Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геология Сая (алфавитный порядок-изм).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
737 Кб
Скачать
☆

Қабатталу жазықтықтары түрлері мен ажыратудың маңызы

Қабатталу жазықтықтары беттерiнiң құрылысы ерекшелiктерін зерттеу шөгiндi жыныстардың пайда болуы мен жатыс жағдайларын анықтауға көмектеседi. Мұндай ерекшелiктерге қазынды бедер белгiлерiне, алғашқы жарықтар, кебу жарықтары, əртүрлi организмдердiң өмiр сүру əрекеттерi iздерi: жаңбыр тамшылары мен мұз кристалдары жəне т.б. жатады. Бедер белгiлерi iшiнде, пайда болуына байланысты желдiң, ағыстың жəне толқынның əсерiнен қалыптасқандар болып бөлiнедi. Желдiң əсерiнен пайда болған белгi планда салыстырмалы iрi мөлшерiмен жəне бiлiкшелерiнiң доға тəрiздi орналасуымен, ал су ағысы бiлiктерiнiң мөлшерi кiшiлеу, жондары шығыңқы жəне олар көлденеңдi немесе ағыс бойы орналасуымен сипатталады. Толқынды белгiлердiң бiлiкшелерi тiптi кiшi мөлшерлi жəне асимметриялық орналасуларымен ерекшеленедi. Алғашқы жарықтар. Қабат бетiнде қазынды түрiнде сақталып əртүрлi тектi болып келедi. Олардың көбiсi кебу кезiнде пайда болған жарықтар, iшiнара су асты мен тондықтары кездеседi. Олар бөгде денелермен толып, қабаттасу беттерiнде бiлiкшелер мен бiлемделер түзедi. Қабатталу беттерiнде құрлық жəндiктерi, крабтар, құрттар жəне т.б. жан- жануарлар iздерiн кездеседі.Қабаттар iшiндегi құмтастар мен карбонаттарбеттерiнде жиi кездесетiн тегi əртүрлi иероглифтер маңызы зор. Бұлар негiзiнен əртүрлi тұнбалардың еңбектеу белгiлерi, əлi де толық қатпаған лайлы шөгiндiлерде дамыған қалқулар мен жырулар жосасының iздерi.

Қабаттардың қалыңдықтарының түрлері, олардың жер бедеріне байланыстылығы

Қабат дегенiмiз - бiртектi, бiр-құрамды шөгiндi немесе басқа таужыныстарынан түзiлген, қалыңдығы ұзындығынан анағұрлым кiшi, параллельдi жазықтықтармен шектелген геологиялық дене. Қабат қалыңдығы - жабыны мен табаны арасындағы қашықтық. Ол нақтылы - қабат беттерi арасындағы ең қысқа қашықтық жəне көрiнетiн -ашылымдары жер бетiне шығып жатқан қалыңдығы, тік бағыттағы және көлденең болып бөлiнедi. Кейбiр жеке қабаттар ұзақ қашықтыққа созылғанымен, тез арада немесе бiрте-бiрте қалыңдығы азайып, жойылады немесе сүйiрленiп тамамдалады. Қабаттың сүйiрленiп тамамдалуының себептерiне: шөгiндi түзiлудiң əркелкiлiгi, яғни бiр жерде жүрiп, екiншi жерде тоқталуы, жиылатын шөгiндiлер құрамының өзгеруi мен бұрын пайда болған қабаттың шайылуы жатады. Қабат қалыңдығы шөгiндi түзу ортасының қозғалысының пəрмендiлiгiне жəне онда жиылатын материалдардың мөлшерiне тiкелей байланысты. Сөйтiп қалыңдығына байланысты қабаттылықты төрт түрге бөледi: iрi - қабат қалыңдығы ондаған метрге; ұсақ - см өлшенедi; жiңiшке - қалыңдығы мм өлшенедi жəне микро қабаттар - қалыңдығы микроскоп арқылы ғана байқалады.

Қатпарлар мен олардың негізгі түрлері мен элементтері

Қатпарлар дегеніміз таужыныстарының жаншылып, сығылып иілген кездегі пайда болған қабаттардың толқын тəріздес иілуі. Қатпарлар тізбегі қатпарлықтар түзеді. Қатпарлар сыртқы пішіндері, ондағы таужыныстар қабаттарының орналасуына байланысты екі топқа болінеді: антиклинді жəне синклинді. Антиклин - қанаттарына қарағанда, ядросында көне таужыныстары орналасқан, иіні жоғары бағытталған қатпарлар. Синклин - қанаттарына қарағанда, ядросында жас таужыныстары орналасқан, иіні төмен бағытталған қатпарлар. Қатпар төмендегі элементтерден тұрады: қатпардың қанаттары, құлпы (күмбезі), ядросы, қатпар бұрышы, осьтік жазықтық, ось сызығы, қатпар осі, топсасы (шарнир). Қатпар қанаттары - қатпардың бүйірлік, иілген қабаттың қарама-қарсы бөліктері. Қатпардың аса иілген бөлігін оның құлпы, күмбезі дейді. Ал қатпардың ортаңғы бөлігі немесе қанаттары жəне құлпысымен шектелген бөлігін ядросы (өзегі) дейміз. Қанаттардың жалғасында пайда болған бұрыш қатпар бұрыш (α) деп аталады. Остік жазықтық (бет) – қатпарды екіге бөлетін жазықтық немесе қатпардың иілу нүктелері арқылы өтетін бет. Остік жазықтықтың горизонталь ( көлденең) жазықтықпен қиылысқан сызығы - қатпар осі немесе ось сызығы болады. Қатпардың топсасы деп остік беттің қабат бетінің бірімен (жабыны, табаны) түйіскен сызығын айтамыз. Қатпардың мөлшері оның ұзындығы, ені жəне биіктігімен сипатталады. Қатпар ұзындығы - ось сызығы бойымен қатар орналасқан топсалар бүгілулерінің арасындағы қашықтық. Қатпардың ені - көрші екі қатпардың (антиклин, синклин) осі сызықтарының арасындағы қашықтық. Қатпардың биіктігі - вертикальдық (тік бағыттағы) антиклин мен оған көршілес синклин құлпылары арасындағы қашықтық.