Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АУДИТТИН ТАНДАМАЛЫ АДИСИ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
380 Кб
Скачать
☆

2.3 Аудиттің таңдамалы процедуралары

Ірі халықаралық және отандық аудиторлық фирмалардың іс-тәжірибесін талдау көрсеткендей, қаржылық есеп беру аудитінің процесі он шақты кезеңге бөлінуі мүмкін. Нақты компанияларды тексеру ісін үйымдастырудың тәртібі мен стратегиясы әр түрлі болғанымен, көптеген жағдайларда олар бірдей жүйемен жүргізіледі.

ТМД елдерінің озық тәжірибесін есепке ала отырып, қаржылық есептілік аудиті процесін төрт кезеңге бөлуге болады:

ақпарат жинау, жоспарлау, аудитті жүзеге асыру мен есеп берудің мүмкіндігі /17,200-б./.

Қаржылық есеп беру аудитінің бірінші кезеңінде тексерілуге тиіс фирманың іс-әрекетін жүргізу жағдайындағы іскерлік ортасы жете зерттеледі. Фирма басшылығы осы орта жағдайларына сәйкес есеп бергенде мынадай мәселелерді көрсету керек:

1) фирманың клиенттері қандай?

2) өнімнің жаңа түрлерін жасау жүргізіле ме?

3) өндіріске қажетті ресурстарды сатып алу жағдайы;

4) өндірістік процестің үйымдастырушылық сипаты;

5) өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу /18,84-б./.

Қызмет бабындағы жылдық есеп беру түсіндірмелік хатында кәсіпкерлік іс-қызметтің барлық ерекшеліктері ашып көрсетілуі керек. Сонымен бірге іс жүзінде шығарылатын өнімді жөнелту мен тұтынушыларға қызмет ету де атқарылады.

Қаржылық есеп беру аудитінің екінші кезеңі технологиясының, негізгі процедуралары аудиторлық тәуекелділіктің деңгейін бағалау, тексерудің стратегиясы мен жалпы жоспары мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) компания-клиенттің объектілері мен іс-қызмет циклдерін тексерудің нақты бағдарламасын жасау;

2) аудиторлық тәуекелдіктің елеулілік деңгейін анықтау;

3) баланс баптары мен Бас кітаптың баптарын тексеру, шығындар және қаржы нәтижелерінің шоттары мен сәйкестендірілетін шоттарды анықтау, шығындарды өнімінің, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру;

4) өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызмет көрсету мен кірістерін алу циклінің аудиті;

5) сатып алу циклінің аудиті;

6) өндірістің және ресурстарды жұмсау циклінің аудиті;

7) еңбек ақыны есептеу мен төлеу тәртібін тексеру;

8) таза пайданы жасау мен қолдану тәртібін тексеру;

9) бюджетке салық төлеудің уақтылығы мен есептеудің дұрыстығын тексеру;

10) меншікті капиталды қалыптастыру мен қолдануды тексеру;

11) міндеттемелерді өтеудің дұрыстығы мен уақтылығын тексеру;

12) дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысуды тексеру;

13) ұзақ мерзімді активтердің аудиті (негізгі құралдар, қауымдасқан компанияларға, еншілес және тәуелді ұйымдарға ұзақ мерзімдік инвестициялар);

14) ақша мен басқа ағымдағы активтердің аудиті (касса, ағымдағы және валюталық шоттар, құнды қағаздар мен қысқа мерзімді каржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық босалқылар) және т.с.с.

Үшінші кезеңде құзыретті мәліметтер мен фактілерді тексерудің мәні мен объектілері жағдайы туралы тәуелсіз пікірді білдіру үшін жинау мен бағалау іске асады. Бұл кезең бұрынғымен, яғни стратегияны, жалпы жоспарды және аудит бағдарламасымен өзара тығыз байланысты. Аудитті орындағанда тексеру стратегиясын, жоспарын және бағдарламасын қайта қарау мен түзеу кажеттілігі туындауы мүмкін /19,26-б./.

