Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістемелік схема.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129 Кб
Скачать
☆

Аралас сабақтың кезеңдері

Жұмысты

ұйымдастыру

Өткенді қайталау

Жаңа материалды оқу

Бекіту/қорытынды

Үйге тапсырма

5 мин.

20 мин.

40 мин.

20мин

5 мин.

Ұйымдастыру бөлімі

Оқу еңбегінің жақсы жүруіне жағдай жасау үшін сабақты алдын ала ұйымдастыру қажет, себебі сабақтың жақсы өтуі алғашқы минуттарға байланысты.

Ұйымдастыру бөлімі – күрделі кезең. Оның міндеті оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан әзірлеу.

Жақсы нәтижелерге жету жағдайлары:

  • мұғалімнің зейінін шоғырландыра білуі, өзін-өзі ұстауы, жинақтылығы;

  • көп сөйлемеу, жігерлілік;

  • талап қойғыштық және оқушылардың жағдайына зейінін аудару және сабаққа кешікпей келу;

  • психологиялық үзіліс және сұрақтарды қолдану сабақ тақырыбына зейінді шоғырландыру;

  • жылы жүзділік және кең жүректілік;

  • талапты тұрақты және жүйелі қою.

Кезеңнің психологиялық міндетінің орындалғанын мына көрсеткіштерге қарап біледі:

  • Оқытушы мен оқушының жайдарлығы;

  • Ұйымдастыру бөлімінің қысқалығы;

  • Аудиторияның, сабақ жабдықтарының жұмысқа толық дайындығы;

  • Топты тез жұмысқа кірістіру;

  • Барлық оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Бұл өте маңызды және жауапты кезең, оны жүзеге асыру сабақтың дамуы мен нәтижесіне ықпал етеді. Кейбір оқытушылардың ұйымдастыру бөлімі тез өтеді, бұл оқытушының алдыңғы сабақтардағы ұйымдастыру талаптарын орындауға балаларды үйретудің нәтижесі. Бұл кезең тәрбиелейді. Бұл кезеңде оқытушы мен оқушының өзара қатынасынаң негізі қаланады.

Кезеңнің мазмұны:

  1. Амандасу - әдептіліктің қарапайым түрі, педогогикалық процестің, оқушы мен оқытушының қарым – қатынасының басы. Оған қарап оқытушы мен оқушылар арасындағы қарым – қатынас қандай екендігі туралы пікірлер айтуға болады. Амандасудан өзара сыйластық, бірін-бірі жақсы көру, бір-біріне жақсылық тілеп тұру керек. Бұл ынтымақтастыққа жол ашады. Сондықтан амандасуға үстірт қарауға болмайды.

  1. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу

Егер оқушы сабақты себепсіз жіберсе, онда жазалау әдісі қолданылады да, ал ауырып жатса оған көмек беріледі. Жолдастарынан міндетті түрде оқушының денсаулығын сұрап, сырқат оқушыға «тез жазылып кетсін», - деп тілек айтып жіберген дұрыс.

  1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Бұл сәтте оқытушы оқушылардың сырт келбетіне, жұмыс істеген кездегі қимыл-қозғалыстарына, жұмыс назар аударады, әдептілік, сезімталдық оқушының талғамын, сырт келбетінің әсемдігін тәрбиелейді.

4. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.

Оларды үзіліс кезіндегі психикалық жағдайдан саналы, тез жұмыс істеп кетуге тәрбиелеу керек. Оқытушының аудиторияға кіріп келген кездегі психологиялық жағдайы оқушыларға беріледі. Сондықтан дауыс көтеру, зекіру ынтымақты бұзады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Кезеңнің оқу-тәрбиелік міндеті – барлық оқушылардың үй тапсырмасын толық, дұрыс, саналы орындағанын тексеру, жекелеген оқушылардың тапсырманы орындамау себептерін анықтау, тексеру барысында білім, іскерлік, дағдыларда байқалған кемшіліктерді жою, соңғыларын одан әрі жетілдіруді жүзеге асыру.

Оқытушы оқушылардың күші мен қабілетіне дем беріп, табысқа ынталандырады, борыш сезімін, мақсатқа жетудегі табандылықты, тәртіптілікті қалыптастыру үшін жұмыстанады.

Кезең мазмұны:

  1. Барлық оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындағанын анықтау.

  2. Жекелеген оқушылардың үй тапсырмаларын орындамау себептерін міндетті түрде анықтау және оны келесі күнге дейін орындататын шара қолдану.

