Қорытынды
Поликомплекстер комплиментарлы макромолекулалардан тұратын тізбектерді құрайтын тұрақты макромолекулалық қосылыстар.
Интерполимерлі комплекстердің тұрақтылығы оның тұтас құрылымын бұзатын әр түрлі факторларға байланысты: органикалық еріткіш, температура,полиэлектролиттік құрамды поликомплекстердің иондануы.
Интерполимерлі комплекстердің тұрақтылығын мына факторлар анықтайды: бастапқы компоненттердің химиялық табиғаты, олардың конформациясы, стерикалық сәйкестігі,сополимердегі белсенді топтардың болуы, сополимерге енген сомономердің гидрофобтылығы. Егер бастапқы жағдайдағы макромолекулада бекітілген конформация болса, онда комплекс құрылымының қосымша тұрақтануы байқалады да берігірек комплекстер түзіледі.
Күшті протонакцепторлы жəне протондонорлы еріткіштерді ИПК ерітіндісіне қосу олардың бұзылуына əкеледі. Сонымен бірге, поликомплекстің тұрақтылығына байланысты жүйедегі мұндай еріткіштің əр түрлі мөлшерінде толық бұзылу жүзеге асады. Осыған сəйкес, ИПК ыдырайтын органикалық еріткіштің концентрациясын, поликомплекстің тұрақтылық критерийі ретінде қарастырылады. Қосылған еріткіштің бұл концентрациясын анықтаудың қарапайым əрі ыңғайлы əдісі – турбидиметрия. ИПК-ны қарапайым түрде сұйылтқанда, Бугер-Ламберт-Бэр заңына сəйкес, оптикалық тығыздықтың сызықты төмендеуі байқалады.ИПК-ны бұзатын еріткішті қосқанда лайлылық толығымен жойылып, оптикалық тығыздық күрт төмендейді.
Суда және ДМСО-да комплекс түзілу мүмкіндіктері қарастырылды. Н-тік байланыс арқылы біртұтас байланысуға қабілетті комплементарлы макромолекулалардың әрекеттесуіне байланысты тәжірибелік және теориялық материалдарға сүйеніп, суда интерполимерлі комплекстің түзіле алатынын байқауға болады, ал ДМСО-да түзілмейді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Г. А. Мун, З. С.Нұркеева, П. И.Үркімбаева. Макромолекулааралық комплекстер жəне олардың негізіндегі композициялық материалдар.-51-53б.
Бимендина Л.А. Диссертация «Интерполимерные комплексы полимеров и сополимеров, стабилизированные водородными связями, в растворах», 1989г. С.15-25.
Платэ Н. А., Литманович А. Д., Ноа О. В., Макромолекуляр-ные реакции, М., 1977;
Бектуров Е. А., Бимендина Л. А., Интерполимерные комплексы, А.-А., 1977;
Кабанов В. А., Паписов И. М., "Высокомол. соед.", сер. А, 1979, т. 21, № 2, с. 243-81;
Зезин А. Б., Кабанов В. А., "Успехи химии", 1982, т. 51, в. 9, с. 1447-83. А. Б. Зезин.
http://www.chemicalnow.ru/chemies-6554-1.html