Аудитордың назары қаржылық есеп көрсеткіштерінен гөрі, зерттелетін фирма басшылығы негізге алып жасаған тұжырымдарға бағытталуы керек. Қаржылық есептемені аудиторлық тексеру барысында бухгалтерлік балансты, кірістер мен шығыстар, ақша қозғалысы, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептерді жасаудың дұрыстығы, есеп саясаты жайлы ақпарат пен түсіндірме хаттың анықтығы белгіленеді.

Мысалы, аудитор әдеттегі іс-қызметтен салық салуға дейінгі табыстың есептеудің дұрыстығын анықтау мақсатымен кірістер мен шығыстар туралы есепті тексереді. Жиынтық табыс тұтастай кәсіпорын мен оның жеке құрылымдық бөлімшелері мен іс-қызмет түрлері бойынша қаржылық нәтижелілігімен анықталуы тиіс. Егер кэсіпорында мұндай ескертулер жүргізілмесе, аудитор оларды өзінің тұжырымдарын негіздеу үшін өздігінен атқарады /20,12-б./.

Сонымен қатар аудитор мыналарды тексеруі тиіс:

1) жарғы капиталы көлемінің өзгеруі туралы кәсіпорын иелерінің шешімдері орындалу толықтығын;

2) синтетикалық және аналитикалық есеп мәліметтерінің актив, меншікті капитал және баланста көрсетілген міндеттемелердің шоттары бойынша теңбе-тең болуын;

3) қаржылық есеп беруге дебиторлық және кредиторлық борыштың, болашақ кезендердің кірістері мен шығыстарын кіргізудің түп-түгелдігін, активтерді бағалаудың дұрыстығын.

Әдетте, кәсіпорынға 50%-тен астам кіріс немесе айналым әкелетін барлық операциялар: тоқсан немесе қаржылық жыл соңында тіркелген ірі мәліметтер мен операциялар; соңғы бес жылда орташа есеппен есептелгендерден ерекшеленетін коэффициенттер мен бақылау цифрлары; айналым құралдарымен жағдай; акциядағы бағаны ұстау үшін кірістер мен шығыстарды шұғыл көтеруге кажетті негізсіз фактілері; кәсіпорынға сот шағымының себептері мен сипаты, әсіресе акционерлердің талаптарына байланысты және т.б. аудиторлық тексеруге жатады /21,251-б./.

Акционерлік кәсіпорындардың аудиті тексеру көлеміне мынадай баптарды, процестерді және жағдайларды кіргізумен ерекшеленеді:

1) акционерлік капитал (қаржы түрлері бойынша);

2) рұқсат етілген, шығарылған және төленбеген акциялар саны;

3) өтелмеген акциялардың құны;

4) атаулы (номиналды) құн мен әрбір акциядан түсетін табыс;

5) тексерілетін кезең ішіндегі акционерлік капиталдың шот-тары бойынша қозғалыс;

6) дивиденттерді бөлудегі құқықтар, артықшылықтар жэне шектеулер;

7) артықшылықты акцияларға шоғырланып (куммулятивті) жинақталған дивиденттер бойынша борыш;

8) құнды кағаздарды өткізуден алынған түсім;

9) опциондар мен келісімдер бойынша сату үшін резервтегі акциялар.

Есепті мәліметтердің мәнділігін талдаудан соң аудиторлық катенің тэуекелділігін, яғни ықтималды мэліметтерге сүйенгендіктен, аудитордың түжырымы қате болып шығуы мүмкін. Мәліметтердің мәнділігін бағалай отырып, аудиторлық қатенің ықтималдығын анықтаған соң бухгалтерлік тексеру және соған байланысты күш пен құрал шығыны бойынша жұмыс көлемін елеулі қысқартуға болады. Аудиторлық жұмыстың тәуекелдігіндегі қателік деңгейін бағамдау кезінде, жіберілген қателікті іздеп табу мүмкіншілігі мен бақылап кадағалау жүйесімен тығыз байланысты. Осы жүйенің өз ішіне ғана белгілі аудиторлық тәуекелдіктің көлемін бағалай есепке ала отырып жүзеге асқаны дұрыс /22,101-б./.

