- •«Операциялық жүйелер» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
- •5В070400 «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету»
- •Мазмұны
- •1 Глоссарий
- •2 Дәрістер
- •4.2. Сурет Тапсырманың орындалу қорытындысына ықпал ететін лектердің жылдамдығы
- •4 .3.Сурет. Өзгергіш бекітулерді пайдалана отырып сыный секцияларды дамыту
- •4.4. Сурет сыный секцияға ену және шығуда өзара байланысты орнатуда қолданылатын жүйелік фнукцияларды дамыту
- •1.3.Сурет. Виртуалды мекен-жай кеңістігінің түрлері: жалпақтау (а), сегменттік (б)
- •1.4. Суретте динамикалық мекен-жайларды жаңарту кестесі
- •1.2.Сурет. Бірнеше бағдарламалардың виртуалды мекене-жай кеңістігі
- •1.5 Сурет Жалпы және жеке виртуалды мекен-жай.
- •1.6 Сурет Жадыны үлестіру әдістемісінің классификациялары.
- •3 Зертханалық жұмыстар
- •Жаңа виртуалды машинаны құру.
- •Виртуалды дискіге ms dos операциялық жүйесін орнықтыру.
- •Белсенді бөлімді құру
- •C, d дисктерін форматтау программасын жасаңыз.
- •1 Сурет. Тізілім параметрінің үш құрама бөліктері
- •Тапсырмалар диспетчері (Task Manager)
- •1.Ядро режимінде процессор жұмыс істеген уақытын экранға проценттерде көрсету.
- •4. Процесстің базалық приоритетін өзгерту.
- •5. Жаңа программаны қосу.
- •6. Басқа программаның терезесіне көшу.
- •7. Процесстер тізімін сорттау.
- •1. Қатқыл дисктің қателіктерін анақтап оларды түзеу
- •2. Қатқыл дисктің дефрагментациясы
- •3. Қатқыл дискті тазалау
- •4 Тәжірибелік жұмыстар
- •«Параллельді процесстердің синхронизациясын орныдау» бағдарламалар кешенінің жазбалауы
- •2.Жұмысты орындау
- •Хоар мониторлары
- •Дейкстрдың семафорлық примитивтері
- •Алгоритм Деккера
- •Тредтер
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Пакеттік өңдеудің арнайы командаларының синтаксисі
- •Формат: shift
1 Сурет. Тізілім параметрінің үш құрама бөліктері
Алдында айтылғандай осы заманғы тізілім ульи деп аталатын 58 түбірлік кілттерден тұрады:
HKEY_LOCAL_MACHINE – локальды компьютер үшін конфигурациялы мәліметтерден тұрады. Бұл бұзылулар үшін критикалық секция болып табылады.
HKEY_USERS – барлық жүктелген қолданушылық профильдерден тұрады.
HKEY_CURRENT_USER – компьютерде локальды тіркелген қолданушыға сәйкес келетін қосымшалар мен жүйелердің өңдеулерін қосады.
HKEY_CURRENT_CONFIG –осы моментте қолданылатын аппараттық профиль үшін конфигурациялық мәліметтер.
HKEY_CLASSES_ROOT – файлдардың тіркелген типтері туралы ақпараттан тұрады.
HKEY_LOCAL_MACHINE (HKLM)
Бұл кілт нақты ПК-ның аппараттық құрылғылары туралы ақпараттан және онда орнатылған программалық қамсызданулар туралы ақпараттан тұрады. Мұнда сақталатын ақпарат онда кім тіркелгеніне байланыссыз компьютерге қолданады.
1. HKLM\HARDWARE
HKLM\HARDWARE ішкі бөлімінде берілген компьютерде табылған құрылғылар туралы ақпарат сақталады.Бұл бөлімнің барлық параметрлері дискіде емес құрылғылар драйверлерін реттеумен байланысты қайшылықтардан оперативті жадыда сақталады.Компьютер аппаратурасы оның қосылуын көргенде , ол құрылғыладың бөлек кластарын және компьютер шиналарын зерттеп, табылған құрылғылардың әрқайсысын нумерациялайды(мысалы, параллель порт не пернетақта). HKLM\HARDWARE-де негізгі үш ішкі бөлім болады:
1) DESCRIPTIONS ішкі бөлімінде орталық процессорлар, Подраздел DESCRIPTIONS содержит описания центральных процессоров, процессоров для операций с вещественными числами («с плавающей точкой») и многофункциональных устройств компьютера.
2) DEVICEMAP ішкі бөлімі құрылғыларды драйверлермен салыстырады.
3) RESOURCEMAP ішкі бөлімі Windows NT 4-те де болған, бірақ Windows NT –да толық өзгертілді. Енді онда негізгі үш ішкі бөлім бар: бірінші-аппараттық абстракция деңгейі үшін(HAL, hardware abstraction layer);табылған құрылғыларды қадағалау кезінде қолданылады, басқасы - Plug-and Play Manager үшін, олармен қалай жұмыс істейтіні белгілі құрылғыларды жазу үшін; және үшіншісі – берілген компьютерде бар «жүйелік ресурстар» объемын көрсету үшін. (осылай Microsoft терминологиясында оперативті жады аталады)
2. HKLM\SAM
Windows NT басқаруымен компьютерде локальды тіркелу жазбалары мен группаларын құрғанда, олар Windows NT –да болғандағыдай HKLM\SAM-да сақаталады.Бірақ қарапайым жұмыс кезінде бұл ішкі бөлімде мәліметтерді көруге не өзгерте алмайсыз, және ол негізінен SAM бар болуын болжайтын ескі программалармен сыйымдылығы үшін керек. SAM мәліметтеріне кіруді жүзеге асыратын барлық программалар Active Directory мәліметтерімен жұмысы үшін, немесе Active Directory серверінің жоқтығында SAM мәліметтерімен жұмысына жіберілуі керек.
3. HKLM\SECURITY
HKLM\SECURITY-да қорғанысқа байланысты барлық ақпарат сақталады.
