- •1) Физикалық құрамына баға беру:
- •2) Химиялық құрамы
- •3) Микроскопиялық тексеріс
- •Нәжісті қарапайым құрттарға және глист жұмыртқаларына тексеру.
- •Қақырықты бөтен (атипиялық) клеткаларға тексеру.
- •Қақырықты туберкулездің микобактерияларына тексеру.
- •Бір рет қана қолдану.
- •2. Фортрансты екі бөліп қолдану.
- •Спирография
- •Ирригоскопия.
- •Көк тамырға контрасты зат жіберіп жасалатын урография.
- •Фортрансты қолдану.
- •Эзофагоастродуоденоскопия
- •Ректороманоскопия
- •Радиоизотопты әдіспен тексеру.
- •Қалқанша безді тексеру (йод -131) - сцинтиграфия.
- •Бауыр мен өт қапшығының қызметін тексеру – динамикалық гепатобилиярлық сцинтиграфия.
- •Ұйқы безін радиоизотопты әдіспен тексеру.
- •Ультрадыбыспен тексеру.
- •Емдеу сауықтыру мекемелерінде санитарлық эпидемияға қарсы режим. Дезинфекция. Залалсыздандыру. Түрлері, әдістері.
- •180 Градуста 60 минут
- •Қолды жұмысқа дайындау.
- •Төсек орын ауыстыру
- •Іш киімді ауыстыру
- •Ойылудың алдын алу шаралары.
- •Ауыз қуысын күту іс әрекеттері.
- •Құлақты күту іс әрекеттері.
- •Көзді күту іс әрекеттері.
- •Шашты күту.
- •Дәрет ыдысын беру іс әрекеттері.
- •Әйел адамды төсегінде дәреттендіру.
- •Медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыруға дейінгі тазалықтан өткізу кезеңдері.
- •Пациентті жасанды тамақтандыру.Әдістері, көрсеткіштері.
- •Науқасты ауруханаға қабылдау және тіркеу, антропометрия өткізу.
- •Салмақты өлшеу.
- •2) Бойды өлшеу.
- •Жылытқыш қою әдісі.
- •Термометрия. Дене қызуын өлшейтін жерлер, өлшеу әдісі, термометрді дезинфекциялау.
- •Дене қызуын өлшеу.
- •Қызба кезеңдері. Кезеңдеріне байланысты қызбаның белгілері және күту ерекшеліктері.
- •Асқазанды зондтау (фракциялық әдіспен).
- •Он екі елі ішекті зондтау.
- •Құсып жатқан пациентке көмек көрсету.
- •Асқазанды жуу.
- •Тазалау клизмасы.
- •Жел шығару түтікшесін қою әдісі.
- •Оттегін беру жолдары.
- •1) Оттегін мұрын катетері арқылы беру.
- •2) Оттегін жастықша арқылы беру.
- •Жылыту компресін қою әдісі.
- •Пульсті сәулелі артерияның бойынан анықтау және сипаттау.
- •Тыныс алу жиілігін, ырғағын, тереңдігін анықтау әдісі.
- •Дәрілерді сырттай қолдану.
- •Ер адамның қуығын катетрлеу.
- •Тері астына егу әдісі.
- •Көк тамырдан қан алу әдісі.
- •Көк тамырға тамшылатып дәрі жіберу әдісі, бір рет қолданылатын жүйені құрастыру.
- •Кейбір дәрілік заттардың енгізу ерекшеліктері.
- •Ампуладан және флаконнан дәріні алу.
- •Нәжісті тексеру әдістері.
- •1. Нәжісті копрологиялық тексеру.
- •2.Нәжісті гельминт жұмыртқаларына тексеру.
- •3. Нәжісті жасырын қанға тексеру.
- •4. Нәжісті қарапйым құрттарға тексеру.
- •5. Нәжісті бактериологиялық тексеріске жинау.
- •Люмбальды пункция
- •Абдоминальды пункция (лапароцентез)
- •Плевральды пункция (торакоцентез)
- •2. Дезинфекцияның түрлері:
- •5. Емдеу орындарын жиыстыру түрлері
- •1. Емдеу және сауықтыру мекемелерінің (есм) түрлері.
- •2. Аурухана ішіндегі инфекция туралы түсінік.
- •3.Аіи дамуына себеп болатын жағдайлар:
- •4.Аіи тудыратын қоздырғыштар:
- •6.Аурухана ішіндегі инфекцияның таралу жолдары:
- •7.Аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу.
- •Емдеу орындарын жиыстыру түрлері.
- •2. Дезинфекцияның түрлері:
- •5. Емдеу орындарын жиыстыру түрлері
Көзді күту іс әрекеттері.
Мақсаты: Жеке бас гигиенасын сақтау үшін.
Көрсеткіштері: жағдайы ауыр және әлсіз пациенттер.
Әзірле:
Лоток, пинцет, мақта шариктері, дәкеден жасалған салфеткалар, көз жуатын стакан, фурациллин ертіндісі, мензурка, пипеткалар, физиологиялық ертінді.