Аяқтау кезеңінде тексеру нәтижесі жинақталып қорытылады, резервтер анықталады, тұжырымдар негізделеді жэне жасалып, қалыптасады, табылған кемшіліктерді жою және шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызметінің тиімділігін арттыру мен оңтайландыру жөнінде ұсыныстар жасалады. Сонымен бірге бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасау жөнінде тектес (типтес) қателерді табу мен жіктеуге ерекше назар аударылады.

Аудиторлық тексерулер тәжірибесі бухгалтерлік есептегі ең маңызды кемшіліктер бастапқы қүжаттарды ресімдеу мен өңдеуге және белгіленген стандарттар мен ережелерді бұрмалаған есеп регистрлерін жүргізуге байланысты екендігін айғақтады. Мәселен, бастапқы құжаттарды ресімдеудің типтік кемшіліктері мыналар:

1) деректемелерді толтыруда қалдырып кетулер;

2) жасалған немесе өтеген ай-күн, жылды көрсететін белгінің немесе мөртаңбанның болмауы;

3) түсінік берілмеген түзетулер;

4) ұқыпсыз толтыру;

5) нөмірленудің, жауапты адамдардың қолдары болмауы және т.с.с /23,36-б./.

Нәтижесінде құжаттардың заңды күші қамтамасыз етілмейді, оларды қайтадан пайдалану мен теріс пайдалануға мүмкіндік ашылады.

Кәсіпорын бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарында карастырылмаған шоттар мен аралық шоттарды кіргізетін немесе олардың кейбірін жүргізуден негізсіз бас тартатын жағдайлар да орын алады.

Әсіресе еңбекақыны, өндіріс шығындарын жэне қаржылық нэтижелер есебінде көптеген кемшіліктер табылады. Кейбір кәсіпорындарда есептік төлемдік тізімдемелер (ведомостер) ай сайын және әр тоқсан үшін топтастырылмайды, ал оларда көрсетілген есептелген еңбекақы мен үсталымдар, соның ішінде салық сомалары үдемелі жиынтықпен есептелмейді. Жеке шоттар, жеке құрамның (персоналдық) еңбекақы есебі карточкалары болмауы салықты дұрыс есептеуді, анықтама беруді және т.б. қиындатады. Еңбек ақыны кейде қолхаттар немесе жете ресімделмеген шығыстық кассалық ордерлері бойынша төлейді /24,67-б./.

Есепті кезеңдер арасындағы айырмаларды бөлудегі қателіктер негізінде жаңа өндіріс пен кәсіпорынды игеруге, жыл ішінде негізгі қүралдарды жөндеуге шығатын біркелікі емес шығындарды өтеу мен қате көрсетуге, маусымды салалардағы дайындау бітіру жүмыстарына жүмсалатын шығыстарға, сондай-ақ демалыс ақысын жэне т.б. төлеуге шығатын шығындарды есептеу мен төлеуге байланысты.

Сонымен бірге кәсіпорынның ішкі экономикалық жұмыстарының есебінде, әсіресе валюталық операцияларды жүргізу барысында көптеген бүрмалаушылықтарға жол беріледі, мысалы сауда-саттық операцияларды атқару кезеңінде және ай соңындағы бағамдық айырмашылықтар ескерілмейді.

Сонымен, аудит материалдарын жүзеге асыру кезеңінде 2 процедура бар:

1. Анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою бойынша шаралар;

2. Жоспарланған шаралардың орындалын бақылау.

Осы кезеңдегі аудитор қызметі анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жоюмен байланысты шараларды дайындаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар олардың орындалуын тексеруді қамтиды. Аудиторлық ұйымдар мен шаруашылық жүргізуші субъектінің өзі бұзушылықтарды жою бойынша жоспарды құрайды, аудит материалдарын құқық қорғау органдарына тапсырады, материалдық зиян келтіргенге кінәлі тұлғаларға қуыным (иск) ұсыну, кадрларды орналастыруды жүзеге асырады, аудит нәтижелері бойынша басқа да шараларды жүргізеді.

