Әдебиеттер:
Әміреев С.Ә, Темірбеков Ж.Т. Эпидемиология. Т.1. Жалпы эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000.- 551 б.
Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
Амиреев С.А. Эпидемиология. 2 т. Алматы, 2002.
Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии – М.:Медицина, 2001. – 560 с.
Покровский В.И., Пак С.Г., Брико Н.И. и др. Инфекционные болезни и эпидемиология. Учебник для медицинских вузов. 2-е издание.-М.-ГЭОТАР.-МЕД, 2007.- 816с.
Белозеров Е.С., Иоанниди Е.А. Курс эпидемиологии: Учеб. пос. для леч. и пед. фак. медвузов // Элиста: Джангар, 2005.-136с.
Бақылау сұрақтары (кері байланысы):
Эпидемиологиялық зерттеу әдістерін атаңыз.
Кагортты зерттеудің негізгі сипаттамасын атаңыз.
«Оқиға-бақылау» әдісінің негізгі артықшылығын атаңыз.
Тақырып: Корреляция теориясының элементтері.
Мақсаты: Корреляциялық тәуелділік және оның мөлшерін бағалау тәсілі ұғымдарын қалыптастыру. Регрессиялық талдауды бір белгінің өзгеруі кезінде байланысқан белгілердің біреуінің өзгеруін жобалау моделі ретінде енгізу.
Дәріс сұрақтары:
Байланыс түрлері: функциональды, статистикалық және корреляциялық.
Корреляциялық талдау.
Регрессиялық талдау.
Регрессияның таңдама теңдеуі.
Корреляция коэффициентін есептеу және оны шынайылығын бағалау.
Дәріс тезисі:
Айталық, бізде екі параметрдің мәндер жиыны бар болсын делік. Яғни бір ғана объектінің екі параметрі өлшенеді делік. Осы параметрлер арасында қандай бір мәнді байланыс бар ма деген сұраққа жауап беру керек.
Айнымалылар арасындағы байланыстың мынадай түрлері бар:
Функционалдық және статистикалық немесе корреляциялық.
Функционалдық байланыста бір шаманың әрбір нақты мәніне екінші шаманың анықталған бір мәні сәйкес келеді.
Егер бір шаманың өзгеруіне екінші шаманың таралу заңының өзгеруі сәйкес келсе, онда бұл шаманың арасындағы байланыс статистикалық деп аталады.
Егер бір шаманың өзгеруіне екінші шаманың орта мәнінің өзгеруі сәйкес келсе, онда статистикалық байланыс корреляциялық деп аталады.
Корреляциялықтәуелділікпен байланысқан шамаларға мысалдар:
дененің салмағының (Х) бой ұзындығына тәуелділігі (У)
ауру – сырқаудың сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігі (ауа ластығы, радиация деңгейінің жоғарлығы, күн көзінің ықпалы)
объектіге егілген препараттық мөлшері мен оның қандағы ерітіндісі арасында (себебі ерітінді препараттың мөлшеріне ғана емес, аурудың дене салмағына, қандағы басқа заттардың мөлшеріне байланысты)
тұрғындардың өмір сүру деңгейі көрсеткіштері мен өлім жітім проценті арасында
студенттердің жіберген дәрістері мен емтиханда алған бағалары арасында.
Корреляциялық тәуелділікті
(1)
формуласымен анықтайды және оны У-тің Х- ке регрессия теңдеуі деп атайды.
-
функциясын У-тің Х- қа регрессиясы, ал
оның графигін регрессия
сызығы деп атайды.
«Регрессия» - статистикалық
термині орта мәнге регрессиялану деген
ұғымнан шыққан. 1889ж. сэр Фрэнсис Гальтон
сипаттаған. Бойлары ұзын әкелердің
көбіне ұлдарының да бойлары ұзын
болғанымен, ұлдарының бойларының
ұзындығының орта мәні олардың әкелерінің
бойларының ұзындықтарының орта мәнінен
аз болады екен. Регрессия теңдеулерінің
және сәйкес регрессия сызығының түріне
байланысты қарастырып отырған шамалардың
арасындағы корреляциялық тәуелділіктің
түрін анықтайды: Сызықты, квадратты,
экспонентті болуы мүмкін. Егер (1)
теңдеудегі
функциясын сызықты болса, яғни оны
түрінде жаза алсақ, онда бұл теңдеумен
сипатталатын корреляциялық тәуелділік
сызықтық деп аталады, және бұл жағдайда
регрессия сызығы – түзу. Керісінше
жағдайда, яғни егер көрсетілген функция
сызықты болмаса, онда мұндай корреляциялық
байланыс сызықты емес деп аталады.
Регрессиялық талдаудың негізгі мақсаты - регрессияның теңдеуін анықтау. Регрессия сызығының түрін таңдау.
Практикада регрессия сызығының түрі координаталық жазықтықта бақылаулар нәтижесінде алған (х, у) мәндер жұбына сәйкес келетін нүктелер жиынын тұрғызу арқылы анықталады.
Бір параметрдің өсуіне екінші параметрдің де мәндерінің өсуі сәйкес келсе тура регрессияны білдіреді.
Бір параметрдің өсуіне екінші параметрдің кемуі сәйкес келсе онда – кері регрессия деп аталады.
Корреляциялық талдау.
Корреляциялық талдау х және у екі айнымалының арасындағы байланыстың дәрежесін, сипаты мен күшін анықтаумен айналысады.
Корреляциялық коэффициент және оның қасиеттері.
Корреляциялық байланыстың дәрежесін анықтаудың ең бір жетілдірілген әдісі сызықтық корреляцияның коэффициентін есептеу болып табылады.
Сипаты бойынша корреляциялық байланыс тура және кері, ал күші бойынша күшті, орта, әлсіз болуы мүмкін. Және де байланыс толық немесе болмауы тиіс.
Корреляция коэффициенті
Пирсон формуласымен
есептеледі.
Корреляциялық байланыстың бағыты (тура немесе кері) және күші (тығыздығы) сызықтық корреляциялық коэффициенті арқылы анықталады.
Корреляциялық коэффициенті 1-ден +1-ге дейінгі мәнді қабылдайды.
Иллюстрациялық материал:
«БС6 - Дәріс» Power Point презентациясы.
Әдебиет:
Медик В.А.,Токмачев М.С.,Фишман Б.Б.Статистика в медицине и биологии. М.: Медицина, 2000.
Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М.: Изд. РУДН, 2002.
Рокицкий П.Ф. Биологическая статистика.- Высшая школа, 1973.
Бақылау сұрақтары:
Чем отличаются функциональная и статистическая связи?
Что позволяет установить корреляционная связь?
В чем преимущества регрессионной связи?
Каковы особенности оценивания коэффициента корреляции?
