа жазылған және әнші, хор, симфониялық оркестр орындайтын бірнеше бөлімді музыкалық шығарма. Итальян тілінде «айматын» дегенді білдіреді.
Үйретілетін ән: 1. ҚР мемлекеттік гимні
