Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ordabekova_A_VOLS_KR.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
732 Кб
Скачать
☆

2 Оптикалық байланыс кабелін таңдау

Іске қосылып тұрған желінің өткізгіштік қасиетін және бағыттауыш жүйенің жаңа құрылыстағы негізгі түрін арттыру үшін оптикалық-талшықты кабель қолданылу қажет. Оның бөгеуілге тұрақтылығы үлкен, өткізгіштік қасиеті және құруда төсеніштің шарттарынан тәуелсіз болады. Қазіргі таңда оптикалық кабельдің магистральді симметриялық байланыс кабельдеріне қарағанда қымбат.

ТОБЖ-ны тасымалды жүктелген теміржол аймақтарында құрылған оптикалық кабельдер 16 талшықтан кем болмауы керек, аз жүктелген аймақта немесе магистраль объектілерінде қосылулары жоғалған талшықтар саны резервтеу және қорғанысты қамтамасыз ету үшін 8-ден кем болмауы керек. Оптикалық талшықтар, 1,31 мкм және 1,55 мкм толқын ұзындықтарына бірмодты және сертифицирланған болу керек.

Оптикалық кабельдің типін таңдауда STM-1/16 жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін стандартты талшықтарға тоқталу керек. Оларға өз еліміздің кабельдері, сонымен қатар байланыс Министрлігінің сертификаты бар шетел фирмалары жатады. Өз еліміздің кәсіпорындары оптикалық кабельдердің магистральді, аймақтық және жергілікті байланыс желілерінің номенклатурасын толығымен түсініп алды. Кабельді құру кезінде жоғары сапалы импортты материалдар, сонымен қатар атақты Corning, Fujikura, Samsung, Lucent Technologies фирмалардан алынатын оптикалық талшықтар қолданылады.

Қазіргі таңда оптикалық талшықты кәсіпорындарының 16 сертификатының иегері өз еліміздің 11 өндірісі мен зауыттары болып табылады: «Экспо-кабель (Подольск қ.); АҚ НФ «Электропровод» (Москва қ.); ЖАҚ «Оптен» (С.-Петербург қ.); АҚ «Севкабель-Оптика» (Санкт-Петербург қ.); СП «Эликс-МО» (Москва қ.); ЖАҚ «Оптика-кабель» (Москва қ.); АҚ «Яуза-кабель» (Мытищи қ., Московская обл.); ЖАҚ «Самарская оптическая кабельная компания» (Самара қ.); ЖАҚ «Москабельмет» ЖАҚ (Москва қ.).

ЖАҚ «Воронежтелекабель» (Воронеж қ.); ЖАҚ «Трансвок» (Калуга қ.).

Жоғарыда айтылған кабельді өнімдердің қатары өз еліміздің негізгі шығаратын оптикалық кабельдері болып табылады.

ЖАҚ «Москабельмет» (Москва қ.).

Талшықты-оптикалық сызықты ГТС құрылыс кезінде ТУ 16-705-296-86 өнеркәсіпте шығарылған , 0,85 мкм толқын ұзындықта жұмыс істейтін сызықты оптикалық кабельдер келесі маркада қолданылады:

ОК-50-2-5-4 – төтрталшықты өшулік коэффициенті5 дБ/км кем емес;

ОК-50-2-5-4 – градиентті оптикалық талшықпен, өңдеумен2, 5 дБ/км өшулік коэффициентімен, оптикалық талшық4 санымен берілген сызықты оптикалық кабельдер;

2.1-сурет. Оптикалық кабель (ОК)

1. Орталық күштік элемент

2. Тығыздалатын жіптер

3. Толтырылған жүрекшелер

4. Оптикалық модульдің қорғаныс қабығы

5. Қорғаныс қабығындағы оптикалық талшықтар

6. Тығыздайтын пластмассалы лента немесе жіптер

7. Полиэтиленді қорғаныс қабығы

Оптикалық кабель шығаратын өндіріс ТУ 16.К11-70-97 номенклатурасы бойынша ВСС Ресейге (магистральді, ішкі аймақтық, қалалық) дайындайды. Кең таралған ОК «Москабельмет» өндірісінің негізгі параметрлері 1-ші кестеде көрсетілген.

А-Дв2У1х12 орталық трубкалы кабель типінің полиэтиленді қабықшалы қорғанысы бар. Оған әртүрлі түсті бір модты 12 ОТ, диаметрі 1,7 мм 12 броньдалған болат сымдар кіреді. Кабель грунттың барлық түрлерінің төсеніштеріне арналған, трубаға, көпірлерге, терең емес батпақтарға және кемелер жүрмейтін өзендерге.

«Оптен» ЖАҚ (С.-Петербург қ.)

Бұл өндіріс орны ТУ 3587-007-13173860-98 номенклатурасы бойынша оптикалық кабельді дайындайды (магистральдық, ішкі аймақтық, қалалық). Кең таралған ОК «Оптен» өндірісінің негізгі параметрлері 2-ші кестеде көрсетілген.

СПУ-04/06 (металлды орталығы бар элемент) және ДПС-04 (диэлектрлік) құрылымындағы оптикалық талшықты модульді кабельдер 1-ден 10-ға дейінгі модуль арасында қойылады. Өзекшесінде 4 немесе 6 оптикалық модуль орналасады, трубаларда, тоннельдер мен көпірлерде, барлық категориялы грунттарда.