Оның форматы документтелмеген, және сіз бұл ішкі бөлімде түкте де істей алмайсыз.Бірақ ол компьютермен жүйеге кіру үшін сенімді мәліметтерді кэштау үшін, полтитика өңдеу және сервер құпия мәліметтерінің бөлінуі. SECURITY\SAM ішкі бөлімі HKLM\SAM-нан көп мәліметтерінің көшірмесіне ие.
4. HKLM\SOFTWARE
HKLM\SOFTWARE ішкі бөлімі жүйелік компоненттер мен қосымшалардың глобальды ақпараттарын сақтайтын ішкі бөлімдердің түбір құрылымы болып табылады.Мысалы, HKLM\SOFTWARE\Microsoft\EnterpriseCertificates берілген компьютер үшін сертификаттар (CTLs, certificate trust lists) сақталатын бөлімдерден тұрады. Сертификат орталықтары мен сертификат тізімдері бөлек қолданушылар үшін басқа жерде сақталады.
5. HKLM\SYSTEM\CurrentControlSet.
Windows 2000 жүктеу фазасының соңғы әрекеті соңғы дұрыс жүктеу кезінде қолданылған басқаратын баптаулар мен қызметтер жинағын фиксирлеуге тиісті тізілім жаңартулары болып табылады. CurrentControlSet жүйемен ағымдағы уақытта қолданылатын басқару баптаулар жинағына әрқашан көрсетеді. Егер сіз HKLM\SYSTEM-ге қарасаңыз, ControlSetXXX-тің көптеген ішкі бөлімдерін көресіз. ControlSetXXX-тің әр ішкі бөлімі жүктеу сәтті не сәтсіздігіне қарамастан
уақыт моментінде болған басқару баптаулар жинағын сипаттайды. CurrentControlSet ең соңғы басқару баптаулар жинағына көрсеткіш болып табылады, оның кезінде жүктеу сәтті болды, жүктеулердің қайсысы сәтті болғанын анықтау ауыр болғандықтан, операциондық жүйе және қосымшалар CurrentControlSet көрсеткішін қолданады.
Басқаратын өңдеулер жинағын сипаттайтын бөлімде ертерек Windows NT версияларында болағн, бірақ басқа «начинкамен» атаулары бар 4 бөлім бар:
HKLM\SYSTEM\MountedDevices
Windows 2000 динамикалық дисктерінің томдары администратор үшін көркем техникалық игілік және жетістік болып табылады, бірақ олар дисктегі логикалық томдар туралы ағымдағы конфигурациялар жайлы ақпараттың бар-жоғына байланысты. Қосымшалар бұл ақпаратты Logical \Volume Manager қызметінен алады, өз кезегінде бұл қызмет MountedDevices бөлімшесіндегі монтаждалған және түсінікті құрылғыларының өз тізімін сақтайды.
HKEY_USERS (HKU)
Сіздің компьютеріңіздің жүйесіне қашан да бір кірген қолданушылардың әрқайсысы үшін жазбалардан құралады.Бөл жазбалардың әрқайсысының иеленушісі сәйкес қолданушылық тіркеу жазбасы болып табылады, онда бұл қолданушының профильдерінің өңдеулері сақталады.
Мұнда өзінің қолданушылық профилі әлі жоқ, компьютерде тіркелетін қолданушымен қолданушылық профильді жасау үшін қолданылатын Default ішкі кілті көп қызығушылыққа ие.
Нүкте (.) мағына үндемеу бойынша екенін білдіреді. Нүктені алып тастақ бұл қарапайым Default қолданушы аты болады. Қолданушының әр кілт аты HKEY_CURRENT_ USER-де өзіндік құрамы бойынша сәйкес кілтті қайталайды және көрсетеді. Онымен қатар HKEY_CURRENT_ USER-дегі өңдеулер HKEY_USERS-дегіге қарағанда үлкен басымдылыққа ие.
HKEY_CURRENT_USER (HKCU)
HKU ішінде ағымдағы қолданушының профиліне (жүйеге осы моментте кірген) көрсетеді. Microsoft Windows NT қосымшалары барлық қолданушылардың жоғары бағалауларын HKCU-ның бөлімшелерінде сақтауын талап етеді; мысалы, HKCU\SOFTWARE\Binary Research\GhostSrv\Settings Symantec фирмасының Ghost программасы үшін қолданушылардың жеке таңдауларын құрайды.Бұл өнім үшін басқа қолданушылық өңдеулер тура осы қолданушының жүйеге кіруі кезінде сол бөлімшеде кіруге рұқсат етіледі.
HKEY_CVRRENT_CONFIG (HKCC)
Компьютердің ағымдағы жүктелетін конфигурациясы туралы ақпаратты сақтайды. Жекелеп айтсақ мұнда жүктеу кезінде болған құрылғылар мен жүйелік қызметтердің ағымдағы жинағы туралы ақпарат сақталады.Негізінде бұл түбірлік бөлім HKLM ішіндегі бөлімге көрсеткіш болып табылады.
HKEY_CLASSES_ROOT (HKCR)
OLE классының идентификаторлары мен файл кеңейтулерін салыстырады; факт тұрғысынан ол HKLM\SOFTWARE\Classes-қа көрсетеді. Windows(Microsoft Internet Explorer-ді де айтуға болады) проводнигі сиқты жүйелік компоненттер бұл сәйкестіктерді белгілі бір типті файлдарды не мәліметтер объектісін құру немесе ашу кезінде қандай компоненттер не қосымшалар қолданылатынын анықтау үшін керек. Негізінен Windows 2000 бұл сұрақта өз кезегінде HKCR-де сақталған объекттер идентификаторларына сүйенетін СОМ (Component Object Model, модель компонентных объектов Microsoft компоненттік объекттік моделі) моделіне сенеді.
Microsoft фирмасы Windows NT-да HKCR факт тұрғысында екі қайнар көзінен тұратындапй жасады: қолданушы профилі (онда қолданушының жеке индивидуалды өңдеулері сақталады) және барлық жүйе үшін ортақ өңдеулер сақталатын HKLM\SOFTWARE\Classes бөлімі.Қолданушылар басқа қолданушылардың жұмысына кедергі жасамай СОМ компоненттерін тіркеп, олардың тіркелуін жою, файлдарды салыстыруды өзгерту сияқты әрекеттерді орындай алады.