Аудиторлық топ мүшелері шаруашылық жүргізуші субъектілер басшыларын және басқа да жұмысшыларының назарын аудара отырып, кемшіліктерді жоюда белсенді көмек көрсетеді. Аудиторлар анықталған бұзушылықтардың жойылу толықтығын тексеріп, оған бағытталған шаралардың жүзеге асырылуына қатысады /25,23-б./.

Анықталған кемшіліктерді жою бойынша шараларға мыналар кіреді.

Біріншіден, анықталған кемшіліктерді аудит барысында, оның аяқталуын күтпей, жою. Мысалы, кассадағы нақты бар ақша мен бухгалтерлік есеп мәліметтері арасындағы ауытқу 3 күн ішінде жойылады. Анықталған артықшылықтар кірістеледі, ал жеткіліксіздік кәсіпорында белгіленген өтеу нормалары шегінде кінәлі тұлғамен, қылмыстық жауапкершілікке тартусыз, өтеледі.

Екіншіден, кемшіліктерді жою дайындалған жоспар бойынша жүзеге асырылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар жоспарын құрып, оған сәйкес жұмыс атқарылады.

Үшіншіден, аудит материалдарын талқылау жоғарыда тұрған ұйымда жүзеге асырылады. Ведомстволық кәсіпорындарының бірінде анықталған кемшіліктерінің талқылануы басқа ішкі ведомстволық ұйымдарды ұқсас бұзушылықтарды алдын алу үшін жүргізіледі.

Төртіншіден, аудит материалдарын тергеу органдарына тапсыру. Материалдық зиянға әкеліп соқтырған ірі жетіспеушіліктер, қызмет жағдайын асыра пайдалану анықталған жағдайда аудит материалдары кәсіпорын басшылығының келісімімен құқық қорғау органдарына тапсырылады /26,59-б./.

Анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою және кейін болдырмау шараларын жүзеге асырудың уақытылығына және толықтығына бақылау жүргізу де маңызды болып табылады. Оған жататындар:

1. Тексерілетін ұйым басшысының кемшіліктерді жою туралы ақпаратты шаруашылық жүргізуші субъекті басшысы аудиторлық ұйымға курьер арқылы немесе поштамен анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою бойынша жүргізілген шаралар туралы жазбаша есеп беруді жібереді.

2. Аудитордың келуі және орында тексеруі. Аудиторлар тексерілетін объектіге анықталған кемшіліктердің жойылу фактісін тексеру мақсатымен келе алады.

3. Кейінгі аудит барысында кемшіліктерді жою бойынша шаралардың жүзеге асырылғанын тексеру /27,114-б./.

ҚОРЫТЫНДЫ

Аудиторлық есеп жүргiзiлген аудиттiң нәтижелерi бойынша жасалады және ол осы Заңның талаптары мен аудит стандарттарына сәйкес келуге тиiс.

Аудиторлық есепте Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, аудиттелетiн субъектiнiң қаржылық есептiлiгiнiң жасалуы мен өзге де ақпараты туралы атқарушы-аудитордың және (немесе) серiктестiң және аудиторлық ұйымның тәуелсiз пiкiрi қамтылады.

Аудиторлық есепке бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып, атқарушы-аудитор қол қояды, оны өзiнiң жеке мөрiмен куәландырады және (немесе) серiктесi куәландырады, аудиторлық ұйымның басшысы оған қолын қойып бекiтедi және аудиторлық ұйымның мөрiмен расталады.

Аудиторлық тексеріс нәтижелерін қорытындылаушы және жалпылаушы құжаты аудиторлық есеп беру (аудиторлық қорытынды) болып табылады, ол тек қана нақты фактілер мен сәйкес құжаттар сілтемелеріне негізделіп, анықталған кемшіліктерді, бұзушылықтарды және асыра пайдаланулардың кезекті мазмұндалуын қамтуы тиіс. Аудиторлық есеп беру шаруашылық жүргізуші субъектінің экономикалық және әлеуметтік қызметінің аудитінің нәтижелерін рәсімдеу және көрсету үшін қажет. Ол жүргізілген тексеріс нәтижелері бойынша тексерілген ұйым басшысының шешім қабылдауына негіз болып табылады. Аудиторлық есеп беру жеңіл, түсінікті тілмен жазылуы тиіс.

