- •Кабельдердің негізгі топтары
- •2.1. Жіңішке коаксиалды кабель
- •2.2. Жуан коаксиалды кабель
- •Кабельдер типі
- •Екі типті коаксиалды кабелді салыстыру
- •Коаксиалды кабельді қосуға арналған жабдық
- •Коаксиалды кабельдер класстары және өрт қауіпсіздігінің талаптары талаптары.
- •Желілік адрес.
- •Мәліметтерді беру мен басқару.
- •1. Желілік адаптер платасының тағайындалуы
- •Мәліметтерді дайындау.
- •2.3. Жадының базалық адресі
- •2.4. Трансивер
- •3. Компьютер мен желінің үйлесімділігі.
- •4. Желінің өндіргіштігін жоғарылату әдістері.
- •5. Желілік адаптердің арнайы платасы.
- •5.1. Өткізгішсіз желілердің желілік адаптер платалары
- •5.2. Жойылған пзу жүктемесі
- •Желілік адаптер платасының драйверлері.
- •С урет 18. Екі жергілікті желіні байланыстыратын өткізгішсіз көпір
- •1 Желілік принтерлермен жұмыс
- •Әдебиет
С урет 18. Екі жергілікті желіні байланыстыратын өткізгішсіз көпір
Егер өткізгішсіз көпір «қамтитын» қашықтық жеткіліксіз болса, алысқа әсер ету көпірін орнатуға болады. Ethernet және Token Ring желілерімен жұмыс істеу үшін қашықтығы 40м ол шашыраңқы спектрдегі радиоберу технологиясын пайдаланыды. Оның құны (қарапайым өткізгішсіз көпір сияқты) қанағаттанарлықтай болуы мүмкін, өйткені микротолқынды каналдар немесе Т1 сызығын жалдау шығыны болмайды. Т1 сызығы бұл мәліметтерді 1,544 Мбит/с дейін жылдамдықпен мәліметтерді беру үшін арналған стандартты сандық сызық. Онымен сөйлеген сөзді және мәліметтерді беруге болады.
Жылжымалы желілер
Өткізгішсіз жылжымалы желілерде телефонды жүйелер мен қоғамдық қызметтер беру ортасы ретінде ықзмет атқарады. Осы кезде пайдаланылады:
пакетті ажырату;
ұялы желілер;
спутник станциялары.
Үнемі жол жүретін жұмыскерлер ос ытехнологияны пайдалана алады, өздерімен бірге тасымалданатын компьютерлер немесе PDA (Personal Digital Assistants) болса, олар электронды поштамен , файлдармен және басқа ақпаратпен алмаса алады.
Мұндай байланыс түрі қолайлы, бірақ ақырын. Беру жылдамдығы – 8 Кбит/с-ден 28,8 Кбит/с –ке дейін. Ал егер қателерді түзеу жүйесі қосылса, жылдамдық одан да азайады.
Тасымалданатын компьютерлерді негізгі желілерге қосу үшін ұялы байланыс технологиясын пайдаланатын өткізгішсіз адаптерлерді қолданады. Тасымалданатын компьютерге орнатылған кішкентай антенналар оларды қоршаған радиорентрансляторлармен байланыстырады.
Пакетті радиоқосумәліметтер келесі ақпрат
Пакетті қосуда мәліметтер келесі ақпраттар болатын пакеттерге (желілік пакеттерге ұқсас) бөлінеді:
ақпарат адресі;
қабылдау адресі;
қателерді түзеуге арналған ақпарат.
Пакеттер оларды кең хабарлайтын тәртіпте көрсететін спутникке береді. Сосын тиісті адресі бар құрылғы осы пакеттерді қабылдайды.
Ұялы желілер
Мәліметтердің ұялы санды пакеттері (Cellular Digital Packet Data - CDPD) ұялы телефондар пайдаланатын технологияны пайдаланады. Олар мәліметтерді сөйлесуді беруге арналған желі бойынша осы желіліер бос болған жағдайда береді. Бұл секундтың жартысына ғана бөгелетін байланыстың өте жылдам технологиясы, бұл оны берудің ең қолайлы әдісі қылдырады.
Ұялы желілерде, басқа да өткізгішсіз желілер сияқты жұмыс істеп тұрған желіге қосылуға мүмкіндік беретін тәсілді тауып алу керек. Nortel out of Mississauga (Онтарио, Канада) компаниясы–осы мақсатқа арналған Ethernet (Ethernet Interface Unit – EIU) интерфейстік блокты шығарады.
Микротолқынды жүйелер
Микротолқынды технологиялар кішкентай ғимараттар арасында шағын жүйелерде, мысалы, университет қалашықтарында, әрекеттестікті ұйымдастыруға көмектеседі.
