- •Жобаның мақсаты
- •Бәсекеге қабілетті құзіретті тұлғаны қалыптастыру-жаңа Қазақстанның бейнесін жасау
- •Қазақстан Республикасының білім жүйесін дамытудағы шетел тәжірибесінің рөлі
- •Білім реформасын жаһанданудың ең басты міндеті оқытудың заманауи әдістері мен технологиялары
- •Терминологиялық сөздік
- •Нормативтік құжаттар
- •1.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Терминологиялық сөздік
●Инновациялық оқыту-1.дәстүрлі, нормативті оқытуға қарағанда білім игерудің ерекше, сі, мұғалімнің жеке басының позициясын демократияландыру және бірлескен, өнімді шығармашылық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы мұғалім мен окушының жеке басын дамытуды қамтамасыз ететін оқу ынтымақтыгының, сипатын өзерту алдағы белгісіз болашакқа жогары әзірлігін жасайды;
2. жана жағдайларда оқушылардың бірлескен әрекеттерге қабілетін дамытуды кездейтін білімді игерудің ерекше үлгісі.
●Білім беруді гуманитарландыру-оқушылардың дүниетанымын
қалыптастыру, оқу-тәрбие процесін гуманизм идеясымен қанықтыру мүдделерін көздейтін оқу орындарында қоғамдықғылымдарды оқыту мен меңгеруді жетілдірудің мақсатты бағыттағы процесі.
●Жаһандану-ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси , экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі
●Аккредитация- (Сrеdіt — латын сөзі, аудармасы — сенім) - ұйымдардың, жеке тұлғалардың, тауарлардың, тұрғындарға көрсетілетін кызметтердің т.б. белгілі бір талаптарға сай келетіндігін, олардың осы тұрғыдан аса жауапты қызмет аткаруына мүмкіншілік тудыратын немесе қалыптасқан сапалық стандарттарға сәйкестігін куәландыратын, өкілетті органдар тарапынан жүргізілетін іс-шаралар
●Ваучерлік қаржыландыру- Бұл “ақша мұғалім соңынан жүреді” деген қағидат бойынша біліктілікті арттыру.
●Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
●Болонья үрдісі-еуропалық жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы- еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) қүрметіне аталған Болондық декларациямен (1999 ж.) бекітілген.
●Инновация-терминi латын тілінен алынған, ол - «жаңару, өзгеру» дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дсгендi бiлдiрдi. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50 жыдары педагогикалық инноватика қалыпасты. КСРО-да бұл термин ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап қолданыла бастады
●Бейнеконтент-бейне түрінде берілген кез-келген мәтін.
Нормативтік құжаттар
1.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы
56-бап. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары
1. Қазақстан Республикасында әрбір білім беру деңгейі бойынша:
1) білімнің мазмұнына;
2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне;
3) білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары белгіленеді.
2. Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті.
58-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу
1. Аккредиттеуді білім беру ұйымдарының өтініші негізінде, олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан, аккредиттеу органы бес жыл мерзімге жүзеге асырады.
Аккредиттеу институционалдық және мамандандырылған түрде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдары немесе олардың филиалдары аккредиттеуден Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары сияқты шарттармен және тәртіппен өткізіледі.
3. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу білім беру ұйымдарының өз қаражаттары есебінен өткізіледі.
4. Жоғары оқу орындары халықаралық дәрежеде танылған шетел агенттігі жүзеге асыратын халықаралық аккредиттеуден өтуге құқылы.