Аудиторлық есеп берудегі барлық фактілер олардың әрқайсысы бойынша келесі сұрақтарға құжаттарға негізделген жауаптарды алуға болатындай түрде мазмұндалуы керек:

  • не бұзылған (параграфы, параграф бабы, тармақшасы көрсетілген үкім, стандарттар, нұсқау, бұйрық);

  • кім бұзған (лауазымды немесе материалды жауапты тұлғаларды көрсете отырып);

  • бұзушылық уақыты (бұзушылық күні немесе кезеңі);

  • бұзушылық әдісі (жетіспеушілік, ұрлау, қызметтік жағдайды асыра пайдалану);

  • бұзушылықты не тудырған (бұзушылықтарды тудыратын себептер мен шарттар);

  • тигізілген материалдық зиянның мөлшері.

Қаржылық есеп беру аудитінің екінші кезеңі технологиясының, негізгі процедуралары аудиторлық тәуекелділіктің деңгейін бағалау, тексерудің стратегиясы мен жалпы жоспары мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) компания-клиенттің объектілері мен іс-қызмет циклдерін тексерудің нақты бағдарламасын жасау;

2) аудиторлық тәуекелдіктің елеулілік деңгейін анықтау;

3) баланс баптары мен Бас кітаптың баптарын тексеру, шығындар және қаржы нәтижелерінің шоттары мен сәйкестендірілетін шоттарды анықтау, шығындарды өнімінің, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру;

4) өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызмет көрсету мен кірістерін алу циклінің аудиті;

5) сатып алу циклінің аудиті;

6) өндірістің және ресурстарды жұмсау циклінің аудиті;

7) еңбек ақыны есептеу мен төлеу тәртібін тексеру;

8) таза пайданы жасау мен қолдану тәртібін тексеру;

9) бюджетке салық төлеудің уақтылығы мен есептеудің дұрыстығын тексеру;

10) меншікті капиталды қалыптастыру мен қолдануды тексеру;

11) міндеттемелерді өтеудің дұрыстығы мен уақтылығын тексеру;

12) дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысуды тексеру;

13) ұзақ мерзімді активтердің аудиті (негізгі құралдар, қауымдасқан компанияларға, еншілес және тәуелді ұйымдарға ұзақ мерзімдік инвестициялар);

14) ақша мен басқа ағымдағы активтердің аудиті (касса, ағымдағы және валюталық шоттар, құнды қағаздар мен қысқа мерзімді каржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық босалқылар) және т.с.с.

Мазмұндалатын бұзушылықтар фактілерінің соңғы редакциясы кінәлі тұлғалардан сәйкес түсіндірмелерді алғаннан соң, олардың келіспеушіліктерін мазмұны бойынша қайта тексеруден кейін бекітіледі. Аудиторлық есеп беруде материалдарды мазмұндау барысында тексерілетін кәсіпорынның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне баға беретін (квалификациялайтын) түсініктерді қолдануға болмайды. Мысалы, мемлекетке қарсы тәжірибе, жауапкершіліксіз көзқарас, ұрлық, қызметтік жағдайды асыра пайдалану сияқты терминдерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

Аудиторлық есеп беруде қорытынды мәліметтер және анықталған бұзушылықтардың мазмұны көрсетіледі, қосымшаларға сілтемелер жасалады. Аудиторлық есеп беруге қосымшаларда әдетте келесі бұзушылықтар келтіріледі: іссапар шығыстары бойынша нормалардан ауытқу, еңбек ақы мен сыйлық ақыларды негізсіз есептеу, мемлекет қаражаттарын мақсатқа сәйкес пайдаланбау, штатты тәртіпті бұзу, өнім, жұмыс, қызмет және т.б. көлемдеріне артық жазулар. Аудиторлық есеп беруде, кез-келген құжатта сияқты, өшірулер және келісілмеген түзетулер болмауы тиіс.