Администраторлар HKLM\SOFTWARE\Classes-қа кірудің өкілеттілігін баптай алады, соның арқасында қолданушылар олар үшін сіз орнатқыңыз келетін барлық жүйе үшін ортақ өңдеулерді ауыстыра алмайды. Қолданушылардың әрқайсысының теңдессіз өңдеулері оның теңдессіз тізілім өңдеулері үшін ульи-файлы болып табылатын Usrclass.dat файлында сақталады.
Тізілім редакторының қолдануы
Егер тізілім параметрлеріннің мағынасын өзгерту керек болса, онда сіз қандай да бір тізілім редакторларының бірімен қолдануыңыз керек. ММС-консолида, Group Policy объекттерінде , басқару панелінде сіз өзгертетін өңдеулердің көбі негізінде тізілімде сақталады, сондықтан осы утилиттерді өзіндік тізілім редакторы деп қарастыруға болады.
Тізілімнің басқа редакторлары –сіздің қолданушыларыңыз үшін тарататын файл немесе жүйеге кіру скриптінің бөлігі бола алатын қандай да бір өзгерістерді орындау үшін стандартты емес скриптілер. Бірақ көп жағдайларда тізілімге өзгерістер енгізу кезінде , Windows NT құрамына Microsoft-пен қосылаған құрылғылардың екеуінің біреуін қолданасыз: Regedit32.exe немесе Regedit.exe.
Неліктен Windows NT-да екі тізілім редакторы болады? Windows NT 3.1,3.5және3.5.1 шығарылғанда олардың құрамына Regedit32 атты тізілім редакторы кірген. Бұл құрылғы Windows NT тізілім параметрлері мен бөлімдерімен жұмыс үшін тағайындалған және оның жазылған уақытында интерфейс дизайны үшін Microsoft стандарттарына сәйкес келді(шамамен 1992 ж.).
Windows 95 құрылғанда Microsoft осы екі операциялық жүйелердің тізілім структураларының өзгешелігінен Regedit32 Windows 95 интерфейсіне онша сай келмейтінін тапты. Windows 95 үшін өзіндік тізілім редакторы керек болғандықтан, Microsoft қосымша құрылғы құрды- Regedit, және оны Windows 95-пен бірге жеткізе бастады.
Барлығын шатастыру үшін Microsoft Windows NT 4-ке екі редакторды да қосты- Regedit32-ні де, Regedit-ті де. Бұл керек емес қайталау болып көрінуі мүмкін, бірақ негізінде – құндылық, өйткені бұл екі программаның айырмашылықтары бар және олар бір-бірін толықтырады. Microsoft бұрынғыша Windows NT құрамына осы екі программаны қосты; кейбір жөндеулерді және қателерді түзеуді санамағанда, Windows 2000-тағы версиялар алғашқыларға ұқсас.
Regedit және Regedit32
Барлық жағдайларды дұрыс қарастыра отырып, тізілімнің екі редакторының қайсысын таңдау?Екі редактор да бірдей мүмкіндіктерге ие. Олардың көмегімен сіз келесі әрекеттерді орындай аласыз:
• Ағаш түрлі иерархиялық құрылымды графикалық түрде көру
• Бөлімдерді, бөлімшелерді, параметрлерді және параметр мағыналарын қарау және өзгерту (сізде бар кіру өкілеттілігіне сәйкес).
• компьютердің жойылғанымен байланысу ( сізде бар өкілеттілікке сәйкес) және тізілім құрамын тексеру немесе тіпті өзгерту
Бірақ әр редактор басқасында жоқ мүмкіндіктерге ие. Regedit32-ден бастайық. Ло арнайы Windows NT үшін құрылды, сондықтан өз пайдалылығын Windows 2000-та да сақтап қалған өзгерістерге ие.
Тізілім бөлімдері үшін кіруді (ACLs) бақылаудың тізімін қарау және өзгерту мүмкіндігі
Бөлім аудиті мүмкіндігі, оның көмегімен кімнің бөлімдерді жоюға, өзгертуге және қосуға тырысқанын және бұл әрекеттер сәтт не сәтсіз болғанын бақылау.
Алдында сипатталған тізілімнің барлық мәліметтер типін қолдау. Одан басқа сіз басқа тип (қолмен, REG_BINARY мағынасын өзгерте отырып) редакторы көмегімен бір редактор типін редактрлеу.
«Тек оқу» режимі, мұнда сіз тізілімді тек көре аласыз, бірақ оған өзгерістер енгізе алмайсыз.
Ульи-файлдар немесе жеке бөлімдерді қалпына келтіру және сақтау.
MDI (multiple documents interface) «көпдокументті», ескі, әр түбірлік бөлім үшін өзінің документ терезесі қолданылатын интерфейс қолданылады.
Ал Regedit Windows 95 стиліндегі интерфейсте жұмыс үшін проектіленген. Оның функционалды мүмкіндіктері де ерекшеленеді.Осылай, келесі мүмкіндіктер қол жетерлік.
• Бөлімдерді, параметр атауларын және параметр құрамын іздеу (кейбір тексттік жолға сәйкестік). Бұл мүмкіндік өте бағалы және Regedit –ті қолданудың негізгі себебі болып табылады.
Windows проводнигі стилінде үйреншікті екі панелді, екі параметрдің не бөлімнің өзара орналасуын салыстыруға көмектесетін интерфейсті қолдану. Ол Windows проводнигі стиліндегі басқа да мүмкіндіктерге ие, контексттік меню, тура орнында редактрлеу және ағашпен ыңғайлы басқару сияқты.
Керекті бөлімдерді адамдармен оқуға жарамды тексттік файлдарға импорттау және экспорттау, тек екілік түрдегі бөлімдерді импорттау мен экспорттау ғана емес.
Windows NT-ға арналған версияда сіздің ойыңызша жиі редактрленетін бөлімдерді сонда қоса алатын Favorites (Таңдамалы) менюі бар.
