Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Образец письма на ввоз мебели.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45 Кб
Скачать
☆

Гемодинамикалық бұзылыстар:

1. Қанның кері оралуынан сол жүрекшенің сиымдылығы ұлғаяды, сондықтан сол қарыншаға айдалған қанның көлемі де ұлғаяды. Осыдан сол жүрекше мен қарыншаға көлемдің көш түседі.

2. Көлемдік күш түсуден сол жүрекше мен сол қарынша гипертрофияланады. Гипертрофияланған сол қарыншаның систолалық айдау көлемі ұлғаяды. Айдау көлемінің ұлғаюынан және сол қарыншаның қуаттылығынан, ақау ұзақ компенсация күйінде сақталады.

3. Жүре бара сол қарыншаның насостық функциясының әлсіреуінен сол жүрекшеде қан іркіледі, ондағы қысым биіктейді. Осыдан кіші шеңберде қан іркіледі.

4. Cол жүрекшедегі қан қысымының биіктеуінен пассивті өкпе гипертензиясы дамиды.

5. Өкпе гипертензиясынан оң қарыншаға күш түсуі оның гиперфункциясы мен гипертрофиясына әкеледі.

6.Оң қарынша шамасыздығы және үлкен шеңберде қан іркілісі дамиды.

Клиникалық белгілері:

  • горизонталды қалыпта күшейетің ентікпе мен құрғақ жөтел, қан қақыру, өкпенің төменгі аймақтарында ылғалды сырылдар

  • акроцианоз, мойын веналарының ісінуі

  • жүрек түрткісі мен томпағының пайда болуы, солға және төмен ығысуы,ІІ қабырғааралықта пульсация

  • гепатомегалия, ісінулер

  • жүрек ұшында систолалық діріл

  • сол жүрекшенің және қарыншаның гипертрофиясы

  • жүрек ұшында І тонның әлсіреуі, систолалық шу, үшінші нүктеде ІІ тонның акценті

  • ЭКГ, ЭхоКГ: жүректің сол бөліктерінің гипертрофиясы

  • рентгенография: жүректің митральді пішіні, белінің жойылуы

Митральді шамасыздықтың даму кезеңдері.

І кезең – ақау сол жүрекше мен сол қарыншаның қызметінің күшеюі арқылы компенсацияланады. Ақаудың субъективті белгілері жоқ.

ІІ кезең – сол қарыншаның жиырылу функциясының әлсіреуінен пассивті өкпе гипертензиясы дамиды. Кіші қан шеңберінде қан іркілісінен ентігу, құрғақ жөтел, жүрек астмасы, қан қақыру пайда болады.

ІІІ кезең- оң қарынша шамасыздығы дамуы. Веналық қысым биіктейді, нәтижесінде гепатомегалия, ісінулер пайда болады.

Митральді стеноз.

Патогенезі:

  • қ ақпақ жармаларының бітісуі, саңылаудың тарылуы

  • хордалардың бітісуі және қысқаруы («балық ауызы»)

  • жармалармен хордалардың бітісуі

Г емодинамикалық бұзылыстар:

1. Сол атриовентрикулярлық тесіктің тарылуынан сол жүрекшеге кедергілік күш салынуы

2. Cол жүрекшенің гипертрофиялануы, кеңуі, ал оның компенсациялану мүмкіндігі жойылғанда жүрекшеіші қысымның биіктеуі

3. Пассивті өкпе гипертензиясы

4. Өкпе гипертензиясынан оң қарыншаға кедергілік күш түсіп, оның гипертрофиялануы, дилятациясы

5. Оң қарынша шамасыздығы, қанның үлкен шеңбердегі іркілісі

Клиникалық белгілері:

  • ентігу, қан қақыру, өкпеден қан кету

  • жүрек томпағы, жүрек ұшындағы диастолалық діріл

  • жүрек ұшында сартылды І тон, өкпе артериясында ІІ тон акценті

  • жүрек енінің ұлғаюы (оң қарынша мен оң жүрекшенің кеңуінен)

  • гепатомегалия, ісіктер, асцит

  • ЭКГ, ретгенографияда оң қарыншаның гипертрофиясы

Митральді стеноздың жіктемесі.

І саты – ақау толық компенсацияланған, шағымдар жоқ

ІІ саты- кіші шеңберде іркіліс басталады, нәтижесінде ентігу пайда болады

ІІІсаты- кіші шеңберде іркіліс күшееді және үлкен шеңберде іркіліс басталады. Ентігу ұстамалары, жөтел, қан қақыру, әлсіздік, гепатомегалия.

ІV саты- кіші және үлкен қан айналым шеңберлерінде ірікіліс күшейеді, шағымдарға ісінулер қосылады, жүрек гипертрофиясы, экстрасистолия, жыбыр аритмия пайда болады.

V саты- қан айналымның қайтымсыз шамасыздығы, мүшелердің дистрофиясы.

Аорта қақпағының шамасыздығы.