- •Жобаның мақсаты
- •Бәсекеге қабілетті құзіретті тұлғаны қалыптастыру-жаңа Қазақстанның бейнесін жасау
- •Қазақстан Республикасының білім жүйесін дамытудағы шетел тәжірибесінің рөлі
- •Білім реформасын жаһанданудың ең басты міндеті оқытудың заманауи әдістері мен технологиялары
- •Терминологиялық сөздік
- •Нормативтік құжаттар
- •1.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының білім жүйесін дамытудағы шетел тәжірибесінің рөлі
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері он жылдан астам уақыт өтсе де, жан-жақты реформалар жүргізу үрдісі аяқталған жоқ. Тәуелсіздік жылдарының алғашқы күнінен бастап дамыған елдерден үлгі алуға тырысқан Қазақстан Республикасы өз ішіндегі жаңашылдықтарды басқа елдермен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы енгізіп келеді.Қазақстан қоғамының трансформациясы жағдайында мемлекет алдында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін қалыптастыру өзекті мәселесі пайда болды. Бұл мәселені қарастыруда Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін реформалау үрдісін зерттеу керек. Бұл жерде өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан елдер үшін білім жүйесін реформалау жаңа құбылыс болып табылмайтындығын атап кету қажет. Мұндай реформалау білім жүйесінің жақсаруын, даму динамикасын, эволюциясын көрсетеді және әрдайым болып тұрады. Қазіргі Қазақстанда жоғары білім мәселесі экономикалық жағдайға тікелей байланысты. Бірақ, бұл мәселені шешуде тек қаржылық-экономикалық жағдаятқа ғана сүйенуге болмайды. Білімді реформалауға кешенді түрде қарап, әлеуметтік, экономикалық және мәдени факторларды да ескеруі керек. Әрбір әлеуметтік институт, соның ішінде білім беру жүйесі қалыптасқан жағдайларға бейімделуі тиіс, өйткені ол оның өмір сүруіне қажетті шарт болып табылады. Біздің еліміздегі білім беру жүйесінің реформасы басқа да өтпелі мемлекеттердегіей «жоғарыдан» жүргізіледі. Әлем кеңістігіндегі болып жатқан өзгермелі жағдайлар білім беру жүйесіне де өзіндік әсерін тигізіп отырғаны белгілі. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр. Осы орайда Австралияда қабылданған ХХІ ғасырдағы ұлттық мектептердің «Аделаида декларациясында»: «Австралияның болашағы әрбір азаматтың білімді, әділетті және ашық қоғамда өнімді әрі толыққанды өмір сүру үшін қажетті білімдерді, біліктерді, түсінісулер мен құндылықтарды игеруіне байланысты» делінген. Еліміздегі білім беруді дамыту ісі жаңаша көзқарастар мен сондай бағыттарға негізделіп отырғаны мәлім. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген. ХХІ ғасырдың басындағы адамзат қоғамының түр сипаты және дамуының бағыттары төмендегідей ғаламдық масштабтағы құбылыстармен айқындалып отыр: Барлық адамзатқа ортақ гуманитарлық, экономикалық проблемалардан туындайтын қарама-қайшылықтардың көбеюі. Қоғамдық-экономикалық қарым-қатынас жүйесіндегі жаһандану және ірі геосаяси өзгерістер үрдісінің кеңеюі. Ақпаратқа, білімге, көп мәдениеттілікке негізделген қоғамның құрылыуы. Постиндустриалдық, ноосферлық, даму деңгейіне өтудің жылдамдауы. Адам капиталы құнының артуы. Қазіргі кезеңде елдердің бір-бірінен салыстырмалы тұрғыдағы артықшылығы, бәсекелестік күш-қуаты олардың табиғи ресурстарымен емес көбінесе адам капиталымен, инновациялық технологияларды және