Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Патологиялық физиология.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
226 Кб
Скачать
☆

Патологиялық физиология

1. Патофизиологияның «Жалпы нозология» бөлімі зерттейді

A) Денсаулық, ауру туралы түсінікті және олардың маңызын

B) Ауру нышандарын

C) Жекелеген біртектес дерттік үрдістердің этиологиясы мен патогенезін

D) Жекелеген аурулардың клиникалық көріністерін

E) Ауру дамуының сатыларын

F) Жүйке жүйесі ауруларының этиологиясы мен патогенезін

G) Жүрек қантамыр жүйесі ауруларының этиологиясы мен патогенезін

H) Эндокрин жүйесі ауруларының этиологиясы мен патогенезін

A,B,E

2. Толық сауығуға тән:

А) Симптомдардың болмауы

B) Гомеостаздың қалпына келуі

C) Зертханалық көрсеткіштердің уақытша қалпына келуі

D) Микробтардың көбеюі

E) Эндокардиттен кейінгі жүрек ақауы

F) Сүйектердің сынықтан кейінгі деформациясы

G) Құрылымы мен қызметінің қалпына келуі

H) Клиникалық көріністердің уақытша жойылуы

A,B,G

3. Реанимациялық шараларда қанды артерия ішілік енгізудің маңызы:

A) Тамыр аймағы рефлекстері рецепторларының қозуын дамытады

B) Сол қарыншаның қанға жақсы толуын қамтамасыз етеді

С) Коронарлық қанайналымының қалпына келуін қамтамасыз етеді

D) Ашішекте қанағымын жақсартады

E) Көкбауырда қанағымын жақсартады

F) Жүрек қарыншаларының фибриляциясын тоқтатады

G) Мый тамырларына қан келуін қамтамасыз етеді

H) Артериялық қысымды төмендетеді

A,C,G

4. Ауру патогенезін оқып білу мына сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді

A) Ауру неге пайда болды?

B) Ауру пайда болуының себебі не?

C) Ауру дамуына не септеседі?

D) Ауру дамуына не кедергі келтіреді?

E) Ауру қалай, қайтіп дамиды?

F) Ауру дамуындағы негізгі тізбек не?

G) Ауру дамуында кері айналып соғу шеңбері деген не?

H) Аурудың этиологиясы нені оқытады?

E,F,G

5. Кондиционализм – бұл

A) Ауру себептері туралы материалистік көзқарас

B) Ауру пайда болуына бір ғана себептің әсері жеткілікті болатыны туралы көзқарас

C) Ауру пайда болуы үшін жағдайдың маңызы болмайтыны туралы көзқарас

D) Ауру себептері туралы идеалистік көзқарас

E) Ауру, маңыздылығы бірдей, жағдайлар кешенінің әсерінен пайда болатыны туралы көзқарас

F) Ауру пайда болуы үшін жағдайдың да, себептің де қажеттігі туралы көзқарас

G) Неміс физиологы және философы М. Ферворнмен дәлелденген ілім

H) Ауру себептері туралы диалектикалық көзқарас

D,E,G

6. Реактивтілік – бұл

A) Біртұтас организмнің қоршаған ортаның әсеріне тіршілігін өзгертуімен

жауап беру қасиеті

B) біртұтас организмнің қоршаған ортаның әсеріне белгілі бір жолмен жауап беру қасиеті

С) Жауаптың сипатын қамтамасыз ететін организмнің ұрпақтан берілген немесе жүре пайда болған морфологиялық және функциялық ерекшеліктерінің жиынтығы

D) ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы

E) ауру пайда болуының себептік байланыстары туралы ілім

F) дерттуындататын тітіркендіргіштің әсеріне организмнің қорғаныстық әсерленісі

G) организмнің бейнақты төзімділігі

H) Сыртқы және ішкі жайттардың әсеріне толық организмнің тіршілігін өзгертіп айқын жауап беру қасиеті

A,B,H

7. Қарттық шақтағы дерттің ерекшелігіне жатады:

A) Аурудың гиперергиялық өтуі

B) Өспелер дамуының жиілігі

C) Ауру белгісінің айқын болуы

D) Ауру белгісінің жасырын болуы

E) Ауыру сезімінің орнықпауы

F) Айқын иммундық жауап

G) Дерттің көптігі

H) Зақымдануға жайылған серпіліс

B,D,G

8. Даун ауруына тән белгілер:

A) Ақыл-есінің кемдігі

B) Бұлшықетінің гипертониясы

C) Беті монғол типті

D) Дене бітімі кемтар

E) Аяқ-қолы ұзын

F) Алақанында «маймылдың қатпары»

G) Балтыры қылыштәрізді

H) Мойнында қанаттәрізді қатпар

A,C,F

9. Жасушаның гипоксиялық зақымдануы кезіндегі теңгерілулік құбылыстарға жатқызуға болады

A) Na/К АТФ-азалардың белсенділігінің төмендеуі

B) Гликолиздің әсерленуі

C) Фосфолипаза А2 әсерленуі

D) Буферлік жүйелердің әсерленуі

E) МАТ әсерленуі

F) Са2- АТФ-азаның белсенділігінің төмендеуі

G) Гипоксия-индуцибилді жайт түзілуі әсерленуі

H) Мембраналық фосфолипазалар әсерленуі

{Семестр} = 7, 9

B,D.G

10. 2 дәрежелі күйікке ұшыраған науқас қозған, айқын ауыру сезімі, қалтырау, шөлдеуді сезінеді, есі шатысқан, АҚ 90/60 мм.с.б., тамыр соғысы әлсіз толған, минутына 130 рет. Науқаста дамыған жағдай, оның сатысы мен патогенезі:

A) Жарақаттық сілейме

B) Анафилаксиялық сілейме

C) Күйіктік сілейме

D) Эректилді сатысы

E) Торпидті сатысы

F) ОЖЖ тежелуі

G) ОЖЖ қозуы

H) Гипоталамо-гипофиз жүйесінің әсерленуі

C,E,F

11. Веналық гиперемияның жағымсыз әсеріне жататыны:

A) Тіннің некрозы

B) Тіндердің дистрофиясы

C) Дерттік үрдістің жайылуы

D) Тіндердің гипоксиялық зақымдануы

E) Тіндердің ұлғаюы және ісінуі

F) Тамыр қабырғасының жарылуы

G) Веналық қанның артерилизациялануы

H) Тіндермен оттегінің қолданылуы азаюы

B,D,E

12. Қабынуды дамытатын жағдайларға жататыны:

A) Қант диабеті

B) Стафилококктар

C) Қышқылдар

D) Сіңірлер мен байламдардың созылуы

E) Организмнің суықтауы

F) Фагоцитоздың жеткіліксіздігі

G) Ультракүлгін сәуленің әсері

H) Жоғары температураның әсері

A,E,F

13. Экссудацияның патогенезінде маңыздысы:

A) Тамыр қабырғасы өткізгіштігінің жоғарылауы

B) Қылтамырларда гидростатикалық қысымның жоғарылауы

C) Қабыну ошағында тіндердің гиперосмиясы мен гиперонкиясы

D) Қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы

E) Қанның онкотикалық қысымының төмендеуі

F) Қылтамырларда гидростатикалық қысымның төмендеуі

G) Қабыну ошағында осмостық қысымның төмендеуі

H) Тамырлардың тарылуы

A,B,C

14. Қабынудың жергілікті белгілері болып табылады:

А) Ісіну

В) Жергілікті температураның жоғарылауы

С) Қызба

D) Гамма глобулиндердің жоғарылауы

Е) Ауыру сезімі

F) ЭТЖ жоғарылауы

G) Лейкоцитоз

H) С-реактивті нәруыздың артуы

A,B,E

15. Қызбада температураның көтерілу патогенезінде маңыздысы:

A) Тотығу мен фосфорланудың ажырауы

B) Тотығу мен фосфорланудың ілесуі

C) Шеткері вазодилятация

D) Жиырылғыштық («бұлшықеттік») термогенездің күшеюі

E) Диурездің күшеюі және тыныстың жиілеуі

F) Жиырылмайтын (биологиялық тотығу) термогенездің әсерленуі

G) Терлеудің күшеюі

H) Парасимпатикалық жүйке жүйесі тонусы жоғарылауы

A,D,F

16. Аллергиялық серпілістердің патофизиологиялық сатысы сипатталады:

A) Иммундық кешендердің түзілуімен.

B) Биологиялық белсенді заттардың әсерленуімен.

C) Аллергия дәнекерлері әсерінен ағзалар мен тіндердің қызметі бұзылыстарымен

D) Антидене түзілуімен.

