Жүрек қан- тамыр жүйесі
Жүрек аймағын қарау және пальпация жасап тексеру.
Жүрек аймағында дөңестік жоқ. Жүрек ұшының түрткісі пальпация жасағанда анықталмайды. Оң қарыншаның соқысы анықталмайды. Жүрек аймағында діріл байқалмайды.
Жүрек перкуссиясы:
Жүрек тұйықтығының шекаралары
Шекаралар |
Салыстырмалы шекарасы |
Оң жақ |
IV қабырғааралық 0,5 см кеуденің оң қырынан сыртқа қарай |
Сол жақ |
Сол жақ бұғана ортаңғы сызығы бойымен V қабырғааралықта |
Жоғарғы жақ |
Сол жақта III қабырғаның төменгі жиегі |
Шекаралар |
Абсолютті шекарасы |
Оң жақ |
Алдыңғы ортаңғы сызық бойымен IV қабырғааралықта |
Сол жақ |
V қабырғааралықта 2 см ортаңғы бұғана сызығы бойымен ішке қарай |
Жоғарғы жақ |
IV қабырғааралықта сол жақ төс сызығы бойымен |
Жүрек аускультациясында:
Жүрек тондары анық, жүректің соғу жиілігі минутына 72 рет. Ритм бұзылысы байқалмайды. Патологиялық ритм, жүрек шуы жоқ.
Ас қорыту жүйесі
Ауыз қуысы қызғылт түсті, таза, ылғалды. Тілі таза, ылғалдығы қалыпты, сұр жабындымен қапталмаған. Миндалиналары ұлғаймаған, қалыпты. Тістері таза.
Іш көлемі үлкеймеген, тыныс алу актісіне симметриялы қатысады.Іштің тері асты тамырларының ұлғаюы жоқ.
Перкуссияда ішастарында бос жүрген сулар жоқ,ішектерде тимпаникалық дыбыс естіледі
Пальпациясы: ауру сезімі жоқ.
Үлкен дәреті қалыпты, күніне 1 рет.
Бауыр перкуссиясы.
Курлов бойынша өлшемі: оң жақ бұғана ортаңғы сызығы бойынша 20 см; алдыңғы орта сызығы бойынша 15см, сол қабырға доғасы бойынша 11 см.
Пальпацияда: ауру сезімінсіз
Көкбауыр: перкуторлы өз орнында анықталады, 5*7 см, пальпацияланбайды.
Жүйке-эндокринді жүйесі:
Ақыл-есі анық,есте сақтау қабілеті қалыпты. Көз қарашығының жарық түскендегі реакциясы қалыпты.Төсектегі қалпы,сіңір рефлекстері қалыпты.
Зәр шығару жүйесі:
Ісінулер,тері қабатының бозғылтылығы, бүйрек аймағының қызаруы,бет аймағының ісінулері жоқ.
Пальпацияда бүйрек пальпацияланбайды,ауырсуынсыз.
Перкуссияда соққылау екі жақта да теріс.
Болжама диагнозды негіздеу:
Шағымдарына (иығы, майда буындарында, иық буындарында, қол сүйектерінде, жамбас, тізе, табан буындарындағы қатты ауыру сезімі, және барлық буындарындағы ісіну).
Ауру анамнезі: 20 жылдан бері өзін аурумен деп санайды. Алғаш қол сүйек буындарының ауру сезімімен басталған. Ревматоидты артрит диагнозын 20 жылдан бері қойылған. Тұрғылықты мекен жайы бойынша, бірнеше рет амбулаторлы, стационарлық ем қабылдаған. Базисті терапияны талапқа сай қабылдамайды. Жағдайының нашарлауы 2010 жылдың қараша айында байқалған. Диклофенак, олфен, ксефокам, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар қабылдаған. Жағдайы жақсармаған. Ауру сезімі сақталған. Кардиология және ішкі аурулар НИИға тексерілуге және емделуге жолданған.
Status praesens objectius (объективті қарап тексеру)
Жалпы жағдайы буындарындағы ауру сезіміне байланысты ауыр.Төсектегі қалпы: мәжбүрліДене бітімі: нормостеникалық Бойы: 165 см, салмағы 50 кг.
Дене қызуы: 36,70СТерісі: түсі қалыпты, таза. Жамбасында жату ізі анықталады. Мөлшері 2 мм.үлкен емес.Буындары өзгерген, ауру сезімімен, қозғалысы шектелген. Барлық буындарында ісіну. Фалангаралық, проксимальды буындарындағы қатты ауру сезімі бар.
Толық түрде объективті, субъективті тексеру нәтижелеріне сүйене отырып,
Болжама диагнозы қойылды: Ревмотоидты артрит, жай өрістеуші, серопозитивті түрі, активтілік ІІ дәрежесі, R III-IV рентгендік сатысы, эрозивті сатысы.
Зерттеу жоспары:
1.ЖҚА
2.ЖЗА
3.Биохимиялық қан анализі (глюкоза, жалпы кальций , жалпы белок, АлТ, АсТ, СРБ,РФ,АЦЦП)
4.Коагулограмма
5. ЭКГ,ЭХОКГ,УЗИ ОБП
Ем парағы:
Диета №15, режим – 2
Метотрексат 7,5 мг аптасына
Фолий қышқылы 5 таблетка аптасына
Солу-медрол 125 мг к/т
Кетонал 2.0 бұлшық етке күніне 1 рет
Мидокалм 1,0 бұлшық етке күніне 1 рет