Енді сіз қандай редактормен қолданған дұрыс екенін білесіз бе? Ең жиі қандай редактормен қолдану сіздің жеке таңдауыңызға байланысты. Кейбіреулеріне Regedit-тің жұмыс істеуі ұнайды, ал басқалары оның ескі стилі Regedit32-ні таңдайды. Егер сіз қай бөлімде кей параметр сақталатынын анықтауға тырыссаңыз, Regedit-ті қолданған дұрыс, бірақ егер бөлімдерге кірудің өкілеттілігін орнату керек болса, Regedit32-ні таңдау дұрыс.
Біз Regedit-ті қарастырумен шектелеміз.
Regedit бойынша жүгіріп өту
Windows (бәрі бір, қандай версиясы) проводнигі қолданушысы ретінде сіз Regedit редакторымен қалай қолданатыңызды 85%-ға білесіз. Интерфейс дизайнындағы толық ұқсастық әдетті қолданушылық интерфейстерін қолдану арқылы жұмысты оңайлатуға Microsoft фирмасының күш салуларын көрсетеді. Regedit-тің негізгі терезесі 2-суретте көрсетілген.
2-сурет. Regedit-тің қолданушылық интерфейсі.
Интерфейстің негізгі элементтері түсінікті. Келесі мүмкіндіктерге назар аударыңыз:
Registry Editor (тізілім редакторы) терезесінің сол жақ панеліндегі ағаш барлық түбірлік бөлімдер мен ішкі бөлімдерді көрсетеді. Сіздің мұнда көретіңіз сізбен танылған бөлімдер мен ішкі бөлімдерге байланысты.
Оң жақ панелде сол жақ панелден таңдалған бөлімдерге сәйкестендірілген параметрлер көрсетілген. Әр параметр мәліметтердің үш элементімен көрсетілген: параметр аты (Атау(Default) әр бөлімде болатын үндемеу бойынша қолданылатын атсыз параметр үшін қолданылады), параметр типі, парамертр құрамы (мәліметтер).
Ағымдағы моментте таңдалған бөлімге толық жол жағдай жолында (терезенің төменгі бөлігінде) көрсетілген. Сонымен қатар Regedit Copy Key Name коандасы Edit менюі көмегімен алмасу буферінде бұл бөлімге жолды көшіріп жаза алады; бұл ыңғайлы, егер сіз кітап жазсаңыз немесе басқа бір жұмысты документтесеңіз.
Интерфейс Windows-тің стандартты басқару элементтерінің көмегімен жұмыс істейді, мұнда бәрі сізге үйреншікті Windows Проводнигінен тізбектей келе пернетақтаның көмегімен «жалынды пернелер» және басқа басқару құралдарын қоса. Мысалы, сіз кез келген бөлімге тышқанның сол жағын баса отырып кез ке,лген орынға бара аласыз және Regedit редакторының терезесінің кез келген бөлігіне пернетақтадан атының бірнеше бас әріптерін теріп, сіз тілшесі бар пернелерді қолдана аласыз.
Бөлімдерді және параметрлерді іздеу
Regedit программасының Edit мәзіріндегі Find (Іздеу) командасын алтыннан да жоғары бағалау керек, өйткені ол берілген аттарды немесе құрамындағылары бар бөлімдер мен параметрлерді табуға мүмкіндік береді (сурет 3). Қарапайым интерфейске қарамай, бұл құралдың құндылығы үлкен, өйткені барлық Реестрде қажетті параметрді тауып бере алады. Find диалогтық терезесін қалай қолдану керектігі төменде сипатталған :
•Пернетақтадан Find What (Іздеу) өрісіне сіздің іздеген мақсатты шаблоныңызды енгізіңіз. Қарапайым мәтіндік жолды беруге болады (ASCII кодында), мұнда топтық қойылымның ешқандай символы жіберілмейді. Егер параметрлерді іздеген болсаңыз, онда Regedit сіздің шаблоныңызға байланысты тек жолдық типтегі параметрлерді тексереді (REG_SZ, REG_EXPAND_SZ және REG_MULTI_SZ).
• Іздеу кезінде қарап шығу (Look At) облысындағы баптаулар Regedit-тің сізді қызықтыратын мағынаны қайдан іздейтінін көрсетеді. Іздеу үнсіздікте бөлімдер аты (Keys жалаушасы), параметрлер аты (Values жалаушасы) және параметрлер мәні (Data жалаушасы) арасында жүргізіледі, бірақ сіз өзіңіздің баптауыңызды жүргізуіңізге болады.
• Тек толық жолды іздеу (Match whole string only) жалаушасын орнатып, сіз Regedit программасына жолдың жартысын емес, жолды толық іздеу керектігін хабарлайсыз. Мысалы, егер осы жалаушаны орнатып, «Windows»-ті іздейтін болсаңыз, онда іздеу кезінде HKLM\SOFTWARE\Microsoft \Windows NT бөлімі еленбей қалады.
Сурет. 3. Regedit программасының Find диалогтық терезесі
Іздеу диалогтық терезесінде баптауды жүргізіп, Ары қарай іздеу (Find Next) батырмасын бассақ, онда Regedit іздеуді бастайды. Соңында екеуінің бірі орындалады: не Regedit Реестрдің соңына бүркеледі (бұл жағдайда сізге іздеу шаблонына сәйкес таба алмағанын хабарлайды), не сәйкестікті табады. Соңғы жағдайда табылған сәйкестік ерекшеленіп белгіленеді; егер табылған сәйкестік – сіздің іздегеніңіз болмаса, онда Edit мәзіріндегі Find Next командасының көмегімен іздеуді жалғастыруға болады (немесе, соған сәйкес «жылдамдататын» F3 пернесіне басамыз).