ақпарат ағымын ұтымды пайдаланумен анықталып отыр. Дүниежүзі көлемінде постиндустриалдық қоғамға көшудегі білім беруді жаңарту қазіргі заманғы маңызды әлеуметтік құндылықтар мен қоғамдық бағыттар жүйесін дұрыс қалыптастырудың шешуші жағдайы есебінде көрінеді. Білім құндылықтары тұлғаның, қоғамның және табиғаттың игіліктеріне сәйкестендіріліп, ашық, вариативті, рухани және мәдени қаныққан толерантты, отаншылдық және шынайы азаматтықтың қалыптасуын қамтамасыз ететін жүйеге бірігуі тиіс. Білім беру экономикаға мамандар даярлау емес, қоғамның интеллектуалдық және мәдени деңгейін көтеру, оның бәсекелестік қабілеттерін инновация мен демократиялық прогреске лайық дамыту, өмірдің қазіргі заманғы стилін қалыптастыру құралына айналуы тиіс. 2000 жылы сәуір айында Декарда өткен білім жөніндегі Әлемдік форумда баршаға білім беру стратегияларын жүзеге асырудың 10 жылдық қорытындысы жасалып, білімді адам дамуының негізгі факторы деп есептейтін тұжырымды одан әрі тереңдетті. Форумның «Декарлық әрекеттер шектері «Баршаға білім беру: біздің міндетімізді орындау» атты негізгі құжатында білім алу адамның негізгі құқықтарының бірі деп атап көрсетіліп, ол тұрақты дамудың, елдер ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың, олар арасындағы қарым-қатынастың кілті болады және ХХІ ғасыр экономикасы мен қоғам өміріне тиімді қатысудың міндетті құралы деп атап көрсетілді.
Жер көлемі кең, халқы аз, табиғи байлығы мол, бірақ білікті ұлттық мамандары және өндірістік жаңа технологиялары қалыптасып үлгермеген Қазақстан мемлекетінің жаһандану үрдісіндегі бәсекелестікке төзіп, саяси-экономикалық, рухани-әлеуметтік іргелі және түйінді проблемаларын шешуші, ел ішінде және басқа елдермен бейбіт өмір сүруді, яғни тұрақты даму жолына түсуді қамтамасыз ету үшін ең пәрменді және сенімді құрал есебінде отандық білім жүйесін дамытудың өзектілігі ерекше екендігі анық. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлемдік ынтымақтастықтағы мемлекеттердің қатарына тұғыры биік тәуелсіз, өз саясаты мен даму стратегиясын қалыптастырған ел ретінде мүше болып енуі, дербес деп танылуы отандық білім берудің алдына жаңа міндеттер мен талаптар қойып отыр. сондықтан білім беруді дамыту мәселелері, білімнің сапасы, жоғары және жалпы білім берудегі қалыптасқан дәстүрлерді жетілдіріп, өткен тәжірибені ескеріп, шетелдік мемлекеттердің білім беру жүйесіндегі озық үлгілермен ерекше тұстарын өзіміздің ұлттық білім беру жүйемізге ендіру болашақтағы бастамасы игі жоспарлардың біріне айналмақ. Кез келген елдің білім беру жүйесінің алдында қоғам дамуының қай кезінде болмасын үлкен міндеттер тұрғаны белгілі. Өйткені білім беруді дамыту арқылы, мемлекеттің өсіп өркендеуіне жақсы жол ашылары сөзсіз. Мемлекеттің қалыптасып, саяси экономикалық бағыттардың дамып гүлденуі, білім беру жүйесімен тікелей байланысты болып отырған. Қазіргі кездегі жоғары білім жүйесінің даму тенденциясын былай суреттеуге болады: Біріншіден, ол Қазақстан Республикасы КСРО құрамында болған кездегі жүйелік әлеуетіне сүйенеді; Екіншіден, нарықтық экономиканың талаптарына және шарттарына сәйкес өзгеріп отырады; Үшіншіден, білім саласында жаңа оқу құралдарын қалыптастырудың белсенді үрдісі жүріп жатыр; Төртіншіден, білімнің экономикалық фундаменті