- •1.Сақтандырудың қайнар көзі және оның қажеттілігі.
- •2.Сақтандырудың негізі.
- •3.Қазақстанда сақтандыруның пайда болуы.
- •4.Сақтандыру кезеңдері және олардың ерекшеліктері.
- •5.Сақтандырудағы қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер.
- •6.Сақтандырудағы тәуекелділік.
- •7.Халықаралық сақтандыруда қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер.
- •8.Микро деңгейдегі сақтандыру функциялары.
- •9.Сақтандырудағы жүйелеудің негізгі принциптері.
- •10.Туристік сақтандыру тәуекелділігі.
- •11.Макроэкономикалық деңгейдегі сақтандыру функциялары.
- •12.Міндетті және ерікті сақтандыру программаларының ерекшеліктері.
- •13.Жасыл карта жүйесі.
- •14.Туристерді сақтандыру кезінде жүргізетін негізгі сақтандыру шараларының түрлері.
- •15.Қауіп қатердің көздері.
- •17. Туризмдегі сақтандыру ерекшеліктері.
- •25 Сақтандыру нарығының құрылымы.
- •26 Сақтандырудың ерекшелiктерi
- •27 Қазақстандагi сақтандыру компанияларына сипаттама.
- •28 Сақтандыру компанияларының негізгі функциялары
- •29 Халықаралық деңгейдегі мәнге ие карантинді аурулардың түрі.
- •30 Сақтандыру полисында қандай дәрігелік шығындар қарастырылмайды.
- •31.Сақтандыру объектісіне төленетін сомаларды шығару.
- •32.Сақтандырудағы спецификалық тәуекелділіктердтерді табу.
- •33.Жекелей сақтандыру формаларын анықтау.
- •34.Саяхат кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- •35.Қазіргі кезде туристерді сақтандырудың схемаларын құрастыру.
- •36.Жол жүру кезіндегі сақтандырулар.
- •37.Туристік қызметті жобалау.
- •38.Турист және туртоптың жетекшісі сақтандыру қаупі төнген жағдайда қолданылатын шаралар
- •39.Туристерді сақтандырудың спецификалық түрлерін анықтау.
- •41.Туристердің жеке басын сақтандырудағы тарифтер
- •42.Туризмдегі сақтандыру жарнамасының ерекшкліктері
- •43.Туристік қызметті сақтандырудағы жарнама шығындарын есептеу.
- •44.Шетелге шығатын азаматтарға көрсетілетін сақтандыру қызметтері
- •45.Туристер мен экскурсанттарды қауіпсіздікпен қамтамасыз етудегі қойылатын талаптар.
- •46)Туристік қызметті жобалау
- •47) Азаматтық жауапкершілікті сақтандырудағы іс-шараларды ұйымдастыру.
- •48)Лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлері
- •49)Авто көліктерді сақтандыру іс-шараларын ұйымдастыру.
- •50)Сақтандыру кезеңі және сақтандыру сомасын анықтау.
- •51)Сақтандыруға жатпайтын туристермен болған келеңсіздік жағдайлар мен аурулар.
- •52)Туристік жорықта ең қажетті сақтандыру түрлері
- •53)Туристік бизнестегі сақтандыру қызметін жылжытатын маркетингтік каналдар.
- •54)Лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлері.
- •55)Сақтандырудағы спецификалық тәуекелділіктердтерді табу.
- •56)Жекелей сақтандыру формаларын анықтау
- •57)Саяхат кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- •58)Қазіргі кезде туристерді сақтандырудың схемаларын құрастыру.
- •59)Жол жүру кезіндегі сақтандырулар.
- •60)Туристік қызметті жобалау
48)Лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлері
Туристік нарықтағы заңнамалық база «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына, өзге де нормативтік құқықтық келісімдерге сәйкес әзірленіп және уәкілетті органның-лицензиардың туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензия беру тәртібін, шарттарын, есебін жүргізуін белгілейді.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы ережемен белгіленген талаптарды сақтаса, Қазақстан Республикасының жеке жаңа заңды тұлғаларына лицензия алу құқығы беріледі.
Шетелдік заңды тұлғалар және олардың Қазақстан Республикасы аумағында құрылған әрі турагенттік қызметті жүзеге асырушы филиалдары мен өкілдіктері Қазақстан Республикасының туристік ұйымдарына арналған сондай шарттарымен және тәртіппен лицензиялануы тиіс.
Туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензия болып табылады.
Лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүреді. Өтінуші лицензия алғаннан кейін лицензия берілген кезден бастап жеті ай ішінде көрсетілетін туристік қызметтерге сертификат алуға міндетті, содан кейін олардың көшірмелерін лицензиарға тапсырады.
Лицензия беру тәртібі мен шарттары. Лицензия мынандай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:
-туроператорлық;
-турагенттік;
-экскурсиялық;
-туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі.
3аңды тұлға - өтінушінің филиалдары мен өкілдіктері құрамында лицензияланады. Филиал немесе өкілдік туралы ереже мен тіркеу құжаттары лицензиарға көрсетілуі тиіс. Заңды тұлға - өтінуші филиал немесе өкілдік ашқан жағдайда, 30 күн ішінде лицензиарды хабардар етеді.
Лицензия субьектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде беріледі. Лицензия бір данада беріледі, лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтініш бойынша төл құжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым төлейді. Тұлғаның аталуы Заңды, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол бір ай ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиар он күн ішінде лицензияны қайта рәсімдейді.
49)Авто көліктерді сақтандыру іс-шараларын ұйымдастыру.
Бүгінгі күнде автокөлікті сақтандыру автокөлік иелерінің көбіне қол жетімді бола бермейтін залалды өтеу көзі болып табылады. Сақтандыру жол апаты немесе көлікті айдап кету жағдайында кездейсоқ шығындардан құтылуға қалай көмектесетінін өмірінде осындай жағдайға ұшыраған адам ғана біледі. Бұл мәселенің лайық шешімін Allianz Қазақстан сақтандыру компаниясы ұсынады. Автокөлікті сақтандыру автокөлік иелерін сақтандыру жағдайының нәтижесінде болған автокөліктің жойылуы (құруы), жеткіліксіздігі немесе залал келтірілуі тәуекеліне байланысты күтпеген шығындардан арашалайды. Сақтандыру жол-көлік апаты, ұрлау немесе айдап әкету, кездейсоқ сыртқы ықпал, үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері, ағаштардың құлауы, қозғалмайтын заттармен соқтығысуы, өрт, жарылыс, табиғат аптаттарының нәтижесіндегі мүліктік шығындардың орнын толтырады. Автокөлікті сақтандыру тарифі автокөліктің үлгісі, пайдалану мерзімі, Сақтанушының көлікті жүргізу тәжірибесі, тәуекелдер жинағы, франшиза мөлшері және сақтандыру аймағына тәуелді. Негізгі Сақтандыру тарифтері 3%-дан басталады.
Автокөлікті сақтандыру
Сақтандыру жағдайы:
көлікті ұрлап айдап кету, ұрлау;
жол-көлік оқиғасының нәтижесінде көлік құралының зақымдалуы немесе жойылуы;
түрлі қозғалмалы/қозғалмайтын затпен соғылысуды қосқанда, кездейсоқ сыртқы ықпал, табиғат апаты, ұшу аппараттары мен олардың бөліктерінің құлауы;
үшінші тұлғалардың қарсы әрекеттері;
өрт, жарылыс.
Сақтанушы ұсынуы қажет құжаттар:
көлік құралының мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік (техпаспорт) немесе КҚ-на меншіктік құқығын растайтын басқа құжат;
жүргізуші куәлігі, жеке тұлғаларды сақтандыру жағдайында – жеке куәлік;
жеке тұлғаларға: Сақтандырылушының жеке куәлігі және салық төлеушінің тіркеу нөмірі; заңды тұлғаларға: тіркеу куәлігі және салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
cақтандырушы талабы бойынша басқа да қажетті құжаттар.
Сақтандыру төлемі келесідей жағдайларда жасалмайды:
қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, Сақтанушының сақтандыру жағдайын туындатуға бағытталған не оның туындауына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттер жасауы;
cақтанушының заңнамалық актілермен белгіленген тәртіпте қасақана қылмыстар немесе сақтандыру жағдайымен себептік байланыстарда болатын әкімшілік құқық бұзушылықтары болып танылған іс-әрекеттер жасауы;
шартта көрсетілген басқа да жағдайларда.
Бағдарлама артықшылықтары:
қажетті сақтандыру тәуекелдері Сақтанушының қалауынша таңдалады;
сенімді қайта сақтандыру қорғауы;
төлемдер сақтандыру сомасының көлемінде шынайы залал мөлшерінде төленеді;
шығындарды реттеу жылдамдығы;
фирмалық ТЖО-да сіздің таңдауыңыз бойынша қалпына келтіретін жөндеу жұмыстарын жүргізу.
