Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УММ_ОС_КАЗ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Жұмысты орындау тәртібі

Үш пункттің әрқайсысы бойынша жұмысты орындау алдында берілген кеіестер бойынша іске асырылады. Ситуацияны жасаған және параметрлерді анықтаған кезде процесстер саны –тен кем болмау тиісті, ресурстар саны қолданушымен анықталады.

Тәжірибелік жұмыстың есебі келесілерден тұру керек:

  • Қолданылатын әдістің қысқаша мінездемесі;

  • Жасалған ситуацияның жазбасы және әрекеттер журналының терезесі;

  • Қолданылған әдістің тиімділігі туралы қорытынды.

Тәжірибелік жұмыс № 3

Тақырыбы: Командалық файлдар .

Жұмыстың мақсаты: Қарапайым командаларды жазып олардың отладкасын жасауды үйрену.

Жалпы мәлімет.

Командалық файл (КФ) – бір сәтте орындалатын командалардың жолдарын сақтайтын арнайы мәтіндік файл (командалар пакеті). КФ-дың жолдарының ретінде ОЖ-нің командалары, орындалатын файлдардың шақырулары (.COM,.EXE,.BAT), таңбалар және пакеттік өңдеудің арнайы командалары болу мүмкін. Таңбаны жолдың басында тұрған қоснүкте арқылы анықтауға болады. КФ кез-келген мәтіндік редактормен жазыла алады немесе келесі команданың көмегімен

COPY CON <аты>.BAT

Бұл командадан кейін пернетақтадан еңгізілген жолдардың барлығы КФ-ға жазылады. КФ-дың еңгізілуі CTRL+Z батырмаларының комбинациясымен аяқталады.

КФ-дың негізгі ерекшеліктері:

  • Әр КФ .BAT кеңейтілуіне ие болуға тиісті;

  • КФ-дың іске кіруі оның командалық жолда атының жазылғанынан басталады немесе кез-келген файлдық процессордан;

  • КФ-дың жұмысын аяқтау үшін CTRL+C пернелерін басу керек;

  • КФ-да еңгізу/шығару символдарымен және командалар конвейерлерімен қолдануға болады;

  • Командалық жолдың басында арнайы @ қоюға болады, бұл экранда жолдың эхо-бейнесіне шығуға жол бермейді;

  • Жабдықты және каталогті ауйстыру КФ-дың келесі орындалатын файлдарының жұмысына әсер етеді;

  • Айналымның айнымалыларын орнықтыруда келесі орныдалатын командаларға әсер етеді.

Пакеттік өңдеудің арнайы командаларының синтаксисі

Барлық пакеттік өңдеудің командалары ішкі командалары болып табылады.

1. CALL командасы

Қызметі: Басқа пакеттік файлдағы пакеттік файлды шақырады.

Формат: CALL [d:][path] filename [parameters]

Параметрлер:

filenames – шақырылатын КФ-дың аты;

parameters – шақырылатын КФ-ға берілетін параметрлер;

Комментарий: басқару шақырған КФ-ға беріледі.

Мысалы:

CALL SAM - КФ-ды ағымдағы каталогтан шақыру.

2. ECHO командасы

Қызметі: КФ-дың командаларын экранға шығаруды немесе хабарлама шығаруды қосу/өшіру.

Формат: ECHO [ON|OFF] [message]

Параметрлері:

ON – командаларды экранға шығару;

OFF – командаларды шығармау;

message – хабарлама мәтіні.

Комментарий: егер команда параметрлерсіз жазылған болса, экранға ағымдағы жағдай шығарылады (ON немесе OFF).

Мысалы:

@ECHO OFF – Командаларды экранға шығару режимін өшіру, ECHO командасыда экранда көрінбейді.

3. FOR командасы

Қызметі:команданың циклдік орындалуы.

Формат: FOR %%var IN (set) DO command

Параметрлері:

var – айнымалының аты, A-дан Z-ке дейін кез-келген мән;

set - %%var орнында циклда көрсетілуге тиісті мәтіндік жолдардың немесе аттардың тізімі;

command - орындалатын команда.

Мысалы:

FOR %%E IN (A,B,C) DO DEL %%E.OBJ - A.OBJ, B.OBJ және C.OBJ файлдарын ағымдағы каталогтан жою.

4. GOTO командасы

Қызметі: КФ-дың берілген таңбадан кейін тұрған жолына басқаруды беру.

Формат: GOTO label

Параметрлері:

label – басқару берілетін жол.

Мысалы:

GOTO END - Белгіленген таңбаға көшу.

5. IF командасы

Қызметі: Командалардың шартты орындалуы.

Формат:

а) ERRORLEVEL глобалды айнымалысының мәнін тексеру үшін

IF [NOT] ERRORLEVEL value command

б) Екі мәтіндік жолды салыстыру үшін

IF [NOT] string1 = = string2 command

в) Берілген файлдың бар екендігін тексеру үшін

IF [NOT] EXIST [d:][path] filename command

Параметрлері:

value – 0 – 255 диапазонында берілген бүтін сандар;

command – орындалатын команда;

string1,string2 – мәтіндің жолдар.

Мысалы:

а) IF NOT EXIST FILE.DAT ECHO Файл мүлдем жоқ;

б) IF ERRORLEVEL 1 GOTO END – END таібасына көшу, егер ERRORLEVEL мәні 1-ге тең немесе одан кіші болса.

6. PAUSE командасы

Қызметі: КФ- дың орындалу кезінде пауза қою.

Формат: PAUSE [comment]

Параметрлері:

comment – мәтіндік жол.

Комментарий: Бұл команда бойынша КФ-дың жұмысы тоқтатылады және экранға comment хабарламасы шығады. Хабарламаның ұзындығы 121 символдан аса алмайды. КФ-дың жұмысы кез-келген пернені басқанда жалғасады, CTRL+C немесе CTRL+BREAK комбинацияларынан басқа. Бұл комбинациялар КФ-дың жұмысын аяқтайды.

Мысалы:

PAUSE жаңа дискті қойыңыз А: - пауза экранға хабарлама шығаруымен.

7. REM командасы

Қызметі: комментарийді еңгізу.

Формат: REM [comment]

Параметрлері:

comment - комментарий жолы.

Комментарий: REM командасы КФ-дың жеке командаларының жұмыстарын уақытша тоқтата алады.

8. SHIFT командасы

Қызметі: КФ-дың запуск командалық жолының параметрлерінің мәндерін бір позицияға солға қарай жылжыту.