- •Кабельдердің негізгі топтары
- •2.1. Жіңішке коаксиалды кабель
- •2.2. Жуан коаксиалды кабель
- •Кабельдер типі
- •Екі типті коаксиалды кабелді салыстыру
- •Коаксиалды кабельді қосуға арналған жабдық
- •Коаксиалды кабельдер класстары және өрт қауіпсіздігінің талаптары талаптары.
- •Желілік адрес.
- •Мәліметтерді беру мен басқару.
- •1. Желілік адаптер платасының тағайындалуы
- •Мәліметтерді дайындау.
- •2.3. Жадының базалық адресі
- •2.4. Трансивер
- •3. Компьютер мен желінің үйлесімділігі.
- •4. Желінің өндіргіштігін жоғарылату әдістері.
- •5. Желілік адаптердің арнайы платасы.
- •5.1. Өткізгішсіз желілердің желілік адаптер платалары
- •5.2. Жойылған пзу жүктемесі
- •Желілік адаптер платасының драйверлері.
- •С урет 18. Екі жергілікті желіні байланыстыратын өткізгішсіз көпір
- •1 Желілік принтерлермен жұмыс
- •Әдебиет
1. Желілік адаптер платасының тағайындалуы
Желілік адаптер платасы компьютерлер мен желілік кабельдер арасындағы қосылу немесе физикалық интерфейс ретінде рөл атқарады.
Компьютерлер мен желі арасында тиісті айыру немесе портқа физикалық қосылуды қамтамасыз ету үшін платалар желілік кабельге қосылады.
Желілік адаптер платасының тағайындалуы:
компьютерден түсетін мәліметтерді желілік кабель бойынша беруге дайындау;
мәліметтерді басқа компьютерге беру;
компьютермен кабелдік жүйе арасындағы мәліметтер ағымын басқару.
Сонымен қатар, желілк адаптер платасы кабельден мәліметтерді қабылдайды және оларды компьютердің орталық процессорына түсіінкті түріне ауыстырады.
Желілік адаптер платасы ПЗУ жазылған, кіріктірілген бағдарламалар мен аппатарттық бөліктен тұрады.
Мәліметтерді дайындау.
Мәліметтерді желіге жіберудің алдында желілік адаптердің платасы оларды компьютерге түсінікті түрден желілік кабель бойынша бере алатын түрге ауыстыруы қажет.
Компьютер ішінде мәліметтер шина бойынша – параллельді беріледі. Желілік кабельде мәліметтер биттер ағымы түрінде жылжып отыруы тиіс.
Желілік адаптер платасы параллельді мәліметтерді қабылдайды және оларды ары қарай жөнелтуді ұйымдастырады. Бұл үрдіс компьютердің сандық мәліметтерін желілік кабельдер бойынша берілетін электрлік және оптикалық сигналдарға ауысуымен аяқталады.
Бұған трансивердің өзгеруі жауап береді.
Желілік адрес.
Мәліметтерді өзгертуден басқа, желілік адаптер платасы оны қалған платалардан айырып тани алуы үшін өзінің орналасу орнын немесе адресін көрсетуі тиіс.
Желілік адрестер (network address) IEEE комитетімен анықталады. Бұл комитет әрбір желілік адаптер платаларын өндірушілерге кейбір адрестер интервалдарын бекітеді. Өндірушілер осы адрестерді микросұлбаларға «тігеді». Осының арқасында әрбір платада, яғни әрбір компьютердің желіде өзіндік адресі болады.
Мәліметтерді компьютерден қабылдап және оларды желілік кабель бойынша беруге дайындық кезінде желілік адаптер платасы басқа да операцияларға қатысады.
1. Компьютер және желілік адаптер платасы мәліметтерді беруді іске асыру үшін бір-бірімен байланысты болуы тиіс (компьютерден платаға). Егер плата жадыға тікелей қатынай алса, компьютер оған өзінің жадының кейбір аумағын бөліп береді.
2. Желілік адаптер платасы компьютерден мәліметтерді сұрайды.
3. Компьютердің шинасы мәліметтерді оның жадынан желілік адаптер платасына береді.
Егер мәліметтер желілік адаптер платасының беруінен жылдамырақ түссе, мәліметтер буферге орналастырылады.
Мәліметтерді беру мен басқару.
Мәліметтерді желі бойынша жібермес бұрын желілік адаптер платасы қабылдайтын платамен электронды диалог жүргізеді, осы кезде орнатылады:
мәліметтерді беретін блоктың максимальды өлшемі;
қабылдауы расталмай берілетін мәліметтер мөлшері;
мәліметтердің беру блоктарының арасындағы интервалдар;
бекітуді жөнелтуге бөлінген интервал;
әрбір плата толмай қабылдай алатын мәліметтер көлемі;
мәліметтерді беру жылдамдығы.
Әрбір плата «бөгделердің» параметрлерін қабылдап, оларға икемделе отырып, басқаларды өзнің параметрлеріні туралы хабардар етеді. Барлық детальдар анықталғаннан кейін платалар мәліметтермен бөліссуді бастайды.
2. Конфугиранцияның параметрлері
Желілік адаптер параметрлері:
үзілу;
енгізу/ шығару портының базалық адресі;
жадының базалық адресі;
қолданылатын трансивер.
