Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
паразиттік жұқпалы аурулар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35 Кб
Скачать
☆

Аскаридоз бен трихоцефалездің алдын алу іс-шаралары

      Аскаридоз бен трихоцефалездің алдын алу жөніндегі іс-шаралар мыналарды қамтиды:        1) топырақтың, онда өсірілетін көкөністердің, жемістердің, жидектердің, асхана көктерінің, сондай-ақ термиялық өңдеусіз тамақта пайдаланылатын тағамдардың гельминттер қабыршақтарымен ластануының алдын алуды;        2) инвазия көздерін анықтауды;        3) инвазияның шағын ошақтары мен ошақтарында сауықтыру жүргізуді;        4) инвазия ошақтарында (шағын ошақтарында) санитарлық-эпидемиологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу;        5) сауықтыру іс-шараларының тиімділігіне талдау және бағалау.

      Аскаридоз бен трихоцефалезді азайту жөнінде жүргізілген іс-шаралардың көлемі мен сипаты ошақтағы халықтың зақымдалу деңгейімен, климаттық жағдаймен, тұрмысының, шаруашылық қызметінің ерекшеліктерімен, эпидемиологиялық ерекшектерімен және санитарлық-гельминтологиялық мониторингтің нәтижесімен айқындалады.

      Клиникалық-диагностикалық зертханалардың аскаридозбен, трихоцефалезбен ауыратын науқастарды анықтау жөніндегі жұмыстың тиімділігін бағалау және геогельминтоздардың ошақтарындағы эпидемиологиялық ахуалды нақтылау мына контингентті ішінара тексеру жолымен жүргізіледі:        1) бала-бақшадағы балаларды (3-7 жастағы);        2) мектеп жасындағы балаларды (7-14 жастағы);        3) санитарлық тұрғыдан қолайсыз нашар жеке меншік үй, пәтер иелері, сондай-ақ асқазан-ішек ауруларымен ауыратын ересек адамдарды;        4) ауылдық және аудандық жерлердің, сондай-ақ көкөніс, жеміс, асхана көгін өсірумен, сатумен айналысатын фермерлік, шаруа қожалықтары мен жеке шаруашылықтардың жұмыскерлері;        5) медициналық көрсеткіштері бар стационарлық және амбулаториялық-емханалық аурулар.

      Гельминтоздарға контингенттерді тексерудің толық қамтылуын, мерзімдері мен тиімділігін бақылауды тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органы жылына кемінде бір рет ішінара жүргізеді.

      Инвазияланған адамдар анықталған кезде паразитолог (паразитологтың көмекшісі) эпидемиологиялық тексеруді және аскаридоздың, трихоцефалездің шағын ошақтарында есепке алуды (паспорттауды) жүргізеді және инвазиялануға әкелген мынадай негізгі жағдайларды ескере отырып, жұқпалы аурудың ошағын эпидемиологиялық тексеру картасын (357/у есептік нысаны) толтырады:        1) ауланың санитарлық жағдайы;        2) дәретхананың болуы және оның жағдайы;        3) үй жануарларының болуы;        4) шағын ошақ мүшелерінің жеке бас гигиенасын сақтауы;        5) тыңайтқыш ретінде бақшада залалсыздандырылмаған нәжісті пайдалану;        6) бақшада өсірілетін дақылдардың тізбесі.

      Эпидеиологиялық көрсеткіштер бойынша тұрғындарды гельминтоздарға тексеруді (геогельминтоздардың шағын ошақтарында) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының паразитология зертханаларының мамандары жүргізеді.

      Дәрігер-паразитолог (паразитологтың, эпидемиологтың көмекшісі) жылына кем дегенде бір рет жоспарлы және клиникалық айғақтар бойынша гельминтологиялық тексеруге жататын адамдардың тізіміне сәйкес контингенттерді толық қамтуды жүргізеді.

      Бақылаулық тексеру процесінде анықталған барлық инвазияланған адамдардың тізімдері есепке алу және кейіннен емдеу үшін тұрғылықты жеріндегі медициналық ұйымдарға жіберіледі (стационарда инвазияланған анықталған жағдайда емдеу стационардан шығарылғанға дейін жүргізіледі).

      Желтоқсанның екінші жартысынан бастап наурызға дейін айларда ішінара топты бақылаулық тексеру жүргізіледі, оны барлық емдік және санитарлық-індетке қарсы (алдын алу) іс-шаралар кешенінің эпидемиологиялық тиімділігін есепке алу үшін тиісті аумақтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органы айқындайды.

      Эпидемиологиялық айғақтар бойынша аскаридоз бен трихоцефалездің шағын ошағында инвазияланған адамдардың (контактіде болғандар) барлық отбасы мүшелерін міндетті түрде копроовоскопиялық тексеру және одан әрі екі жыл ішінде шағын ошақты қадағалау жүргізіледі (шағын ошақты сауықтандырудың мерзімдерін тиісті аумақтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органы белгілейді).

      Геогельминтоздардың шағын ошақтарын есептен шығаруды тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының және медициналық ұйымның мамандары жүзеге асырады. Шағын ошақтарды есептен шығару өлшемдері мыналар болып табылады: қайта анықталған науқастардың болмауы және қадағалау мерзімінде берілу факторларында гельминтоздар қоздырғыштарының тіршілік етуі.

      Егер екі жыл ішінде отбасы мүшелерінің біреуінде де аскаридалардың бөлінуі байқалмаса және екінші жылдың аяғына қарай екі рет бақылаулық тексеру кезінде аскаридоз анықталмаса, мұндай адамдар олардың толық сауығуына байланысты есептен шығаруға жатады. Бұл ретте қора-қопсының, тұрғын үй-жайдың санитарлық жай-күйі, тұрғындардың санитарлық-гигиеналық білімдер мен дағдыларды біліп үйрену деңгейі ескеріледі.

      Трихоцефалез кезінде жүргізілген сауықтыру іс-шараларының тиімділігі туралы мәселені шешу үшін профилактикалық емдеуден екі жетіден кейін бақылаулық тексеру жүргізіледі.