Параметрлер құрамындағыларды редактірлеу
Правка мәзіріндегі Өзгерту командасы белгіленген параметрдің құрамын ауыстыра алады. (Параметрді редактірлей аламыз, оны белгілеп алып немесе Enter пернесін басу арқылы.) Одан кейін көретініңіз редактірленетін параметрдің типіне байланысты; жолдық мән үшін әр түрлі диалогтық терезе, DWORD мәндері және екілік мәндер бар. Regedit көмегімен ол ұстамайтын типтегі мәліметтерді редактірлеуге болады, мысалы, REG_FULL_RESOURCE_DESCRIPTOR немесе REG_MULTI_SZ; бұл мәліметтер типіне ол екілік мәліметтерді редактірлеу үшін диалогтық терезе ашады. Диалогтық терезелер өздігінен толық түсінікті, олардың әрбіреуінде сіз редактірлей алатын ағымдағы параметр көрсетілген. Осы диалогтық терезелерде Cut, Copy және Paste командалары үшін пернетақталық қысқартулар жұмыс істейді.
Бөлімдерді және параметрлерді құру және жою
Regedit программасының көмегімен бөлімдерді, бөлімшелерді және жеке параметрлерді құруға және жоюға болады. Мұнда Microsoft-тен қарапайым ескертуді қайталау орынды: сіздің компьютерді Реестрдегі қажет емес өзгертулер бұзуы мүмкін. Мәліметтерді қосуда сақ болыңыз және оларды жоюда өте сақ болыңыз. (неге олай екені, «Өзіңізді дұрыс ұстай білу» берілген тараудың басында айтылған). Жаңа бөлім құру үшін ол таңдалған бөлімнің бөлімшесі болу үшін, Түзету мәзірін ашыңыз, тышқан курсорын Құру-ға апарыңыз және Бөлім-ді таңдаңыз. Regedit жаңа бөлім құрады және оның атын сіз қалаған қажетті атқа беру үшін, оны белгілейді. (үнсіздікте New Key #1 аты қолданылады.)
Жаңа бөлім автоматты түрде онымен салыстырылып қойылған аты жоқ параметр алады. Сіз New ішкі мәзіріне қалған үш команданы қолдана отырып, басқа да параметрлерді қоса аласыз: String Value (Жолдық параметр), Binary Value (Екілік параметр) және DWORD Value. Regedit басқа типтердің мәліметтерін құра алматынына назар аударыңыз және егер екілік параметр құрсаңыз, онда программа «шикі» түрде екілік мәліметті REG_BINARY типіндегі параметр құрады. Құрылатын жаңа параметрлер таңдалған бөлімде мәліметтердің туынды құрылымын береді және үнсіздікте сіз басқаға өзгерте алатын аттарды (New Value it 1, New Value #2 және т.б.) алады. Сіз жаңа параметрлерді құрғаннан кейін және олардың құрамын өзінің қалағанындай өзгерту үшін қарапайым диалогтық терезелермен қолдануға болады.
Параметрлер мен бөлімдерді жою қиын емес. Нені жою керектігін таңдаңыз, Түзету мәзіріндегі Жою командасын қолданыңыз немесе Del пернесін басыңыз. Regedit сізді осы команданы қолдауыңызды сұрайды; сіз қолдау көрсеткен кезде параметрлер мен бөлімдер жойылады.
Реестр мәліметтерін экспорттау және импорттау
Regedit программасының көмегімен Реестр мәліметтерін импорттауға және экспорттауға болады. Мәтіндік файлдар экспорт және импорт үшін оқуға ыңғайлы және оларды бір компьютерден екінші компьютерге тасу қауіпсіз. Үнсіздікте қабылданған .REG кеңейтілімі бар файлдарға тышқанмен екі рет басқанда, осындай кеңейтілімдегі салыстырмаларды автоматты түрде Regedit жібереді және файл құрамын жүктейді. При помощи команды Export Registry File командасының көмегімен сіз файлдан таңдалған бөлімді сақтай аласыз, ал Import Registry File командасының көмегімен ,керісінше, бөлімді файлдан қалыптастыра аласыз. Реестр файлының импортының жұмыс кезінде Regedit программасының өзінен – диалогты терезе пайда болуына назар аударыңыз, ол импорттың сәтті немесе сәтсіз екенін хабарлайды, бірақ сіздің импортты тоқтатуға шамаңыз болмайды. (Бірақ егер де файлын екі рет басып жіберетін болсаңыз, онда қолдау диалогтық терезесі көрінетін болады).
Өзіне меншікті .REG файлын жасауы
Егер сізге өз қолданушыларыңыздың ішінен Реестрдің өзгертулерін тарату қажет болса, онда .REG файлының көмегімен жасауға болады. .REG меншікті файлдарын құрудың алғашқы және ең қарапайым әдісі, ол Regedit-ті таралатын параметрлер мен бөлімдер экспорты үшін қолдану болып табылады. Бұған балама ретінде Блокноттың (Notepad) немесе басқа да мәтіндік редактордың көмегімен меншікті файлдарды құру болып табылады. Төменде .REG файлына мысал берілген:
Windows Registry Editor Version 5.00
[HKEY_LOCAL_MACHINE\SOFTWARE\Microsoft\WindowsNT\CurrentVersion\AeDebug]
"Auto"="1"
"Debugger"="drwtsn32 -p %ld -e -g"
"UserDebuggerHotKey"=dword:00000000
Бірінші жолда Regedit.REG файлын көргені жайлы хабарлама алады. (Келесі бос жолда қажет. Қалған жолдардың форматы түсінікті: квадрат жақшаға алынған жолдың көмегімен бөлім көрсетілген, ал одан кейін әрбір жолда бір параметрден импорттауқа қажетті барлық параметрлер көрсетілген. Параметр аттары және жолдық мәліметтер (параметр құрамындағылар) қос жақша (") символдарымен белгіленген. REG DWORD типінің мәліметтері dword префиксінің көмегімен белгіленеді: оларды жақшаға алудың қажеті жоқ. Бір файлға көптеген бөлімдер үшін өзгертулерін орналастыруға болады, ол үшін әрбір бөлімнің атының алдына бос жолды орналастыру қажет, ал әрбір бөлім параметрлердің кез келген санын бере алады.
