Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BS_lektsia3.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115 Кб
Скачать
☆

Эпидемиологиялық жазба әдістері. Статистикалық зерттеу әдісі.

Бұл әдіс басқа да тәсілдермен бірге эпидемиологияда өте кең пайдаланылады. Мақсат – эпидемиологиялық жағдайды, атқарылатын эпидемияға қарсы және алдын алу шараларының тиімділігін сан арқылы бағалау.

Эпидемиологиялық текеру мен қадағалау барысында әртүрлі маліметтер жиналады, олардың маңызына дұрыс баға ьеру көп жағдайда қиынға түседі. Осыған байланысты математикалық статистиканы қолдану арқылы көптеген материалдардан барынша толық мәлімет алып, олардын дұрытығын бағалауға болады.

Жиналған материалды статистикалық тексеруден өткізу әртүрлі құбылыстарға дұрыс баға беру үшін қажет, оның эпидемиялық процестің уақыт, кеңістік бойынша әртүрлі топтардағы (жасы, жұмыс стажы, кәсібі және т.б.) көрінісін, даму барысын бағалауда маңызы зор. Статистикалық толық қорытынды әдетте санмен (абсолюттік және салыстырмалы) сипатталады. Олар санды кесте, графикалық бейне, диаграмма, картограмма және басқа түрде көрсетіледі.

Экспериментальдық эпидемиологиялық әдістер.

Эксперименттің эпидемиологиялық қадағалаудан айырмашылығы – эпидемиялық процеске жасанды түрде араласуында. Жұқпалы аурулар эпидемиологиясында эксперимент эпидемиялық процестің тек кейбір жақтарын зерттеуде пайдаланылады, өйткені оны толық түрде жасауға болмайды. Мысалы, оның эпидемияға қарсы және алдын алу шараларына қатысты жақтарын зерттеуге болады.

Сондықтан эпидемиологиядығы эксперимент дегеніміз жұқпалы ауруларды тудыруға қатысы бар деп күдіктенген факторлардан құтылу арқылы эпидемиялық процеске жасанды түрде араласу, яғни зерттеушінің қауіп-қатер факторларының жағымсыз әсерін дәлелдеуі. Егер эпидемиологиялы текеру мен қадағалау эпидемиялық процестегі құбылыстардың өзара байланысын көрсетсе, эксперимент көбнесе оның себептік-салдарлы байланысын айқындайды.

Бағалаудығы эпидемиологиялық эксперимент.

Аналитикалық эпидемиологиялық эксперимент зерттеудегі себептік-салдар байланысы туралы болжауларды бақлаудағы экперимент арқылы дәлелдейді. Ол үшін екі топ құрылады: бірінші топ адамдар алдын алу (емдеу) препаратының әсеріне ұшырайды немесе олар үшін қауіп-қатер факторының әсерін құрту және эпидемияға қарсы да кешенді шаралар іске асырылады. Екіншісі де бапрлық белгілермен бірінші топқа ұқсас, бірақ оларда осы айтылған шаралардың әсер ету мүмкіншілігі болмайды. Бұдан кейін осы екі топтағы сырқаттанушылықты салыстырады.

Бақлаудығы эксперименттің нәтижесі қауіп-қатер факторларының әсер дәлелдеп қана қоймайды, сонымен қатар онда эпидемияға қарсы және алдын алу шараларының сандық және сапалық жағын, диагностикалық әдістерді, емдеу, алдын алу препараттарын және тағы басқаларды бағалауға мүмкіндік туады, яғни олардың әлеуметтік тиімділігі бағаланады.

Алға койған мақсат пен міндеттерге байланысты бақлаудағы эпидемиолггиялық эксперимент бірнеше түрі болуы мүмкін. Мысалы, бақлаудағы эпидемиологиялық экспериментте белгілі бір препараттардың, әдістердің диагностикалық бағалылығын, эпидемияға қарсы шаралар кешенінің тиімділігін анықтауға болдады.

Мақсат пен міндеттке байланысты эпидемиологиялық арнаулы бағдарламалары жасалынады, іске асыру әдістемелері белгіленеді, объект пен зерттелетін топтар таңдалады және нақты орындаушылары белгіленеді.

Бақылаусыз эпидемиологиялық эксперимент.

Денсаулық сақтау мекемелерінің алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды атқару барысында эпидемиологиялық процестің табиғи дамуына жасанды аралауын бақылаусыз эпидемиологиялық эксперимент деп атайды. Бұл әдістің ғылыми маңызы шамалы, өйткені атқарылатын шараларды іске асыру барысында салыстыру тобы құрылмайды.

Осыған байланысты оны эпидемирологиялық бақылау әдісімен бірге қолданған жөн. Бұл әдіс сырқаттанудан сақтандыруды немесе срқаттанушылықтың төмендегенін көрсетеді, сонымен қатар диагностикалық жабдықтар мен әдістердің кемшіліктерін және т.б. істелген шаралардың (әдістің немесе жабдықтың) тиімділігін айқндайды. Осы жерде нәтижені негізгі екі тарапта бағалау ұсынылыды:

  1. Пайдаланудағы айырмашылығына байланысты атқарылатын шаралардың сапасына қарай немесе пайдаланбағаннына қарай әр жердегі сырқаттанушлықтың деңгейін, құрылымын және динамикасын талдау;

  2. Әртүрлі уақыт кезеңіндегі сол жердегі дәл осы көрсеткіштерді талдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]