Бүгінгі таңда микротолқынды технология – Құрама Штаттарында мәліметтерді алыс қашықтарға беру әдісінің кең тараған әдісі. Ол тікелей көрінетін мынадай екі нүктенің:
спутник және жер станциясы;
екі ғимарат;
үлкен ашық кеңістікті бөлетін кез келген обьектілердің (мысалы, су үсті немесе шөл) өзара әрекеттестігіне тамаша келеді.
Микротолқынды жүйелер келесі компоненттерден тұрады.
Екі трансиверлерден. Біреуі сигналдарды генерациялау (беретін станция) үшін, ал басқасы – қабылдау үшін (қабылдау станция).
Екі бағытталған антенна. Олар трансиверлер беретін сигналдарды қабылдауды іске асыру үшін бір- біріне бағытталған. Бұл антенналар үлкен қашықа жету үшін жоғарыға орналастырылады.
Тапсырма
Берілген практикалық жұмыстағы теориялық материалды мұқият оқыңдар.
Жоғарыда суреттелген кабель типтернің салыстырмалы мінездемесін құрастырыңдар.
Қорытынды шығарыңдар: қай кабель жақсы, қай кабель нашар, неліктен.
Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.
Бақылау сұрақтары
Өткізгішсіз желілер.Өткізгішсізортаны пайдалану. Өткізгішсіз желілер типтері.
Жергілікті есептеу желілері. Мәліметтерді беруде пайдаланылатын тәсілдер.
Жергілікті есептеу желілері. Инфроқызыл сәуле шығару. Инфроқызыл желілер типі. Лазер.
Кеңейтілген жергілікті желілер. Өткізгішсіз көпірлер.
Жылжымалы желілер (пакетті радиоқосу, ұялы желілер, микротолқынды жүйелер).
№7 практикалық жұмыс
Тақырыбы: «Желілік коммуникация. Желілік ресурстарын және тіркеу жазбаларын басқару».
Жұмыстың мақсаты: Жаһанды Интернет желісімен және желілік коммуникациясымен танысу.
Теориялық ақпарат
Жалпы түсінік
Желі (Network) – бұл өзара мәліметтерді, бағдарламаларды, құлылғыларды (желілік принтерлерді, факс – модемдерін, CD-ROM) бірге пайдалану үшін байланыстырылған екі немесе одан да көп компьютерлер. Компьютерлердің қосылған және бірге пайдаланылатын ресурстарының концепциясы желілік өзара әректтестік деп аталады.
Желілер территориялық белгісі бойынша жергілікті (ЛВС - LAN) және жаһанды (ГВС - WAN) болып екіге бөлінеді. Жергілікті желі – бұл өзара байланысқан және бір бірнен онша алыс орналаспаған 2-ден 100-ге дейінгі компьютерлер. Жаһанды желі - өзара байланысқан және әр түрлі жерлерде территориялы (ғимараттарда, қалаларда, континенттарда) орналасқан 2-ден бірнеше мың компьютелерге дейін.
Желіліерді пайдалану мүмкіндік береді:
Жабдыққа шығынды төмендету;
Жалпы мәліметтерді бір уақытта және оперативті пайдалану;
Желілік және қолданбалы қосымшаларды стандарттау;
Басқа компьютерлерді және құрылғыларды дистанционды басқару.
Барлық желілердің келесідей жалпы мәліметтері бар:
РЕСУРСТАР- желінің ортақ пайдалнуына берілген бағдарламалық және аппаратты қамтамасыздандыру
СЕРВЕРЛЕР (Server) – желілік пайдаланушыға өзінің ресурстарын ұсынатын компьютер
КЛИЕНТ (Client)- сервер ұсынған желілік ресурстарға қатынауды жүзеге асыратын компьютер
ОРТА (Media) – компьютерлерді байланыстыру тәсілі
БІРГЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МӘЛІМЕТТЕР- желі бойынша сервер ұсынатын файлдар
БІРГЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ПЕРИФРИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР – мысалы, принтерлер, CD-ROM, модемдар, сканерлер және басқалар.
Желілер типтері
Желілер үш негізгі типтерге бөлінеді:
Бір рангты желілер , («рабочие группы», 10 компьютерлерден аспайды)
Серверлер негізіндегі желілер ( қымбатырақ, бірнеше мыңға дейінгі, өндірістік стандарт)
Комбинирленген ( кең тараған, бір рангтың қарапайымдылығы мен серверлері бар желілердің өндіргіштігін үйлестірген)
Бір рангты желілер – компьютерлер арасында иерархиясы жоқ, яғни барлық пайдаланушылар тең. Әрбір компьютер клиент ретінде де, сервер ретінде де қызмет атқарады. Сервер болмаса, желіні басқаруға жауапты компьютер де жоқ. Барлық пайдаланушылар өз компьюерлерінде қандай мәліметтерді жалпы ортақ, ал қай мәліметтерді ортақ қылдырмайтынын өздері шешеді.
