Церкариоздың алдын алу
Су айдындарының суымен пайдаланған кезде церкариоздың алдын алу мақсатында сақталуы тиіс: 1) шомылу, кір жуу, суда ойнау, балық аулау кезінде өкпе моллюскілері - аралық иелері шистосоматид тіршілік ететін және оларды адамдардың жұқтыру қаупі неғұрлым басым су өсімдіктері өсіп кеткен таяз жерлерден алшақ болу керек. Ашық жағалау аймақтары (өсімдіктер жоқ) қауіпсіздеу. Үйректер көптеп тіршілік ететін су айдындарында (немесе өзге де аймақтарда) адамдардың церкариозды жұқтыру қаупі бар; 2) суда ұзақ уақыт болғанда (тоған шаруашылықтарындағы жұмыс, су өсімдіктерін жинау, гидробиологиялық зерттеу) қорғаныш киімдері мен аяқ киімдерді (еттіктер, шалбар, көйлек) қолданылады; 3) су айдынындағы "күдікті" аймағының суына түскеннен кейін қатты сүлгімен немесе құрғақ шүберекпен теріні мұқият сүртеді, суланған киім ауыстырылады. Таяз суда немесе сулы өсімдіктің үстінде жалаң аяқ жүрген кезде әрбір екі-үш минут сайын аяқты сүрткен жөн (шистосоматид өркенқұрттары үш-төрт минут ішінде аяқтың эпидермисіне енеді); 4) репелленттер (диметилфталат, диэтилтолуаммид) немесе олардың негізінде жасалған кремдер мен майлар пайдаланылады. Теріге жағылған репелленттер шистоматид өркенқұрттарынан 1,5-2 сағат бойы қорғайды.
Қаланың рекреациялық аймақтарында церкариоздың алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешені мыналарды қамтиды: 1) жыл сайын су айдындарын тағамдық және тұрмыстық қалдықтармен ластанудан, олардың адамдар көбірек баратын жерлерін су өсімдіктерінен қорғау жөнінде іс-шаралар жүргізуді; 2) су айдындарының жағалауын (немесе барлық жерлерді) көркейтуді (бетондау, асфальттау).
Пайданылған әдебиеттер
1. Әміреев С.А. Эпидемиология Учебное пособие – Алматы. – 2005. - 2 том. – 693с.
2. Белозеров Ю.М., Иоанниди Е.А. Курс эпидемиологии: Учебное пособие для леч. и пед. фак. медвузов. Элиста: Джангар. – 2005. 136с.
3. Ющук Н.Д. Мартынов Ю.В. Краткий курс эпидемиологии. (схемы, таблицы). - М.: «Медицина», 2005.
4. Амиреев С.А., Муминов Т.А., Сергиев В.П., Оспанов К.С. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и паразитарных болезнях. 2 т. Алматы, 2008
