Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістемелік схема.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129 Кб
Скачать
☆

VII. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындау жөнінде нұсқаулар беру

Оқу тәрбиелік міндеттерді: үй тапсырмасын оқушыларға хабарлау, оны орындау әдістемесін, орындаудың қажеттілігін, міндеттілігін оқушыларға түсіндіру. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы оқушыларға тәрбие береді, дамытады.

Бірінші. Оқушылардың негізгі ұғымдарды және іскерліктерді меңгеруіне көмектесетін үйге берілетін тапсырмалар оқушының ерік- жігерін, жауапкершілігін, саналы тәртібін қалыптастыруға ықпал етеді.

Екінші. Үй тапсырмасын оқушының зейінін негізгі білім, іскеріліктерге шоғырландырып, білімнің беріктігін арттырып, ең бастысы, білім және іскерліктерді қолдандырады.

Кезеңнің мазмұны:

● Сабақтың қорытындысын шығару;

● Оқушыларды үй тапсырмаларын орындауға ынталандыру:

● Оқушының білімге сезімін ояту, (мәселені қызықты етіп қою); борыш сезімін ояту, баланың икемділіктері, талап-тілектерін ескеру;

● Үй тапсырмаларын орындау жөнінде толық, бірақ қысқа нұсқау беру. Оқу материалын бекітуге, оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға көмектесетін тапсырмаларын беру. Үйге берілетін тапсырманы оқушының қабілетін, әсіресе дарынды балалардың қабілетін дамыту үшін қолданған дұрыс. Оқушының өзі таңдап алатын тапсырмалары – күшті тәрбие құралы;

● Жұмыс мазмұнын және оны орындаудың тәсілдерін оқушылардың қалай түсінгенін тексеру.

● Үй тапсырмалары – оқушылардың оқуға қызығушылығын дамытудың, адамгершілік сапаларын, дүниетанымын қалыптастырудың құралы.

● Оқытушының үй тапсырмаларын дұрыс орындатуы үйдегі оқу жұмысының, сабақтың сапасын жақсартады.

Жақсы нәтижелерге жетуге әсер ететін жағдайлар:

● Кезеңдегі оқу жұмыстарын міндетті және жүйелі түрде қоңырауға дейін бітіру, ол үшін уақыт бөлу. Бұл кезеңге сабақтың соңында екі, үш минут бөлуге немесе үй тапсырмасын қоңыраудан кейін беруге болмайды;

● Тапсырманы тексеруге барлық оқушылардың назарын аудару, оқуды табысқа жету көбіне үй жұмысын дұрыс орындауға байланысты екенін оларға түсіндіру;

● Үй тапсырмасының мазмұнын барлық оқушылардың түсінуі. Сабақтың басында және ортасында берілген үй тапсырмалары оқушылардың зейінін оқытушыға аударып, оларды жаңа матераилды қабылдауға әзірлейді.

● Дұрыс дайындалған тапсырмалар арқылы үй тапсырмасы қызықты жұмысқа айналады

● Үй тапсырмалары бірнеше сабақтарды біріктіруге мүмкіндік береді.

● Үй жұмыстары мінезді, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға көмектеседі.

Аралас сабақтың кезеңдеріннің қысқаша мазмұны осындай. Әрбір аралас сабақта барлық кезеңдері көрсетілген жүйемен сақтау міндетті емес, бәрі мұғалімнің ойға алған ісіне, педагогикалық мақсатқа сай құрылған сабақтың жүйесіне байланысты.

Жаңа материалды оқу сабағының құрылымы:

● Оқу материалын бірінші рет түсіндіргенде, таным процесінің заңдылықтарына сәйкес оқушылардың ақыл-ой белсенділігін арттыруға баса назар аудару;

● Есте сақтау керек мәліметтерді оқушыларға айту;

● Есте сақтауға және ұзақ есте сақтауға ықпал ететін жағдайларды жасау;

● Оқушыларға есте сақтаудың техникасын хабарлау. Мәліметтерді еске түсіруге тірек болатын сызбалармен жұмыс, оларды мағыналарына қарай топтастыру;

● Оқытушының басшылғымен қайталау, бірінші рет бекіту;

● Есте сақталған мәліметтерді анықтау;

● Қайталау, жеке тапсырмалар беру, алған білімді, үйренген іс-әрекетті түрлі тапсырмаларды орындағанда қолдану;

● Білім, іскерлік, дағдыларды оқушылардың есінде қалдыруға көмектесетін тірек мәліметтерді жиі қолдану.

Білімді білік және дағдыларды қолдану сабағының құрылымы:

● Сабақты ұйымдастыру;

● Оқушыларға сабақтың тақырыбын және оның алдында тұрған міндеттерді айту;

● Іскерлікті қалыптастыруға керекті жаңа білімдерді оқып үйрену;

● Біліктілікті бірнеше рет үйрету, жаттықтыру, үлгілері бойынша жұмыс істеу;

● Білімді және біліктілікті шығармашылықпен қолдану;

● Дағдыларды бекіту үшін жаттығулар беру;

● Үйге тапсырма;

● Оқушылардың жұмыстарына баға беру және сабақты қорытындылау.

Білім, іскерлік және дағдыларды дамыту сабақтарының құрылымы:

  • Оқу жұмысының мақсатын оқушыларға хабарлау;

  • Оқушылардың тапсырманы орындауға керекті білім, іскерлік, дағдыларын естеріне түсіріп қолдануы;

  • Оқушылардың түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауы;

  • Олардың орындаған жұмыстарын тексеру ;

  • Қателерді талдау және оларды түзету;

  • Қажет жағдайда үйге тапсырма беру;

  • Қайталау сабағының құрылымы;

  • Ұйымдастыру бөлімі;

  • Білімдік, тәрбиелік, дамыту міндеттерін қою;

  • Негізгі ұғымдарды, онымен байланысты біліктілік дағдыларды (тәжірибелік және ақыл-ой) қайталау үшін үйге берілген тапсырманы тексеру. Келесі сабақтарды қайталанатын материалдарды анықтау, оларды үйге беру;

  • Тексерудің нәтижесін шығару, сабақ үстіндегі оқу жұмысының нәтижелерін тексеру;

  • Үйге тапсырма.

Іскерлікті және дағдыларды қалыптастыру сабағының құрылымы:

  • Сабақтың мақсатын қою;

  • Жаңа іскерлік дағдыларға керекті бұрынғы іскерлік, дағдыларды қайталау;

  • Бұрынғы іскерлік, дағдыларды тексеру үшін оқушыларға тапсырма беру;

  • Жаңа іскерлікпен таныстыру, жасап көрсету;

  • Жаңа іскерлікті меңгеру үшін оқушыларға түрлі жаттығулар жасату;

  • Іскерлікті шыңдап, бекіту үшін жаттықтыру жұмыстарын жүргізу;

  • Үлгі, алгаритмге, нұсқау бойынша машықтану;

  • Іскерлікпен дағдыны ұқсас жағдайларда қолдануға жаттығу;

  • Шығармашылық жаттығулары;

  • Сабақтың қорытындысы;

  • Үйге тапсырма.

Қайталау сабағы.

Бұл сабақтардың мақсаты – оқушылардың білімдерін еске түсіру және кеңейту.

Түсіндіретін бөлік оқытушы нұсқауы, оқушыларды оқу жұмыстарына психологиялық жағынан әзірлеп, есептер шығару, шығарма, диктант, шығармашылық жұмыстар жазу. Негізгі бөлімде оқушылардың өз күшіне сенуіне және бірқалыпты жұмыс істеуіне оқытушы кеңес береді.