өзгеруде; Бесіншіден, мемлекеттік емес оқу орындары көбейгендіктен, мемлекет білім сапасына бақылау мен оқу-ағарту бағдарламаларының басым бағыттарын қалыптастырумен шұғылданады. ХХІ ғасыр табалдырығын аттағаннан кейін көпеген елдер әлеуметтік салада біршама өзгерістерді бастарынан кешіруде. Шын мәнінде соңғы 10 жыл ішінде оқу-ағарту саласында реформа жүргізбеген бір де бір дамыған мемлекет жоқ. Кейбір елдерде бұл тәжірибе тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қазіргі қоғамның дамуында және әлемдік рынокта мықты позизияны қамтамасыз етуде білімнің басымдық рөлі туралы идея жоғары дамыған мемлекеттердің оқу-ағарту саясатында маңызды орынға ие. Ол ресми құжаттарда, саяси платформаларда және мемлекет басшыларының сөздерінде көрініс табуда. әлемдік қауымдастық өзінің жарқын болашағын жаңа біліммен байланыстырады. Ғаламдастыру соңғы он жыл ішінде адамдар санасында және тәжірибеде қозғаушы күш ретінде қарастырылды. Ғаламдастыру үрдісінің әсері халықаралық білімге ақпараттық, коммуникациялық технологиялар және технологиялық байланыстар енгізуде айқын көрінеді. Бұл үрдістің пайда болуынан гөрі оның халықаралық білім концепциясына әсері, оның табиғаты және қамту аумағы қызығушылық тудыруда. Ғаламдық мүдделердің пайда болуы және әртүрлі мемлекеттердің бірігуі олардың үкіметтерін халықаралық және аймақтық саясат қалыптастыруына, екі жақты және көпжақты келісім-шарттар жасасуына, қаржы-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-мәдени және білім салаларында келісімдер жасасуға мәжбүр етеді. Сондай-ақ осындай жобаларда жоғары білім саласы өте кең ауқым алып жатыр. Бұны ондағы халықаралық және аймақтық деңгейде жасалған көптеген алмасу бағдарламаларынан көруге болады. Мысал ретінде ТМД елдерінің білім министрлігінің Конференциясын, Еуразиялық Университеттер Асоциациясын және т.б. келтіруге болады. Жоғары білімнің әлемдік даму тенденцияларының жақсы жақтары мен кері әсер ететін жақтары бар. Осылайша, мысалы, Жоғарғы білім бойынша дүниежүзілік конференцияда ғаламдасу және аймақтасу үрдістеріне тән позитивті жақтарымен қатар, адамзаттың тұрақты дамуына бірқатар кері әсер етуші жақтары болды: - әлем аймақтарының поляризациясы; -бай және кедей аймақтар арасында айырмашылықтың үлкеюімен сипатталатын маргинализация; - кейбір әлеуметтік топтардың өзінің мәдени құндылықтарын этникалық ерекшеліктері бойынша, территориясы, діні, дәстүрі, мәдениеті, діни фундаментализмі принциптері негізінде бекітумен сипатталатын фрагментация. Жоғарыда келтірілген поляризация, маргинализация және фрагментация үрдістері адамзаттың тұрақты дамуын тежейді. Әрине, мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы мұндай саясатқа қызмет ете алмайды. Жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың даму үрдісінде кадрларды даярлау және ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін потенциалды біркелкі жіктемеуге байланысты проблемалар туындап отырады. Осы орайда, нашар дамыған елдердің студенттері мен профессорларының жоғары дамыған елдерге кетуі, яғни интеллектуалды ресурстардың ең бай мемлекеттерде шоғырлану үрдісі байқалады. Жоғары дамыған мемлекеттерге қарағанда өтпелі кезең елдері батыстандыру үрдісіне шалынып, жоғары дамыған мемлекеттердің интеллектуалды донорына айналды. Бүгінде