Іс әрекеттері:
1. Қолыңызды жуыңыз;
2. Пациентті ыңғайлап отырғызыңыз;
3. Мақта шаригін алып, мензуркадағы фурациллин ертіндісіне батырып,
сәл сығып, көздің сыртқы шетінен ішкі шетіне дейін сүртіңіз;
4. Осылай 4-5 рет қайталаңыз;
5. Құрғақ шарикпен осы қимылды қайталаңыз;
6. Екінші көзді де осылай тазалаңыз;
7. Қолданған құралдарды дезинфекциялаңыз;
Шашты күту.
Төсекте ұзақ жатқан пациенттердің шашын күту керек. Шашында қайыз және басқа бір жәндіктердің болмауын қадағалап отыру қажет. Ер адамдардың шашын қысқа қиып, жұмасына бір рет жуып отырады. Жағдайы ауыр пациенттердің шашын төсегінде жууға болады. Әйелдердің шашын күту қиын, олардың шашын күнде тарап отыру керек, жұмасына бір рет жуу керек
Дәрет ыдысын беру іс әрекеттері.
Іс әрекеттері:
Пациенттің жамбасының астына кленка төсеп, оны басқа пациенттерден шымылдықпен бөліңіз.
Дәрет ыдысын жылы сумен шайып, ішіне аздап су қалдырыңыз.
Сол қолды сегіз көздің астына салып пациенттің жамбас сүйегін көтеруге көмектесіңіз (тізесі бүгулі).
Оң қолмен дәрет ыдысын алып, оның ашық жағымен пациенттің аяқ жағына қойыңыз:
Пациенттің үстін көрпемен жауып, жалғыз қалдырыңыз.
Дәрет ыдысының ішіндегісін унитазға төгіңіз, судың ағынымен ішін шайыңыз.
Пациентті дәреттендіріп, шат аралығын құрғатып сүртіңіз, клеенканы алыңыз.
Дәрет ыдысын бір сағатқа дезинфекциялау ертіндісіне салыңыз.
Дәрет ыдысын берер алдында жылы сумен шайыңыз, құрғатыңыз
Әйел адамды төсегінде дәреттендіру.
Әзірле: лоток, корнцанг, салфеткалар, клеенка, жаялық, зәр қабылдағыш, су құйылған құмыра немесе Эсмарх кружкасы.
Іс әрекеттері:
Қолды жуып, перчатки киіңіз.
Пациенттің астына клеенка төсеп, жамбасының астына зәрқабылдағыш қойыңыз.
Пациенттің аяғын тізесінен бүгіп, аяқ арасын ашыңыз:
Пациенттің оң жағынан тұрыңыз.
Сол қолға суы бар құмыраны, оң қолға мәрлі салфеткамен корнцангті алыңыз.
Үстінен суды құйып тұрып, жыныс мүшелерін жоғарыдан төмен қарай жуыңыз, салфеткаларды ауыстырып отырыңыз.
Жыныс мүшелерін құрғатыңыз.
Зәрқабылдағышты, клеенканы, перчаткилерді алып дезинфекциялаңыз.
Пациенттің төсегін дұрыстап, көрпемен жабыңыз
Медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыруға дейінгі тазалықтан өткізу кезеңдері.
Мақсаты: Медициналық құрал-жабдықтарды ақуыздан, майлы және механикалық қалдықтардан, сонымен қатар дәрілік заттардан тазалау.
Тазалықтан өткізу кезеңдері:
1. Төмендегі жуу ертіндісінің бірін дайындаңыз:
А) жуу ұнтағы 5 гр, 27,5% сутегінің асқын тотығының ертіндісі –
17мл, 1л-ге дейін су;
Б) жуу ұнтағы 5 гр, 3 % сутегінің асқын тотығының ертіндісі –
180 мл, 1л-ге дейін су;
В) жуу ұнтағы 5 гр, 33 % сутегінің асқын тотығының ертіндісі –
14мл, 1л-ге дейін су;
2. Жуу ертіндісін 25 градусқа дейін жылытып, құрал-жабдықтарды
15 минутқа салып қой;
3. Әрбір құралды жуу ертіндісінде 30 секунд дәкелі-мақтамен
тазалаңыз;
Ағынды суға шайыңыз.
Залалсыздандыруға дейінгі тазалықтың сапасына бақылау жүргізу (бақылауға барлық заттардың 1% тартылады );
фенолфталейнді сынамасы жуу ертіндісінің қалдығын тексеру үшін;
азопирам сынамасы қанның қалдығын тексеру үшін.
Құралдарды дистилденген суға шаю.
Құрал-жабдықтарды 80-85 градуста ыстық ауалы шкафта ылғалы кепкенше кептіреміз;
Құралдарды крафт пакеттерге орау;
Ескерту:
жуу ертіндісін бір тәулікте алты рет қолдануға болады, егер ертіндінің түсі өзгерсе қолдануға болмайды
