- •4.2. Ұрғашы және еркек жануарлардың жыныс мүшелерінің физиологиясы ұрғашы және еркек жануарлардың жыныстық және физиологиялық жетілуі
- •Жыныстық және физиологиялық жетілуі
- •Ұрғашы жануарлардың жыныстық циклі
- •Жыныстық циклдің кезеңдері
- •Мысықтар
- •Спермия (спермиогенез) мен аналық жыныс жасушасының (овогенез) пісіп – жетілуі
- •Овогенез
- •Жыныстық акт
- •Буаздықтық және оның ұзақтығы мен балау әдістері
- •Буаздықты балау әдістері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылған әдебиеттер
Мысықтар
Мысықтар – жыныстық мерзім және рефлекторлы овуляциялы полициклді жануар.
Жыныстық мерзім – мысықта солтүстік жарты шарда шамамен қаңтардың аяғынан тамыз – қыркүйек айларына дейін, ал кейде қараша айына дейін жалғасады, содан соң анэстралды жыныстық үзіліс болады.
Жыныстқ мерзім уақыты мен жыныстық циклдің жалғасуы мысықтарда тұқымына, жеке ерекшелігіне, қоршаған орта жағдайына байланысты болады.
Емізетін мысықтарда туғаннан кейін алғашқы жыныстық цикл 7-10 күннен кейін мысық баласын емізуден 4-6 апталығында айырған соң басталады.
Жыныстық циклдің проэструс сатыларынан басқалары мысықпен шағылысулық болуына немесе болмауына байланысты. Ановуляторлы жыныстық цикл 2-3 аптаға, овуляторлы кезең 6 аптаға созылады.
Проэструс – жыныстық күйлеудің басталуына байланысты және 3-15 күнге созылады. Күйлеудің әлсіз көріністері және жалпы реакция болады. Жиі несеп бөледі.
Эструс – мысықтың ұрғашы мысыққа ұмтылуы көрінетін жыныстық қозу. Эструс орташа 7-10 күнге, бірақ шағылысу болған жағдайда аэструстың жалғасуы 4-6 күнге тоқтайды, жыныстық қозу 24-48 сағат овуляциядан кейін болады. Эструс кезінде жыныстық қозу жайлап байқалады, максималды деңгейі 3-4 күндері. Мысық азықтан бас тартады, мияулайды, жүгіреді, арқасымен аунайды, басы мен мойынын жерге үйкейді, құйрығын бұлғаңдатады.
Овуляция жыныстық актіден соң 22-50 сағаттан кейін басталады. Овуляция механизмдері мынадай: нейросексуалды белсенділіктің әсеріне байланысты гипоталамустан гонодотропин, ренизил гармоны бөлінеді. Өз кезегінде ол гипофиздің алдыңғы жағындағы лютеиндеуші гормонды белсендіреді.
Кей мысықтарда овуляция бір рет жұптасқаннан кейін пайда болады, ал кейбіреулерінде бірнеше шағылысудан кейін басталады.
Метэструс – бұл жыныстық қозудың әлсіреуі және мысықтардың асылуының тоқталуымен сипатталады. Шағылыспаған мысықтарда метэструс 21 (14-28) күнге созылады, жарылмаған фолликулалар атрезияға айналады.
Егер шағылысу болса (овуляция сары дененің қалыптасуымен басталады), бірақ ұрықтану бір себептермен болмай қалады, бұл сары дене прогестеронды 30-40 күн ішінде бөледі деген сөз.
Прогестерон – орта есеппен 35 (30-45) күнге, кейде 70 күнге созылатын жалған буаздықтың дамуын жеңілдетеді. Жалған буаздықтан соң кезекті жыныстық цикл 7-8 күннен соң басталады.
Анэструс – жұмыртқалықтың функционалды белсенділігінің төмендеуімен көрінетін, жыныстық үзіліс кезеңі.
Спермия (спермиогенез) мен аналық жыныс жасушасының (овогенез) пісіп – жетілуі
Спермиогенез – бұл еркек жануарлардың жыныс жасушасы – ұрықтың өсуі мен дамуы.
Сперматогенез төрт сатыға бөлінеді: көбею, өсу, пісіп – жетілу, қалыптасу.
Көбею сатысы. Бұл сатыда сперматагонийдың көбеюі қалыпты бөлінумен сипатталады.
Өсу сатысы. Бұл сатыда сперматагоний бірінші дәрежелі сперматоцидке айналады.
Пісіп – жетілу сатысы. Бұл сатыда екінщі дәрежелі сперматоцид қалыптасып, олардан сперматид қалыптасады.
Қалыптасу сатысы. Спермия сперматидтен қалыптасады.
Спермия қаыптастырушы гиалуронидаза ферментін қалыптастырып, қозғала бастайды.