ДА2-04 кабельдің модульді құрылымы (4 модуль) су өткізбейтін кабықшадан және полиэтиленнен жасалған ішкі қабықшадан тұрады. Бұл кабель өрілген екі болат сымдармен броньдалған - бір өрім ішкі қабықшаның үстінен, екінші өрім – аралық полиэтилен қабықшасынан кейін; броньнің сыртынан сыртқы қорғаныс шлангі орналастырылады. Кабель су бөгеттерін – кеме жүретін, ағатын өзендер, су қоймалары, ауыр топырақтарда және тереңдігі 2 метрден көп батпақтарда төсеуге арналған.

«Севкабель-оптика» АҚ (С.-Петербург қ)

Бұл өнеркәсіп Rosendahl (Австрия) және Sket (Германия) фирмаларының жабдығымен оптикалық кабельдерді (магистральді және су асты) дайындайды. ДАУ-012Е04/004Н04-05 кабелі жерде төселуге арналған, осы өндірістің барлық кабельді өнімдерінің номенклатурасы теміржол көлігінің қажеттілігінде көп қызығушылық тудырады. Оның негізгі параметрлері 3-кестеде көрсетілген.

Сыртқы қабықшасы полиэтиленнен жасалған ДАУ-012Е04/004Н04-05 оптикалық кабелдің қорғаныс қабаты болатты қорғасындалған сымдардан, ішкі қабықшасы полиэтиленнен, алюмополиэтиленді лентаны өзекшемен байланыстырушы, 4 оптикалық және 1 толықтырушы модульден тұратын, әйнек пластикалы пруткаға оралған 12 стандартты бірмодты МСЭ-Т G.652 ұсынысына сәйкес оптикалық талшық және аралас дисперсиясы бар 4 бірмодты оптикалық талшық МСЭ-Т G.655 ұсынысына сәйкес болады. Бұл кабельдер қоршаған ортаның температурасы минус С-дан плюс С кезінде құру үшін арналған.

«Трансвок» ЖАҚ (Калуга қ)

Өндіріс ТУ 3587-002-45869304-98 номенклатурасы бойынша оптикалық кабельдерді дайындайды. Кең таралған ОК «Трансвок» өндірісінің негізгі параметрлері 4-ші кестеде көрсетілген.

ОКМС-А-4/2(2,4)Сп-16(2) және ОКМС-А-4/2(2,4)Сп-16(5) – сыртқы қабықшасы полиэтиленнен, қорғағыш қабықтары армидті жіпшелерден жасалған өзі тасымалдағыш оптикалық кабель, ішкі қабықшасы полиэтиленнен, 4 оптикалық және 2 толықтырушы модульді өзекшеден тұрады, номиналды диаметрі 2,4мм, әйнек пластикалы пруткаға оралған 16 стандартты бірмодты МСЭ-Т G.652 ұсынысына сәйкес оптикалық талшық және аралас дисперсиясы бар 16 бірмодты оптикалық талшық МСЭ-Т G.655 ұсынысына сәйкес болады.

Кабельдік өнімі Ресейде сертификатталған шетел компанияларының ішінде Lucent Technologies фирмасына жеке тоқталып кетейік. Контакты желінің тірегішіне ілу Lucent Technologies фирмасы өзі тасымалдағыш Х2327L6-016-CLIE-4/12 оптикалық кабель маркасымен орындалады. Х2327L6-016- CLIE-4/12- сыртқы қабықшасы полиэтиленнен, қорғағыш қабықтары армидті жіпшелерден жасалған оптикалық кабель, ішкі қабықшасы полиэтиленнен, 3 оптикалық және 2 толықтырушы модульді өзекшеден тұрады, номиналды диаметрі 3,0 мм, аралас дисперсиясы бар әйнек пластикалы пруткаға оралған 16 бірмодты МСЭ-Т G.655 ұсынысына сәйкес болады. Айтылған оптикалық кабельдің параметрлері «Трансвок» өндірісінің сипаттамаларына ұқсас болады.

Оптикалық кабельдің маркасын таңдау оның төселу әдісіне байланысты. Теміржолдың электрфицирленген аймақтарында контакт желінің тіреуішін оптикалық кабельдің қолданылып көрген ілу әдісінде қолданған дұрыс. Аралық станцияларда мекемелерде енгізу құрылғылары үшін оптикалық кабельдер пластмассты трубаөткізгіштерге орналастырылады. Теміржолдарда электрофикация болмаса, оптикалық кабельдерді міндетті түрде жерге төсейді.

Кабельдің маркасын таңдауда әйнек талшықтарының санына сәйкес міндетті түрде «МПС РФ интеграция қызметімен байланыс желісін құру концепциясы» басшылығымен шешімге келу керек. Москва-Владивосток магистралында резервті тіркеу және 16 талшықты оптика кабельдің төселуінің қорғанысы қарастырылады. Сонымен қатар, магистральды байланысқа екі талшық, жол байланысында әр жолға 6 талшық бөлінеді. Оперативті-технологиялық байланыс екі бөлек әйнек талшықтарын, ал Қиыр Шығыс пен Забайкаль аймағында оптикалық талшықтар санымен ортақ технологиялық байланыс ұйымдастырылады, 3-суретке байланысты есептелінеді (1-қосымшасында).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]