Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АУДИТТИН ТАНДАМАЛЫ АДИСИ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
380 Кб
Скачать
☆

2.2 Аудиттің әдістерін жіктеу

Аудит жүргізу үшін шаруашылық субъектілері (тапсырушылар) аудит фирмаларымен немесе жеке аудиторлармен аудит шартын жасасуы қажет. Қалыптасқан тәртіп бойынша шарт жасаудан бұрын аудит фирмасы немесе жеке аудитор өз тарапынан міндеттеме-хат жазуға тиісті.

Аудитордың міндеттеме хаты өзінің тапсырушы алдындағы жазбаша түріндегі беретін өз жауапкершілігін, алдына қойылған міндет-мақсаттарды орындау үшін көрсететін қызметіне анықтама беру. Аудит шартын жасаудан бұрын міндеттеме хатты тапсырушы өз тарапынан зерттеп, жан-жақты талқылап содан кейін ғана міндеттеме хаттың мазмұны ойынан шыққан жағдайда ғана аудит шартын жасауға келіседі.

Міндеттеме хаттың түрі және мазмұны тапсырушы талабына сәйкес әр түрлі болуы мүмкін, онда негізінде төмендегідей талаптар қойылады:

  • қаржы есебін тексерудің мақсаты;

  • тапсырушылардың тексеруге мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілігі;

  • аудит жұмысының көлемі, ондағы аудитордың жұмыс бабындағы қолданылатын заң құжаттары және ереже-нұсқаулар, нормативтік құжаттар;

  • тапсырылатын аудит есебінің, аудит қорытындысының үлгісі;

  • жүргізілетін аудит жұмысының бағдарламасы;

  • аудит жұмысының төлем ақысы /14,193-б./.

Аудит келісім-шартының мазмұны бірнеше бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімінде екі жақтың реквизиті толық көрсетіліп, жауапкершіліктеріне анықтама беріледі. Мысалы, аудитор фирмасының аты, оның жауапты директоры, тапсырушы жағынан шаруашылық субъектісінің аты, оның жауапты қызметкері.

Екінші бөлімінде аудитор жауапкершілігі анықталады. Мысалы, аудит жұмысын орындау мерзімі, құжаттарға жауапкершілігі, коммерциялық құпиялылықты сақтау тәртібі тағы сол сияқты аудитор міндеттер аталып көрсетіледі.

Үшінші бөлімінде тапсырушының міндеттері анықталады. Мысалы, аудит жұмысын ұйымдастыру, қажет құжаттарды, есептерді уақтылы беру. Қажет болған жағдайда әр түрлі анықтамалар беру, қызметкерлерден түсініктемелер алып беру тағы сол сияқты көптеген міндеттемелерді орындауы қажет.

Осы шартта, аудит жұмысының қорытындысын тапсырушыға өткізу тәртібі де қарастырылады. Міндетті түрде аудит шартына көрсетіліп, екі жақ алдын-ала шартқа тіркеу құжатын анықтайды.

Шартта қажет болған жағдайда қосымша төлем жасау мүмкіндіктері келісілуі қажет. Оған бірден-бір себеп, аудит барысына шартта қаралмаған жұмыс кездесуіне немесе екі жақтың келісуі бойынша қосымша қызмет жасау анықталған жағдайда болады. Осындай себептермен бірінші жасалынған шарт қайта жасалуы мүмкін.

Аудит барысында шарттың орындалуын тоқтау, жою жағдайы кездеседі. Ол біріншіден, тапсырушы жағынан аудит шартын тоқтату немесе жою талабы қойылуы мүмкін. Оған уақтылы төлем жасаудан бас тарту, өзара акционерлер арасындағы келіспеушіліктер себеп болуы мүмкін.

Сол сияқты аудитор фирмасы жағынан да әр түрлі себептермен аудит шартын тоқтату немесе жою талабы қойылуы мүмкін. ҚР "Аудит қызметі туралы" заңда анық көрсетілген. Осы Заңның 4-бабында көзделген міндетті аудитті жүргізу шарты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мезгілдерден кешіктірмей жасалады, бұл туралы субъект аумақтық салық ұйымын хабардар етеді.

Заңның бесінші тарауында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі деп аталынған, оның 17-бабында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары жан-жақты қарастырылған, 18-бабында олардың міндеттері анықталған.

Заңның алтыншы тарауында "аудиттелетін субъектінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, 21-бабында олардың құқықтары, 22-бабында міндеттері, 23-бабында жауапкершілігі" жан-жақты қарастырылған.

Қандай да жұмыс болмасын оның тиянақтылығы және жүйелі орындалуы үшін сол жұмысқа бағдарлама, жоспар жасалуы қажет.

