Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әйел адам есімдері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47 Кб
Скачать
☆

Қазиза......Қырмызы

ҚАЗИЗА  - (қараңыз: Ғазиза).   ҚАЗИЛА - араб тілінен алынған қази , қазы — даулы іске билік айтушы + ла қосымша.   ҚАЗЫНА - араб тілінен алынған хәзинә —  байлық, қойма;   қазына. Аса қымбатты деген мағына береді.   ҚАЛАМҚАС - жіңішке келген әдемі қара қас. Халық арасында кеңінен тараған есім.   ҚАЛБИБІ  - (қараңыз: Аққал).     ҚАЛИЯ  - (қараңыз: Әлия).     ҚАЛУА  - (қараңыз: Алуа).     ҚАЛУАН  - (қараңыз: Алуа).   ҚАЛТҰРҒАН  - (қараңыз: Аққал).   ҚАМАРИЯ - араб тілінен алынған қамар — ай, осы сөзге «ия» қосымшасы қосылу арқылы жасалған есім. Яғни ай, айдай сұлу.   ҚАМҚА - қытай жібегі, жұқа жібек матаның түрі.   ҚАПИЗА - араб тілінен алынған хафез білгір, білімпаз, оқымысты.   ҚАРАГӨЗ - мөлдір, әдемі, нәркес көз.   ҚАРЛЫҒАШ - құс атауынан қойылған есім.   ҚАТИРА - араб тілінен алынған хатирә — пікір, сана, идея.   ҚОРЛАН - араб тілінен  — хор сұлуы, хор қызы.   ҚҰНДЫЗ - терісі бағалы аң. Бала құндыздай әдемі, көркем болсын деген тілекпен қойылған.   ҚҰРАЛАЙ - киіктің лағы;  уақыт мезгілі (15—20 мамыр арасы). Әдемі, қара көзді құралай көз деген теңеу де бар.

ҚЫЗҒАЛДАҚ - қырмызы қызыл гүл атынан қойылған есім.   ҚЫМБАТ - аса бағалы, құнды, нарқы артық.   ҚЫРМЫЗЫ — шымқай қызыл,  алқызыл, қызыл жібек;  нұрлы, әрлі.

Лазым......Ләтипа

ЛАЗЫМ - араб тілінен алынған — қажет, міндетті, көректі.   ЛАШЫН — алғыр, қыран құс, сұңқар.   ЛӘБИБА - араб тілінен алынған — ақылды, парасатты, өткір.   ЛӘЗЗАТ - араб тілінен алынған — тәттілік, шырындылық,  сүйкімділік, жағымды,  ұнамды, жаратымды.   ЛӘЗИЗА - араб тілінен алынған лазиз —  тәтті, шырынды, дәмді;  ең жақсы, өте тамаша.   ЛӘЙЛА - араб тілінен алынған әлләйлун — түн, кеш, көне еврей тілінде Лилия. Түрі — Лейла.   ЛӘТИПА - араб тілінен алынған латиф — қайырымды, рақымды, жайдары, сүйкімді.  Мағрипа......Мүштари

МАҒРИПА - араб тілінен алынған магрифет — білім, таным, өнер, сауаттылық яки солардың иесі.   МАЙНА - иран тілінен  — индия қараторғайы.   МАЙНҰР - май айында туған нұрлы, көркем, сұлу қыз.   МАЙСА - тәжік тілінен   —  ерте көктем;  көк майса, шалғын.   МАҚПАЛ - иран тілінен алынған бахмал — барқыт.   МАНАТ - көбіне қызыл түсті келетін, фланель тектес мата.   МАНЗУРА - араб тілінен — бағышталған, арналған.   МАРЖАН —  теңіз астынан алынатын қызыл, яки ақшыл түсті тастар;  інжу.   МАРЗИЯ - араб тілінен алынған мәрзия —  разы қылушы, яки жағымды, келіскен;  көпшілік ұнатқан, мақұлдаған.   МАРИЯ - көне еврей тілінен келген—  өте жақсы, тамаша;  биік мәртебелі ханша. Дыбыстық өзгерген түрі — Мәрия, Мәриям.   МАРФУҒА - араб тілінен алынған марфуа — биік мәртебелі, үлкен дәрежелі.   МАРХАБА - араб тілінен алынған мархабан — хөш келдіңіз, қайырымдылық.   МАСТУРА - араб тілінен  —  жамандықтың алдын алушы, жақсылық тілеуші;  адал, таза, құрметті әйел.   МАТЛУБА - араб тілінен  — арманы орындалған.   МАУСЫМЖАН - араб тілінен алынған - маусым - уақыт, шақ, жиынтерін;  ескі календарь бойынша төртінші ай аты; мейрам, мереке.   МАХБАРА - тәжік тілінен алынған  мах — ай + бара — сұлу, махпора — сұлу, көркем.   МАХБҮБІ - тәжік тілінен алынған  мах  + араб тілінен алынған бубі ~ бибі, яғни айдай сұлу, сүйікті, сүйкімді.   МАХИНҮР - иран тілінен  - айлы, жарық, айға ұксас сұлу.   МӘДИНА - араб тілінен алынған Мәдинә Сауд Аравиясындағы қала.   МӘЛИКЕ - араб тілінен  - патша әйел, ханша, ханым;  билеуші әйел, патшаның әйелі.   МӘНЗИЛА - араб тілінен  - дәреже, атақ;  әлеуметтік жай.   МӘНСУРА - араб тілінен алынған мансур — женімпаз, жеңуші.   МӘРМАРА - араб тілінен  - асыл ақ тас.   МӘУЕ - араб тілінен  - жеміс.   МЕЙРАМГҮЛ - қуаныш гүлі. Түрі — Мейраш.   МЕЙІЗ - иран тілінен  - жүзім, кептірген жүзім. Біріккен тұлғалы түрі — Мейізгүл.   МЕЙІРЖАН - иран тілінен алынған меһр — ынта, ықлас, ынталы, ықласты, ақ пейіл.   МЕРЕКЕ - той, тамаша күні туған балаға берілген есім.   МЕРУЕРТ - иран тілінен  - асыл моншақ.   МИРА - жаңа есім  - бейбіт, тыныштық өмір.   МҰХТАРИМА - араб тілінен  - қадірлі, құрметті, сыйлы.   МҰКАРРАМА - араб тілінен  - құрметке бөленген, қадірлі, сыйлы.   МҮЛИПА - араб тілінен  — кітап шығарушы ақын.   МҮНИРА - араб тілінен  - нұрлы, жарық, жарқын, айқын. Түрі — Мінира.   МҮШТӘРИ - араб тілінен  —  сатып алушы;   жұлдыз.