Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
klinika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
463 Кб
Скачать
☆

Асқазанды жуу.

Мақсаты: Асқазаннан жағымсыз тамақ, уландырғыш заттарды сыртқа шығару.

Көрсеткіштері:

  • тамақпен улану;

  • дәрімен, алкогольмен улану;

Кері көрсеткіштері:

  • асқазаннан немесе өңештен қан кету;

  • өңештің органикалық тарылуы;

  • ойық жара аурулары;

  • жалпы жағдайы ауыр науқастар (миокард инфарктсы, инсульт, гипертониялық криз);

Әзірлеу керек: 2 жуан асқазан зонды, зондтарды жалғастыратын шыны түтікше, 1 литрлік оймыш, 10-12 литр су, 1 литрлік ожау, 2 клеенкалы алжапқыш, шара, салфетка, дезинфекциялық ертінділері бар ыдыстар.

Іс алгоритмі:

  1. Пациентке іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.

  2. Қолыңды жуып, қолғап, фартук киіңіз.

  3. Пациенттің бойын өлшеп, зондтың енгізілетін бөлігін тауып белгілеңіз (бой ұзындығынан 100 см алып таста);

  4. Пациенттің аузын ашып, зондтың ұшын сулап, тілінің үстіне қойып, аузын жауып, мұрнымен тыныс алуын сұраңыз;

  5. Зондты белгіленген жерге дейін енгізіңіз;

  6. Зондтың бір ұшына оймышты жалғастырып, оймышты асқазан деңгейіне дейін төмендетіңіз;

  7. Оймышқа су толтырып, жоғары көтеріңіз;

  8. Оймышты пациенттің басынан жоғары көтеріп, оймыштағы судың деңгейін қадағалау керек. Су оймыштың жіңішкерген жеріне жеткенде, асқазандағы жуынды суды тез шараға төгу керек. Енгізілген су мен шыққан су бірдей мөлшерде болуына назар аудару керек.

  9. Егер алғашқы жуынды су зерттеуге керек болса, онда оны таза, қақпағы бар ыдысқа (200 мл) жинап, жолдама жазып зертханаға жіберу керек;

  10. Осылай асқазанды су тазарғанша бірнеше рет жуу керек.

  11. Ақырын асқазаннан зондты шығарып алып, зондты дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа салыңыз;

  12. Пациенттің аузын шайғызып, орнына жатқызыңыз.

  13. Барлық қолданған құралдарды дезинфекциялаңыз;

Тазалау клизмасы.

Мақсаты: Тоқ ішектің төменгі жағын емдеу және диагноз қою мақсатымен су енгізу арқылы тазалау.

Көрсеткіштері:

- Іш қату;

- Ішкі улану;

- Операциялар алдында;

- Босанар алдында;

- Ас қорыту, зәр шығару жүйесінің және кіші жамбас мүшелерін

эндоскопиялық және рентгендік тексеріске пациентті дайындағанда;

- Дәрлік клизманың алдында;

Кері көрсеткіштері:

  • асқазаннан немесе ішектен қан кету;

  • тоқ ішек пен тікішектің қатерлі ісігі;

  • ас қорыту жүйесі мүшелеріне операция жасалғаннан соңғы алғашқы күндер;

  • тік ішектің қабынуы;

  • жалпы жағдайы ауыр науқастар (миокард инфарктсы, инсульт, гипертониялық криз);

Әзірлеу керек: қолғап, фартук, таза Эсмарх кружкасы, клеенка, ақжайма, шара, вазелин, штатив, дәрет ыдысы, 1-1,5 литр жылы су, залалсыздандырылған ұштық, салфетка, дезинфекциялық ертінділері бар ыдыстар.

Іс алгоритмі:

Бұл манипуляцияны арнайы бөлмеде жасау қажет.

  1. Қолыңды жуып, қолғап, фартук ки.

  2. Эсмарх кружкасына 1,0-1,5 литр су құй (18-20 град).

  3. Эсмарх кружкасын 1 м биіктікте штативке іл.

  4. Эсмарх кружкасына залалсыздандырылған ұштықты жалғастыр, ұштыққа вазелин жағыңыз.

  5. Вентильді ашып түтікшені суға толтыр (желді шығарып).

  6. Кушеткаға клеекнка төсе, бір ұшы шараға тиіп тұрсын.

  7. Пациентті сол қырынынан жатқыз, аяғын тізеден бүгіп ішіне қарай тартуын сұраңыз.

  8. Сол қолмен құйрықты ашып, оң қолмен ақырындап ұштықты бірінші кіндікке қарай 3-4см, сонан соң сегізкөзге қатарластыра 8-10 см тереңдіккеайналдыра отырып енгізіңіз.

  9. Вентильді ашып, ұштықты ұстап тұрып, суды ішекке жіберіңіз.

  10. Вентильді жауып, ұштықты алыңыз.

  11. Пациентке ішегінде суды 5-10 минут (мүмкіндігіне қарай) ұстауын сұраңыз.

  12. Дәрет ыдысын беріңіз немесе унитазға пациентті отырғызыңыз.

  13. Қолданған құралдарды дезинфекциялаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]