- •Металлургиялық отын
- •Отын құрамы
- •1.2 Отын құрамын есептеу
- •1.3. Отын жануына мысал Кокстын жануың есептеу
- •Газ тәрізді отынды есептеу
- •Мазуттың жану процесін есептеу
- •Түтің құрамы, %
- •3. Жылуалмастыру
- •3.1. Стационарды режимдегі жылуөткізгіштік
- •3.1.1 Әр түрлі формалы беттіктердің жылуөткізгіштігі
- •1 Мысал
- •2 Мысал
- •3.1.2. Жылу алмастыру коэффициенті
- •1 Мысал
- •3.2. Конвективтік жылуалмастыру
- •Мысалдар
- •2 Мысал
- •Есептер
- •4. Металдарды қыздыру
- •4.1 Қыздыру режимдері.
- •4.2 Металл қыздырудың есебі
- •1. Термиялық жұқа денелерге есеп жүргіздіру
- •Мысалдар
- •1 Мысал
- •Есептер
- •5. Металлургиялық пештер конструкциясы және жұмысы
- •5.1. Жылжымалы еденді камералық пештің жылулық жұмысы
- •5.2.Керамикалық рекуператордың жылулық жұмысы
- •5.3. Керамикалық рекуператордың қолданылу салалары
- •6.Техникалық термодинамика
- •6.1 Жұмыс денесі. Оның күйінің негізгі шамашарттары
- •6.2 Идеал газдар және қоспалар күйінің заңдары
- •6.3 Газдар қоспалары
- •6.4 Газдың жылу сыйымдылығы
- •6.5 Дененің ішкі энергиясы
- •6.6 Термодинамиканың бірінші заңы
- •6.7 Негізгі термодинамикалық үрдістер
- •А. Изохоралық үрдіс
- •Бірінші теңдеуі екіншіге бөлініп, мынаны аламыз
- •1 Қосымша Теплота сгорания, теоретический расход кислорода и воздуха, количество продуктов сгорания при горении простейших газов (на 1 м3 газа)
- •3 Қосымша
- •Теплоемкость кислорода о2
- •Теплоемкость воздуха
6.Техникалық термодинамика
Термодинамика бастапқы түрінде жылу қозғалтқышы теориясының негіздері туралы оқу ретінде қалыптасады.
Термодинамиканың құрылуы көптеген ғылымдардың еңбектері мен зерттеулеріне міндетті. Ең алдымен жылылық пен жылу құбылыстары мәнінің дұрыс, материалистік дәлелдеуін берген және 1746 жылдың өзінде-ақ энергияның сақталу заңдарының негіздерін анықтаған М.В.Ломоносовты айту керек. Термодинамиканың ерекше, өзіндік ғылым ретінде пайда болған уақытын 1824 жыл деп француз инженері Сади Карноның “Оттың қозғаушы күші және машиналар туралы ойланулар, осы күшті дамыту қабілеттілігі” атты жазбалары жариялған кезден есептеу керек. Көлемі бойынша үлкен емес бұл зерттеуде термодинамиканың бірқатар тамаша тұжырымдары бар. Жылу қозғалтқышы теориясының негіздерін әзірлеу кезінде термодинамика үшін терең мағынасы бар.
Термодинамиканың пайда болу және оның әдістерінің қалыптасу кезеңі физикалық білім жүйесінде бұл ғылымның орнын жылылық пен жұмыстың өзара түрлену заңдары туралы оқу ретінде анықтады. Бұл оның атауында да бейнеленді: “thereme”- грек тілінен аударғанда жылылық, ыстық деген сөзді, “duncunikos”- күшке қатысты, күштік дегенді білдіреді.
Алайда әрі қарай даму барысында термодинамика осы бастапқы шектерінен алысқа шықты.
Қазіргі уақытта термодинамика әдістері химиялық және фазалық айналулар, гальваникалық элемент жұмысы, магнитті термиялық әсер, сәулелену үрдістері сияқты, өзінің физикалық табиғаты бойынша мүлдем ұқсас емес құбылыстарды меңгеруде үлкен табыспен пайдаланады.
Қазіргі термодинамика пәні табиғат денелерінің өзара әрекеттесуі кезінде оның қозғалысының әр түрлі пішіндерінің түрлену үрдістерінде ашылатын, материяның кейбір жалпы қасиеттерін меңгеру болып табылады. Басқаша айтқанда, термодинамика материя қозғалысының әр түрлі пішіндерін өзара түрлендіру үрдістерін сипаттайтын, сандық байланыстарды меңгереді.
Мысал ретінде ірі электр станцияларындағы жылу энергиясының электр энергиясына түрлену сызбасын қарастырайық (1.1- сурет).
Бу қазанының оттығында отын жағылады, оның химиялық энергиясы бұл кезде жылу өнімдерінің жылу энергиясына ауысады. Олардың ішінде су жылжитын, бу қазаны құбырларының тармақтанған жүйесін шая отырып, жылуды суға бере отырып, ыстық газдар салқындайды. Су жылынады және буға айналады. Алынған бу қысым арқылы бу турбинасына бағытталады, онда кеңею кезінде оның жылу энергиясы турбина білігінің айналуының механикалық энергиясына қайта түрленеді. Турбинадан шығып, бу олардың ішінде суық су жылжитын, құбырлар өткізілген даңғыраны білдіретін, конденсаторға түседі. Құбырлардың арасымен аға отырып, бу салқындайды және суға айналады (қоюланады).
Оның көлемінің күрт азаюымен қабыттас болатын, будың салқындауы мен қоюлануы есебінен, конденсаторда терең вакуум сақталады. Сонымен, бу турбина- конденсатор жүйесі арқылы өте отырып, конденсаторда бастапқы қысымнан ең аз қысымға дейін кеңейеді. Су конденсатордан сораппен бу ќазанына беріледі, б±дан кейін сипатталѓан ж±мыс циклін ќайта жасайды.
6.1 - сурет
Турбинамен бір білікте тағы бір машина - электр генераторы орналасады, онда білік айналуыныњ механикалыќ энергиясы электр энергиясына түрленеді.
Бұл сызбада энергиянын бір түрден екіншіге үш мәрте өзгеруі болады: отыннын химиялық энергиясы - жылуға, жылу энергиясы- механикалық энергияға, механикалық энергиясы - электр энергиясына.
Алайда отынға тиісті энергияның барлығы бірдей электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылмайды. Бастапқы энергияның маңызды бөлігі конденсаторда айналдыратын суға беріліп, онымен бірге сыртқа кетеді. Бұдан басқа, жылудың бір бөлігі қоршаған кеңістікте шашырап тарайды және кетіп бара жатқан түтін газдарымен бірге жоғалады.
Пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) деп аталатын өндірілген энергия мөлшерімен жұмсалған мөлшерінін қатынасы. Казіргі ірі электр станциялары үшін ПӘК 35-40% дейін, ал ұсақ қондырғылар үшін одан да аз мөлшерге жетеді.
Сондықтан техникалық термодинамиканың негізгі міндеті жылудың жұмысқа аса тиімді айналу үрдістерін зерттеу және осы айналуларға қатысатын жұмыс денелерінің қасиеттерін меңгеру болып табылады.
