1. Қанның жалпы анализі
2. Жалпы ақуыздарды жəне ақуыздық фракцияларды анықтау
3. Қан құрамындағы сарысумен байланысқан темір мөлшерін анықтау
4. Нəжістегі жасырын қанды тексеру
5. Несіптің жалпы анализі
6. Нр - анықтау тесті.
7. Гистологиялық зерттеу ( көрсетім бойынша).
8. ЭФГДС пен нысаналы биопсия жасау.
9. Бариймен асқорыту-ішек жолдарының жоғары бөлігін ренгенологиялық зерттеу (көрсетім бойынша).
10. Асқазан сөлін зерттеу (көрсетім бойынша).
Емі:
Диета № 1
1. Эрадикация қолданылады (протондық насос ингибиторы ( омепразол, рабепразол, ) немесе ранитидин-висмут-цитраткларитромицин + амоксициллин немесе метронидазол)
Барлық дəрі-дəрмектер 7 күн бойы күніне 2 реттен қабылданады.
2. Ахлордидриялық гастритте жəне В12 дефицитті анемиямен бірге болған аутоиммунды атрофиялық гастритте: алмастырушы ферментотерапия (панкреатин) тағайындалады, цианкобаламиннің
3. Рефлюкс гастрит кезінде – антацидтер (фосфолюгель) Жалпы ем ұзақтығы 4-6 апта.
Алдын алуы:
тіс санациясы, алкогольдік ішімдіктерді жəне темекі шегуді шектеу, витаминдерді қабылдау, емдік минералды суларды ішіп тұру, физиотерапия, ЕДШ, санатории- профилакториялық ем.
Асқазан обыры.
Этиолонгиясы:
ұзақ уақытқа созылған және бактерия (Helicobacter Pylori) арқылы жұққан дерт
тағам және дәрілер, шылым, су, косметикалық заттар арқылы түсетін канцерогендік заттар немесе олардың бактерия ферменттері арқылы пайда болуы
өт қышқылының ұлтабардан түсуі
алкоголь,ас тұзының артық мөлшерде болуы
Асқазан обыры алды аурулар:
Созылмалы атрофиялық гастрит
Полиптер
Асқазан созылмалы жарасы
Менетрие ауруы (асқазан кілігей қабығының гипертрофиясы)
Теміртапшылықты қан азаюы
Өсу сатылары (дәрежелері):
I. Ісік 3см дейін, тек кілегей қабыршақта, метастаз жоқ
IIa. Ісік 3 см үлкен және бұлшық еттерге көшкен кез, метастаз жоқ
IIб. Ісік жоғарыдағы екі өсу дәрежесіндей және аймақтық лимфа бездерінде метастаз бар
IIIa. Кез келген көлемдегі ісік бүкіл асқазан қабаттарын жарақаттап, өңешке немесе ұлтабарға ауысқан мезгіл.
IIIб. Кез келген көлемдегі ісік, аймақтық лимфа бездерінде метастаздар
IV. Кез келген мөлшердегі ісік көрші мүшелерге көшкен, алыстағы мүшелерде метастаздар бар
Клиникалық белгілер:
асқазандағы қолайсыздық, эпигастрийде ауырсыну сезімі, тамақ ішсе де , ішпесе де ауру сезімі кетпей қояды
тәбеттің төмеңдеуі, анорексия
арықтау (бір екі айда 10 – 15 кг дейін)
әлсіздік, тез шаршау, жұмыс істеу қабілетінің төмеңдеуі
психоэмоционалдық өзгерістер: тітіркенгіштік, апатия, ұйқының бұзылуы
Диагностикасы: ЖҚА (анемия), ФГДС биопсиямен, рентгенография
Емі:
хирургиялық ем
химиотерапия
сәуле әдісі
Диспансерлік бақылау: бірінші жылдың ішінде әр үш айда бір рет, екінші жылда әр алты айда, үшінші жылдан бастап, әр жылда бір рет диспансерлік тексеріс қажет.
Асқынулары:
Қан кету (қанмен құсу, қан кофе тәріздес түсті,мелена)
Пилоростеноз (пилорус және антрум бөлімдері қысып, жабылады, сөйтіп тамақ жүрмей қалады)
Пенетрация (көрші мүшелерге (тіндерге) дерт ауысып, оларды жарақаттайды)
Метастаздар (бауыр, өкпе, сүйектер ж.т.б. мүшелерге)