  3. Білімдегі типтік қателіктерді анықтау және олардың пайда болу себептерін білу.

  4. Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

  5. Пән бойынша кеңесшілерді, кезекшілерді үй жұмысын тексеруге тарту.

  6. Оқушылардың өзара көмегін және өзін-өзі бақылауын қолдану.

  7. Оқытушының өзінің өткен сабақтағы жұмысын талдауы. Үй жұмысын тексеру арқылы оқытушы өзінің әдістемесінің жақсы және қате жерлерін тауып, оқушылардың ескере отырып, келесі сабақтарға әзірленеді.

Білімді жан-жақты тексеру кезеңі:

Оқу –тәрбиелік міндеттерді: топтардың білімін терең және жан-жақты тексеру арқылы, білім және іскерліктердегі кемшіліктердің себептерін анықтау, білім және іскерліктердігі кемшіліктердің себептерін анықтау. Оқушылардың білімдерін бекіту, нақтыландыру және жүйелеу. Оқушылардың өз бетімен орындаған үй жұмыстарының әдістемесін тексеру. Жауап берген оқушылардың тілін және ақыл-ой қабілетін дамыту. өз білімін басқаға жеткізуге, іскерлігін көрсетуге оқушыны дағдыландыру. Оқушыларды талдай білуге, сынауға үйрету. Ұжымшылдық сезімін, басқаның табысына қуанып, сәтсіздіктеріне қайғыра білуге тәрбиелеу, өзінің іс – әрекетіне баға беру. Кезеңнің міндеттері күрделі және көлемді.

Кезеңнің мазмұны:

  • Жекелеген оқушылардың оқу материалын қаншалықты деңгейде білетінін түрлі әдістермен тексеру;

  • Жауап берген оқушылардың ойлау мәнерін тексеру;

  • Оқу және әлеуметтік дағдылары мен іскерліктері қаншалықты деңгейде екендіктерін анықтау;

  • Оқушылардың жауаптарына баға беру;

  • Тақтаға шақырыған оқушылар жауап беріп жатқанда барлық топтың оқу жұмысын ұйымдастыру.

  • Бұл кезең оқытушыдан үлкен шеберлікті талап ететін күрделі кезең. Оқушылардың білімдерін терең және дұрыс тексеру күрделі де қиын жұмыс. Ол жаңа материалды түсіндіргеннен де қиын.

Ауызша сұрау – сабақтағы тілдік тәжірибенің бірден-бір түрі. Ол өзара байланысты, бір-біріне ықпал үш бөліктен тұрады.

Бірінші - оқытушының сұрағы және қою әдістемесі педагогикалық аксиомамен байланысты: ақылмен берілген жауапты ақылмен қойылған сұраққа алуға болады. Оқытушының беретін сұрағы мазмұнды, жүйелі және мақсатқа сәйкес болу керек.

Екінші – оқушының жауабы негізгі және маңыздырақ бөлім.

Үшінші – оқушылардың білімін тексеру кезіндегі оқушылардың тәртібі. Ең бастысы – бір оқушы тақырыпты түсінгенін айтып жатқанда топтың зейінін, есін белсенді етіп, барлық оқушыларды белсенді жұмысқа тарту. Кезеңнің мәні – топтың барлық оқушыларының білімдерін жетілдіретін, кейбірін аттестациядан өткізетін ұжымдық, танымдық іс-әрекетте оқушылардың білімін тексеру тек бақылаудың мақсаты ғана емес, ол оқытудың да мақсаты болып табылады.

ІV. Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға, меңгеруге оқушыларды әзірлеу кезеңі:

Кезеңнің алдында тұратын оқу-тәрбиелік міндеттер:

Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және оған бағыт беру, жаңа материалды меңгеруге әзірлеу. Оқушыларды мақсатты тұжырымдауға және оған қол жеткізу құралдарын таңдап алуға үйрету.

Кезеңнің мазмұны:

Жаңа оқу материалының тақырыбын хабарлау, жаңа материалды оқып-үйренудің мақсаты мен міндеттері оқушылармен бірге тұжырымдау;

жаңа оқу материалын оқып үйренудің тәжірибедегі пайдасын көрсетіп, оны меңгеруге оқушыларды ынталандыру;

Оқушылардың алдына оқу мәселелерін қою, әрбір оқушының оқу процесінде орындалатын жұмыстардың мақсатын білуі, оқушының білімнің маңызын түсініп, оқуға қызығуы.