- •1…«Қозғыш ұлпалардың тітіркендіру заңдары»
- •2……Қозатын ұлпалардың параметрі немесе өлшемдері:
- •3……Әрекет потенциалы және оның пайда болу механизмі
- •4…….Тітіркендіргіш түрлері .Электр тіт-ң ерекшеліктері
- •5,,,,,Қозғыш ұлпалардың негізгі қасиеттері:
- •6,,,, Калий-натрий насосының қызметі
- •7,,,, Мембраналық потенциал оның пайда болуы
- •8,,,,,, Жергілікті жауап оның қасиеттері
- •9,,,,,, Еттердің жиырылу тәртібі және турлері.
- •10,,, Таралатын қозу
3……Әрекет потенциалы және оның пайда болу механизмі
Жасушаны тітіркендіргенде жасуша мембаранасының жоғарғы қабатында өте күрделі физикохимиялық өзгерістер пайда болады. Біріншіден-мембрананың Na иондарға сырттан ішке өту жылдамдығы 20 еседей жоғарылайды, керісінше К+ иондарының іштен сыртқа қарай өткізуі төмендейді де, мембраналық потенциал азаяды-оны деполяризация дейді, сонымен әрекет потенциалы туады.
Бірақ тітіркендіргіштің күйіне қарай әрекет потенциалы бірнеше кезеңдерден тұрады:
Жергілікті (локальдық) жауап
Деполяризация фазасы
Реполяризация фазасы
Теріс ізді потенциалдардың фазасы
Оң ізді потенциалдар фазасы
Жергілікті жауап – табалдырықтан төмен күшпен әсер еткенде туады. Осы кезде Na иондарының ішкі ортаға өтуі біраз жылдамдайды- осыны локальдік жауап дейді. Оның ерекшеліктері бар:
табалдырықтан төмен тітіркендірулерден туады
«бәрі немесе ештеңе емес» заңға бағынбайды
таралмайды, тітіркендіру
жиынтықталу қасиеті бар
Сондықтан бұл локальдік жауапты таралмайтын қозумен теңеуге болады.
Деполяризация фазасы – тітіркендіргіштің күші табалдырық күшіне жетсе немесе одан да жоғары болса, онда Na+-дің жасуша ішіне өтуі өте тез жоғарлайды. Деполяризация айнымалы деңгейге жеткенде локальдік жауап таралатын әрекет потенциалына ауысады. Осы кезде Na+ иондарының ішке қарай өту жылдамдығы одан әрі өсе түседі де, одан соң реверсия байқалады, яғни мембрананың ішкі беті оң зарядқа, ал сыртқы беті теріс зарядқа ие болады (ол шамалы +30-+40 мв-тай болады). Осы деңгейге жеткенде, реполяризация фазасы басталады.
Реполяризация – кезінде мембрананың екі беткейі бұрынғы тыныштық күйдегі зарядтарына қайта ие болады. Сол кезде Na+ иннактивациясы өтеді. Бұл К мен Na насостың жұмыс қабілетінің өсуімен байланысты, ал К+ өткізгіштігі жоғарылайды: Na сыртқа сорылады, К ішке қарай итеріліп кіргізіледі.
Теріс ізді потенциалдық фазасы – ол гиперполяризация процессімен байланысты және Na+ мен К+ насостың жұмысымен байланысты: К+ иондардың өту қабілеті тыныштық күйдегі өту қабілетінен жоғарлайды. Сол кезде мембрананың теріс заряды қысқаша уақытта төмендейді де, сосын өз қалпына келеді.
Іздік деполяризация кезінде қозғыштық табалдырықтан да жоғары болады (супернормальды жоғары қозғыштық күй немесе экзальтациялық фазасы).
Іздік гиперполяризация кезінде қозғыштық біразға қайта төмендейді (бұл субнормальдық фазасы).
4…….Тітіркендіргіш түрлері .Электр тіт-ң ерекшеліктері
Барлық тірі клеткалардың жалпы биологиялық реакциялары тітіркендіргіштің сипатында, яғни тітіркендіргіштің әсерінен физиологиялық тыныштық күйден активті күйге өтеді.
Тірі құрылымдар, ұлпалар мен оларға әсер етуші факторлар арасындағы өзара әрекеттесудің жалпы заңдылықтарын қозу физиологиясы зерттейді. Осыған орай ол ұлпаларды қозғыш деп атайды. Тірі организмнің негізгі қозғыш ұлпаларына-бұлшық ет, жүйке, безді ұлпалар жатады.
Бұларға әсер етуші сыртқы және ішкі факторларын-тітіркендіргіштер деп атайды, ал әсердің өзін тітіркендіру дейді. Бұл қоздырғыш ұлпалардың бірінші қасиеті.
2. Тітіркендіргіш әр түрлі себебіне қарай жіктеледі:
а)табиғаты жағынан:
1.Физикалық /Т, ауа, қысым, ылғал, дыбыс, сәуле, электр тоғы/.
2.Химиялық /тұздар, қышқылдар, сілтілер, түрлі улы заттар/.
3.Биологиялық /микроорганизмдер, басқа тірі объектілер/.
б)сәйкестігіне байланысты:
1.Адекватты /сай, сәйкес/, үйренкішті.
2.Адекватты емес /сай емес, төтенше, сәйкес емес/.
Адекватты тітіркендіргіштер - белгілі бір рецепторлар тандап сезетін яғни солардың табиғи қызметіне сай келетін тітіркендіргіштерді атайды /көру анализаторлар-жарық сәулелері, есту-дыбыс/.
Адекватты емес - рецепторларды таңдап сезбейтін, қалған басқа тітіркендіргіштерді атайды. Мысалы: электр тоғымен немесе адам маңдайын бір нәрсеге қатты соқса көзі жарқ ете қалады. Оны адекватты емес тітіркендіргіш дейді, олардың күші адекваттылардан артық болуы қажет. Ал адекватты тітіркендіргішке рецепторлар сезгіштігі өте жоғары болады /көзге 3-10 квант жарықтың энергиясы болу керек/.
в)орналасқан жеріне қарай:
1. Сыртқы.
2. Ішкі.
г)тітіркендіргіштің күшіне қарай:
1.Табалдырыкты-минимальды қозу тудыра алатын тітіркенудің ең аз күші.
2.Табалдырықтан жоғары күш.
3.Табалдырықтан төмен күш.
