Нағиза......Нұршара
НАҒИЗА - иран тілінен — әдемі, сұлу, көркем. НАҒИМА - араб тілінен алынған нагімә — мейірімді, жарқын, инабатты; биязы, нәзік, жұмсақ. НАЗГҮЛ - (қараңыз Гүлназ). НАЙРА - араб тілінен алынған нәирә — нұрлы, көркем, айқын, жарқын. НАРША - нардай мықты, қайратты, жігерлі. НАУАТ - араб тілінен алынған набит — өсімдік, шөп; мұз түстес, мөлдір, жылтыр, тәтті қант. НАУША - иран тілінен алынған ноуче — жаңа келген; балаң, жас. НӘБИРА - араб тілінен алынған нәбирә — немере ұл, немере қыз. НӘДИРА - араб тілінен алынған надыр — сирек, тандаулы. НӘЗИПА - араб тілінен алынған назифъ — таза, мұнтаздай, пәк. НӘЙЛА - араб тілінен алынған нәйль — жетістік, тілекке, арманға, табысқа жету; сый, сыйлық. НӘРГҮЛ - иран тілінен алынған нәр - анар сөзінің қысқарып, өзгерген түрі + гүл. Анардың гүліндей сұлу, әдемі деген мағынаны білдіреді. НӘРЗӘН, НАРЗАН - минералды қайнар бұлақ Нарзан атауымен қыз баланы ашық, таза, адал ойымен өссін деген мағынаны білдіреді. НӘРИМА - араб тілінен алынған найри — батыл, ер жүрек, қызба жан. НӘСИМА - араб тілінен алынған нәсимә — самал; лебіз, леп. НӘФИСА - араб тілінен алынған нафиса — сұлу, көркем, әдемі; нәзік, биязы. НЕСІПЖАН - араб тілінен алынған насиб - үлес, сыбаға; бақыт, тағдыр. НҰРАЙ - көркі, нұры айдай, сұлу, көркем. НҰРАЙША - араб тілінен алынған нұр + айша, нұры, көркі айша жарқыраған сұлу. Түрі — Нұрғайша. НҰРБАҒИЛА - көркі, әрі, сұлулығы мәңгілік, өмірлік, мәңгі сұлу. НҰРБИБІ - араб тілінен алынған бибі - нұрлы, көрікті, ажарлы қыз бала. НҰРЖАМАЛ - араб тілінен - сұлулық, көркемдік сәулесі. НҰРЖӘМИЛА - араб тілінен - аса сұлу, әдемі, көрікті; өте сүйкімді, ажарлы. НҰРЗИЛА - араб тілінен алынған — ашық жарқын жүзді. НҮРЗИЯ - араб тілінен алынған нүр + зия — жарық, сәуле шұғыла. Нұры, ажары жайнаған сұлу. НҰРИКАМАЛ - араб тілінен - кемеліне келген, толысқан сұлу. НҰРИЛА - араб тілінен — жарық жүзді, ажарлы, көрікті. НҰРИПА - араб тілінен - нұрлы, ажарлы, көркем. НҰРИЯ - араб тілінен —жарқын, ашық, нұрлы, керкем, әдемі қыз. НҰРЛЫҚҰЛ - араб тілінен — ажары, көркі, реңі, гүлдей, сұлу қыз. НҰРСҰЛУ - араб тілінен алынған нұр — қазақтың сөзі сулу. Қыз бала өте әдемі, нұрлы, әрлі, көркем әрлі болсын деген тілекпен қойылған есім. НҰРХАН - араб тілінен — ажарлы, әрлі, көрікті, сұлу ханым. НҰРША - араб тілінен — нұр тәрізді жайнаған ажарлы, нұрлы, көрікті. НҰРШАЙЫМ - араб тілінен — нұр тәрізді жайнаған, ажарлы, нұрлы, көрікті. НҰРШАРА - нұрлы, әрлі, сұлу Шара.
Оразия......Орынша
ОЗАРИЯ - иран тілінен алынған озор — от + ия қосымша. Оттай жанған, өжет. ОПАЖАН - араб тілінен алынған вафа + иран тілінен алынған жан, адал, таза, пәк жан, досына шын пейілімен берілген адам. ОРАЗГҮЛ - көне түркі тілінен келген орыз — ырыс, құт, бақыт. Есімнің екінші сыңары иран тіліндегі гүл. ОРАЛ - Орал өзені атынан қойылған есім. ОРЫНША - бәз қалпынша, баяғыша, өзгеріссіз, тұрақты.
Өміргүл......Өрзия
ӨМІРГҮЛ - өмірдің қуанышы, жайнаған гүлі. ӨМІРШЕ - араб тілінен алынған — өмір бақи, мәңгілік. ӨНЕГЕ - үлгі, тәрбие. ӨРБИКЕ - қазақ сөзінен өр ауыспалы мағынасы паң, ерекше ерен, бике , бикеш — ханзада, ханша, яғни ерекше, асыл туған бикеш. ӨРЗИЯ - асқан сұлу, адемі қыз.
Пана......Перизат
ПАНА - иран тілінен алынған панаһ — сая; қорғаныш, сая, таса. ПАРАСАТ - араб тілінен — ақыл, сана. ПАРЗАН - иран тілінен алынған фарзане — данышпан, ғұлама; ақылды. ПЕРИЗАТ - иран тілінен алынған — пани ~ пері + зат әдемі, сұлу, асқан сұлу, көркем қыз.
Рабия......Рухия
РАБИЯ - араб тілінен — тәрбиелеуші, тәрбие беруші. РАЙГҮЛ - араб тілінен — райхан гүлі. РАЙСА - грек тілінен - биязы, жұмсақ, жөн білгіш. РАЙХАН - араб тілінен — хош иісті гүл. РАСИМА - араб тілінен — рәсім, әдетті берік ұстаушы. РАУЗА - араб тілінен — бақша, гүл бақшасы, көгал; көрікті. РАУШАН - иран тілінен алынған рәушан — жарық, нұрлы, сәулетті; айқын, таза. РАФИХА - араб тілінен алынған рафих — қайырымды, жомарт, мәрт; серік, жолдас, дос; көңілдес, яғни қайырымды, жомарт, дос қыз. РАХИЛА - араб және тәжік тілдерінен — пысық, елгезек қыз. РАХИМА - араб тілінен — мейірімді, қайырымды, рақымды. РАХИЯ - араб тілінен — көңіл аударушы, сүйкімді, әсем. РАШИДА - араб тілінен алынған рашид — бастаушы, бағыт беруші. РӘБИҒА - араб тілінен — төртінші, төртінші қыз; көктем, көктем кезі; жолдас, серік. РӘЗИЯ - араб тілінен — жағымды, ұнамды, сүйкімді, сүйікті; риза, разы, қалаулы. РӘШ — араб тілінен — сіркіреп жауған жауын. РОЗА - Роза гүлі атынан қойылған. РУСЛАНА - көне түркі тілінен— Руслан есімінен қойылған қыз есімі. РУФИЯ - иран тілінен — алтын немесе күміс тиын. РУХИЯ - иран тілінен — көңіл-күй, рух.