біз үшін ТМД елдерінің ғылыми-зерттеу және элиталық білім мекемелерінен интеллектуалды ресурстардың шет елге кетуі тосын жайт емес. Бұл мәселені тиімді түрде шешу үшін білім саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытып, тереңдету керек. Осы орайда, білім саласындағы халықаралық саясатты даярлауда интеллектуалды миграция статикасын бақылап, олардың шет елге кету себебін анықтап, бұл үрдістің алдын алу шараларын ойластырмасқа болмайды. Ғаламдастыру экономикалық интеграциялану саласында, ақпараттық технология саласында және қоғамдық коммуникация саласында көріністапқан объективті үрдіс болып табылады. Алайда бұл үрдіс кейінгі кезде басқа салаларға да, әсіресе білім саласына тарала бастады. Жоғары білім саласындағы ғламдану үрдісі студенттер мен профессорлардың академиялық мобильділігінің күшеюіне, халықаралық білім мекемелерінің, оқу жоспарының және оқыту тәсілдерінің унификациялануына, дистанциялық білім беру және Интернет арқылы білім беру тәсілінің таралуының көбеюіне алып келеді. Көптеген мемлекеттер іске асыруға кіріскен «2000 жылға арналған білім» (ФРГ), «Америка-2000: білім дамуының стратегиясы» (АҚШ), «Болашақтың білімі» (Франция), «ХХІ ғасыр үшін білім моделін іздеу» (Жапония) жобаларын атап өтсек те жеткілікті деп санаймын. Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО-ға мүше болып қабылданғалы бері біз үшін халықаралық ынтымақтастық толыққанды мәселеге айналды. Дәстүрлі формалармен қатар бұл жерде жаңа перспективалар ашылды. Бұл-Халықаралық оқу-ағарту жобаларына қатысу мүмкіндігі, тараптарды оқу-ағарту саласында қызықтыратын кең спектрлі мәселелер бойынша консультациялар өткізу және ғылыми, педагогикалық технология алмасуларын жүзеге асыру т.с.с. іс шаралар. Осы ақиқаттарды ескере отырып, бізге осы әлемге жас оқушы ретінде емес, ортақ процеске қызыға қатысушы ретінде кіргізетін бөлім құру керек. Бұндай бөлімнің бірінші қадамы ретінде халықаралық келісім-шарттардың талаптарына көңіл қою қажет. Бұл іс-шара біздің оқу ағарту жүйемізді әлемдік стандартпен салыстыра отырып, дамытуғы және сараптауға мүмкіндік береді. Екінші қадамы ретінде екіжақтық келісімдердің шарттарын тең құқықты негізде жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының азаматтарына тиімі болатындай келісімдерге отыру керек. Қазіргі таңда білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын Халықаралық институттармен де ынтымақтасу өте маңызды. Олар өте көп және олардың көбісі ЮНЕСКО басшылығымен жұмыс атқарады. Сонымен қатар Қазақстанда жұмыс жүргізіп жатқан шетел оқу-ағарту бағдарламалары да Қазақстан білімін реформалауға әсерін тигізбей қоймайды. Олардың ішінде ірілері қатарына АҚШ оқу-ағарту бағдарламаларын жатқызуға болады. Кез келген мемлекетте білім беру жүйесі толық реформаланып болған жоқ және болмайды да. Өйткені, заман талабына сай ол өз талаптарын да өзгерте бермек. Сондықтан біздің еліміз де бұл үрдіске бар белсенділігімен қатысуға ат салысуда. Ал ол үшін шетелден үлгі алмай болмайды деп ойлаймын. 