Өзіңіздің меншікті бөліміңізді құрыңыз (мысалы, HKLM\SOFTWARE\Testing123) және оған өзіңіздің .REG файлыңызды импорттаңыз, өзіңіз қалаған өзгертулерге дейін орындалғанын қадағалаңыз.
Басқа компьютермен Реестрдің қосылуы
Егер сіз жүйеге сәйкес өкілеттілікпен кірген болсаңыз, Regedit-ті Реестрге басқа компьютердің қолы жету үшін қолдана аласыз, онда бар мәліметтерге қарауға және редактірлеуге болады. мұндай «сиқырлыққа» Regedit-ті жіберетін компьютер үшін де, және Реестрді қарайтын және редактірлейтін, басқа компьютер үшін де сіздің есеп жазбаңыз басқармалы өкілеттілікте болуы керек. Сонымен қатар қолжетімге Group Policy баптауы қарсы тұруы мүмкін.
Сіздің өкілеттілігіңіз дұрыс деп санасақ. Шындығында желіден өшірілген компьютерде қосылу Registry мәзірінің Connect Network Registry командасының таңдауы кезінде болады. Бұл команда желінің құрылымын көре алады және сіз қосылғыңыз келген компьютерді тауып береді.
Сәтті қосылудан кейін бұл компютердің аты сол жақ панельде, My Computer деңгейімен бірдей шығады. Сіз оның Реестрінің түпкі бөлімдерін аша аласыз, бөлімдерін ақтара аласыз, мәліметтерді іздеп және қалағаныңызша ауыстыра аласыз. Осымен аяқтап, Registry мәзірінде Disconnect Network Registry командасын таңдап, одан кейін өшіретін компьютерді таңдаңыз.
Параметрлер мен бөлімдердің атын өзгерту
Сіз параметрдің немесе бөлімнің атын өзгерту үшін Түзету мәзіріндегі Атын өзгерту командасын таңдайсыз немесе контекстік мәзірдің көмегін қолданасыз.
Жұмыс жүрісі:
Regedit реестрі редакторының терезесіне кіріңіз (Жіберу\Орындау\Regedit)
Жаңа бөлім құрыңыз (кілт): Түзету\Құру\Бөлім немесе контекстік мәзірді қолдана отырып.
құрылған кілт параметрін өзіңіздің қалауыңыз бойынша өзгертіңіз: Түзету\Өзгерту\....
Өзіңіз құрған бөлімнің атын өзгертіңіз.
Бұл бөлімді жойыңыз.
Ал енді біраз реестрмен жұмыс істеңіз, төменде ұсынылған жаттығуларды орындаңыз:
1) Жіберілетін программаларды шектеу.
HKEY_CURRENT_USER\SOFTWARE\Microsoft\Windows\CurrentVerson\Policies\Explorer-де құру қажет 1) 0х00000001 мәні бар DWORD типті RestrictRun кілтін;
2) аналогты атты бөлімшені және онда программаның жіберілуіне РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН тізімдерді санау;
3)бөлімге кіріп, әрбір программа үшін жолдық кілт құрамыз, онда "1" (тырнақшасыз) – бірінші рұқсат етілген программа үшін, "2" – екіншісі үшін және т.с.с. программаның жіберілуіне рұқсат етілген файл аттарын көрсету қажет. Файлдардың кеңейтілімі болу қажет, ал жолын көрсету міндетті емес. Мысалы, Word.exe, Excel.exe
Regedit.exe фалын көрсетуді ұмытпаңыз, әйтпесе сіз реестрдің редакторын жібере алмайтын боласыз.
2) Пуск мәзірінің баптауы.
Мәзірдің "Іздеу" пунктін өшіріңіз:
HKEY_CURRENT_USER\Software\Microsoft\Windows\CurrentVersion\Policies\Explorer-ге DWORD типті NoFind кілтін тіркейміз. Оның мәнін 0х00000001 тең етіп аламыз, және компьютердің қайта жүктелуінен кейін мәзірдің "Іздеу" пункті жоғалады. Оның қайта пайда болуы үшін осы кілттің мәнін 0х00000000 тең етіп орнату керек немесе кілтті толығымен жою керек.
"Құжаттар" пунктін өшіру.
HKEY_CURRENT_USER\SOFTWARE\Microsoft\Windows\CurrentVersion\Policies\Explorer және 0х00000001 мәні бар DWORD типті NoRecentDocsMenu кілтін жазамыз. Алдыңғы пунктіге ұқсас, 0-ге мән құру немесе кілтті жою келесі қайта жүктеуде осы пунктінің пайда болуына әкеледі.
HKEY_CURRENT_USER\SOFTWARE\Microsoft\Windows\CurrentVersion\Policies\Explorer-ге 0х00000001 мәні бар ClearRecentDocsOnExit кілтін қосыңыз (жақында ашылған құжаттардың тізімдері компьютердің әркез өшірілуі кезінде тазаланып отыру үшін). 0х0000001 мәні бар NoRecentDocsHistory кілтін қосыңыз (сіз ашатын құжаттар бұл тізімде еске түсірмес үшін).
Мәзірдің "Таңдалған"пунктін жою.
HKEY_CURRENT_USER\SOFTWARE\Microsoft\Windows\CurrentVersion\Policies\Explorer-ге 0х00000001 мәні бар NoFavoritesMenu кілтін қосыңыз. Қата жүктегеннен кейін " Таңдалған " мәзірден жоғалады.
"Баптау" мәзірінен мәзір іші пунктілерін жасыру.
- «Басқару панелін» және «Басып шығарғышты» «Жіберу» мәзірінен және «Менің компьютерім» терезесінен жасыру:
HKEY_CURRENT_USER\SOFTWARE\Microsoft\Windows\CurrentVersion\Policies\Explorer-де.
- "Баптау: NoSetTaskbar кілті мәзірінен"Есептер панелі мен Жіберу мәзірі " пунктін жасыру
- "Жұмыс үстелі Active Desktop: NoSetActiveDesktop кілті пунктін жасыру
- «Папка қасиеті" мәзір "Баптау: NoFolderOptions кілтін жасыру.