Сурет 1. Бір рангты желі
Сервер негізіндегі желіде барлық мәліметтер клиенттерге қажетті желілік ресурстарды ұсынатын серверде орталандырылған түрде сақталынады. Серверді баптаумен және қызмет көрсетумен әрбір желіні пайдаланушының желілік ресурстарға қатынауның құқығын анықтайтын желілік әкімгер айналысады. Сервер негізіндегі желілер желілік клиенттердің сұратуын тез өңдеу үшін және файлдар мен каталогтардың қорғауын басқару үшін оңтайландырылған.
Сурет 2. Сервері бар желі
Серверлердің келесі специализациясы бар:
Сервер файлы – мәліметтер базасын және ортақ файлдарды сақтау үшін пайдаланылады (сервердің кең тараған түрі)
Принт сервер – құжаттарды желі бойынша қымбат принтерде немесе плоттерде басып шығару үшін
Қосымшаның сервері – клиенттің компьютеріне сұрату нәтижелерін жіберетін бағдарламаларды орындауға және сақтау үшін арналған.
Пошталық сервер – пайдаланушылар арасында хабарларды жөнелту үшін және сақтау үшін. Сервердің мәліметтері Internet-те E-MAIL электронды поштасын ұйымдастыру үшін пайдаланылады.
Коммуникационды сервер - әртүрлі желілер арасында комникационды басқаруды іске асырады, мысалы, Windows-платформасымен және UNIX-платформасы бар желілер арасында.
Сурет 3. Бірнеше серверлері бар желі
Т
апсырма
Тақырыпты алып жұмыс үшін WWW-адресінің іздеу жүйесі арқылы анықтау. Интернеттен тапсырылған тақырып бойынша ең ақырғы және ең актуальді ақпаратты алу қажет. Дайын рефераттарды немесе ескірген ақпараттарды пайдалануға болмайды.
Іздеу жүйелерінің WWW-адрестері бойынша таңдалған тақырыпқа реферат жасау. Реферат А4 форматты 5-10 бет көлемінде болып, тақырыпты толық ашуы тиіс. Рефератта негізгі адрестерге сілтеме жасау міндетті.
Берілген тақырыпқа интернеттен WWW-адрестерінің барлық материалдары бойынша 5 кілтті сөздердің рейтингін анықтау. Сөздердің рейтингін тек қана реферат бойынша құруға болмайды. Талдаудың нәтижелері рейтинг кестесіне орналастырылады.
N |
Сөз |
Саны |
Барлық сөздер |
% |
1 |
|
|
|
|
… |
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
Рейтингті құру үшін сөздердің тізімін алфавиттік тәртіпте әрбір сөздің санын санауды қалыптастыратын бағдарламаны жазу қажет.
Доментердің сұлбасын тақырыптың адрестері бойынша құру.
Домендер сұлбасы мысалы, "www.talk.kz, www.main.ru, www.main.ru/1.html", үшін былай болады:
Жұмыстың есебін рәсімдеу
Есепте болу керек:
титулды бет;
тапсырма;
реферат;
сөздер рейтингінің кестесі;
тақырыптың барлық талданған адрестерінің тізімі;
тақырыптың барлық адрестерінің домендерінің сұлбасы.
Нұсқалары
№ |
Тақырыптың атаулары |
|
|
Әлемдік терроризм |
|
|
Нашақорлық және наша |
|
|
ЖҚТӘ |
|
|
Жұмыссыздық және бомждар мәселесі |
|
|
Адаммен жануарларды клондау |
|
|
Қылмыспен қоғам |
|
|
Экологиялық және табиғи катаклизмдер |
|
|
Діни қозғалыстар мен секталар |
|
|
Виртуальды шындық |
|
|
БҰО (НЛО) |
|
|
Әлемдегі апаттар |
|
|
Жасанды интеллект |
|
|
Ежелгі өркениеттің жұмбақтары |
|
|
Феноменальды мүмкіндіктері бар адамдар |
|
|
Әлемнің ең бай адамдары |
|
|
Ұялы телефондар және байланыс жүйелері |
|
|
Химиядағы жетістік |
|
|
Физикадағыжетістік |
|
|
Адамды сауықтыру жүйесі |
|
|
Интернет арқылы жұмыс |
|
|
Компьютерлік ойындар және симуляторлар |
|
|
Интернет технологиялары |
|
|
Стресс және психикалық жүктеулер |
|
|
Әскер және мемлекет |
|
|
Алкоголизм и шылым тарту |
№8 Практикалық жұмыс
Ақпаратты қорғау. Желіні басқару және модернизациялау. Желілік басылымды ұйымдастыру.
Жұмыстың мақсаты: Ақпаратты қорғаудың, желіні басқарудың және модернизациялаудың әдістерін оқу. Желілік принтерлер мен алмасудың жалпы буферінің пайдалануын меңгеру, жұмыс тобының пошталық қызметін оқу.
Теориялық бөлім
