- •4.2. Ұрғашы және еркек жануарлардың жыныс мүшелерінің физиологиясы ұрғашы және еркек жануарлардың жыныстық және физиологиялық жетілуі
- •Жыныстық және физиологиялық жетілуі
- •Ұрғашы жануарлардың жыныстық циклі
- •Жыныстық циклдің кезеңдері
- •Мысықтар
- •Спермия (спермиогенез) мен аналық жыныс жасушасының (овогенез) пісіп – жетілуі
- •Овогенез
- •Жыныстық акт
- •Буаздықтық және оның ұзақтығы мен балау әдістері
- •Буаздықты балау әдістері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылған әдебиеттер
Буаздықты балау әдістері
Буаздықтың әдістері арқылы балау екі топқа бөлінеді:
Буаздықты клиникалық балау әдістері.
Сыртқы тексеру- қарау, пальпация, аускультация.
Рентгенографиялық әдіс
Ультрадыбыстық әдіс
Буаздықты зертханалық балау әдістері.
Жатыр немесе қынап қабатын зерттеу.
Қанды зертеу.
Несепті зерттеу.
Қазіргі уақытта етқоректілердің буаздығын зерттеу кезінде келесі әдістер қолданылады: сыртқы қарау, құрсақ қабырғасын пальпациялау, рентгенография, ультрадыбыстық зерттеу.
Сыртқы қарау – қарынның көлемі мен конфигурациясының өзгерісін, сүт безінің көлемін, жануардың тәртібін (ол аз қозғалатын сабырлы болады) қарайды. Бұл белгілер жүктіліктің 30-40 күндерінде білінеді.
Құрсақ қуысын пальпациялау. Бұл әдіспен зерттеу кезінде ірі тұқымды иттерде еденге, орташа және қанден иттерді үстелге тұрғызған күйінде тексереді. Жануарға сабырлық беру үшін олардың құрсақ қуысын сипайды. Содан соң қолдың алақанымен құрсақтың екі жағына қойып, (омыртқаға жақын) бел омыртқасы астынан сипайды. Мұнда тік ішекті сирек жуан түтікше тәрізді шымшиды. Қысымын төмендетпей, қолмен төмен түсіреді: буаздықтың 30-40-шы күндерінде грек жаңғағынан тауық жұмыртқасы көлеміндей флюктуация құратын ампула мүйізшелері табылады. Буаздықтың 45-50 күндерінде пальпациялай алады.
Аускультация кезінде ұрықтың жүрек соғысын тыңдайды. Оң диагнозды ұрғашы ит пен мысықта бір жарым айдан ерте емес қоюға болады.
Рентгенографиялық әдіс. Иттерде 50-ші күннен,мысықта 45-ші күннен бастап төлді қарауға мүмкіндік береді. Рентгенографиялық түсірімде төлдің зоналары ашық болып көрініп тұрады.
Ультрадыбыстық әдіс. Бұл төлдің жүрек соғысын тексерге арналған. Бұл мақсатта қолданылатын ультрадыбыстық құралдың көшірмесі ультрадыбыстық (кварцқұрылғы) заттар, күшейткіш блок, қорек блогы, арнайы тыңдау аппаратынан құралады. Құралдың дыбыстық әсері естіледі немесе экранға тісшелер түрінде көрінеді.
Тәжірибелік сабақтың мазмұны және орындау реттілігі. Сабақ клиника кафедрасында жүреді. Топ студенттері екі топқа бөлініп тапсырмаларды орындайды. Мысық пен иттегі жыныстық циклдің сатыларын анықтайды. Жануарларды бекемдейді. Буаз ит пен мысықты клиникалық әдіспен зерттейді. Бірнеше зертханалық тест орындап, нәтижесін салыстырады.
Оқытушы сабақты буаз ит пен мысықтың клиникалық зерттеу әдістерін көрсетіп, түсіндіру, қарынды пальпациялау әдісін үйрету әдісінен бастайды. Содан соң топ 3-4 адамнан бөлініп, жүкті ит пен мысықты қарынды пальпациялау әдісімен зерттейді.
Мысық пен итте ұрықтанған соң 4-ші аптада рентгенодиагностиканы қолданады. Ультрадыбыстық және электрографиялық диагностика жануардың жүкті кезінде төлдің жүрек соғысының жиілігін анықтауға негізделген. Бірақ көрсетілген әдісті ветеринарияда қолдану аппараттың жеткіліксіздігінен іске аспай отыр.
Бақылау сұрақтары:
Ұрғашы ит пен мысықтың жыныстық жүйесінің ерекшелігі қандай?
Жыныстық және физиологиялық жетілу қай жастан басталады?
Ұрғашы жануарлардың жыныстық циклі қандай сатыдан тұрады.
Жыныстық циклдегі қозу сатысының феномендері қандай белгілермен сипатталады?
Ұрғашы ит пен мысықтың жыныстық циклінің түрлік ерекшеліктері қандай?
Мысық пен итте жыныстық акт қандай рефлекстен бірігеді,оның түрлік ерекшелігі неден тұрады?