Барлық осы кілттер 0х00000001 мәнін қабылдау керек.
3) «Орындау» баптауы
Оны мәзірден жою: 0х00000001 мәні бар NoRun кілтін реестрінде жазу және қайта жүктеуден кейін мәзір пункті жойылады.
"Сеансты аяқтауды" жою: DWORD типтегі NoLogOff кілтін реестрде құру.
"Жіберу" мәзіріндегі контекстік мәзірге тыйым салу: кілт NoChangeStartMenu
Есептер панелі үшін контекстік мәзірге тыйым салу: кілт NoTrayContextMenu.
4) MS-DOS сеансын және MS-DOS-тың бірмәнді режимін қолдануға тыйым салу.
Бөлімді ашу
HKEY_CURRENT_USER\SOFTWARE\Microsoft\Windows\CurrentVersion\Policies\WinOldApp (егер ол болмаса, онда жаңа бөлім құру керек) және 0х00000001 мәні тең Disabled кілтін қосу керек. Оны 0-ге баптау немесе жою MS-DOS сеансына рұқсат етеді.
5) Желі құрылымына кіруге шек қою.
Параметрлерді баптау үшін барлық кілттер HKEY_CURRENT_USER\SOFTWARE\Microsoft\Windows\CurrentVersion\Policies\Network бөлімінде орналасқан, DWORD типі бар, 1 мәні – шек қойылды, 0 - жоқ. Егер бөлімде мұндай атты кілт болмса, онда параметр орнатылмаған.
Басқару панелінде "Желі" диалогын қолжетімсіз етсе (ол "Желілік қоршау" қасиетінен): NoNetSetup кілтін құрыңыз
"Желі" диалогынан «Идентификация» қосымшасын жою: NoNetSetupIDPage кілті
"Желі" диалогынан "Қолжетімді басқару" қосымшасын жою: NoNetSetupSecurityPage
6) Пароль құрылымына кіруге шек қою. Кілттер реестрдің HKEY_CURRENT_USER\SOFTWARE\Microsoft\Windows\CurrentVersion\Policies\System бөлімінде сақталады, және, алдыңғы пунктіге ұқсас DWORD типінде.
Басқару панелінен "Қасиет: Парольдер" диалогын қолжетімсіз ету: NoSecCPL кілтін құрыңыз.
Бұл кілтті 1-ге орнатыңыз, бұл осы диалогтың "Парольдерді ауыстыру" қосымшасын қолжетімсіз етуге әкеледі;
NoAdminPage кілтін құрыңыз - диалогтың "Жойылған басқару" қосымшасы қолжетімсіз болады;
NoProfilePage құрыңыз – диалогтың "Қолданушылар пішіні" қосымшасы да қолжетімсіз болады.
7) Принтер құрылымына кіруге шек қою. Барлық кілттер HKEY_CURRENT_USER\SOFTWARE\Microsoft\Windows\CurrentVersion\Policies\Explorer бөлімінде орналасқан. Егер 1 мәні болса – шек қойылды, 0 - жоқ.
NoPrinterTabs – кілт қойылса "Қасиет: принтер" диалогында кейбір қосымшаларды жасырады;
NoDeletePrinter – атынан білгендей, жүйеде принтердің орнатылғандарын жоюға тыйым салады;
NoAddPrinter – ал мына кілт, керісінше, жаңа принтерді қосуға тыйым салады.
8) Жүйелік құрылымдарға кіруге шек қою. Кілттер HKEY_CURRENT_USER\SOFTWARE\Microsoft\Windows\CurrentVersion\Policies\System бөлімінде орналасқан.
NoDevMgrPage, бұл кілтке 1 мәнін меншіктеңіз - "Қасиет: Жүйе" диалогынан "Құрылғылар" қосымшасы жойылады;
NoConfigPage - "Қасиет: Жүйе" диалогынан "Жабдықтар пішіні" қосымшасын жасырады;
NoFileSysPage – бұл кілт "Тез қимылдау" қосымшасындағы "Файлдық жүйе" батырмасын қолжетімсіз етеді;
NoVirtMemPage – орнатылуы кезінде "Тез қимылдау" қосымшасындағы "Виртуальды жады" батырмасын қолжетімсіз етеді.
NTFS өнімділігін үлкейтеміз.
9) Ең бірінші қысқа аттарды құруды өшіреміз. Ол үшін HKEY_LOCAL_MACHINE\SYSTEM\CurrentControlSet\Control\Filesystem бөлім реестрінде кілт мәнін NtfsDisable8dot3NameCreation-ды «1»-ге өзгерту керек.
10) Екінші қадамда біз файлдың соңғы жаңарту күнінің жазбасын өшіреміз. По-умолчанию NTFS үнсіздікте кез келген файлдың өзгеруі кезінде әркез оның соңғы жаңартылуының күні мен уақытын жазып алады. NTFS-тің үлкен бөлімдерінде бұл маңызды түрде файлдық жүйенің өндірісіне әсер етуі мүмкін: HKEY_LOCAL_MACHINE\SYSTEM\CurrentContolSet\Control\Filesystem-де Ключу NtfsDisableLastAccessUpdate кілтке «1» мәнін меншіктеу. Егер мұндай кілт болмса,онда оны REG_DWORD типінде құру керек.
11) Енді негізгі файлдық кесте үшін жеткілікті орын бөлеміз.
Ол үшін HKEY_LOCAL_MACHINE\SYSTEM\Current ControlSet\Control\File System бөліміне REG_DWORD типті NtfsMftZoneReservation кілтін қосыңыз. Параметрін 1-ге тең деп анықтаңыз.
Сіз солай істегенде жүйе негізгі кестеден файлды орналастыру үшін дискіде орынды кейінге сақтайды. Ол не үшін қажет? Осы кестенің өсу процесін бақылауға алу үшін.
12). Жадының өндірісінің баптауы. XP-де өндірісті үлкейтетін жады баптауының бірнеше функциялары бар. Олардың бәрі HKEY_LOCAL_MACHINE/SYSTEM/CurrentControlSet/Control/Session Manager/MemoryManagement бөлімінде орналасқан.