E) Сенсибилизацияланған лимфоциттердің түзілуімен

F) Аллергия дәнекерлері әсерінен ағзалар мен тіндердің құрылымдық бұзылыстарымен

G) Антидене титрі артуымен

H) Тамыр өткізгіштігі жоғарылауымен

C,F,H

17. Оң Манту сынауына тән:

А) Аллергиялық серпілістердің реагиндік түрі

В) Жасуша атысуымен жүретін аллергиялық серпілістер

С) Аллергиялық серпілістің цитотоксиндік түрі

D) Негізгі дәнекерлері - лимфокиндер

Е) Негізгі дәнекерлері - гистамин, кининдер, лейкотриендер

F) Комплимент бөлшектері негізгі дәнекер болып табылады

G) Бала туберкулез микобактериясын жұқтырған

Н) Баланың дені сау

B,D,G

18. Өспенің үдеуін сипаттайды:

A) Жасушалардың үдемелі анаплазиясы

B) Апоптоз гендерінің әсерленуі

C) Химиотерапияға тұрақтылық

D) Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы

E) Организмнің өспе жасушаларымен антигендік түрткіленуі артуы

F) Жасушалық бақылаудың артуы

G) Жасушалардың соңғы жетілу үрдістері күшеюі

H) Метастаздану

A,C,H

19. Экзогендік нормобариялық гипоксияға тән қанның газдық құрамының өзгерісі:

A) Гипокапния.

B) Гипоксемия.

C) Алкалоз.

D) Гиперлипидемия.

E) Гиперпротеинемия.

F) Гиперкапния

G) Газдық және метаболизмдік ацидоз

H) Оксигемоглобин 90%-ды құрайды

B,F,G

20. Тіндік гипоксияның себептері:

A) Цианидтермен улану

B) Жабық кеңстіктеболу

C) Артериялардың тромбозы

D) В1, В2, РР, В3 (пантотен қышқылы) гиповитаминозы

E) Өкпе эмфиземасы

F) Тиреоидтық гормондардың тапшылығы

G) Гемолиздік анемия

H) Биіктік ауруы

A,D,F

{Семестр} = 7, 9

21. Гормондық гипергликемия дамиды:

A) Инсулин тапшылығында.

B) Глюкокортикоидтар артықтығында.

C) Паратгормон артықшылығында.

D) Вазопрессин артықшылығында.

E) Соматотропин тапшылығында.

F) Тироксин артықшылығында

G) Глюкагон артықшылығында

H) Альдостерон тапшылығында

A,F,G

22. Микроангиопатиялар патогенезінде маңызы бар

A) Гипогликемия

B) Ұсақ қантамырларының тіректі мембраналарында нәруыздардың глюкозамен байланысуы

C) Глюкозаның сорбитолға ауысуының белсенділенуі және оның усақ қантамырларының қабырғасында жиналуы

D) Қан тамырлары қабырғасы нәруыздарының антигендік қасиетке ие болуы және ұсақ қан тамырлары қабырғаларының иммундық зақымдануы

E) Артериялардың атеросклерозы

F) Қанда ТТЛП артуы

G) Қанда ӨТТЛП артуы

H) Қанда хиломикрондардың жоғарылауы

B,C,D

23. Науқаста тері мен шырышты қабаттардың құрғауы, тін тығыздығы төмендеуі, шөлдеу сезімін дамытқан су алмасуы бұзылысының түрі, қанның осмостық қысымының өзгеруіне қарай түрі мен оны емдеу ұстанымы:

A) Оң су балансы

B) Теріс су балансы

C) Гиперосмолялдық гипогидрия

D) Гипоосмолялдық гипогидрия

E) Изоосмолялдық гипогидрия

F) Гипертониялық ерітінді енгізу

G) Қан плазмасын енгізу

H) Тұзы аз ерітінді енгізу

B,C,H

24. Нәруыз синтезі артады:

A) Дене қызымы көтерілу кезінде

B) Анаболикалық заттарды қолданғанда

C) Жыныстық жетілу кезінде

D) Қатерлі өспелерде

E) Қантты диабетте

F) Жұқпалы аурулардан кейін сауығу кезінде

G) В тобы витаминдері тапшылығында

H) Нәруыз құрамы бойынша құнсыз тамақтану жағдайында

B,C,F

25. Кетоздың салдары:

A) Газдық ацидоз

B) Газдық алкалоз

C) Метаболизмдік ацидоз

D) Аутоуыттану

E) Тіндік тыныстың тежелуі

F) Гипергликемия

G) Гипогидратация

H) Гипергидратация

C,D,E

23- вариант