- •5В011100 - «Информатика» мамандығына арналған
- •1. Глоссарий
- •2. Дәрістер
- •Программалар анализінің ережелері:
- •Сұрыпталған тізбектерді біріктіру
- •Сұрыпталған тізбектерді біріктіру алгоритмі
- •Бинарлық іздеу.
- •Бір байланысты сызықтық тізім.
- •Табиғи бірігу арқылы сұрыптау
- •Байланған сызықтық тізімдер
- •Тізімдермен жүргізілетін операциялар
- •Реттелген тізімді жасау
- •Екі байланысты сызықтық тізім
- •Стек операциялары
- •Стектер қолданылады:
- •Шірет объектісімен жүргізілетін операциялар
- •Шіреттер қолданылады:
- •Приоритеттер шіреті
- •Тармақ тәрізді құрылымды беру әдістері
- •2. Кірістірілген жақшалар:
- •Кірістірілген жиындар.
- •4. Кесінді тізбек.
- •Екілік тармақтың құрылымы.
- •Өрнектердің екілік тармақтары
- •Екілік тармаќтармен ж‰ргізілетін амалдар
- •Тармаќты толыѓымен ќарап µту алгоритмі
- •Екілік іздеу тармаѓынан элементті алып тастау.
- •Турнирлік с±рыптау
- •Массивті пирамидаѓа т‰рлендіру
- •Пирамидаға элемент қосу
- •Элементтерді пирамидадан өшіру
- •Пирамидалық сұрыптау
- •Балансталған тармаққа қосу
- •3 Зертханалық сабақтар Зертханалық жұмыс №1
- •Жалпы мәлімет
- •Зертханалық жұмыс №2
- •Жалпы мәлімет
- •Тармақ тәрізді құрылымды беру әдістері
- •2. Кірістірілген жақшалар:
- •Кірістірілген жиындар.
- •4. Кесінді тізбек.
- •Зертханалық жұмыс №3
- •Жалпы мәлімет
- •Зертханалық жұмыс №4
- •Жалпы мәлімет
- •Ортасынан бөлу алгоритмі
- •Зертханалық жұмыс №5
- •Жалпы мәлімет
- •Ортасынан бөлу алгоритмі
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Жалпы мәлімет
- •Екілік тармақтармен жүргізілетін амалдар
- •Зертханалық жұмыс №7
- •Жалпы мәлімет
- •Бинарлық іздеу.
- •Зертханалық жұмыс №8
- •Жалпы мәлімет
- •Зертханалық жұмыс №9
- •Жалпы мәлімет
- •Зертханалық жұмыс №10
- •Жалпы мәлімет
- •Зертханалық жұмыс №11
- •Жалпы мәлімет
- •Сұрыпталған тізбектерді біріктіру
- •Сұрыпталған тізбектерді біріктіру алгоритмі
- •4.Студенттердің өздік жұмыстар жоспары
- •Бақылаушы - өлшемдік құралдар
Зертханалық жұмыс №3
Тақырыбы: Граф типті мәліметтер құрылымдарын ұйымдастыру.
Жалпы мәлімет
Граф дегеніміз – G=<V,E> жұбы. Мұндағы V-төбелердің құр емес жиыны. E - қабырғалар жиыны. Яғни, төбелер жұбы немесе қабырғалары жиыны деп аталатын мәліметтер элементтері жиынынан тұрады. Төбелер қалаларды көрсететін болса, қабырғалар арасындағы жолдарды көрсетеді.
1250 900
450
Егер е жұптары реттелмеген болса, яғни жолдардағы қозғалыс екі бағытта да жүретін болса, онда граф бағдарланбаған әйтпесе бағдарланған деп аталады. Егер қабырғалардың бір бөлігі бағытталған немесе бағдарланған болса, мұндай графтар аралас графтар деп аталады.
V1, V2, ..., Vn төбелерінің тізімі жол деп аталады. Мұндағы барлық i үшін 1<=i<=n, Vi,Vi+1 қабырғалары болады.
Бағдарланған графта V1, V2, ..., Vn төбелердің тізімі.
V1V2, V2 V3,...,Vn-1 Vn бағытталған доға түрінде болады. Графтардағы жол қарапайым деп аталады, егер графтардың төбелері әртүрлі болса. Жолдың ұзындығы осы жолды құрайтын қабырғалардың санына тең болса.
Vi және Vj төбелері байланған деп аталады егер, осы төбелер үшін Vi+1,Vi+2,.., Vj жолы бар болса. Граф байланысшы граф деп аталады егер, оның кез келген төбелер жұптары үшін оларды қосатын қарапайым жол болса.
Цикл дегеніміз - ұзындығы бірден кем болмайтын бір төбеден басталып сол төбеден аяқталатын қарапайым жол.
Графтардағы тармақ дегеніміз – бұл циклсыз графтар. Графтар өлшенген деп аталады егер, графтың әрбір қабырғасына мәні немесе салмағы жазылса.
Мысалға, салмақ ретінде қалалардың арасындағы арақашықтық немесе қандай да бір жұмыстың жүргізілу уақыты алынады.
Графтарды берудің келесідей әдістері бар:
Инцидиенттік матрицасы.
Көршілестік матрицасы.
Салмақтық матрицасы.
Қабырғалар тізімі.
Көршілестік тізімі.
Қандай да бір нақтылы есепті шығару үшін қолдану қолайлылығына қарай осы әдістердің кез келгенін пайдалануға болады.
Инцидиенттік матрицасы дегеніміз – размері nm болатын матрица. Мұндағы n-төбелер саны, m-қабырғалар саны. Бағытталған граф үшін х,у қабырғаларына сәйкес келетін баған, у төбесіне сәйкес келетін жолда 1 болады. Ал х төбесіне сәйкес келетін жолда -1 болады, қалған жолдарда 0 болады. Тұзақ жағдайында басқа сан берілуі мүмкін. Яғни, хх болғанда 2 деген сан беріледі. Мысалы,
1 2 4 5
3 6
граф берілген, оның инцидиентті матрицасын жазамыз:
(1,2) (1,3) (3,2) (3,4) (5,4) (5,6) (6,5)
Бағытталған граф үшін х,у қабырғасына сәйкес келетін баған х,у төбесіне сәйкес келетін жолда 1 болады да, қалған жолдарда 0 болады.
2 4
1 6
5
(1,2)(1,3)(1,5)(2,3)(2,5)(3,4)(4,5)(4,6)(5,6)
Графты инцидиентті матрица арқылы беру үшін nМ элемент қажет болады және олардың көбі 0 болады. Инцидиентті матрица ЭЕМ-ға енгізу мен өңдеуге қиын. Сондай-ақ ол қабырғалар туралы тура ақпарат бермейді. Х,у қабырғасы бар ма деген сұраққа жауап беру үшін барлық бағандарды қарап шығу қажет.
Көршілестік матрицасы
Көршілестік матрицасы дегеніміз - өлшемі nМ болатын және егер i-ші төбесі j-ші төбесімен көршілес болса мәні бірге тең болатын, әйтпесе 0-ге тең болатын матрица.
Бағытталмаған графтар үшін х, у қабырғасы у,х қабырғасына тең болады. Сондықтан олар үшін көршілестік матрицасы әрқашан симметриялы. Оларда алдыңғы граф үшін матрица мынадай:
1 2 4 5
3 6
Бағытталмаған граф үшін көршілестік матрица:
2 4
1 6
5
3 5
Көршілес матрица симметриялы болып табылады, сондықтан ЭЕМ-ға енгізіп, өңдеуге қолайлы.
Тапсырмалар: Инцидиенттік матрицасы, көршілестік матрицасы, салмақтық матрицасы, қабырғалар тізімі, көршілестік тізімі әдістерінің кез-келген біреуін қолдана отырып есеп шығару мысалын көрсет.
