Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
strahovanie shpor.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
691 Кб
Скачать
☆

10.Туристік сақтандыру тәуекелділігі.

Жалпы тәуекел кез-келген алдағы бір күтілетін құбылыстардың кері әсері болуының қауіп қатерін білдіреді. Кез-келген нақты бір тәуекелдер (мысалы; стихиялы жайыптар. өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) өз кезегінде белгілі бір жайыптардың (мысалы; сақтандыратын объектілрдің күйіп кетуі) болуын білдіреді. Тәуекелділік түсігінің дамуында 3 деңгейді ажыратады.

1. Тәуекелділік ке-келген субъекті шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелері ықтималды болу ретінде анықталады.

2. Тәуекелділік нақтылы нәтижелердің жоспарлы күтімдерден ауытқуы.

3. Тәуекелділік жағымсыз нәтижелердің ықтималдылығын бөлу ретінде анықталады.

Тәуекелдерді бағалау әдістері төмендегідей:

1. Жеке дара бағалау әдісі –сақтандырушы өзінің кәсіби тәжірибесіне және субъективті көзқарасына сүйене отырып ерікті түрде бағалайды.

2. Орташа мөлшерлер әдісі –тәуекелділік топтарын жекелеген кіші топтарға бөлу арқылы бағалау, яғнитәуекелділіктің мөлшерін анықтау үшін оның белгілері бойынша жасалынатын аналитикалық негіз (мысалы; сақтандыру объектінің баланстық құны, өндірістік қуаттардың сомасы және өндірістік циклдарының түрлері).

3. Пайыздық әдіс –орташа тәуекелділік типінің мүмкін болатын оң және кері ауытқуларына байланысты болатын аналитикалық негізге жасалынатын жеңілдіктер және қосымша сомалардың жиынтығы көрсетіледі.

11.Макроэкономикалық деңгейдегі сақтандыру функциялары.

Сақтандыру функциялары микроэконмикалық және макроэкономикалық деңгейде бірін –бірі толықтырушы және жеке дара ерекше жағдайларда орындалады.

Тәуекелділік функциясы –сақтандырушы сақтандыру арқылы белгілі бір тәуекелдердің қаржылық салдарларын сақтандыру ұйымына жүктеу арқылы орындарды.

Сақтандырудың жинақтаушы –жинақтық функциясы –маңызды әлеуметтік рөлді атқарады, яғни еңбекке қабілеттікті жоғалтқан кезде қалыпты өмір деңгейін ұстап тұру үшін денсаулығын сақтау және белгілі бір қорды жинақтауды қамтамасыз етеді.

Қаржыландыруды жеңілдету функцисы –бірнеше аспектіден тұрады: 1) сақтандырушы сақтандыру жағдайы болған кезде, сақтандыру шартында көрсетілген, өзіне келтірілген зиянның орнын толтыратын белгілі бір қаржы қорын алады; 2) сақтандыру жарналарын кәсіпорын шығындар топтамасына қосуы мүмкін, яғни өздерінің тауарлаы мен қызметінің бағасына қосады; 3) сақтандыру мүліктері және жауапкершілігі несие алу үшін қажетті шарт болып табылады.

Алдын-ала ескерту функциясы –сақтандыру келісімшартын жасаған кезде сақтандыру ұйымының андеррайтері (тәуекелдерді бағалаушы) мүмкін болатын тәуекелдерді бағалауды жүргізеді және сақтандыру объектісінде тәуекелдер деңгейін бақылауға мүмкіндік беретін, ескеруші сипатындағы іс-шаралардың жүйесін жасап ұсынады.

Сақтандырылмайтын тәуекелдерге басты назарды шоғырлау мүмкіндігі функциясы –сақтандыру келісімшартын жасаған кезде кәсіпкер өзін көптеген мазалаушы жағдайлардан өзін арылтады және толығымен нарықтық конъюктураның тәуекелділіктерін талдауға жүгінеді және өзінің кәсіпорынның стратегиялық менеджмент мәселелерін қарастырушымен орындалады.

1. Қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету функциясы дегеніміз –сақтандыру жағдайының нәтижесінде зардап шеккен кәсіпорынның іс-әрекеттерін қайта жандандыру және оның орнын жылдам қалпына келтіру үшін қаржылық жағдайды жасайды. Сол үшінде қоғамда сақтандыру қорлары құрылады.

2. Мемлекеттік қосымша шығындардан арылту функциясы –бірден-бір сақтандыру қорларының болуымен қамтамасыз етеді. Өйткені, оларсыз стихиялық жағдайлардың, авариялардың салдарларын жою мемлекеттің мойында болар еді. Ал мемлекеттің иелігінде мемлекеттік бюджет және бюджеттік емес қорлардың шектеулі ғана қоры бар.

3. Ғылыми-техникалық прогресивті ынталандыру функциясы – 2 жолмен жүреді.1)сақтандыру ұйымдастыру өздерінің коорпоративті клиенттерінің назарын технология және өнімдердің қауіпті элементтеріне бағдарлайды. 2)сақтандыру ұйымдары өз күштерімен және алдын-ала ескерту іс-шараларының қолары арқылы технологиялармен өнімдерді жетілдіруге бағытталған белгілі бір туындыларды қаржыландыруға күш-жігерін жұмсайды.

4. Азаматтық жауапкершілік қарым қатынастар жүйесіндегі зардап шегуші тұлғалардың мүддесін қорғау функциясы –жеке және заңды тұлғалардың оларға үшінші бір тұлғаның келтірілген зияны үшін азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру арқылы жүргізеді.

5. Инвестициялық ресурстарды шоғырландыру, ұлттық шаруашылық үшін экономикалық өсуді ынталандыру функциясы –сақтандыруда олардың құрған сақтандыру резерв қорлары мемлекеттік бағалы қағаздарға, кәсіпорынның акциясына, банкеттерге және жылжымайтын мүлікке инвестицияланады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]