- •Ажыраулар ( құрылысы, тегі)
- •Антиклинорий мен синклинорий
- •Антеклиза, синеклиза
- •Ббббббббббббббббббб
- •Геологиялық картаның мазмұнына байланысты түрлері
- •Геологиялық қима және оларды түсіру ерекшеліктері
- •Геосинклиндерге сипаттама
- •Геосинклиндердің негізгі белгілері
- •Географиялық үйлесімсіздіктер
- •Жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері
- •Интрузивті денелердің үйлесімсіз жатыс түрлеріне сипаттама
- •Интрузиялардың жасын анықтау әдістері
- •Кливаж түрлері, оны зерттеудің маңызы
- •Көне және жас платформалар
- •Қққққққққққққққққққққ “Құрылымдық геология” пәні және оның теориялық маңызы
- •Құрылымдық этаждар, оларды бөлудің принциптері
- •Қабат және оның элементтері
- •Қабаттылықтың түрлері
- •Қабатталу жазықтықтары түрлері мен ажыратудың маңызы
- •Қабаттардың қалыңдықтарының түрлері, олардың жер бедеріне байланыстылығы
- •Қатпарлар мен олардың негізгі түрлері мен элементтері
- •Қатпарлардың морфологиялық жіктемесі
- •Қатпарлардың генетикалық түрлері
- •Метаморфтық жыныстардың жасын анықтау әдістері
- •Метаморфтық жыныстардың бітімдік түрлері
- •Метаморфтық таужыныстардың жатыс пішіндері
- •Метаморфты қабаттарды стратиграфиялық бөлшектеу
- •Метаморфты жыныстардың сыртқы пішіндері
- •Мұхиттық рифтер
- •Платформалардың негізгі белгілері
- •Стратиграфиялық үйлесімсіздіктер
- •Таужыныстарындағы жарықтардың жалпы сипаттамасы, олардың геологиялық пен генетикалық жіктемесі
- •Трансгрессивті жатыс типтері
- •Топтасқан лықсымалар мен ығыспаларға сипаттама
- •Тектоникалық жамылғылар-шарьяж (морфологиялық элементтері)
- •Трансформдық жатылымдар
- •Үйлесімсіздіктердің негізгі белгілері
- •Эффузивтік таужыныстарының жасын анықтау әдістері
- •Ығыспалар ( элементтері, жіктемесі)
Жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері
Жер қыртысының құрлықтық жəне мұхиттық түрлерінің болуы, оның көлеміндегі құрлықтық пен мұхиттық атты негізгі құрылымдық элементтерін бөлуге мүмкіндік береді. Құрылымдық элементтер дегеніміз жер қыртысының жеке бөліктерінің құраушы таужыныстарының белгілі бір үйлесімді тіркестігімен жəне жатыс ерекшеліктерімен бір-бірінен өзгешеленеуі. Бұл ерекшеліктерге ондағы тектоникалық қозғалыстар пəрменділігі мен əркелкілігі, магматизм мен метаморфизм процестерінің түр-сипаттары жатады. Сонымен, жер қыртысының бірінші дəрежелі құрылымдық элементтері құрлықтар мен мұхиттар болып табылады.Тереңсулы мұхит кеңістігіне төмен қалыңдықты (6-8 км жоғары емес) қыртыс тəн, ал ол болса, 1-2 км шөгінді қабаттан жəне бірнеше мың метрлік майысқақ қасиетті базальттардан тұрады. Шөгінді қабат көлденеңді толқындар жылдамдығы 2-5 км/с салыстырмалы əлсіз қатпарланған жəне төменгі сатылы метаморфталған терригенді (құмтастар, гравелиттер, конгломераттар, əртүрлі саздар) карбонатты, тұзды жəне басқа көбінесе жер қыртысының төмендеген бөліктерін құрайтын комплекстерден тұрады. Мұнда шөгінді жыныстармен бірге магмалық (жанартаулық, пирокластық) жəне метаморфтықтарда (сазды жіктастар) кездеседі."Гранитті" қабат — континенттік қыртысты құраушы негізгі элемент. Жер қыртысының бұл құрылымдық элементтері жеке құрылымдардан тұрады. Оларға геосинклиндер, платформалар жəне орогендер жатады. Бұл құрылымдарды зерттеу геология ғылымының бір саласы геотектониканың үлесіне тиеді.
ЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕ
Еңіс қабаттардың жатыс элементтері мен оларды анықтау әдістері
Көбінесе қабатты шөгінділер еңісті жатысты болып келеді. Ал олардың кеңістікте орналасуын жатыс элементтері айқындайды. Оларға созылу, құлау бағыттары мен құлау бұрышы жатады. Созылу бағыты дегеніміз қабат бетінде орналасқан жер бетіне параллелді кез келген түзу сызық. Құлау бағыты – созылу бағытына перпендикуляр, қабаттың еңіс жағына қарай бағыттала орналасқан түзу. Құлау бағыты мен оның горизонталды жзықтықтағы проекциясы арасындағы бұрыш құлау бұрышы болады. Созылу бағытының азимуты деп, созылу сызығы екі бағытының бірімен, географиялық меридиананың солтүстік бағыты арасындағы оң векторлық бұрышты атаймыз. Құлау бағытының азимуты, географиялық меридиананың солтүстік жағы мен құлау сызығының горизонталь жазықтықтағы проекциясы арасындағы оң векторлық бұрыш. Құлау азимуты қабаттың орналасу жағдайына байланысты 0-ден 360° аралығында өзгереді. Жер бетіне шығып жатқан еңіс қабаттардың жатыс элементтері тау компасы көмегімен қабаттардың созылуы мен құлау бағыттарының азимуттары жəне құлау бұрышы анықталады. Қабаттың жатыс элементтерін үш нүкте арқылы анықтау. Геологиялық зерттеулер жүргізу кезінде кейбір геологиялық дененің жер бетіне толық шығып жатпауынан оның жатыс элементтерін тау компасымен өлшеу мүмкін болмайды. Мұндай жағдайда геологиялық құрылымдардың жатыс элементтерін үш нүкте арқылы анықтау əдісін қолданамыз. Оның теориялық негізінен кез келген жазықтықтың кеңістіктегі орналасуын, бір түзу бойында жатпайтын үш нүкте айқындайды деген қағиданы аламыз. Ол үшін аталған нүктелердің абсолюттік мəнін анықтау қажет. Сол табылған мəндерді пайдаланып, қабат жатыс элементтерін анықтаймыз. Мұның негізі-құрылымдық нүктелердің қабат бетінде орналасуының əртүрлілігінде жатыр. Үш нүкте де жер бетіне шығып жатқан қабат бетінде немесе қабат жер астында, соңғысында нүкте мəндерін білу үшін бұрғылау құбырының мəліметтерін пайдалану керек. Екі нүкте жер бетінде орналасып, ал үшіншісі тереңдікте, керісінше, екеуі тереңде, біреуі жер бетінде болуы мүмкін.
ИИИИИИИИИИИИИИИИИИИИИИИ
Интрузивті денелердің үйлесімді жатыс түрлеріне сипаттама
Жер қыртысында интрузивті жыныстар аса көп тараған тау жыныстар түрлері қатарына жатады. Олар көбінесе қатпарлы облыстарда кездеседі жəне платформалар іргетасы құрылысында да аса зор рөл атқарады. Гранитті жəне аса негізді құрамды массивтер түзілуі өте күрделі əрі алуан түрлі. Лакколиттер (грек. "ляккос" - шұңқыр) - көлденеңі 3-6 км. Жететін саңырауқұлақ, дөңгелек нан пішіндес гипабиссальді интрузивті денелер. Магма көтерілуі кезінде өзі бұза алмаған жыныстарды жер бетіне жақын аудандарда күмбез тəріздесті көтеріп, сиыстырушы жыныстармен үйлесімді орналасады. Лополиттер (грек. "лопос" - табақша) - ортаңғы бөлігі түсіңкі, шет жақтары көтеріңкі, өзін сиыстырушы жыныстар құрылымына сəйкес орналасатын, əртүрлі көлемді денелер. Магмалық диапирлер - бұл да гипабиссалдық интрузивті дене. Оларплан мен қимада созылыңқы алмұрт немесе ұршық тəріздес болып келеді. Факолиттер (грек.- "факос" - жасымақ) - негізгі құрамды кішігірім иірімді қатпарлар иілген бөліктерінде орналасқан орақ тəріздес пішінді, үйлесімді денелер. Батолиттер (грек. батос - терендік) - көлемі аса ірі, құрамы гранитоидты болып келетін, өзін қоршаған жыныстармен үйлесімді жəне үйлесімсіз орналасқан сопақша немесе дұрыс пішінді интрузивті дене.