12 жылдық мектепке көшуге байланысты жұртшылық арасында «Бір жыл қосқанда не өзгереді? Бұл мемлекеттік бюджетке артық жүктеме түсіреді. Жеткеншек текке мектепте бір жыл артық отырып қалады» деген секілді көптеген сұрақтар туындап, екі түрлі пікір пайда болған еді. Ресми көзқарас 12 жылдық оқуды қолдады, ал бейтарап жұртшылық пікірі оған қарсы болады. Осындай болашақты бағамдайтын маңызды үлкен шара мерзімді басылымдар мен теледидар беттерінде, жиылыстар мен конференцияларда жан-жақты талқыланды. Нәтижесінде Үкіметтің шешімімен «12 жылдық білім беру тұжырымдамасы» қабылданды, оған сәйкес оқу бағдарламалары мен байқау оқулықтары жазылып, эксперименттік тексеруден өткізілуде. Жалпы білім беретін орта мектептегі оқу мерзімін неліктен бір жылға ұзартуымыз керек? Дүние жүзі жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың айырбасталуын, бейіндік оқытуды, көп тілдікті қамтамасыз етеді. Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшуді 6 жастан бастау көзделеді, бұл жас мектепте білім алуға неғұрлым қолайлы, адам дамуының физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес деп есептелінеді. Бастауыш мектепте оқу жүктемесін ұлғайтпай-ақ, шетел тілі мен информатика негіздері енгізіледі. Негізгі мектепте базалық білім беру 10-сыныпта аяқталады, біріктірілген курстар, алдын ала бейіндік даярлау енгізіледі. 11-12 сыныптарда әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық бағыттар бойынша бейіндік даярлау алдындағы жұмыстар міндетті болып есептелінеді. Кәсіптік мектептер мен лицейлерде білікті жұмысшы кадрларды даярлау жүзеге асырылады. Бұдан да жоғары біліктілік алу үшін қосымша бір жылдық оқу елдері, атап айтсақ, барлық елдердің 80 пайызы 12 жылдық оқу жүйесімен жүреді. Аса дамыған елдерде, Мысалы, АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, Канадада, Германияда орта жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, ал Жапонияда, Италияда-12 жыл. Шет елдерде біздің орта білім туралы құжатымыз-аттестатымыз танылмай отыр. Екіншіден, шет ел мектептерінде 12-13 жылда оқитын білімді біз 11 жылға сиғызып береміз. Сондықтан қазір 11 жыл оқитын балаларға оқу жүктемесі көп түседі. Жоғары сыныптарда, өз қалауымен пәндерді таңдап оқу уақытын қоса есептегенде, оқушыға түсетін оқу жүктемесі 36 сағат емес, 41-42 сағатқа жетті. Егер 12 жылдық мектепке көшетін болсақ, оқу жүктемесі біршама жеңілдейді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер мерзімі көзделіп отыр. Орта білім берудің мазмұны мектеп бітірушінің дербес және лайықты өмір сүруі, білім алуын едәуір жоғары деңгейде жалғастыруы немесе еңбек рыногында өзінің орнын табуы үшін құрылады. Бұл жерде мемлекеттің 12 жылдық ақысыз білім беруге кепіл болатынын айту керек. Тағы бір үлкен мәселе, ол 12 жылдық мектептердің құрылымы туралы. Дүниежүзі елдері тәжірибесінде әр елдің, әр мемлекеттің өзіне тән орта білім жүйесі мен мектеп үлгісі, орта мектептердің әрқайсысының қалыптасқан өзіндің ішкі құрылымы бар. Мұны төмендегі кестеден көруге болады.
Елдер |
Мектеп сатылары/Білім беру ұзақтыға |
||
Бастауыш |
Негізгі жалпыға міндетті |
Орта жалпы |
|
Венгрия |
4 |
8 |
12 |
Болгария |
4 |
9 |
12 |
Куба |
6 |
9 |
12 |
Өзбекістан |
4 |
9 |
12 |
Чехия |
4 |
6 |
12 |
Швеция |
6 |
9 |
12 |
Жапония |
6 |
9 |
12 |
Ресе Федерациясы |
4 |
9 |
11 |
Германия |
4 |
9 |
12 |
Литва |
5 |
10 |
12 |
АҚШ |
6 |
10 |
12 |
Франция |
5 |
10 |
12 |
Эстония |
6 |
10 |
12 |
Ұлыбритания |
6 |
10 |
12 |
Қазақстан (бүгін) |
4 |
11 |
11 |
Қазақстан (келешекте) |
4 |
10 |
12 |
