Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЭБ пәнінен сұрақтар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134 Кб
Скачать
☆
  1. Инвестициялық жобаның өтеу мерзімін немесе кқ қайтып келу уақыт мерзімін бағалау критерийді анықтау әдістемесі. Дисконтталған және дисконтталмаған ағындар бойынша.

Инвест жоба тиімділігін негізгі критерийлер арқылы талдау және бағалау

Таза ағымдағы құн

Инвест жобаны талдаудың негізгі критерийі таза ағымдағы құн [ТАҚ] болып табылады. ТАҚ көрсеткіші инвестиция табыстылығының маңызды критерийі болып табылады. ТАҚ проценттің белгілі ставкасында дисконтталған, күтіліп отырған барлық жыл сайынғы ақша табысының сомасы инвестицияның бастапқы сомасынан қаншаға көп екендігін көрсетеді.

ТАҚ дұрыс, яғни қолма – қол ақша қаражаттарының болашақ ағыны бастапқы инвестицияны жабатын болса, жоба қолдануға тиімді деп саналады. Ал, ТАҚ теріс, яғни болашақ қолма – қол ақша суммасы күрделі қаржы суммасынан аз болса, онда жоба тиімсіз деп саналады. ТАҚ = КОАҚТА, себебі КОАҚТА құрамында бастапқы инвестиция жоқ.

ТАҚ = КОАҚТА - БИ

Таза дисконтталған құн.

Таза дисконтталған құн – инвеси жоба мерзімінде бірінші жылдан бастап күтіліп отырған ақша қаражаттарының таза ағыны жыл сайынғы дисконтталған құнының суммасы мен бастапқы инвестицияның айырмасы болып табылады. Ол былай табылады:

ТДҚ =

ТДҚ дұрыс, яғни қолма-қол ақша қаражаттарының болашақ ағыны бастапқы инвестицияны жабатын болса, жоба қолдануға тиімді деп саналады. Ал ТДҚ теріс, яғни болашақ қолма-қол ақша сомасы күрделі қаржы сомасынан аз болса, онда жобадан бас тартуға болады.

Ереже ТДҚ: ТАҚ>0, онда КОАҚТА>БИ; ИЖ тиімді, залалсыз

ТАҚ<0, онда КОАҚТА<БИ; ИЖ тиімсіз, залалды

ТДҚ – ны біле отыра, ақша қаражаттарын инвестжобаға салып, сәйкесінше қауіп-қатерге көну керек пе немесе жай ғана ақшаны депозитке салу керек пе деген шешімнің біреуіне келеміз.

  1. Кенорындарды барлау мәліметтерін игеру қорытындыларымен салыстыру.

Кенорындарды барлау міндеттерін игеру қорытындыларымен салыстыру жұмыстары міндетті түрде осы мәселелер жөніндегі арнайы қабылданған нүсқаулар(нормативтік-құқықтық актілер) талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

Кенорындарды барлау мәліметтерін игеру қорытындыларымен салыстыру жұмыстары келесі мақсаттар үшін жасалады – олардың арасындағы айырмашылықтарды жою мәселелерін шешу.

Егер барлау мәліметтері игеру кезінде дәлденген болса, салыстыру жүргізу жұмысын тек кенорынның бір өкілетті бөлігінде ғана жүргізуге болады.

Салыстыру жұмыстары бүкіл кенорынды, кен денесі және қор есептеу блоктары бойынша, әрбір категориялы қорлар бойынша жүргізілуі тиіс.

  1. Кенорындарды барлау процесіндегі геофизикалық әдістері.

Геофизикалық жумыстар кенорындарды барлау процесінде мынадай негізгі мәселелерді шешуге қолданылады: 1) ауданның жалпы геологиялық қүрылымын және перспективалық бөлшектерді контурлау; 2) кенорынның ішкі құрылысын зерттеу-пайдалы қазба денелерін немесе сипатық (белгілік) таужыныстардың, тектоникалық бұзылыстарды қадағалау және жуықтап контурлау; 3) пайдалы және зиянды компоненттердің мөлшерін жуықтап (ал уран, мыс, қорғасын, қалайы және т.б. рудалардың кейбір типтері үшін - дәл) анықтау; 3) таужыныстар мен пайдалы қазбаның физикалық қасиеттерін (тығыздығы, суқанықтылығы, серпімділік сипаттамалары және т.б.) анықтау; 5) бұрғылау ұңғымаларын зерттеу және бақылау (инклинометрия және каротаж).

Ұңғымаларда каротаж бен инклинометрия міндітгі түрде жүргізіледі, ал басқа геофизикалық жұмыстар қолайлы жағдайлар болғанда ғана орындалады. Геофизикалык каротаж деп ұңғыма оқпаны бойынша табиғи және жасанды физикалық өрістерді зерттеуді айтады. Оның көмегімен таужыныстардың құрамы анықталады және олардың шекаралары нақтыланады, пайдалы қазбаның қалыңдығы мен сапалық сипаттамалары анықталады, температуралық режим, кенді өндіру жағдайларына әсер ететін сулылық, газдылық және басқа құбылыстар зерттеледі. Ұңғымадағы геофизикалык жұмыстар көмегімен оқпанның зениттік және азимуттық қисаюы анықталады.

Геофизикалық жұмыстардың бағасы бұрғылау мен кен үңгімелерін қазумен салыстырғанда бірнеше есе аз, ал оларды жүргізу жылдамдығы бірнеше есе көп болады. Бірақ геофизикалық деректерді пайымдауды бір мағынада жүргізу көбінесе қиын болатындықтан, геофизикалық жұмыстарды әдетте кемекші құралдар ретінде пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]