Аудиторлық қорытындының (есеп берудің) қатаң стандартталған нысаны жоқ. Сонымен қатар белгілі бір сызбаға нгегізделуге нұсқау беріледі. Аудитор қорытындысы 3 бөлімнен құрылуы керек: кіріспе, талдамалық және қорытынды.

Сонымен, жалпы аудит туралы, оның ішінде сыртқы аудит туралы осыған дейін көптеген түсініктер қарастырылды. Енді сол сыртқы аудиттің ерекшеліктеріне тоқталамыз. Біріншіден, сыртқы аудит аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі.

Аудит қызметі біздің түсінігіміздегі экономикалық талдауға, құжаттық кешендік ревизияға, баланстың есептік бақылауы мен соттық - бухгалтерлік сарапқа тән емес. Аудиторлар өз міндеттерін жүзеге асыру барысында басқа да есептік, бақылау - аналитикалық тәжірибені қолданады. Профессор Я.В. Соколовтың айтуы бойынша: ревизияның мақсаты - кемшіліктерді, залалды жою болса, аудит мақсаты - кемшіліктерді қысқарту мен залалды шектеу.

Қазақстан республикасының аудиторлық қызмет туралы заңында Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік оргаңдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді – деп көрсетілген.

Аудитордың назары қаржылық есеп көрсеткіштерінен гөрі, зерттелетін фирма басшылығы негізге алып жасаған тұжырымдарға бағытталуы керек. Қаржылық есептемені аудиторлық тексеру барысында бухгалтерлік балансты, кірістер мен шығыстар, ақша қозғалысы, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептерді жасаудың дұрыстығы, есеп саясаты жайлы ақпарат пен түсіндірме хаттың анықтығы белгіленеді.

Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын, шығарылғандығын дәлелдеп, оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру. Осындай тиянақты тексеру жүргізілгеннен кейін аудиторлар шаруашылық субъектілеріне, олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап олардың экономикасының даму бағытын көрсетіп, оның қаржылық жағдайын нығайту жолдарын айтып, қаржы қолданудың тиімді, пайдалы қолдануына түсініктеме береді. Осы орайда аудитор сол кәсіпорынның қаржы жағдайының және төлем жасау тұрақтылығын, қандай даму қаржы қорларының бар екеніне толық түсініктеме береді.

Сондықтан Қазақстан Респуликасында аудит қызметі жан-жақты таратылуы қажет, бірақ біздің елдің өзіндік экономикалық, әлеуметтік, тарихи даму ерекшеліктеріне сәйкес аудит принциптерін лайықты түрде қарастыру қажет. әрине, оның ішінде ұйымдастыру, құрылымы туралы көптеген өзгерістер енгізу өте қажеттігі қарастырылды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы 20.11.1998ж. (өзгертулер мен толықтырулармен)

2. Әжібаева З.Н. Аудит негіздері-Алматы: Экономика, 2011

3. ҚР 20.11.1998ж. № 304-1“Аудиторлық қызмет туралы ” заңы

4. Шеремет А.Д., Суиц В.П. Аудит- М.: ИНФРА-М, 1995

5. Ержанов М.С. Аудит-1 (базовый учебник)- Алматы: Бастау, 2005

6. «Аудит» З.Н. Әжібаева, Н.Ә. Байболтаева, Ж.Ғ. Жұмағалиева. Алматы – 2006\

7. Адамс Р, Основы аудита., Масква, «ЮНИТИ», 1995г.

8. Дюсембаев К.Ш. , Теория аудита, Алматы, Экономика, 1995г.

9. Биримкулова К.Д., Аудит. Проблемы и решения. // под ред. Чаловой К.Ч.// Бишкек, 1998г.

10. Абдыкалыков Г.А., Сатмурзаев А.А. Основы бухгалтерского учета и аудита. Учебное пособие, Уральск, Дастан, 2001г.

11. Ержанов М.С. «Теория и практика аудита», Алматы 2004г.

12. Ержанов М.С. «Аудит 1», Алматы, 2005г.

13. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт И.О. «Бухгалтерлский учет на предприятии», Алматы, «Центраудит», 1998г.

14. Радостовец В.К. «Бухгалтерский учет в отраслях», Алматы, 2000г.

15.Сәтмырзаев Асан Абдасбекұлы, Уқашев Бақыт Еркінбекұлы.

Аудит теориясы; оқу құралы – Алматы Р.Б.К 2000ж.

16.Сәтмырзаев Асан Абдасбекұлы, Уқашев Бақыт Еркінбекұлы.

Аудит теориясы; оқу құралы Ұлағат университеті Алматы 1998ж.

17. Дюсембаев К.Ш. и др. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учеб. Пособие. —Алматы: Каржы-Каражат, 1998ж.

18. Ержанов М.С. Теория и пракгика аудита. —Алматы: Ғылым, 1994.

19. Кодекс РК «О налогах и другах обязательных платежах в бюджет. Алматы, Биқо. 2001ж.

20. Камышанов П.И. Практический аудит. М.: Финансы и Статистика, 1997ж.

21. Основы цодготовки и составления финансовой отчетности.

22. Тулегенов Э.Т. Бухгалтерлік ақпарат жүйесі. Алматы.; Экономика, 2001ж.

23. Терехов А.А. Аудит. —М.: Финансы и статистика, 1999ж.

24. Шеремет А.Д., Сейц В.П. Аудит: Учеб. Пособие. ~М-ИНФРА-М, 1999ж.

25. Укашев Б.Е., Сатмурзаев А.А. Аудит теориясы. Алматьг 1999ж.

26. Энциклопедия общего аудита. Т.2.М.: 1999ж.

27. Осадчая В.И. Аудит . Ғылыми редакторы Абдрасимова Ж.К. Қарағанды 2004 ж.

№

Қызметкелер

Саны(адам)

Орташа жалақылары(айына)тг.

Кәсіпорын жетекшісі

1

65 000

Вице-президент

2

50 000

Жоғарғы білімді мамандар

38

42 000

Заттарды тарату бөлімі қызметкерлері

3

35 000

Заттарды қарталау цехы

7

35 000

Тара дайындау цехі

19

20000

Көмекші өндірістік емес персонал

9

15000

ҚОСЫМША А

Кесте 1. «АрселорМиттал» АҚ кәсіпорынының жалпы сипаттамасы

ҚОСЫМША Ә

Кесте 4. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ -ның қаржылық нәтижелерінің құрамы мен динамикасы.

Көрсеткіштер атауы

2012 ж.

2013ж.

2014 ж.

Өзгерістер, %

2013 2012-ге

2014 2013-ге

Дайын өнімді өткізуден түскен табыс (тауарлар, жұмыс, қызметтер)

14666,5

22136,8

15787,2

50,93

-28,7

Өткізілген дайын өнімнің өзіндік құны (тауарлар, жұмыс, қызметтер)

3086

4369,2

5955,2

41,58

36,3

Жалп ы табыс

11580,5

17767,5

9831,9

53,43

-44,7

Қаржыландырудан түскен табыс

-

3339,8

5087,1

-

1,52 есе

Басқа да табыстар

1504,1

469,6

1650,8

-68,78

251,5

Қызмет көрсету мен өнім өткізуге кеткен шығыстар

1149

3872,2

3388,2

237,01

-12,5

Әкімшілік шығыстар

1858,7

5083,9

2875,6

173,52

-43,4

Қаржыландыруға кеткен шығыстар

1186,6

1108,2

1005,5

-6,61

-9,3

Басқа да шығыстар

1121,6

498,6

3311,6

-55,55

564,2

Жалғастырылатын қызмет кезеңіндегі пайда (шығыстар)

7768,6

7677,7

906,9

-1,17

-88,2

Салық салуға дейінгі пайда (шығыстар)

7768,6

7677,7

906,9

-1,17

-88,2

Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар

2135

2430,8

181,4

13,85

-92,5

Кезеңдегі қорытынды пайда (залалдар)

5632,6

5246,9

725,5

-6,85

-86,2

34