Аудит жұмысының бағдарламасын жасау дегеніміз - оның мағынасын және мақсатын тапсырушы талабына сәйкес, оның шаруашылық процесін түгелдей қарастырылып тексеру жасауды тиянақты жүргізуге негіз болады. Аудит бағдарламасында аудит обьектісі түгелдей анықталуы қажет.

Бағдарламаның түрі мен мазмұны шаруашылық субьектісінің технологиялық ерекшелігіне сәйкес, аудит жұмсының обьектісі байланысты, аудит методологиясы мен аудитте қолданылатын техникалық әдісінің түріне қарай әртүрлі болады.

Жалпы бағдарламада қарастырылатын мәселелер

- тапсыру субьектісінің шаруашылық жағдайын түгелдей зерттеу ;

- есеп саясатының негізін және ішкі аудит жұмысының негізін анықтау;

- аудит мазмұнына жоспар жасау және аудит көлемін, орындалатын мерзімін анықтау ;

- аудитор тобының, жұмысына жүйелі түрде басшылық жасауды ұйымдастыру;

Аудит бағдарламасында шаруашылық субьектінің есеп саясаты ерекше орын алады. Біріншіден есеп саясаты субьектілердегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негізін құрайды. Оның ішінде өте күрделі бухгалтерлік есеп жасау материалдар есебі, еңбек ақы төлеу принциптері, өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау әдісінің есебіне ұйымдастыру жұмыстарын жан-жақты қарастырады /15,201-б./.

Екіншіден, есеп саясаты субьектісінің қаржылық есептерінің мазмұнын анықтайды, сонымен қатар оның бухгалтерлік есебін салықтың есебін жүргізу жолын бір жүйеге келтіріп, салық төлеу жолын, оның мерзімін уақытылы салық мекемелерімен есеп анықтау жолын, әдісін бекітеді .

Жаңа есеп жоспар заңына, тағы басқа нормативтік құжаттарға талдау жасап, сол субьектінің технологиялық ерекшелігіне сәйкес есеп саясатының мазмұнын анықтайды.

Енді аудит бағдарламасының мазмұнын қарастырамыз: шаруашылық субьектісінің технологиялық ерекшелігіне байланысты аудит жұмысының көлемі, оның күделілігі, аудит жұмысына нақты талап, міндет қояды. Сондықтан аудит жүргізуші өз жұмсының бағытын, әр бір аудитордың міндетін, жұмыс көлемін анықтауы қажет .

Аудиторлық топ үшін аудит бағдарламасын жүзеге асыруда жалпы жоспар негіз болып табылады. Аудит барысында жалпы жоспардың жекелеген жағдайларын қайта қарауға тура келеді. Оны жазбаша құжатта тексеру қажет. Жалпы жоспарда келесілер қарастырылады:

  • аудиторлық топтағы аудитор саны мен біліктілігі

  • аудиторды қызмет дәрежесі мен кәсіби сапасына қарай арнайы бөлімдерге бөлу

  • аудиторлар тобының барлық мүшесін олардың нақты міндеттерімен танысу, клиент бизнесімен және аудитордың жалпы жоспарымен танысу

  • аудиторлық топ жетекшісінің жұмыс тобының жоспарды орындауын, жұмыс сапасын, жұмыс құжаттарын жүргізуді бақылау

  • топ жетекшілеріне аудиторлық процедураларды жүзеге асыруды түсіндіру

  • аудиторлық топ мүшелерінің кейбір ерекше пікірлерін құжатпен рәсімдеу.

Жоспарлау барысында аудитор келесідей құжаттарды дайындайды:

  1. тексерілетін ұйымның бизнесін сипаттау

  2. бухгалтерлік есеп жүйесін сипаттау

  3. ішкі бақылау жүйесін сипаттау

  4. тексерілетін ұйымның есеп беруін экспресс талдау материалдары

Аудит жұмысының бағдарламасын жасау дегеніміз – оның мағынасын және мақсатын тапсырушы талабына сәйкес оның шаруашылық процесін түгелдей қарастырып тексеру жасауды тиянақты жүргізу. Аудит бағдарламасында аудит обьектілері түгел анықталуы қажет. Бағдарламаның түрі мен мазмұны шаруашылық субъектілерінің техникалық ерекшелігіне сәйкес аудит жұмысының обьектісіне байланысты аудит методологиясын аудитте қолданатын техникалық әдістердің түріне қарай әртүрлі болады.

Аудит бағдарламасында шаруашылық субьектілерінің есеп саясаты ерекше орын алады /16,36-б./.