1) Жады диспетчерін өшіру.
Ол үшін DisablePagingExecutive кілтінің мәнін «0»-ден «1»-ге өзгертуіңіз қажет.
2) Жүйелік кэштың үлкеюі. LargeSystemCache кілтінің мәнін «0»-ден «1»-ге өзгертіңіз.
13) POSIX-ті өшіру. Осы қолданылмайтын жүйе ішінің өшірілуі жұмыс жылдамдығын бірнеше үлкейтуі мүмкін. Файлдарды жоюмен және өшірумен айналыспау үшін, Windows 2000 файлды қорғаудың осы мақсатында реестр редакторында HKEY_LOCAL_MACHINE\SYSTEM\CurrentControlSet\Control SessionManager\SubSystems тармағын ашыңыз және Optional мен Posix жолдарын жойыңыз.
14) Графикалық файлдардан тұратын папкалар бойынша навигацияны жылдамдату үшін «Әрбір папканың көріну параметрін есте сақтау» пунктінен белгіні алып тастау қажет. (Басқару панелі\Папканың қасиеті\Түр).
15). DLL кэшінің өшірілуі. Реестр редакторын қолдана отырып, HKEY_LOCAL_MACHINE\SOFTWARE\Microsoft\Windows\Current Version\Explorer тармағында параметрі AlwaysUnloadDLL жаңа DWORD құрыңыз, және оның мәнін «1» -ге тең деп орнатыңыз.
16). Дискіде бос орын жоқтығы жайлы хабарламаның өшірілуі.
HKEY_CURRENT_USER\Software\Microsoft\Windows\CurrentVersion\Policies\Explorer-ге NoLowDiskSpaceChecks атты жаңа DWORD параметрін қосамыз және оның мәнін «1» -ге тең деп орнатамыз.
17) History-дегі құжаттардың жазбасын өшіреміз. Әдетте кез келген құжатты ашу кезінде ол Жіберу\Менің құжаттарым-нан табылатын тізімге қосылады. Оны өшіру үшін, реестр редакторын қолдана отырып, HKEY_CURRENT_USER(HKEY_LOCAL_MACHINE)\Software\Microsoft\Windows\Current Version\Policies тармағын іздейміз және NoRecentDocsHistory кілтін құрамыз, (егер ол құрылмаса), оған «1» мәнін орнатамыз.
18). Қосымшаны жүктеу уақытын азайтамыз. Программа жарлығының қасиетіне /prefetch:1 командасын қосу жеткілікті және оның жүктелу уақыты бірнеше ретке азаяды. Сіздің компьютерге NeoTweakerPro орнатылған делік. Оң жақ батырмамен NeoTweakerPro жарлығына бассаңыз және мәзірден «Қасиет» пунктін таңдайды. «Объект» ұяшығында файлға деген жолдан кейін /prefetch:1 ( «/» кейін бос орын қалдыруды ұмытпаңыз) қосыңыз, «OK»-ді басыңыз.
19) Жүктеу кезіндегі HDD-дің баяу жұмысы.
Жіберу\Басқару панелі\Басқарма\Құрылғылар диспетчерін ашамыз және IDE/ATAPI-контроллерін таңдаймыз. «Алғашқы IDE каналы» қасиеттерін ашамыз және Қосымша Параметрлер пунктін таңдаймыз. Құрылғы 0 (немесе Құрылғы 1) бөлімінде Жоқ мәні қайда болатынын таңдаймыз.
20) CTRL+ATL+DEL басылуын Windows-ті жүктегеннен кейін өшіреміз. Басқару панелі \Басқарма \Жергілікті қауіпсіздіук политикасы \ Жергілікті политикалар \Қауіпсіздік параметрлерінен CTRL+ATL+DEL жүйеге ену туралы сұранысты өшіру пунктін табамыз да, екі рет шертеміз және Қосу пунктін таңдаймыз.
21). Windows2003 базасындағы компьютерде шығу\өшіру\қайта жүктеу әрекеттерін орындауда пайда болатын терезені өшіреміз, яғни Shutdown Event Tracker өшіреміз. Жіберу\Орындау\gpedit.msc топтық политика редакторын жібереміз, «Жұмыстың аяқталуын бақылайтын диалогты көрсету» (Display Shutdown Event Tracker) (Компьютердің конфигурациясы \Басқарма шаблондар\Жүйе) оқиғасын табамыз және қасиеттеріне параметр ретінде «Өшіру»-ді қоямыз. Мұнда «Бір жолы орындалған программаның автожіберілуінің тізімін өшіру», «Автожіберілуді өшіру», «Жүктеме жағдайының хабарламаларын өшіру. Жұмысты аяқтау» белгілерін өшіреміз.
22) NeoTweakerPro программасын жіберіп, оның мүмкіндіктерін көріңіз. Берілген программаны қолдана отырып, сіз жасаған барлық баптауларды орындауға болады. NeoTweakerPro-да орындаған баптауларға сәйкес баптауларды іздеп көріңіз.
Есеп берудің құрамында жұмыс бойынша мыналар болу қажет:
Әрекеттер жұмысында барлық орындалғандардың нақты сипаттамасы.
Бақылау сұрақтарына жауаптар.
Бақылау сұрақтары:
Реестр дегеніміз не?
Реестрдегі мәліметтер қайда қолданылады?
Реестрде мәліметтердің қандай типтері сақталады?
Реестрдің құрылымы. Негізгі түсініктер.
Реестрдің 5 ұясы. Олардың сипаттамалары және олардың ішкі бөлімдері.
Іздеу терезесінің қызметі.
Реестрдің мәліметтерінің экспорты мен импорты ненің көмегімен жүзеге асады?
.REG өзіндік файлдарын құру
Реестрмен басқа компьютердің қосылуы.
Зертханалық жұмыс № 4
Тақырыбы: Тапсырмалар диспетчері. Процесстер, ағындар.
Жұмыстың мақсаты: Диспетчердің функцияларымен танысу. Процесстермен танысу.
Теориялық мәліметтер:
