- •Портал музыки Фортепиано
- •37. Үрмелі аспаптардың күйін келтіруші
- •38. Үрмелі аспаптарды құрастырушы
- •2.«Қазақстан ұландары» әні д. Көзмағанбетов.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •Өмірбаяны:
- •Репертуары:
- •Шығармашылығы:
- •Жаппас Қаламбаев (1909-1970) мектебінің қобызшысы.
- •2.Үй тапсырмасын тексеру:
- •5 Сыныбы. Музыка. 06.09.2013 ж.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •4.Кезекті ұйқас
- •5. Шалыс ұйқас
- •7. Аралас келетін ұйқас
- •8.Осы күнгі ерікті ұйқастар
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •Асан Қайғы Сәбитұлы
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •1.Ұйымдастыру.
- •3.Ой қозғау. «Асық иіру» ойыны.
- • Қобызды ұлттық брендіге айналдыратын уақыт жетті
- •6 Сыныбы. Музыка. 06.09.2013 ж.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •6 Сыныбы. Музыка.
- •Нұрпейісова Дина
- •6 Сыныбы. Музыка.
- •III.Өмірбаяны:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •6 Сыныбы. Музыка.
- •Сабақтың мазмұны Құлагер
- •2.Үй тапсырмасын тексеру:
- •4.Жаңа білім игеру. Тақырыбы: тілепбергенұлы қазанғап
- •6 ‘А’ сыныбы. Музыка. 19.09.2013 ж.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •6 ‘А’ сыныбы. Музыка. 26.09.2013 ж.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы:
- •6 ‘А’ сыныбы. Музыка. 03.10.2013 ж.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы:
- •1 Саусақ басбармақ төмен тұрады
- •4 Саусақ басбармақ
- •VI.Сабақты қорытындылау:
- •VIII.Үйге тапсырма беру:
- •7.Үйге тапсырма беру:
7.Үйге тапсырма беру:
«Қазақстан ұландары» жаттау.
4 ‘а’ сыныбы. Музыка. 28.09.2013 ж. Бекітемін:_________
Сабақтың тақырыбы: : Ән өнерін паш еткен – Манарбек Ержанов
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: Оқушыларға қазақ халқының музыкасын таныстырып музыкалық білімдерін көтеру.
ә)дамытушылық: Музыканы тыңдай білу, әнді мәнерлеп орындау,қабілеттерін дамыту
б)тәрбиелік: Олардың бойларындағы қасиеттерін түсіну, сезіну қабілеттерін байқау, музыканы қабылдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар. DVD(дискі)
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.
Сабақтың түрі: Қазіргі дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білім игеру.
Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру
1.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын тексеру,бағалау.
3.Дауыс жаттығуы:Дауыс жаттығуы оқушылардың дауыс бояуын ашып алу үшін жасалады.
«Манарбектің мың қыры»
|
|
Манарбек
Ержанов – қазақ музыка мәдениетіндегі
көрнекті тұлғалардың бірі. Әнші, актер
әрі композитор болған ол, қазақ музыка
өнерінің дамуына елеулі үлес қосты.
Арнайы музыкалық мамандығы болмағанына
қарамастан Манарбек туа біткен
талантының арқасында шығармашылық
саласында ірі табыстарға қол жеткізді.
Оның өнерге деген жолын алғаш ашқан
халық әншісі Күсембай болса, кейін
оны атақты әнші Шашубай Қошқарбаев
өз тәрбиесіне алады. Манарбек Ержанов 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінен кейін кеңінен танымал болды. Үлкен театрдың сахнасында «ҚыЖібек» операсындағы Шегенің ариясын орындаған әншінің қуатты дауысына астаналық әнқұмарлар таңдана қол соқты. Әншінің шырқаған нотасы қол соғылып біткенге дейін бір дем алмастан созылды. Осыдан кейін де көрермендер қазақстандық әншіге дүрілдете қол соғумен болды! 24 ақпаннан бастап өнер туралы әдебиеттер бөлімінде Манарбек Ержановтың 110 жылдығына арналған «Манарбектің мың қыры» кітап көрмесі жұмыс істеді |
ЕРЖАНОВ Манарбек (8. 3. 1901, қазіргі Қарағанды обл., Ақтоғай ауд., — 14. 11. 1966, Алматы қ.) — әнші (тенор), актер, композитор, ҚазКСР-інің халық артисі (1938). Кедей шаруа отбасында туған. Таланты ерте ашылып, өз еліндегі домбырашы Күсенбайдан күй үйренген; ән салып, ауыл арасындағы айтыстарға қатысқан. 16-17 жасында-ақ Біржан сал, Ақан сері, Жарылғапберді, Естай, Шашубай әндерін айтып, ел аузына іліккен. 1928 ж. Қазақ драма театрының құрамына қабылданып, алғашқы актерлерінің бірі болды: осы театрда қойылған спектакльдерде ойнап, сан қырлы бейнелер жасады. 1931-32 ж. Риддердегі (Лениногор) жұмысшы жастар театрында қызмет етті. 1934 ж. Алматы муз. театрында (қазіргі Қазақтың мемл. академиялық опера және балет театры) Е. әнші-артист болып еңбек етті. И.В.Коцык-тың "Айман - Шолпан" муз. спектаклінде Жарас; Е.Г.Брусиловскийдің "ҚызЖібек", "ЕрТарғын" және "Жапбыр" операларында Шеге, Сақан, Елемес; А.Қ.Жұбанов пен Л.А.Хамидидің "Абайында" Әзім; М.Төлебаевтың "Біржан - Сарасында" Естай рольдері оның әншілік әрі артистік талантын танытып, даңқын кетерді. 1936 ж. 17-майда Үлкен театрда (Москва) қазақ әдебиеті мен енерінің онкүндігі "Қыз Жібек" операсымен ашылғанда Е. Шеге ролін ойнады. "Мына бір әнші қазақтың кең даласын Москваның сахна-сына алып келді-ау" деп, акад. Б.В.Асафьев Е-тың әншілік өнеріне тәнті болады. 1953 жылдан емірінің ақырына дейін ол Қазақ филармониясында әнші солист болып, халықтың ән жанрында кең орын алатын терме, желдірмеден бастап, кең танысты әндерге ("Ардақ", "Ағашаяқ", "Смет", "Топай көк", "Жанбота", "Балқадиша", "Аққайың", "Толыбай", "Хорлан", "Ақсиса" т. б.) дейін еркін орындады. 1930 жылдан бастап Е. композиторлық өнермен де шұғылданды. Оның "Жетісу", "Астанада", "Батыр жорығы", "Күсенбай", "Өрнек", "Шалқар көл", "Аққу көлі" күйлері, хорға арналған "Партизан жорығы", "28 гвардияшы-панфиловшылар", "Жастар тойы", "Жастар әні", "Бейбітшілік маршы" атты шығармалары, "Паровоз", "Амангелді", "Бақытжыры", "Қуанамын", "Қойшының әні", "Әнші Біржан", "Сайра бүлбұл" әндері қазақ музыкасында -зінің лайықты орнын алды. Ол Еңбек Қызыл Ту және "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған. «Алғашқы ұстазым» халық әні. 5.Сабақты қорытындылау:Білім игеру мен іс-әрекет тәсілдерінің табыстылығына талдау жасау. 6.Оқушыларды бағалау:Оқушылардан сұралған үй тапсырмасына және қосымша қойылған сұрақтарға жауап беру деңгейіне орай бағалаймын. 7.Үйге тапсырма беру: «Алғашқы ұстазым» жаттау
4 ‘а’ сыныбы. Музыка. 05.10.2013 ж. Бекітемін:_________
Сабақтың тақырыбы: Әншілік өнердің хас шебері – Жүсіпбек Елебеков
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: Оқушыларға қазақ халқының музыкасын таныстырып музыкалық білімдерін көтеру.
ә)дамытушылық: Музыканы тыңдай білу, әнді мәнерлеп орындау,қабілеттерін дамыту.
б)тәрбиелік: Олардың бойларындағы қасиеттерін түсіну, сезіну қабілеттерін байқау, музыканы қабылдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар. DVD(дискі)
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.
Сабақтың түрі: Қазіргі дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білім игеру.
Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру
1.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын тексеру,бағалау.
3.Дауыс жаттығуы:Дауыс жаттығуы оқушылардың дауыс бояуын ашып алу үшін жасалады.
